Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Танымдық сабақ "Алтын жүректі Анамыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларға 12-ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С. А. Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақкемер орта мектебі










Танымдық сабақ

Алтын жүректі Анамыз





Танашева Гульназ Утегеновна







Тақырыбы:

Алтын ЖҮРЕКТІ АНАМЫЗ!



Мақсаты: Оқушыларға 12-ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С. А. Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру
Өтілу барысы:
Кіріспе
Жүргізуші:
Армысыздар, қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі «Өзін-өзі тану»пәнінің негізгі идеясының авторы С.А.Назарбаеваның туған күніне сәйкес «Алтын жүректі Анамыз» атты кешіне қош келіпсіздер!

Мерекеміз –туған күн,
Тойыңда қызық думан бар
Туған күн - бұл жаңа өмір
Сайранда туыс-туғандар!-

Әсем ерек достарым,
Өмірге көп қосқаным
Молайтыңдар шаттықты
Ән айтыңдар бақытты!

Жүргізуші:
Бүгінгі кешіміздің негізгі себепкері Өзін-өзі тану пәнінің негізгі идеясының авторы С. А. Назарбаеваның 12-ақпан туған күні. С. А. Назарбаева 2001жылдан бастап Өзін-өзі тану пәнінің негізгі идеясын қалады. Осыған байланысты сынақ алаңдары ұйымдастырылып, Алматы қаласы мектептерінде Өзін-өзі тану пәні алғаш рет сынақ алаңдары ретінде енгізілді.

Бұл сабақ оқушылар бойындағы рухани адамгершілік құндылықтарын дамыта отырып, өзіндік мәнін қалыптастырады.
Бұл пән негізі 12 жылдық білім берудің алғашқы бастамасы болып табылады.
Олай болса Шаттық шеңберін құрып Сара апайымызға жүрекжарды тілегімізді білдірейік.
Қуан шаттан, қуан шаттан
Қуанатын күн бүгін!
Қуан, шаттан!

Жүргізуші:


Сара Алпысқызы Назарбаева (Қонақаева) ((12 ақпан, 1941 жыл, Қызылжар ауылы, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы) — Қазақстанның қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы 

Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. . Қор көмекке зәру, панасыз, жетім балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың білім алуына, тәрбиеленуіне ерекше мән берді. Сол кездегі қоғамдағы әлеуметтік қиындықтардың түйінін шешуге атсалысып, «Бөбек» қоры қиналғандарға қол ұшын созды. Сонымен қатар, еліміздегі жетім балалар мен тұрмысы төмен, көп балалы отбасының жай-күйін жақсарту мақсатында елімізде «Үміт үйі», «SOS-киндердорф» қалашықтары, балаларға арналған емдеу-сауықтыру орталықтары, «Жасөспірімдер» үйлері іске қосылды.

Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды.

Президент зайыбы республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындары және училищелерде білім алып жүрген жатқан жетім балалардың жағдайларына ерекше назар ұстап келеді. Сара Алпысқызы осындай жастарға ай сайын «Бөбек» қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді.

Президент зайыбы «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.

Дегенмен, жас ұрпаққа әлеуметтік тұрғыда өмір бойы қолдау көрсету мүмкін емес. Сондықтан да баланың өміріне азық болар дұрыс тәрбие, сапалы білім беру заман тала­бынан туындап отырған қажеттілік. Өйткені бала кез-келген ортада өзін еркін сезіне ме? Жастарымыздың ұялшақ, ынжық, немесе мейрімсіз болуының себептеріне терең үңіліп, оқу-тәрбие ісін жаңаша ізгілендіру мақсатында Сара Алпысқызы 2001 жылы «Өзін-өзі тану» жобасын ұсынды.

Қазақстан Республикасының бірінші ханымы Сара Алпысқызының балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беруге арналған «Өзін-өзі тану» авторлық жобасы 2001 жылдан бастап еліміздің 184 білім беру ұйымдарында эсперимент ретінде жүргізіліп келеді. Экспериментке 60 мектепке дейінгі ұйымдар, 84 жалпы орта білім беретін мек­теп, 10 мектеп-интернат, 1 колледж, 30 жоғары оқу орны қатысуда.

Баланы жан-жақты дамытып, өзінің ішкі дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдауға үйретуді мақсат ететін «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің қағидалары мен әдістеме-нұсқауларының қайнар бұлағы – ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардан негіз алады.





Қорыта айтқанда, «Өзін-өзі тану» пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

Рухани-адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.

Жүректен - жүрекке
(Оқушылар С. А. Назарбаеваға жүрекжарды тілегін айтады)




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
899
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12