«ЖББ
№17 орта мектебі» КММ-сі
«Таныс
болайық»
(Тренингтік
ойындар)
/жазғы
сауықтыру алаңы/
2018-2019
оқу жылы
Тренинг
тақырыбы . Қарым-қатынас тренингтері
Мақсаты
: Оқушылардың бір-бірлерімен тіл
табысуға, ойымен санасуға, пікір таласуға
үйрету.
Сабақтың
түрі : ойын-тренинг
Қажетті
құралдар : таза қағаз, қалам, түрлі түсті
қарандаштар
Жүру
барысы :
І.Ұйымдастыру.
Амандасу, оқушыларды түгендеу, тренинг
ережесімен таныстыру.
ІІ.
Негізгі бөлім :
1.Танысу.
Оқушыларды жұпқа бөліп, әр жұп өзінің
жұбын 1 минуттық талқылаудан соң, топқа
таныстырады
2Аңыз
: «Екі ақылгөй»
Мақсаты
: жағымды қарым-қатынас түрін және оның
тиімділігін көрсету
Шарты
: Жүргізуші аңызды оқиды
Бір
падишахтың екі ақылгөйі болыпты. Бір
күні падишах түсінде барлық тістерінің
түсіп қалғанын көреді.Сосын түсін жорыту
үшін екі ақылшысын шақырады. Бірінші
ақылгөй түсті естіп: «О, Ұлы падишах,
мен сізге жаман жаңалық айтқалы отырмын,
көп ұзамай сіздің барлық тума- туыстарыңыз
өледі екен.» дейді. Мұны естіп падишах
ашуланып, бірінші ақылгөйін жазалауға
әмір береді.
Екінші
ақылгөйі:
«О,
Ұлы падишах, мен сізге жақсы жаңалық
айтқалы отырмын, сіз өзіңіздің барлық
тума-туыстарыңыздан да ұзақ өмір сүреді
екенсіз» дейді. Мұны естіп падишах риза
болып, екінші ақылгөйін марапаттауға
әмір береді.
Талдау
: Екі ақылгөй бірдей мағынадағы сөзді
айтса да, неге әмірші екеуінің айтқандарын
әр түрлі қабылдады ? Қай ақылгөйдің
сөзі тиімдірік ықпал етті?
3.«Интервью».
- Өз
бойыңыздағы сіз үшін маңызды 3 қасиетті
атаңыз
-
Басқалардың бойындағы сіз қадірлейтін
3 қасиет қандай ?
- Сіздің
ең жақсы не істей алатын нәрсеңіз ?
- Сіздің
ең басты үш арманыңыз ?
- Өзіңіз
туралы естігіңіз келетін 3 сөз?
4.«Мен
күштімін» жаттығуы
А)
«Қайырылып қарау» Әр жұптағылар
бір-біріне арқасын қаратып тұрады,
бір-біріне бұрылып қарап, алақандарын
тигізеді. Сонан соң екінші жағына бұрылып
жаттығуды орындайды.
Б)
«Уқалау» Жұптағылардың біріншісі
екіншісінің арқасын, қолдарын, мойынын,
басын уқалайды. Сонан соң екіншісі
біріншісін тап осылай уқалап шығады.
В)
«Еркін күрес» Жұптағылар аяқтарын
орнықты етіп алады да, оларды орныны
қозғалтпай , қолдарымен бір-бірін қатты
тіреп итереді, бар күшімен күреседі,
қарсыласын орнынан жылжытуы керек.
Г)
«Арқамен күрес» Жұптар бір-бірімен
арқаларымен тіреліп, итерісіп күреседі.
, аяқты орнынан қозғалтуға болмайды.
5.
«Қолды есіңде сақта» жаттығуы Бөлмеде
барлығы емін-еркін жүріп, кездескендер
бір-бірінің қолын алып амандасады,
амандасу кезінде бір-біріне жылы сөздер
айтады, айтылған сөздерді есте сақтайды.
Одан соң барлығы шеңберге жиналып,
ортаға бір адам шығып, көзін жұмып ,
қолын алға созып тұрып өзінің қолын
«тыңдайды» Ортадағы адамның қолын бір
оқушы сипауы керек, ал ортадағы адам
сол адамның кім екенін және қандай сөз
айтқанын есіне түсіріп айтуы керек.
6.
«Әуенді тыңдап, сурет саламыз» жаттығуы.
Бір әуен ойналады, соны тыңдай отырып,
көз алдарына келген бейнелерді немесе
ойларды суреттеу сұралады.
7.
«Сәлемдеме хат» жаттығуы
Мақсаты:Топ
ұйымшылдығын ,эмпатия сезімін дамыту,
жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Уақыт:
5 минут
Нұсқау:
Мен
әрқайсыңыздың өз сәлемдемеңізді
жазып,қобдишаға салуды ұсынамын.содан
кейін мен араластырамын ,әрқайсыңыз
кез-келген сәлемдемені алып, топқа
дауыстап оқисыз және бүгінгі күннен
естелік ретінде өзіңізге қалдырасыз.
Талдау:
Сәлемдеме
жазу қиын болды ма?
Әркім
өзіңіздің сәлемдемеңіз оқылып жатқанда
қандай сезімде болдыңыз ?
Қорытынды
: Қатысушылар жұмсақ ойыншық көмегімен
тренингтен алған әсерлерімен бөлісу
сұралады.