400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Танымдық сабақ «Қазақтың әулие батыры-Жолбарыс Жылқайдарұлы» (Ж.Жылқайдарұлының туғанына 350 жыл)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ж.Жылқайдарұлының ерен ерлік істері мен тарихтағы лайықты орнына баға беру үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: __________

ДТІЖО Л.А.Еришова


Сынып сағатының қысқа мерзімді жоспары

Мектеп: «І.Есенберлин атындағы МДШО бар орта мектебі» КММ

Мұғалім: Отарбаева Гульназ Қайроллақызы

Пән атауы: Тәрбие сағаты

Сынып: 7 «Ә»

Күні: 09.02.2021 ж


Тақырыбы:

«Қазақтың әулие батыры-Жолбарыс Жылқайдарұлы»

(Ж.Жылқайдарұлының туғанына 350 жыл)


Мақсаты:

Жоңғар шапқыншылығында ерлігімен көзге түскен әулие батыр Жолбарыс Жылқайдарұлы туралы мағлұмат беру, ерліктерін насихаттау.


Бағалау критерийлері:

1. Ж.Жылқайдарұлының ерен ерлік істерін сипаттай алады
2. Ж.Жылқайдарұлының тарихтағы лайықты орнына баға береді.


Күтілетін нәтиже:

Жолбарыс батыр туралы білген-түйгендерін пысықтап, білімдерін тереңдетеді.


Сабақтың түрі:

Танымдық сабақ


Ресурстар:

Интернет желісі, «Тарих парақтары», «Жетісу» газеті, О.Исмайылұлының “Шұбар ата”, “Жолбарыс” атты кітаптары, Қ.Қарамановтың “Қаратал – күндіз күміс, түнде алтын” кітабы, смайликтер.


Әдісі:

Кластер, «тарихи диктант», «СМС» әдісі.


Көрнекілігі:

Слайд, бейнежазба


Құндылықтарды дарыту:

Жауапкершілік, сыйластық, өзгені тыңдай білу, пікірін құрметтеу, өзінің және өзгенің ойын бағалау.


Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

«Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашу

 Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың ойын дамытуға арналған жаттығу жүргізіледі.


« Миға шабуыл»

Даласына дана болып тараған
Ел ардақтылары:
Ескелді, Балпық,
Жолбарыс, Қарымбай әулие,
Айту би, Жәлменде би,
Пышан ақын – мәңгі жасар
асылдарымыз.
Биыл туылғанына 350 жыл болған қазақтың әулие батыры!?
Көпшілік оны «Шұбар ата» деп атаған.

Бейнежазбаға назар аударамыз!



Қазақтың әулие батыры-Жолбарыс Жылқайдарұлының 350 жылдығына орай қашықтықтан өткізіліп отырған танымдық сабағымызға қош келдіңдер!

Сабақ барысында жинақылық танытып, сұрақтарға жылдам жауап беру.












Бейнежазбаға назар аударады https://www.facebook.com/zhetysutv


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды

Сабақтың басы

15 минут














Жолбарыс би туралы деректер Бейнежазба (тарих парақтары) көрсету


Жолбарыс би Жылқайдарұлы (1671 – 1761ж.ж) – би, батыр. Ұлы жүз құрамындағы жалайыр тайпасының күшік тармағынан шыққан. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары Іле мен Қаратал өзендерінің аралығындағы жоңғарлармен болған шайқастарға қатысқан. Кейін қазақ жері жаудан тазартылған соң, босқын елді атамекеніне қайтаруға да үлес қосқан.

Бейнежазбаға назар аударады

https://www.facebook.com/zhetysutv


Конспектімен танысады


Сабақ ортасы

10 минут


1-тапсырма

Кластер

Жолбарыс әулиеге сипаттама жасау.








- Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың әулие батыры Жолбарыс би туралы түйіндеген білмімізді мына кластерге топтастырамыз

Кластер

арқылы Жолбарыс батырға сипаттама

жасап шығады.



Сабақтың жалғасы

10 минут

2-тапсырма

«Тарихи диктант».





«Тарихи диктант»
1. Ж. Жылқайдарұлының өмір сүрген жылдары.......?
2. Жолбарыс бидің руы........?
3. Қатысқан шайқастары.............?
4. Жолбарыс би туралы деректер жазылған кітаптар.......?
5. Бейіті орналасқан жер........?




Сұрақтарға жауап беру арқылы көп нүктенің орнына тиісті жауаптарын жазады.




Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия жасау



Оқушылар «СМС» әдісі арқылы алған білімдерін қорытындылай

отырып хабарлама жолдайды.


Үйге тапсырма

1 минут

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар шығармашылығы (Жолбарыс батыр жайлы эссе).

30 сөзден аспайтын шағын эссе жазу.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
966
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі