400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Танымдық оқиға. Жиде ағашы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне баланың қызығушылығын, бала үнін ескеріп, олар туралы танымдық оқиға жазу үшін көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жиде ағашы (Танымдық оқиға)


Күз мезгілінің шуақты күні болатын.Серуен кезінде аулада ойнап жүрген Ернар, Сұлтан, Айбар балабақша ауласында төгіле өсіп тұрған жиде ағашына қасына барып қызықтап тұрды. Оларды көрген басқа балалар да апай біз де жиде ағашына барайықшы деді.

Балаларды жиде ағашына ертіп апардым.Балалар жарыса апай жидектер пісіп жерге түсіп қалыпты, терсек бола ма деп сұрады.

Ия, балалар жиделерді теріп алайық, бірақ жемеңдер, жуып, кептіріп барып жеу керек дедім.Балалар жидені теріп ыдыстарға сала бастады.Күтушіміз сілкілеп түсіріп жатқан жидені қызыға теріп жатқан Ернар: -мына қараңдаршы мына жидені біреу тістеп жеп тастапты деп,жартысы шоқылған жидені балаларға көрсетті. Қуаныш: –апай жидені кім жеген,талда өсіп тұрғанда жеген ба сұрады.

Ернар:- Жоқ оны торғайлар жеген, талда қонып отыратын деп жауап берді де, апай торғайлар да жидекті жақсы көре ма?- деп сұрады.

Мен қане, балалар жидекті иіскеп көріңдерші, исі барма?- деп сұрадым.

Балалар иіскеп,жарыса -ия, исі бар, тәтті иіс шығып тұр деді.

-Түсі қандай? -Қызғылт, сары, пішіні сопақша.

Ішін аршып көріңдерші, дәні қандай екен. -Дәні сопақша, ұзынша келген.

-Ия, балалар, бұл боз жиде деген жиде. Хош иісті,шырынды, ішіндегі дәні ұн татиды деп жиде ағашы туралы түсіндірдім.

Жиде тікенекті, бұта тәріздес,биіктігі 10 м жуық ағаш.Көктемде хош иісті гүл ашып, қыркүйек,қазан айларында піседі.Құрамы пайдалы Е дәрумендерге,минералдық заттарға бай, емдік және диеталық қасиеттері бар. Жиде табиғи, тоңазытылған және кептірілген күйінде де пайдалы.Жидеден тосап жасауға, шырын қайнатуға болады.Кептірілген күйінде де барлық пайдалы дәрумендерді сақтайды.

Жидекті іш ауырғанда, жөтелді басуға, иммунитетті көтеруге пайдаланады.

Ернар: - Апай біз папам екеуміз Дария жекке барып қаражиде тердік. Ол да тәтті, дәмді екен.Үйдегілерге де теріп ала келдік.

-Ия, біздің жақта жабайы қаражидеде өседі.Ол да өте тәтті, дәмі тіл үйіреді.Ол дарияның, арықтардың жағасында өседі.

Қаражидеде адам ағзасы үшін пайдалы В1, В6, С дәрумендері мол.

Құстарға жақсы азық болады.Құстар да бұл жиделердің пайдасы көп болғасын жейді.Торғайлар, шымшықтар, кептерлер де жақсы көреді.

Айғаным:-Апай біздің тауықтармызда да жерге түскен жиделерді шоқып жейді, балапандарына береді.

Балалар, жидені не шоқыған деп ойлайсыңдар?

-Торғайлар, шымшықтар, кептерлер,аралар, құмырсқалар. Ия жидек өте тәтті,шырынды. Жидемен құстарда, жәндіктер де қоректенеді.

Ернар: -апай, жердегі жидектерді де терейік па тауықтарға?

Ия, оны бөлек ыдыстарға жинаңдар.

Қуаныш: -апай бізді қаражиде теруге апарасызба?

-Ия, балалар жақын маңдағы арықтар жағасына қаражиде теруге барамыз.

Ол да өте қызықты саяхат болғалы тұр.


Әрі қарай оқыту.


-Жиде қайда өседі?-Жиде бақшада өседі.

-Жидені қалай сақтаймыз, кептіреміз?

Жидені жуып кептіріп, тоңазытып сақтауға болады.Тосап, шырын жасайды.

-Жиде қалай өседі,оған өсу үшін не керек?

-Жидені дәннен, көшеттен өсіреді.Су құю керек.

-Жидемен нелер қоректенеді?-Торғайлар, шымшықтар, кептерлер,аралар, құмырсқалар

Жиденің қандай пайдасы бар? Денсаулыққа пайдалы, дәруменге бай.

Қаражиде бақшада өседі ме? -Ол дарияның, үлкен арықтардың жағасында өседі.Егер дәнін бақшаға ексе суы мол болса бақшаға да шығады.


Бұл нені білдіреді:Балалар жиденің пісуін бақылап, тұратын жерлерінің табиғатына қызығушылық танытты.

Мүмкіндіктері:Жиде ағашын күтіп-баптауды, жидені сақтауды, кептіруді үйренді.

Ата-анаға ұсыныс:Балалардың танымдық қызығушылығын әрі қарай дамыту үшін жиденің пісуін әрі қарай бақылау.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
1074
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі