жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Таныстырған қырық екі әріппен, Қош бол менің қасиетті Әліппем! 1сынып
Тақырыбы: Таныстырған қырық екі әріппен,
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу барысындағы алған білімдерін тиянақтау, Әліппе оқулығының қадір-қасиетін ұғындыру;
-
Әр оқушының іс-әрекеті
арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу, қабілетін, ,
сөйлеу мәдениетін дамыту;
-Отанын, мектебін, ұстаздарын,
ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сөздер жазылған шарлар, слайд,
суреттер мен плакаттар, көрініске, ойынға қажетті заттар, ертегі
кейіпкерлері, талапқа сай безендірілген зал.
Барысы:
Әсем әуен жіберіліп тұрады
Жүргізушілер: Ернұр, Хорлан
Жүргізушілер: Сырым, Ару
І-жүргізуші - Ернұр, Ассалаумағалейкум ағайын!
ІІ жүргізуші - Хорлан: Хорлан Армысыздар ардақты ата аналар
Жүргізуші - Сырым:: Қош келдіңіздер қымбатты ұстаздар!
Жүргізушілер -Ару: Қайырлы күн қадірменді қонақтар!
І-жүргізуші:Ернұр: Қыркүйектің ақ
таңы,
Атып келе жатты
әні.
Ұстаздар мен
шәкірттің,
Қауышатын
шақтары.
ІІ-жүргізуші:Хорлан: Ішінде бір
кеменің
Өткізетін
белеңін.
Дәл бүгіннен
басталар
Іздеу білім
тереңін.
ІІІ-жүргізуші:Сырым: Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассақ
Әліппемен қоштаспақ
ІҮ-жүргізуші:Ару: Көз салып қараңызшы бойларына,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойларына.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар!
Әліппемен қоштасу тойымызға.
І-жүргізуші:Ернұр:
Ендеше бар ғылымның
бастауы болған Әліппені тәмамдаған 1 «А» класс оқушыларын
қошеметпен қарсы алыңыздар! Вальс биімен келіп
тұрады
ІІІ-жүргізуші:Сырым: Достар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр? Шеше аласыңдар ма?
Іші толы
әріпке,
Білімдегі жарық
не?
Оқушылар
хормен:
слайд
Болашаққа жол
ашар,
Ол -сүйікті
Әліппе,
Ол-сүйікті
Әліппе!
ІҮ-жүргізуші:Ару: Олай
болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға
шақырайық!
Хормен:
Әліппе,Әліппе,Әліппе
6
слайд Жанэль
Әліппе ортаға
шығады:
-Армысыңдар жас
достар!
Армысыңдар,
ата-ана!
Болашаққа жол
бастар,
Әліппең келді
ортаға.
Білім деген
ғажаптың,
Әліппесін
меңгерген.
Келешегі
қазақтың,
Басталады
сендерден.
Таудай болса
талабың,
Айтары көп
әріптің
Қуанышы
баланың
Қуанышы
ананың
Жақсы білім
көрімдік,
Болсын бізге
халайық.
Не
үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға
салайық! Оқушылар ортаға
келеді
Айли: Алфавиттің «А»тұрады басында
А - деген ол аналар ғой
ардақты
Бірге: Біздің елде үшеуі де кәделі
Алшақ кетпей сондықтан да,
расында
Тұрады олар алфавиттің басында
Ердаулет: Әрқашанда «Ә»тұрады
қасында\
Ә - деген ол әкелер ғой
салмақты
Бірге: Біздің елде үшеуі де кәделі
Тұрады олар алфавиттің басында
Назерке: Байқадың ба «Б»тұрады үшінші
Б - деген ол балалар ғой
әдемі
Бірге: Біздің елде үшеуі де кәделі
Тұрады олар алфавиттің басында /оқушылар келіп
тұрады/
Нұржан: Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр – әніміз
Жансерік: Ең алғаш қолға алғанда
әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым кілтін маған алып берді
Аллаберген: Мынау менің әліппем
Көгілдір туым түсіндей.
Ақылшы жақын досымдай
Қымбатты маған кісімдей
Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағымын, сәнімін
Назерке: Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Дана: Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
"Әліппе" сырын ұқтырған,
Рахмет, ұстаз алғашқы!
Айсұлу: Әліппе сауатыңмен санамды
аштың,
Достарыммен мен теңдес
араластым.
Үйреніп, әріптерден мол
білімді,
Күн сайын алға қарай қадам
бастым.
Омарова
Амина: Әліппем менің
әліппем
Өшпейтін нұрлы әріппен.
Есігін аштым білімнің
Өзіңнен кілтті алып мен.
Хор: Мектебім:
Ән аяқтала бергенде ортаға Дымбілмес пен Жалқаубек келеді. Қолдарында Әліппе оқулығы бар.
Дымбілмес: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бұл менің досым Жалқаубек. Біз сендердің әсем әндеріңді естіп келіп тұрмыз. Маған мына сыйлықты кешегі жаңа жылда сыйлыққа Аяз Ата беріп кеткен. Бірақ мен бұл не білмей жүрмін. Сендер маған көмектесерсіңдер а?
Балалар хормен, бұл Әліппе!
ІІ-жүргізуші:Хорлан:
Қош келдіңдер Дымбілмес пен
Жалқаубек.Бүгін біздің кешімізге қатысып, бізбен бірге болсаңыздар
көп нәрсені үйренесіңдер.
Жанэль Әліппе:
Иа қонақтар жаңа балалар айтқандай бұл мен
Әліппемін. МЕнің Әлеміме саяхат жасау арқылы сендер көп нәрсеге
үйренесіңдер№ Ол үшін сендерге бүгінгі бірінші «А» класс оқушылары
сияқты ерінбей оқу, көптеген тапсырмаларды орындауға тура келеді.
Міне балалар мені жақсы оқып, үстаздарының, ата аналарының
арқасында көп нәрсені үйренді. Сендер де менің әлеміміме саяхаттап
көріңдер, жүріңдер!
Жалқаубек: Жоооқ, мен бармаймын менің ұйқым келіп тұр. Одан да ұйықтап алайыншы а, балалар!
Ернұр: достар ондай жалқау болуға бола ма?
Балалар: Жоооқ,
Жалқаубек: Айй , жақсы онда бірге барайық, жүріңдер балалар!
Әліппе өзінің бірінші бетін ашады.
Дымбілмес пен Жалқаубек : Бұл кім?
ІҮ-жүргізуші:Ару: Бұл біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Әліппе оқулығының алғашқы бетіндегі сөзін бізге қыркүйекте алғашқы сабақта ұстазымыз оқып берген болатын. Ал біз қазір, өзіміз оқи аламыз. Солай емес пе?
Дымбілмес: Ал бізге оқып беріңдерші, балалар.
І-жүргізуші:Ернұр: Айналайын!
Қолыңдағы әсем кітап Әліппең аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың.
Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын!
ІІІ-жүргізуші: Сырым: Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ.
Елін жерін сүйетін , жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін.
Қазақстан Республикасының Президенті : Н.Ә.Назарбаев.
Бекет: Ел басқарған ағам бар
Жасыл жайлау далам бар
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Әкем мен анам бар
Сондықтан да елімде
Біз бақытты балалар!
Би Айгөлек, Назым, Аяулым . Арай, Зере
Әліппе келесі бетін ашады, мақал мәтелдер бекеті
Ортаға Білімпаз атай Расул келеді.
Қош келдіңіздер, балалар! Бүгінгі тойларың құтты болсын!
Сендер маған Әліппеден қандай мақалдар жаттадыңдар, қалай оқуды меңгердіңдер, соны көрсетіп бере аласыздар ма?
Слайд бойынша тапсырмалар орындалады.
Әліппе келесі бетін ашады, Санамақтар бекеті
Айша Білім патшасы шығады.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қош келдіңіздер! Ал маған математика пәнінен білімдеріңді сынағым келіп тұр. Мен төрт оқушыны ортаға шақырамын.
(Математикалық жұмбақ есеп
шешулерінен, «2050» жылын
құрастыру.)
Білім патшасы
Айша: 5 алманың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (2)
Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналғанды бес есек.
Бесеуі де ұйықтап отыр,
Ынталысы неше есек? (0)
Он асықтың бесеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (5)
Табақта үш алма,
Қолымда екі алма.
Қосқанда барлығын
Болады неше Алма?
Бір алма атама,
Бір алма Әжеме
Бір алма көкеме
Бір алма ініме, Бір алма досыма.
Нешеуін алады?
Нешеуі қалады? (0)
Білім
патшасы: Қазақстан Республикасының
Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын көрсеткен
Жолдау ретінде халықтың қолдауын тапты. Біздің елімізде балалардың
білім алуына бар жағдай жасалған. Сондықтан ел болашағы білім
әлеміне шеккен сапарларыңа үлкен жетістік, сәттілік тілеймін. Көп
рахмет балалар!
Келесі бет ашылады Ертегілер елі
Ертегі ханшайымы: Айгерим:
Міне керемет, қандай әдемі, көркем балалар! Қош келдіңіздер! Сендер «А» класс оқушылары боларсыңдар солай ма? Мен ертегі елінің ханшайымы боламын. Ал сіздер Әліппеден қандай ертегілер оқыдыңыздар?
Сырым: «Бақа мен балық», «Кім күшті», «Мақта қыз бен Мысық».
Ал маған сол ертегіні сахналап бере аласыздар ма?
Жүргізуші:
Қазір «Кім неден күшті»ертегісін
тамашалайсыздар.
Ерте - ерте ертеде
Ешкі жүні бөртеде
Қырғауыл жүні қызыл екен
Құйрық жүні ұзын екен
Мұзға барып қонған қонған екен
Жамбасы ауырып қалған екен
- Сол уақытта жасаған ием мұздан
сұрапты.
Қырғауыл: Аллаберген Мұз - мұз, сен неден күшті
болдың?
Данияр: Мен күшті болсам, күн көзінен
ерімес едім.
А:- Күн, күн сен неден күшті
болдың?
Динара: Мен күшті болсам, бетімді бұлт
басар ма еді?
- Бұлт, бұлт, сен неден күшті
болдың?
Алимжан:- Мен күшті болсам, жауа -
жауа, жусан басын көгертпес пе едім?
А:- Жусан, жусан, сен неден күшті
болдың?
Әбілмансұр: Мен күшті болсам, қошақан
жер ме еді?
- Қошақан, қошақан, сен неден күшті
болдың?
Дәурен: Мен күшті болсам. құйрығымды
қасқыр тартар ма еді?
А: - Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті
болдың?
Жандос:- Мен күшті болсам, мерген атып
алар ма еді?
- Мерген, мерген сен неден күшті
болдың?
Бекет: Мен күшті болсам, мылтығымның
бауын тышқан қияр ма елі?
- Тышқан, тышқан сен неден күшті
болдың?
Акиф: Мен күшті болсам, ала жаздай
жинаған азығымды құмырсқа тасып кетер ме еді?
- Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті
болдың?
Дарын: Арқаммен алты батпан,
желкеммен жеті батпан ауырды көтергендіктен күшті
болдым.
«Испан
биі» орындалады.
Келесі беті ашылады «Қазына аралы»
Ортаға қарақшылар келеді. Жәнібек, Мейрлан, Бекнұр.
Ау сендер кімсіңдер?
Мұнда неғып жүрсіңдер? Кім керек сендерге?
Сырым: Ассалаумағалейкум ағалар?
Ару: Біз мектептің класс оқушыларымыз.
Хорлан: Біз сіздердің барлық тапсырмаларыңызды орындай аламыз.
Бекнұр: Ендеше бізге Әліппе туралы айтып беріңіздерші?
Дарын:
Алфавитті жаттадық,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Сан әріпті үйрендік
Бүгін бізге сеніңдер
Әріптердің әлеміне
Саяхаттап көріңдер.
Жандос:
Барлық әріп
бағалы,
Айттық әділ
бағаны.
Әріпсіз сөз
болмайды,
Буын онсыз
толмайды.
Адам барлық
әріпті,
Ардақтайды,
қолдайды.
Аралбай
Сырым:«Т»- Тәуелсіз елде
тұрағым,
Тәуелсіздік - жыр - әнім
Інжу: «Ә» Әспеттеп салт пен
әдетті
Боламыз бала әдепті
Дәурен: «У»Уәдеге берік боламыз.
Досқа серік боламыз
Анель: «Е»Елім деп мен жар
салам
Елімменен мақтанам
Алимжан: «Л»Лайым болсын ел аман
Несібесі мол заман
Акиф: «С»Сенімін елдің ақтаймыз,
Жақсы істер жасаймыз
Арай: «І»Ізгілік нұрын шашатын
Жасасын Қазақстаным!
Ердаулет: «З»Зейінге бәрін тоқимыз,
Сабақты 5 - ке оқимыз
Динара «Д»- Даламыздай кең
пейілді,
Мақтан тұтам елімді
Әбілмансұр: «І»Ізетті бала боламыз,
Үлкеннің тілін аламыз
Ізб.Амина: «К»Келешекке нық басқан
Біз бақытты балдырған!
Бекнұр: ТӘУЕЛСІЗДІК
Бұл сөздің мағынасы не?
Ернұр: Тәуелсіздік бұл киелі ұғым. Ата бабаларымыз аңсаған еркіндікке, аға апаларымыздың қанымен қол жеткіздік.
Хорлан: Тәуелсіздікті ту еткен бейбіт елімізде көп ұлттар тату тәтті, бірлікте, барлық адамдар тең құқылы , бақытты өмір сүруде.
Ой балалар, бізді кешіріңіздер! Біздер осы уақытқа дейін адамдарды тонап, ұрлықпен күн көрген едік. Бүгін сендердің елдерің туралы біліп, әлемге бейбітшілік орнатуға үлес қосу керектігін түсіндік. Енді бізде ешкімге қорлық көрсетпейміз, адамдарды сыйлап тыныштықта өмір сүру үшін Қазақстанға аттанамыз.
Мейрлан: Балалар, сендерге көп рахмет. Біздің сендерге сыйлығымыз бар. Мына кітап сендерге арналған екен.
Әліппе сөйлейді: Міне керемет балалар, енді сендерді алға қарай жетелейтін достарың Ана тілі болады.
Айым: Әліппе жарты жылдай жолдас
болдым,
Ана тілге әкеліп
жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін
құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді
аштың.
Бейбарыс: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен.
Зере: Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім
Нұрай: Орындаймыз әліппе
ақылыңды,
Жарысқанда жазамын
тақымымды.
Қандай қиын жұмбақты шешу
үшін,
Арттырамын ғылымға
құштарлықты.
Хамза: Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің әліппе!
Алишер: Біз енді Әліппемен
қоштасамыз,
Жолына жыр мен қоса гүл шашамыз
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз!
Назым: Қош болып тұр, әліппе,
анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге
алаңдайсың.
Мен үйреткен әріптің
құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып
қаланғайсың.
Ару: Хор: Рахмет саған әліппе Қош сау бол
Әліппе Жанэль: Сендерге ризамын, көп көп рахмет, балалар! Ана тілі оқулығын жақсы оқып, білімді, тәрбиелі , парасатты адам болатындарыңа сенімдімін.
(Әліппені алып, орнына Ана тілі оқулығын
қойып кетеді.)
Альбина
: Ана тілі
сөйлейді:
Туған елдің
тілімін,
Ақылы мен
танымымын.
Түсіндірер
бәріне,
Ана тілі
пәнімін.
Ана тілің-арың
бұл,
Ұятың боп тұр
бетте.
Өзге тілдің бәрін
біл,
Өз тіліңді
құрметте!
-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар,
ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені
үйренесіңдер.
Данияр: Ана тілім ұраным,
Ана тілім құралым.
Ана тілі болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Изб. Амина: Ана тілім елдігім,
Ана тілім ерлігім
Ана тілім болмаса ,
Бүтінделмес кемдігім.
Ернұр:«Ана тілі» әнімен ортаға Жансерік пен Дананы шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
Сырым: Ал достарым, біз осы оқу білімге қол жеткізуге зор үлес қосқан мектеп, ұстаз және ата аналарымыздың арқасы. Сондықтан сіздерге зор алғыс айтамыз.
Мансур: Бұл мереке сенің арқаң
анашым
Бір мен үшін керектіні табасың
Балаң жақсы деген сөзді естісең
Күлімсіреп, бір қуанып қаласың
Назерке:
Ортаға ата аналарымыздың арасынан бес адам шақырылады.
Ойын: «Кездесу аралы»
Ортаға «Қос бәйтерегім» әнімен Алишер мен Айымды шақырамыз.
Ернұр: Құттықтау сөз мектеп директоры Гүлдария Болатбековнаға беріледі.
Хорлан: Келесі құттықтау сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Мұхамеджановнаға беріледі.
Сырым: Құттықтау сөз мектеп директорының бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасары Жансұлу Канатовнаға беріледі.
Ару: Келесі өз ата- аналар атынан ____________________________________
__________________________________________________________ және
класс жетекшіміз Кунтуре Хайроллиевнаға беріледі.
Ән: Жаса қазақ!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген