2.Сабақтың
ортасы:
«Ой-қозғау»
|
Негізінде
әлеуметтік желіні «әлеуметтік
медия» деп те атайды екен. Бұл
–адамдардың бір-бірімен ғаламтор
арқылы өзара байланысын қамтамсыз
ететін интернет сайт. Яғни жалпыға
ортақ сөзбен айтар болсақ, әлеуметтік
желі бұл – адамдар мен олардың
бір-бірімен қарым-қатынасы.
Әлеуметтік
желі деген не?
Әлеуметтік
желі – бұл тек адамдарды бір-бірімен
байланыстыратын вебсайт қана емес,
сонымен қатар өз айналасындағы
адамдардың тағыда кімдермен байланыс
таныс екенін білудің, сондай-ақ, сол
арқылы өз таныс-білістігіңді арттырудың
жолы. Демек, әлеуметтік – халық,
адамдар, топ болса, желі –байланыс,
қарым-қатынас. Енді осы жерде «желі»
сөзі – интернеттегі сайт болса,
«әлеумет» – бұл сол сайттың тұтынушылары,
яғни сіз бен біз.
Әлеуметтік
желі не үшін керек?
Әрине,
селбесіп, араласып-құраласып өмір
сүру үшін. Адам баласының табиғатында
бір қасиет болса керек, біз мысалы,
өзгелермен сөйлесуді, бейтаныс
адамдармен танысқанды, белгілі бір
тақырыпта пікір алмасқанды, үйге
қонақ келгенде фото-альбомдарымызды
көрсеткенді жақсы көреміз. Ал, шынайы
өмірде біз мұндай әрекетті тек реті
келгенде ғана жасасақ, қазіргі
ақпараттық технология, әсіресе
интернеттің қарыштап дамыған заманында
бұл оңайлана түсті. Өйткені, біздің
ұғымымызда «әлеуметтік желі», яғни
«адамдардың бір-бірімен виртуалды
байланыс» деген түсінік пайда болды.
Демек, сіз өзіңіздің дәл қазіргі көңіл
күйіңіз қандай екенін жұртқа айту
үшін немесе кешегі түнде болған
досыңыздың тойындағы суретті өзгелерге
көрсету үшін һәм өзіңіз сүйіп тыңдайтын
әншінің шығармашылығы туралы
достарыңызбен еркін бөлісе аласыз.
Осылайша, сіз әлеуметтік желінің
мызғымас бір бөлігіне айналасыз.
Тоқетері, әлеуметтік желі адамдардың
бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін
керек.
Әлеуметтік
желінің қанша түрі бар?
Қазіргі
таңда әлеуметтік желілердің саны екі
қолдың саусағын қосып санасаңда
жетпейтін жағдайға жетті. Мой Мир
секілді жалпы әлеуметтік желілер
немесе блогтар желісі, микроблогтар,
тек қана видео немесе суреттерді
жүктеуге арналған белгілі бағыттағы
, тақырыптық әлеуметтік желі бар.
Мысалы, ретінде әлеуметтік видео
желіге youtube-ті айтсақ, блогтар
желісіне wordpress, ал микроблоггинг
мысалына twitter. Сонымен әлем бойынша
рейтінгі ең жоғары әлеуметтік
желіні атап өтейін
Тіркелудің
түрлері ?
Әр
желінің өзінді тіркелу шарттары бар.
Мысалы: МойМир желінің тіркелуі
тұратын жерің, қалаң, ауылың тіпті
мектебіңе дейін сұрайды. Мұны біз жәй
тіркелу үшін деп қоямыз, мүмкін бұның
астарында не жатқанын кім білсін.
Ал Facebook желсіне
өзің туралы, бойың, салмағың, жұмыс
орның, бойың, салмағың, жұмыс орның.
Үйленгенсің бе? Қанша балаң бар? Ұзын
саны 25 сұраққа жауап бересің. Бір
қызығы енді, сенімен осы сайтта дос
болған барлық адам сенің өмір баяныңмен,
хоббиіңмен таныс болады. Яғни
өзіңді-өзің басқаның қолына байлап
бердің, деген сөз. Кімнің қолына? Бір
дерек естігенбіз. Бұл әлеуметтік
желілер ФБР және ФСБ секілді барлау
қызметтерінің жобасы деп.
Әлеуметтік
желінің денсаулыққа қандай зияныбар?
Facebook ресми
веб парақшасы әлеуметтік желілерді
шектен тыс падалану денсаулыққа зиян
деп жарияланды. Мамандар Facebook сияқты
әлеуметтік желіде күн-түн демей
онлайнда отыратындардың шынайы
өмірдегі адамдармен қарым-қатынас
деңгейі төмендейді. Деп дабыл қағып
отыр.
Әлеуметтанушылар
мен психологтар “Facebook сияқты
әлеуметтік желілер тез әрі оңай
қарым-қатынас жасау жолы ретінде
көрінеді де, көз алдағы ақпараттар
толқыны сізді жұтып кете береді.
Бірақ, ол сіздің өміріңіз емес. Ол
сіздің уақытыңызды өлтірумен қатар,
шынайы өмірдегі достарыңызбен ара
қатынасыңызды алшақтатады әрі шынайы
өміріңіздегі нақты барыс-келістерге
немқұрайлылықпен қарай бастайтын
боласыз” деп отыр.
|
|
Мәтінмен
жұмыс
|
Топтық
жұмыс:
1
–ші топ ғаламтордың пайдасы туралы
айтады.
«Интернет
керек, ол біздің өмірімізге қажет.
Интернеттің пайдасы зор. Қазіргі таңда
интернет әлемдік қауымдастықтың
негізгі ақпараттық – коммуникациялық
құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда
қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі
байланысқа деген қажеттілігі туралы
айтпасақ та болады.Интернет
мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,
әрине алға баспаймыз. Керісінше
біртіндеп құлдырай береміз. Оданда
ондай қиыншылықтармен күресе отырып,
алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз
жөн. интернетке кіру үшін компьютерде
отыру керек. Компьютерде отыру
денсаулыққа зиян. Әрине бұл орынды ол
үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс
жасап отырғанда техника қауіпсіздік
ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа
сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді.
Көзге жаттығулар жасалады, әр 20 – 25
минут сайын, көзбен компьютердің ара
қашықтығы 60 – 70 см болу керек. Жұмыс
кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін
сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау
үшін компьютердің алдына кактус гүлін
қою керек. Гүл бойына компьютерден
бөлінген сәулені тартып алады. Осы
айтылған ережелер орындалса
денсаулығымызды сақтай аламыз.
Интернеттің пайдасы көп. Интернет
арқылы біз басқа қаладағы болсын,
басқа елдегі болсын алыстағы
достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға,
ұстаздар берген реферат, мәнжазба,
солардың бәрін мен интернет арқылы
таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей
мен үйдегі интернеттен іздеймін.
Интернеттің пайдасы біз
үшін өте зор.
Интернет – тиімді байланыс құралы.
Көптеген мәліметтер жинақталған.
Балама ақпарат көзін табуға болады.
Электронды пошта қызметі жылдам
хабарласуға мүмкіндік береді.. Біздің
өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып
отырады. Интернетті сол жаңалықтың
ішіндегі ең озығы деуге де болар.
Себебі, бір өзіне соншама ақпарды
сиғызып, жан – жаққа лезде таратып
тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні
екіншісімен байланыстыру, керек болса,
көзбе – көз әңгімелестіріп, бейнесін
көрсету қандай жетістік десеңізші.Интернеттің
жеке – дара қожайыны жоқ. Оны ешкім
бір жерден басқара да алмайды. Интернетте
көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды
табуға болады.
1.Алысты
жақындату
2. Қоғамға (адамға)
байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3.
Сана – сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс
талпынысқа қашықтықтан оқу
бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5.
Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6.
Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде
бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан
жаңалықтардан сол сәтте хабардар
болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен
көмек көрсету.
9. Интернет арқылы
мәтінді, хабарламаны, құжаттарды,
фото, аудио, видео материалдарды
қабылдап
алуға не керісінше жіберуге болады;
10.
Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын
бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып
отыруға;
11.Кез
келген тақырыпқа қатысты материалдар,
анықтамалар алуға;
12.
Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып
білім алуға;
13.Қызмет
түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға
не сатуға;
14.Қаржылық
операциялар жасауға;
15.«Maіl.
Ru Агент», «Facebook», «Skype» т. б. арқылы
реалды уақытта тіл қатысуға да,
бейнебайланыс орнатуға да болады.
Бұдан өзге біз біліп – біле бермейтін
жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін
емес.
2
–ші топ ғаламтордың зияны
туралы айтады.
Дегенмен
де интернеттің жақсылықтарымен бірге
келеңсіз жақтары да барын естен
шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу
үшін әрине бізге компьютер керек. Ал,
әр күнін компьютер алдында өткізу
денсаулыққа зиян екенін білесіздер
ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен
қатар, сананы улаумен шектесетіні
белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса
адамның көзі, жотасы ауырады және
қимыл – қозғалысына, адам психологиясына
да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі
ауруларына шалдығады.
Интернетке
жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни
интернет арқылы хат алысып, сөйлесу
– баланың айналасындағы адамдармен
бетпе – бет сөйлесуіне де әсер етеді,
сөйлеу мәдениетінен айырылады.
Компьютерден бөлінетін ультра –
күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді.
Ал одан сорақысы – ұлттық, адами
қасиеттерге нұқсан келтіретін
материалдардың интернет бетінен орын
алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза
алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп
уақытын кітап оқумен емес, интернетке
кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын
тиімсіз өткізудің зардабы.
Енді
компьютерлік ойындарға келсек, олардың
қаншалықты зиянды екенін айта кетейік.
Интернеттегі онлайн ойындары атыс –
шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық
тақырыбында болады. Осы ойындарды
бала ойнап, оның психологиясына қандай
жаман әсер беретінін өздерімізде
білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың
миында ойынның мазмұны, әдіс – тәсілдері
еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да
баратын болады. Қалалы жерде ақша табу
үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап,
оқушы балаларды өздеріне тарта бастап,
жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет
ойындарынан басқа да
өзіміздің
ұлттық ойындарымыз бар, соны неге
ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол
күресі, волейбол, футбол сияқты көп
ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып
компьютерлік ойынды ойнағанша, далада
таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл
көтеріп, денемізді шынықтырып, сау
болғанымызға не жетсін.Күн сайын
теледидар қарап отырып не бір түрлі
келеңсіз жағдайларға кезігесің.
Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге
бару. Қорлық – зомбылық, зорлық бұның
бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір
заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер,
интернет желісі бар. Жаңағы өздерің
айтқандай компьютерге қол жеткізбесе
де ұялы телефон арқылы интернетке де
шығуға болады дейсіңдер. Міне, сол
арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді,
интернет арқылы танысады. Мектеп
жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан
гөрі көп уақытын ұялы телефонына
үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді
десең, әрине ол ішіне сабағын жазып
алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс –
шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты
көріністер қарайды. Міне, содан барып,
ол баланың өмірге көз – қарасы
психологиясы өзгереді. Ұрлық – зорлық
көбейеді. Жас бала еліктегіш келеді.
Әр жаман затты көрген сайын, естіген
сайын оның бір ұшқыны адам бойында
ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан
асқан соң, жаманға айналады.
Сабақты
қорытындылау.
Мұғалім:
Интернет
бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік
желілерді бір – бірімен байланыстыратын
орасан зор компьютерлік желі.
Интернет
ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса
да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске
салатындай жедел қарқынмен кең қанат
жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік
ертегісінде Төстік жыл санап емес,
ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері
болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі
сияқты дамып отырған бір сала болса,
ол – бүкілғаламдық желі – Интернет
деп санар едім.Оның өзі шығу тарихы
да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы
жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған
соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер
соғыс бола қалған жағдайда Америкаға
сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек
болады» деп есептеген. Ондай жүйені
АҚШ – тың Орталық барлау басқармасының
қызметкерлері ойлап тапқан деседі.
ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда
төрт мекеменің компьютерлерін телефон
арқылы байланыстырады.
Содан
соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі
сала ғалымдары пайдалана бастайды.
1983 жылы бұл атау «Интернет» деген
ұғыммен
алмастырылды».
3.Сабақтың
соңы
«Сақтансаң
сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не
қылады», демекші Шәкәрім атамыздың
мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім.
Сақтық
– деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда
не залал ма ескерілмек,
Көргенің
естігенін есепке алса,
Сонда оңай
әрбір істі ойлап білмек.
Сондықтан
интернетті меңгеруіміз керек деп,
таңертеннен қара кешке дейін заман
техникасымен шұғылдана бергеніміздің
адамзат өміріне тигізетін өзіндік
пайдасы мен зияны баршылық екеніне
көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің
жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп,
пайдасын көріп біліп, ал зиянынан
сақтанайық демекпін.Көтеріліп отырған
мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр.
Жаста болсақ, біз осы мәселеге
үлесімізді қосып, жұмыс жасадық. Жер
халқының келешегі жас буын, яғни
сіздер! Сіздердің мәселе лерің
шешілмесе келешектен қандай үміт
күтеміз! Асыл тастан, өнер жастан –
демекші,–қазіргі техника қарқынды
дамыған заманда, дені сау білімді,
интернеттен мағұлматын жинап,
Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты
мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет
кімге де бол са өте қажет, оның
пайдасы өте зор, әрі қауіпсіз.!
« Алтын
қағида» ережесі
қауіпсіз
ережелер ді ескеруді,
әр
20 – 25 мин. Көзге жаттығу жасауды;
көзбен
компь ютердің арасы 60 – 70 см болуын;
Компьютер
алдына кактус гүлін қоюды;
Ғаламторға
тәуелді болмауды;
Жат
киноларға көңіл бөлмеуді
Оқушылар
сабақтан
алған
әсерлерімен
бөліседі
Рефлексия:
«Екі жұлдыз,бір тілек»
|
|