Танымдық
оқиға.
Күн
тәртібінде түске дейінгі серуен кезінде
еркін ойын ойнау сәтінде балаларға
түрлі ойыншықтарды ұсындым. Ойын ойнау
кезінде балалар ойыншықтармен бірлесе
ойнады. Осы сәтте Нұрболаттың сиыр
муляжын досынан, өтініп сұрап алып,
сиырды ойын алаңының шетіне барып
көкалға жайып отырғанын байқадым.
Нұрболаттың қасына барып, Нұрболат сен
мұнда не істеп отырсың?,-деп сұрадым.
Мен сиырды өріске жайып отырмын.Өйткені
мен сиырды жақсы көремін, - деді. Нұрболат
сенің үйіңде сиыр бар ма? Арине бар, біз
атамыз екеуміз күнде таңертең сиырларды
өріске айдаймыз, үйге келгенде шөп, су
береміз, деп жауап берді. Менің анашым
сиырды сауып сүт алады. Сүтті маған
пісіріп береді. Мен сүтті қатты жақсы
көремін, -деді. Нұрболат сен сиырды
неліктен жақсы көресің? Өйткені сиыр
өзінің баласына өте қамқор. Сиыр өзінің
баласын ешкімге тигізбей сүтін беріп,
өсіреді,- деді. Ал сиырдың төлін не деп
атайтынын білесің бе? Ойлана отырып,
ия, білемін сиырдың төлін «бұзау» деп
атайды,- деді. Бұзау өте сүйкімді ол бала
сияқты ойнақтап секіріп ойнап жүреді,-деді.
Сиырдың бізге қандай пайдасы бар сен
білесің бе Нұрболат? Нұрболат сиырға
қарап ұзақ ойланып сүт беретінін айтты.
Дұрыс айтасың Нұрболат сиырдан сүт
алынады. Ал ол сүттен біз қаймақ, сүзбе
,құрт, айран, май аламыз. Оның етінен
адамдар түрлі тағамдар дайындайды.Осылайша
Нұрболатқа қосымша суреттер көрсете
отырып, сиыр үй жануары, сондықтан
біз оны үйде асыраймыз. Сиыр төрт
түліктің бірі. Сиыр атасы Зеңгі баба.
Нұрболат сенің сиырыңның түсі қандай?
Менің сиырымның түсі қара ала, - деді.
Мен саған сиырдың суретін берейін
сен өзіңе ұнаған түспен бояп берші.
Нұрболат сиырды қара ала түспен бояп
берді.
Нұрболатты алып кетуге
анасы келді.Сіз Нұрболаттың нені
жақсы көретінін білесіз бе?,- деп
сұрадым. Анасы жоқ деп күлімсіреді.
Анасына Нұрболаттың сиырды жақсы
көретінін айттым. Анасына үйде
Нұрболатпен бірге тапсырма орындай
аласыз ба?- деп сұрадым.Әрине орындаймын,-
деді. Сіз Нұрболатқа сиырдың сүтінен
алынған сүзбеден құртты бірге жасап
көрсетіңіз, деп тапсырдым. Келесі күні
Нұрболат анасымен ыдыстағы жасаған
құртын алып келді. Ол қуанышты көңіл
күймен өзінің жасаған құртын достарына
ұсынды.Достарына құртты қалай жасағанын
айтып берді. Нұрболатқа мен кубиктерден
сиырды тауып құрастыруды ұсындым.
Нұрболат кубиктерді түстері мен
суретіне қызыға қарай отырып, сиырды
құрастырды. Бұл тапсырма Нұрболатқа
өте әсерлі болды. Өйткені ол кубиктерден
оның жақсы көретін сиыры шықты.
Осылайша Нұрболаттың сиырға деген
қызығушылығы одан сайын арта түсті.