Танымдық
сағат: Мемлекеттік
тіл - мерейім!
Танымдық
сағат:
Мемлекеттік
тіл - мерейім!
Өткізген: қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Айнабекова А.С
№ 23
жалпы орта білім беретін мектеп
2
«А», «Б», «В» сыныптары
Екібастұз
қаласы
2020
оқу жылы
Сабақтың
тақырыбы: Мемлекеттік
тіл - мерейім!
Мақсаты:
Оқушыларды өз мемлекеттік тілінің
қадір-қасиетін біліп,
өз ана
тілінің көркемдігін сезініп, сөз
құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі
маңызын ұғуға үйрету. Туған тілін
қастерлеуге, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Журналдар,
суреттер, нақыл сөздер.
1.
Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың назарын
аудару.
2.Кіріспе
сөз: Туған
тілім-бабам тілі- өз тілім,
Туған
тілім-анам тілі - өз тілім.
Туған
тілім- далам тілі- өз тілім,
Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
-
Салеметсіздер ме, құрметті оқушылар!
Бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы: «Мемлекеттік
тіл - мерейім!»
деп аталады.
3.Танып-білу. Мемлекетіміз
Қазақстан Республикасы. Қазақстанның
жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы,
туы, тілі, Ата заңы бар тәуелсіз
елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарды.
Қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт
Кемелұлы Тоқаев. Мемлекетімізде бірнеше
ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз
Республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында
жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте
Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған
ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ
тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып
жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан
Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды. Ұлт
өкілдерінің тілдер мерекесі
(Әнұран орындалады )
-
Cендер осы «Тіл- ең қымбат қазына» деген
сөзбен келісесіңдер ме, мүмкін біздің
одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл.
Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл
болмаса, мен сендерге осы сұрақты қоя
алар ма едім, ал сендер маған өз ойлпрыңды
айта алар ма едіңдер?
Оның өте дұрыс. Шынында да тіл- қатынас
құралы болумен қатар, ойдың да көрінісі.
«Тілі байдың – ойы бай» деп текке
айтылмаса керек.
4.
Сұрақ-жауап: « Тұғыры
биік Қазақстан »
1.
Тәуелсіздікті қай жылы алды?
2.
Қазақстанда қанша облыс бар?
3.
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
4.
ҚР-сы неше мемлекетпен шектеседі?
6.
ҚР-ның тұңғыш президенті кім?
7.
ҚР-ның астанасының жаңа атауы?
8.
ҚР-ның рәміздерін атаңыз
9.
Тудың
авторы
10.
Елтаңбаның
авторлары
5.
«Ойлан, тап!»
Берілген
сөздердің аудармасын жаз.
(
ата, гүл, бала, жақсы, еңбек, өзен,
Отан, ат, ер, батыр, тас, ел, ана).
6.Қорытынды:
Мұғалім: Адамды жұбататын да,
ақыл беретін де, күш-қуат беретін де,
ой-сана беретін де осы сөз. Туған тілін
ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан
да қол үзеді. Міне, осындай даналық
сөздер бізге тіл арқылы жетті емес
пе?!
Олай
болса, біздің тілге деген құрметіміз
шексіз.