400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тапқыр болсаң талас жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпқа ойлау қабілетін дамытуға арналған сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тапқыр болсаң,талас жоқ»

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.Көрнекі іс-әрекеттік,сөздік-логикалық,ойлау әрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру.Оқушыларды шапшаңдыққа,икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа,жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.

Ойын барысы:

І. Ұйымдастыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,

дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Әдісі:интерактивті тақта,топтық, көрнекілік, сұрақ-жауап

Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті ұстаздар және оқушылар!Бүгінгі 3-4 сынып арасында өткелі тұрған «Тапқыр болсаң,талас жоқ» атты сайысқа қош келдіңіздер.

Шын жүйріктер сыналады жарыста

Жарыстың ба орта жолда қалыспа

Әділқазы бағалайды сіздерді

Жеңіс мәре жақын ба,әлде алыс па?-деп бүгінгі сайысымыздың әділ қ азылар алқасымен таныс болайық:

Әділ қазылар алқасы :Клышбаева Арайлым,Бейсенгалиева Асем

Қазыбекова Ақмарал

Сайысқа 2 топ қатысады.Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ұранымен таныстырады.

  1. Топ аты: «Сұңқар»

Ұраны: Білім алып бүгін алтын ұяда,

Ертең әлі шарықтаймыз қияда


  1. Топ аты: «Болашақ»

Ұраны: Болашақтың ұл-қызымыз

Көркейтеміз елді біз


Ал енді сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:

1-айналым. «Білімді болсаң, байқап көр»

2-айналым . «Құпия сандық»

3- айналым. «Жүйрік болсаң, озып көр»

4-айналым. «Тапқыр болсаң, тауып көр »

5-айналым. «Сөз ойла, тез ойла »


Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер-деп білім сайысымыздың бірінші айналымына кезек береміз.


1-айналым . «Білімді болсаң, байқап көр» Әр топқа зымыран сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 1ұпаймен есептеледі.

4-сынып

1.44+38

2.81:9

3.507-188

4. 3мың.9жүзд.8онд.7бірл.*3986

Дүниетану

5.Ойпат дегеніміз не?(Теңіз деңгейінен төмен жатқан жазықтарды айтамыз)

6.Жазықтар нешеге бөлінеді?(Тегіс және төбелі)

7..Жыра неден пайда болады?(ағын судан)

8.Мәтін неше сөйлемнен тұрады?(бірнеше)

9.Сөйлем дегеніміз не? (аяқталған ойды білдіреді)

10.Мемлекет сөзі неше буыннан тұрады?(үш)


3-сынып

1.Жылдың неше мезгілі бар? (4)

2.Түнде көзі жақсы көретін құс? (жапалақ)

3.Көкжиек тұстарын ата(солтүстік,оңтүстік,батыс,шығыс)

4.Орман емшісі атанған құс? (тоқылдақ)

5.Бұрыштары жоқ геометриялық пішін? (дөңгелек)

6.Төрт тышқанның құлағы нешеу? (8)

7.Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін? (шаршы)

8.Сатып алдық кеше,шай ішетін..... (кесе)

9.4*4-2=

10.Мүйізі айдай иілген,

Мұрнын көкке шүйірген(сиыр)


2-айналым. «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр оқушыға кезекпен жасырылады.Әр жауапқа 2 ұпайдан қойылады.Егер қазақшасын немесе орысшасын ғана айтатын болса 1 ұпай беріледі.


1. Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)


2. Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)


3.Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)


4. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)


5. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)


6. Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)


7. Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)


8. Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)


9.Әттең, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. (кітап – книга)


10.Суға батпайды, отқа жанбайды,

Айнымайды шыныдан, қорғады тек жылыдан.  (мұз-лед)


3 - айналым.

«Жүйрік болсаң, озып көр» - шебер қолдар сайысы. Әр сыныптың оқушыларының қолдары байланған. Бірінің оң қолына қайшы, екіншісінің сол қолына бетіне жеміс суреті салынған қағаз беріледі. Осы қағаздан өрнекті әдемілеп қиып шығу керек. Басқа қолдарыңмен көмек берілмейді. Ең жоғары ұпай – 5, уақыттарына қарай ұпай саны кеміп отырады.
Әдемі әуен қойылады.

4-айналым «Тапқыр болсаң, тауып көр »

Бұл айналымда 3 пән бойынша сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға кезек-кезек жауап береміз.

1. Мен бір сан ойладым, оған 30-ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым?(50)

2. Бір бала қалаға бара жатыр еді, жолда 3 танысы шықты. Қанша адам қалаға бара жатыр? (1)

3. Туристер 3 адамнан 3 қайыққа отырып, жорыққа аттанды. Барлығы неше адам жорыққа аттанды?(9)

4. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?(2)


 5.Қай құс өз атын қайталай береді? (көкек)

6. Құлағы үлкен жануар (піл)

7. Сезім мүшелерін ата (көз, тері, мұрын)

8. Киелі құс    (Аққу)

9. Ұша алмайтын құс   (түйеқұс)

10. "Ғылым таппай мақтанба " өлеңінің авторы кім?

 

5 - айналым. «Сөз ойла, тез ойла».
Сөзжасам бұл әркімге ой салады,
Сөз тізбегін құрамын деп толғанады.
Сөзден - сөз шығаруға жетік болсаң,
Сөзжасам кезегі енді басталады.– деп ойынның соңғы айналымына да келіп жеттік. Осы айналымның басты шарты: бір сөз беріледі. 5 минуттың ішінде берілген сөзден бірнеше сөз құрап жазу керек. Тәуелсіздік, Атамекен деген сөз беріледі.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.
Ренжімей ақ тарасса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау - деп ойынымыздың соңғы бөлімін аяқтадық, оқушылардың ұпай санын есептеп, жеңімпазды анықтайтын кезге де жеттік.

Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін беру
Әр айналым бойынша жоғары ұпай жинаған сыныптарды номинациямен марапаттау:
1 - айналым. «Білімді болсаң, байқап көр»
2 - айналым. «Ойлы болсаң, ойлап көр»
3 - айналым. «Жүйрік болсаң, озып көр»
4 - айналым. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
5 - айналым. «Сөз ойла, тез ойла»
Қорытынды:
Жарайсыңдар барлығың да өренім,
Асып - тасып төгілді ғой кемелің.
Риза болды қатынасқан көрермен,
Сайыстағы бар қызықты көргендер.

Алдағы уақытта да ерінбей, жалықпай оқуды оқып, ойымызға тоқып жүрелік. Білімді болыңыздар! Осыменен бүгінгі сайысымыз аяқталды.









Құмкешу жалпы білім беретін ортамектебі












«Тапқыр болсаң,талас жоқ»



Зияткер үйірме жетекшісі: Сартбай Лаура

























2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
771
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі