400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тапқыр болсан, талас жоқ" сайыс сабақ 5 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныптар арасында сайыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ш ымкент қаласы №55 Жалпы білім беретін мектебі

Ботабекова Акшолпан Сейтхановна

Математика пәні мүғалімі

Пәні:

математика 

5 сыныптар арасында математикалық сайыс сабақ

Тақырыбы:

«Тапқыр болсаң, талас жоқ» 

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылығы:

Мұндағы өлең - есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі:

Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, достыққы, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Танымдылық ойын сайыс сабақ

Сабақтың әдісі:

Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру

Көрнекілігі: 

плакат, слайд, интерактивті тақта, стикер, маркерқырлығын, қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:


Жүргізуші: -Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 5  сыныптар оқушылары арасында өтетін «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!.
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Сайыс жоспары:

  1. Таныстыру

  2. «Бәйге» логикалық сұрақтар

  3. Мақал-мәтелдер сайысы

  4. «Жорға» минутқа сурақтар

  5. «Ұяшық таңдау» есептер шығару

  6. Құпия сырын ашу

  7. Сергіту сәті

  8. Қорытынды


Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.- деп
Қолданылған нақыл сөздер: 
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К.Гаусс) 
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. 
(М.В.Ломоносов) 
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон) 

Жүргізуші: Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін төрт топпен таныстырып өтейін

5 А сынып «Энштейн» тобы

5 Ә сынып « К.Гаусс » тобы

5 Б сынып « Р.Бэкон » тобы

5 В сынып « Әл-Фараби » тобы

Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін.
І. Таныстыру.
5 А сынып «Энштейн» тобы

Ұраны «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

5 Ә сынып « К.Гаусс » тобы

Ұраны: «Қандай сынақ болсадағы беріспе, 
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.»

 5 Б сынып « Р.Бэкон » тобы

Ұраны: « »

5 В сынып « Әл-Фараби » тобы

Ұраны: «Жарыс десе жанамыз, 
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз»


Жүргізуші: Жеңеміз деп ойлаңдар, балалар, 
Ақыл жастан деп айтқан ғой даналар. 
Тапқыр болсаң –талас жоқ деп әкелер, 
Жас талапқа әрқашан да жол берер. 
Ойынның негізгі бөлімі. 

«Бәйге» логикалық сұрақтар (әр топқа 3 сұрақтан)

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг) 
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш) 
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ) 

----------------------------------------------------------------------------------------------

4.Анам кесеге шәйді толтырып қоя салды. Кенже інім аңдамай қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың?  Жауабы: кеседегі шәй құрғақ болған. 
5. Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды? (6)

6.3 жұмыртқа 3 мин қайнап піседі, 5 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 мин) 

----------------------------------------------------------------------------------------------------
7.2. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. 
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала ) 
8.
Айгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая, Жансая және …..? (Айгерім)

9. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарапотыр.Олар біріне –бірі:«Достым, мен сені көріп отырмын,»- дейді. Олар бір-бірін қалай көреді?  (олар бір-біріне қарама-қарсы отыр) 

------------------------------------------------------------------------------------------------------

10. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )
11. Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді? (15)
12. 1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауырма?




Мақал-мәтелдер сайысы

Төрт топқа жалпы тасталады. Қай топ бірінші жауап берсе сол топқа ұпай беріледі.

  1. Жеті жұрттың тілін біл, .... түрлі білім біл. (Жеті-семь-seven)

  2. Білекті бірді жығар, білімді ...... жығар. (Мың-тысяча- one thousand) 

  3. Екі жақсы қас болмас, ...... жаман дос болмас (екі-два- two) 

  4. Досыңды үш күн сынама, ...... жыл сына (үш-три- three) 

  5. Бір елі ауызға – ....... елі қақпақ  (екі-два- two) 

  6. Отыз тістен шыққан сөз, ...... елге тарайды (отыз-тридцать-thirty)

  7. Білгенің бір тоғыз, білмегенің .......(тоқсан тоғыз-девяносто девядь-ninety nine) 

  8. ..... кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді. (Бір-один-one)


«Жорға» минутқа сурақтар

1)3 кесіндіден құралған фигура. 
2)7 жай сан ба, құрама сан ба? 
3)10 мен 15-тің ең кіші ортақ еселігі. 
4)Ең кіші натурал сан. 
5)Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі. 
6)Параллелепипедтің үш өлшемі. 
7)Тәуліктің төрттен бір бөлігі. 
8)Ең үлкен екі таңбалы сан. 
9)Бір центнерде неше кг? 
10)Жарты алманың жартысы неге тең? 
11)Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? 
12)24-тің барлық бөлгіштері. 
13) Екі қолда 10 саусақ. 10 қолда неше саусақ? 
14) Жарты сағатта неше минут бар?
15) Екі жұп сан өзара жәй болу мумкун бе? 
16) Белгісіз санды 5-ке бөлгенде қалдығы 4 шықты. Белгісіз сан қай цифрмен аяқталу мүмкін?

17) 1 метрде не см?

18)9 жай сан ба, құрама сан ба?

19)4 кесіндіден құралған фигура

20) 20 мен 25 ең кіші ортақ еселігі

21)Шаршының ауданы?

22)Тәуліктің екіден бір бөлігі

23) Ең үлкен үш таңбалы сан

24) 10-ның бөлгіштері

25)Жарты алма нешеге тең

26) Бір айда 5 жексенбі күні болу мүмкін бе? 

27) Екі қолда 10 саусақ. 5 қолда неше саусақ?

28) Жеті ондықты ата. (70) 

«Ұяшық таңдау» есептер шығару Әр ұяшықты таңдау арқылы есеп шығарады

Құпия сырын ашу

Жүргізуші: Бұл бөлім-« Құпия сырын аш» деп аталады.  
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалай түсінесіңдер? 
Міне, біздің еліміз тәуелсіз болып, рухани және экономикалық биікке көтеріліп,еңселі мемлекеттер қатарына қосылды .Халықты жасайтын тарих, тарихты жасайтын жеке тұлғалар. Осы жылдар ішінде Астана қаласы да өсіп, көркейе береді. Сонымен, бұл «Құпия сырын аш» сектордағы сұрақтар бойынша жасырынған Астананың көркем кешендерін танисыңдар. 
1. Оның биіктігі 91 м.Ол Астананың 10 жылдық тойына 06. 06. 2008ж ашылған. Оның жоғарғы жағында самұрық құсы бейнеленген.Ал іргесінде төрт жеке мүсіндік барельеф салынған: Президент және Қазақстан халқы; Қаһармандық; Жасампаздық және Болашақ. Бұл монумент қалай аталады? 
Жауабы: Қазақ Елі. 
2)Оның биіктігі 97м. Бұл ел ордасы Алматыдан Астанаға көшкен жылдың соңғы екі цифрына, 1997 жылға сәйкес келеді.Ол өзінің сыпайы сұлулығымен, сәулеттік сымбатымен адамды тарта түседі. Ол металдан, әйнектен және темірбетоннан жасалған. Оның үстінде жерден 77м биіктікте үстінгі ауданы 1553 шаршы метрге тең Алтын шар орналасқан. Бұл не? 
Жауабы: Астана –Бәйтерек кешенін жобалаған талантты сәулетші Ақмырза Рүстембеков басқарған тобы-сәулетшілер с. Базарбаев пен Ж Айтбалаев, инженер –конструктор М. Вайнштейн, дизайнер А. Оспанов. 

3) Оны жасау идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтікі, ал авторы белгілі ағылшын архитекторы Норман Фостер.Оның ішінде 8қабат бар.Ол Қазақстан жеріндегі бірлік пен достастықтың, Бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі. Ол не? 
Жауабы: Пирамида - Бейбітшілікпен келісім сарайы. 

4) Оның биіктігі 150м. Авторы-Норман Фостер.Ғимараттың іші бірнеше табиғи ландшафтпен безендірілген. Ішінде аквапарк, бассейн, сауда ойын -сауық орталары бар. Бұл не? 
Жауабы: Хан-шатыр . 


Сергіту сәті

Ж үргізуші: Ей, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызда қиналмай
сөзжұмбақты шешіп алайық.
4 топқа сөзжұмбақ беріледі 2 мин ішінде

Қай топ неше сөз табады?
Ойынның қорытындысы: 
Жүргізуші: Әр топтың жиналған ұпайлары бойынша ойынның қорытындысы жасалып, жеңімпаздарды марапатталады. 
«Тапқыр болсаң – талас жоқ», деп текке айтылмаған. Әр адам өзінің ой ұшқырлығымен, тапқырлығымен, шеберлігімен елінің көркеюіне үлес қоса алады.













 




4


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
906
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі