Материалдар / «Тапқыр болсаң, озып көр» тақырыбында физика пәнінен интеллектуалдық сайыс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Тапқыр болсаң, озып көр» тақырыбында физика пәнінен интеллектуалдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал физика пәні мұғалімдеріне сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруда көмек береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2021
444
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысының білім басқармасы

Ақмешіт колледжі








«Тапқыр болсаң, озып көр» тақырыбында физика пәнінен интеллектуалдық сайыс





Қызылорда, 2021 жыл


«Тапқыр болсаң, озып көр» тақырыбында физика пәнінен интеллектуалдық сайысының сценарийі


Сайыстың мақсаты:

- оқушылардың білімін тексеру және физика пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту.

- оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыра отырып, нақты және тез жүйелі шешім қабылдауға , өз ойын еркін жеткізуді дамыту.

- Ойын барысында оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуде ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын оята отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, дүниетанымын кеңейту, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа, зейінді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, сұрақ жауап, жұмбақтар, шарлар, физикалық құрал-жабдықтар.

Сайыстың жоспары


Армысыздар құрметті қонақтар және интеллектуалдық сайысқа қатысушы оқушылар! «Менің кабинетімде бір шкаф бар. Оның ішінде менен де артық білетін энциклопедиялар жатыр. Бірақ Нобель сыйлығын шкаф емес, мен алдым» - деген екен Альберт Эйнштейн. Онымен не айтқысы келді. Яғни, қанша білімді кітаптарды өзіңде сақтағанмен оны оқып білмесең сен жай ғана жансыз шкаф сияқтысың.

Бүгінгі сайысқа тек 1 курс оқушылары ғана қатысатын болады. Интеллектуалдық сайыс 4 кезеңнен тұрады. Қатысушыларды таныстыруға рұқсат етіңіздер.


Оқушының аты-жөні

Оқу тобы

Куатов Ерсұлтан Бауыржанұлы

-

Пазылхан Әбибілла Ерсаинұлы

-

Бужекова Ақылжан

-

Таңатова Дина Алпысбайқызы

-

Бекмұратов Талап Алмасұлы

-

Базарбай Нұрсұлтан Есетұлы

-

Абдыкадиров Дамир Маратұлы

-

Омарова Нәзігүл Мұхтарқызы

-

Куанышова Айгерім Багибергенқызы

-

Алашбай Ардан Әлімжанұлы

-


Әр топқа әділ бағасын беретін әділқазыларды таныстырып өтсек. Директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары ________________________және колледж әдіскері ______________________.

Оқушыларды топқа бөлу үшін жасырын 10 қағазда бір физикалық формула жазылған. Әр оқушы қалаған бір қағаздың қасына тұруға болады. Бірінші қағазда Ньютонның екінші заңының формуласы және екінші қағазда Эйнштейннің салыстырмалылық теориясының формуласы жасырылған. Оқушылар сол формула кімнің формуласы екенін және қандай формула екенін айту қажет. Сол қағаздар арқылы екі топқа бөлінеді, яғни Ньютон және Эйнштейн топтары.

Интеллектуалдық сайыс 4 кезеңнен тұрады.


1-ші кезең (Топтармен таныс болайық!)


Ережесі: Оқушылар өз тобы, яғни ғалымды таныстырып өту қажет. (Ойналарын жүйелеуге 3 минут уақыт беріледі және ортаға шығып айтады.)

Бұл кезеңде бағалау шкаласы 0-5 ұпай аралығында бағаланылады. (Ұпайларды әділқазылар есептеп отырады.)


2-ші кезең (Физика әлеміне саяхат)


Ережесі: Бұл кезеңде физика пәніне байланысты үш бағыт бойынша сұрақтар қойылады. Әр бағытта 3 деңгейлік ұяшық сұрақтан тұрады.

Топтар әр ұяшықтағы ұпаймен бағаланылады (Ұпайларды әділқазылар есептеп отырады.)

3-ші кезең (10 шар)


Ережесі: Әр топқа 10 шардан беріледі. Тақтаға 1 сұрақ және 3 нұсқада жауап болады. Топ дұрыс деп таңдаған жауаптың жанына шарды үрлеп ілу қажет. Егер топ жауаптан күмәнданса екі немесе үш нұсқағада 1 шардан үрлеп ілуге болады. 1 шар – 5 ұпаймен бағаланылады. Яғни, топ дұрыс жауап берсе үрленген шарды өз ұпайларына қоса алады. Ал егер дұрыс жауап берілмесе шар жарылады. Сұрақ үрленбеген шар таусылғанға дейін қойылады. Ойлануға және шар үрлеуге 1 минут уақыт беріледі. Әділқазылар шарлардың санына қарай ұпаймен бағалайды.


4-ші кезең (IQ батл)


Ережесі: Әр топ капитандары сайысады. Капитанға сұрақтар қойылады, жауаптар «я және жоқ» түрінде беріледі. Барлық сұрақтарға 1 минут уақыт беріледі. Әділқазылар әр дұрыс жауапқа 1 ұпаймен бағалайды.

1-топтың капитаны:

  1. Энергияның өлшем бірлігі? Дж (я)

  2. Жарық жылдамдығы тең? С=3*108 м/с (я)

  3. Гук заңы өрнегі F=ma (жоқ)

  4. Үздікті радиотолқын шығаратын дене? Пульсарлар (я)

  5. Серпімді ортада таралатын толқын? Электромагниттілік (жоқ)

  6. Ауасы сиретілген орта? Ваккум (я)

  7. Жиіліктері әртүрлі дыбыстардың қосылуы? Шу (я)

  8. 16Гц төмен дыбыстар? Инфрадыбыстар (я)

  9. ЭМ тербелістерді пайда ететін қондырғы? Жабық тербелмелі контур (я)

  10. Тоқ күші өлшем бірлігі? Ом (жоқ)

  11. Жердің табиғи серігі?Ай (я)

  12. Заттың кіші бөлшегі ? Атом (я)

  13. Скаляр шаманы анықтаңыз? Масса,жылдамдық (я)

  14. Сандық мәнімен қатар кеңістікте бағытымен сипатталатын шама? Скалярлық шама (жоқ)

  15. 10-3 қалай аталады? Нано (жоқ)

  16. Қысымды өлшейтін құрал? Барометр (я)

  17. Біздің Галактика атауы? Құс жолы (я)

  18. Жер тобындағы планеталар атаңыз? Меркурий,Шолпан,Жер,Марс (я)

  19. Дүниенің солтүстік осіндегі жұлдыз? Темірқазық (я)

  20. Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылып ұзақ естілуі? Реверберация (я)


2-топтың капитаны


  1. Жылдамдық өлшем бірлігі? м/с (я)

  2. Жердегі еркін түсу үдеуі мәні? 9,8м/с2 (я)

  3. Ньютонның екінші заңы өрнегі? a (я)

  4. ЭМТ тербелісті кеңістікте толқын түрінде тарататын қондырғы? Ашық тербелмелі контур (я)

  5. Адамның дауысына н/е аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы? Ырғақ (жоқ)

  6. Заттың қанша күйі бар? 5 (жоқ)

  7. 20000 Гц жоғары жиілікті толқындар? Ультрадыбыстар (я)

  8. Кернеулік өлшем бірлігі? А (жоқ)

  9. Күн жүйесінде қанша планета бар? 10 (жоқ)

  10. Гравитациялық тұрақтының мәні? 9,8м/с2 (жоқ)

  11. Электронның заряды – q (я)

  12. Радионы ойлап тапқан ғалымдар ? Попов, Маркони (я)

  13. 106 қалай аталады? Пико (жоқ)

  14. Көлік тежелгендегі үдеу мәні? Теріс (я)

  15. (я)

  16. Аспан әлемін зерттеуге қолданатын аспап? Микроскоп (жоқ)

  17. Маятник түрлерін атаңыз? математикалық,Серіппелі (я)

  18. Дене массасы мен қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең физ. шама? Дене импульсі (я)

  19. Бізді қоршаған әлемді не деп атаймыз? Материя (я)

  20. Екінші ғарыштық жылдамдық? 11,2км/с (я)



Интеллектуалдық сайысымыз осымен тәмәм. Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі.

Назарларыңызға рахмет!!!

































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!