400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"ТАПҚЫР БОЛСАҢ, ТАЛАС ЖОҚ"

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Ортанғы: «Балдырған» тобы.

Күні: 27.11.2017ж.

Білім беру саласы: «Таным». «Әлеумет». «Шығармашылық»

Бөлімі: Қарапайым математика. Қоршаған орта. Құрастыру.Сурет салу.

Тақырыбы: Тапқыр болсаң, талас жоқ

Мақсаты: Балалардың күз мезгілінен алған білімдерін тыйянақтау.Баланың даму деңгейін, қарапайым математика туралы, пішін және түс туралы түсінігін анықтау, қызығушылығын арттыру, табандылыққа, ойлаған мақсатына жету дағдыларына тәрбиелеу.Балалардың ойлау қабілетін дамыту, тапсырмаларды ойланып жауап беруге үйрету, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру. Матиматика ұғымдарына деген қызығушылығын қалыптастыру.

Қостілдік компаненті: Дөңгелек-круг, үшұрыш-треугольник, шаршы-квадрат, сопақ-овал.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбер

Аспанымыз ашық болсын!

Армысың, Аспан ата,

Армысың, Жер ана,

Армысың, Алтын күн,

Күндей жарқырайық,

Бәріміз тату дос болайық.


Балалар бір-бірлеріңнің алақандарыңды ұстап, тұрып нені сезіндіңдер?

Балалар тәрбиешімен бірге шеңберге тұрып, тәрбиешінің айтқанын қайталап, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.




-Жылулықты, достықты.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жұмбақ:

Бұлттар төніп, жерге төгіп

Дымқыл туман басады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай

Денең мұздап, тоңады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бөбектерім айтыңдаршы бұл қай кезде болады?

Сурет бойынша әңгіме жүргізу. Күз мезгілінде табиғатта болатын ерекшеліктер туралы әңгімелеседі.

Балалар қазір қай мезгілі?

Күзде қандай ерекшеліктер болады?

Күз мезгілінде неше ай бар?

Кім атайды?

Күз туралы тақпақтар айту.










-Балалар математика әлемінде болып жатқан қызықтарды тамашалауға дайынсыңдарма?

Математика әлемінде болып жатқан қызықтарды тамашалау үшін

« Тапқыр болсаң, талас жоқ» деп аталатын сайысымызды бастайық.

Ол үшін балалар екі топқа бөлінеді.

1-топ «Қыран»

жетекшісі;Алина

2-топ « Қарлығаш» жетекшісі:

Арсен







Балалардың дұрыс жауаптарын

жұлдызша арқылы марапаттаймыз.

Сайысымызда қай топ көп жұлдызша жинаса сол топ жеңіске жетеді.

Олай болса сәттілік сайысымызды бастайық.

№ 1 Тапсырма:

1.Бір жылда неше ай бар?

2.Қазір жылдың қай мезгілі?

3.Енді қай жыл мезгілі болады?

4.Бір аптада неше күн?

5.Балабақшаға неше күн келеміз?

6.Неше күн демаламыз?

№ 2 Тапсырма:

Жұмбақ сайысын бастайық,

Ойланайық саспайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

1.Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Қай мезгіл деп ойлайсың?

2,Аққалла жасап ойнайтын,

Шаңғы коньки тебетін.

Шанамен зырлап желетін

Қай мезгіл деп ойлайсың ?

3. Қар мұз еріп, су көбейіп,

Сай салаға ағады.

Бүршік атып,жапырақ шашып гүл бәйшешек басады.

Қай мезгіл деп ойлайсын?

4. Өрік, алма,шие,

алша, жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, қияр сәбіз,

Дүкендерге түседі.

Бұл қай мезгіл деп ойлайсын?

№ 3 Тапсырма:

Сандарды тура және кері санау.


№ 4 Тапсырма:

Ауызша есептер

1.Оң қолымда бес саусақ,

сол қолымда бес аусақ.

Қосып едім барлығын болып

шықты неше саусақ?


2. Дүкеннен бір сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

2 дәптер, 1 қалам

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі

Нешеу болды қолда бәрі?

№ 5 Тапсырма:

Сергітусәті:

«Шаңырақ»ойыны

Шарты: Балаларға төртбұрышты орамал жайылып қойылады, әуенмен балалар айналып жүреді, әуен тоқтаған кезде балалар орамалдың бұрұшынан ұстап жоғары көтеру керек.

Шаңырақты бірінші қай топ көтерсе сол топ жеңіске жетеді.

№ 6 Тапсырма

Геометриалық пішіндерді атау.

Түстерін айту.


№ 7 Тапсырма:

Есептер шығару.

3+2=5

3+1=4

3- 1=2

7- 4=3

№ 8 тапсырма:

Адасқан сандар

Мақсаты:

Баланың ойлау жылдамдығын арттыру.

2 4 6 7 3 5

Қалып қойған санды атап ретімен қою.

Балалар сендер тапсырмаларды

өте жақсы орындадыңдар.

№ 9 Тапсырма

Санамақ айту.




















Қостілділік компоненті:

Үшбұрыш-треугольник, дөңгелек-круглый, шаршы-квадрат, сопақ-овал

Топпен жұмыс:

Ендеше үстел үсті ойындар орталығы.

1.Пішіндерді орналастыру


2. Кеме құрастыру

3. Геоконтпен үй жасау

4. май шаммен сурет салу.

Жарыс соңында балалардың жинаған жұлдызшаларын санап,

жеңіске жеткен топты құттықтау.


-Жұмбақтың шешуін табады.






-Күзде


Балалар тыңдайды.



Сұрақтарға жауап береді.



Үш ай

Үш тілде айтады.

Балалар тақпақ айтады.

Абай Құнанбаев

Сұр бұлт,түсі суық қаптайды аспан.

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.



Ия дайынбыз.

-Қызғылтсары.


-






1-топ Алина

Қолды көкке созайық

Азайтайық қосайық

Сан есептің сарайын,

Бәрге қане ашайық

2-топ Арсен

Ұшақтанда ұшқырмыз

Желден озған жүйрікпіз.

Жарысуға сендермен,

Келіп тұрған мықтымыз.

























-Күз




-Қыс






-Көктем





-Жаз


Сандарды тура және кері санадыі санады






-Он саусақ







Алты




Балалар қызығушылық танытап ойнады.








Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақ.















Садарды ретімен атап, қойды.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


1-топ

Бір үйде біз нещеуміз?

Кел санайық екеуміз

Бас бармағым- папам

Балан үйрек -апам

Ортан терек –ағам

Шылдыр шүмек- мен

Кішкентай бөбек- сен

( Бес саусақ)

2 топ

Бір- дегенім бесік

Екі-дегенім есік

Үш- дегенім үкі

Төрт –дегенім түйе

Бес- дегенім балық

Алты – дегенім асық

Жеті –дегенім жалау

Сегіз-дегенім сағат

Тоғыз- дегенім торсық

Он-дегенім оймақ.






Балалар топпен жұмыс жасады.

Рефлексивті – түзетушілік

Сұрақ –жауап әдісі арқылы алған білімдерін қорытындылайды.

Қол ұстасып түрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Кездескенше күн жақсы

Сау, саламат болайық.



Сұрақтарға жауап береді .



.



Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: Қарапайым математикалық ұғымдарды, геметриялық пішіндерді;

Түсінеді: Математикалық ұғымдарды, пішіндердің айырмашылықтарын, түстерін табуды түсінеді,

Қолданады: Сұрақтарға нақты жауап беру және тапсырманы орындай білу сияқты дағдыларды;



















Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

ІІ-ші кіші «Балдырған» тобы.

Күні: 17.10.2016ж.

Тәрбиеші: Сарина М.К.

Білім беру саласы: «Әлеумет».

Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: Жайлауға саяхат»

Мақсаты: Туған жердің сұлулығы жайлы түсініктерді қалыптастыру. Жаратылыстану түйсікті қалыптастыру.

Сөздік жұмыс: жайлау.

Қостілділік компанент: Киіз үй – юрта .

Оқу іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Қазақтың халық әндерінің бірі ойналады.Бүгін біз туған жердің табиғаты туралы әңгімелесеміз және табиғатқа саяхатқа шығамыз.

-Балалар, біз табиғат аясына демалуға барғанда өзімізді қалай ұстауымыз керек?


-Көзімізді жұмайық, музыка әуенімен жайлауға саяхатқа шығамыз .

Ынталарын көрсетеді.




Қоқыс шашпаймыз , гүлдерді жұлмаймыз , жәндіктерді өлтірмейміз

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Білімді өзектендіру. Жайлау сөзіне сөздік жұмысын жүргізу .

Жайлау – жазда жайлайтын , биік таудағы немесе шүйгін шөпті жазықтағы мал жайылымы (постбище ).


Қостілділік компанент: сәуле -лучь , күн – солнце , ашық – яркое , киіз үй – юрта .


Сурет «Жайлау».

Балалар, суретке назар аударыңдаршы .

Кигіз үй .

-Не көріп тұрсыңдар ?

Киіз үйдің іші қыста жылы , жазда салқын . Сондықтан кигіз үйді шопан дар да , туристер де пайдаланады . Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды . Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр .

Жайлау бейнеленген суретті көрсету

-Туған жердің табиғатын тамашалайық!

Психологиялық жаттығу .

Қазақ күйші –композиторларының бір күйіе тыңдау .



Балалар суреттерді көріп, сұрақтарға жауап береді .



Қайталайды.




Жайлауда шөп өте қалың өседі .

Жайлауда мал жайылады

Жайлауға жазда барады.

Кигіз үй туралы білетіндерін айтады .






Суреттерді көреді .



Балалар тыңдайды .


Күй тыңдайды

Рефлексииялық –түзетушілік

Балалар, бізге кішкентай «сұрағыш » ойыншығы келді .

(Тәрбиеші «сұрағыш » қолғап – ойыншықты қолына киіп көрсетеді ).

Сұрағыш ойыншық сұрақтар қояды .

-Жайлау дегеніміз не?

-Киіз үйді қай жерден көрдіңдер? тағы басқа .

-Балалар , біздің өлкеміз сұлу табиғатымен және әсем жерлерімен бай ! Әрқашан туған өлкемізді қорғап жүрейік .

Балалар «сұрағыштың » сұрақтарына жауап береді .





Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: суреттерден көріп , жайлау туралы әңгімелеуге берілген тапсырманы;

Түсінеді: туған өлке табиғаты , жайлау туралы берілген мәліметтерді;

Қолданады: сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, коммуникативтік дағдыларын.



































Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы : екінші кіші «Жұлдыз» Күні: 15.10.2015

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы құстарды бақылау ».

Мақсаты:Балаларды жанды табиғат өкілдерімен таныстыруды жалғастыру . Сөздік қорларын «құстың жұні ,мамығы», «қанат» деген сөздермен толықтыру. Құстардың суреттерін көрсету арқылы зейіндерін және білуге деген құштарлықтарын арттыру .Жанды табиғат өкілдеріне деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу

Билингвальдық компаненті: Табиғат бұрышы – уголок отдыха, тотықұс –попугай, қанаттар – крылы , тұмсық – клюв

Іс-әрекетікезеңдері

Тәрбиешініңіс-әрекеті

Балалардыңіс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Табиғат бұрышына жақындап келіп , балаларға жұмбақ оқиды

Айтамын біржұмбақты сізге нұсқап ,

Басына бөрік киер, құндыз ұстап .

(Тотықұс )

-Кәне, біздің табиғат бұрышындағы тотықұс – Кешаға назар аударайық.

Балалар жұмбақтың шешуін табады






Назарларын тотықұсқа аударады .

Ұйымдастырушылықізденістік

Билингвальды компонент : тотықұс – попугай, қанаттар – крылья , тұмсық –клюв, табиғат бұрышы – уголок отдыха.

Балалардан тотықұс туралы білетіндерін сұрайды. Балалардың жауаптарын тыңдап болған соң , тотықұс туралы ақпарат береді .

Тотықұс – құйрығы қысқа, түрлі түсті құс .Ол Африка, Америка және Австралияда тіршілік етеді .

Сөйлейтін тотықұстар да бар .Олар сенің айтқаныңды қайталайды .

Тотықұстың қанаттарын, тұмсығын, аяқтарын көрсетіп, олардың атқаратын қызметімен таныстырады. Мысалы, қанаттары ұшу үшін, тұмсығы қорегін шоқып жеу үшін, аяқтары жүру және бұтаққа қонып отыру үшін керек .

-Кәне ,тотықұсқа жем беріп, ол жемді қалай шоқып жейтінін көрейік .

Сергіту жаттығуы .

Кәне, қанат жазайық,

Тоты болып ұшайық.

Ұшып – ұшып алайық,

Қайта келіп қонайық.

Табиғат бұрышында қатты сөйлеп, құстарды шошытып алмау керектігін айтады.

Жаңа сөздерді екі тілде қайталайды .







Тотықұс туралы білетіндерін айтады.













Бір – екі бала тордағы тотықұсқа жем салады.




Қимылмен жаттығуын орындайды

Рефлексивті - реттеушілік

Сұрақ –жауап әдісі арқылы білімдерін қорытындылайды .

Бүгін табиғат бұрышында қандай құспен таныстық?

Оның қандай дене мүшелері бар екен?

Тотықұспен таныстық .

Тотықұстың суретін көреді.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады : тотықұстың дене мүшелерін көрсетіп атауға және оның суретін көру .

Түсінеді : тотықұстың тіршілігі туралы мәліметтерді .

Қолданады : тордағы құстарды қалай қоректендіру керектігін іс жүзінде .


























Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Тобы :екінші кіші «Жұлдыз» Күні : 12.11.2015

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: «Орман тұрғындары».

Мақсаты:Жабайы жануарлар туралы түсініктерін байыту. Жабайы жануарлардың (аю,қоян, түлкі,қасқыр)сипат белгілерін байқай білуге үйрету арқылы зейіндерін дамыту . Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Билингвальдық компаненті: Жабайы жануарлар – дикие животны

Іс-әрекетікезеңдері

Тәрбиешініңіс-әрекеті

Балалардыңісәрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Таңғажайып сәт .

-Бізге қонаққа орманшы аға келді .Ол бізге өзінің орманда тіршілік ететін жануарлары туралы айтқысы келеді. Жабайы жануарлар –өз беттерімен тіршілік ететін жануарлар .

Билингвальдық компаненті: Жабайы жануарлар – дикие животны.

Балалардыңжауабы

Ұйымдастырушылықізденіс

Білімді өзектендіру .

Фланелеграфта қоян , түлкі, аю, қасырдың суреттері ілінеді.

-Орманшы аға бізге жұмбақтар алып келіпті. Жұмбақтардың жауабын шешейік .

Тәрбиеші жұмбақ жасырады . Балалар жауабын тапқаннан кейін жұмбақтардың шешулері болған аңдардың суреттерін тақтаға іледі.

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады

(Қоян)

Өзі қу, қызғылт сары түсті ,

Құйрығы үлпілдек жүнді.

(Түлкі)

Орманнан, жалпақ даладан

Бал іздеп бір аң жортады.

Кіп –кішкене арадан

Үп –үлкен боп қорқады. (Аю)

-Бұлар- жабайы жануарлар, олар орманда, далада, тауда тіршілік етеді және өз қорегін өзі тауып жейді .

-Аюды сипаттайық, ол қандай?(Үлкен, қалың жүнді, құлақтары кішкентай ғана, түсі қоңыр ).

-Осылайша қасқыр мен түлкіні,қоянды сипаттайды.

-Осы аңдардың ішінде қай жануар үлкен? Ал ең кішкентайы қайсысы?(Аю- ең үлкен жануар . Түлкі аюдан кіші. Қоян- ең кішкентайы кішкентай аң) .

«Жабайы жануарлар» психологиялық жаттығуы .

-Қорбаңдап жүретін маймақ аюды бейнелейік .

-Түлкінің жүрісін салайық .

-Қорқақ қоянды бейнелейік

Динамикалық үзіліс .

Ұзын құлақ , сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы –қырлы жерлерден

Ытқып – ытқып жүгірді .

Тапсырманы түсіндіреді , балалардың дұрыс орындауын қадағалайды.



Суретке қарап, жабайы аңдардың аттарын айтады.





Жұмбақтардың шешуін табады .


Қоян, аю, түлкінің суреттеріне қарайды .














Аюдың суретіне қарап,оны сипаттайды.



Балалардың жауабы .








Жабайы жануарлардың жүрісін салу .





Қоянды бейнелеп, қоянша секіреді.



Тапсырманы орындайды.

Рефлексивті - реттеушілік

Сұрақ – жауапәдісі арқылы оқу іс- әрекетінде алған білімдері қорытындыланады.

Сұрақтарға жауап береді . Бір – бірінің жауаптарын тыңдайды.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады Жабайы жануарлардың сипаттық белгілерін байқап оларды сипаттап айтуға арналған тапсырмаларды.

Түсінеді : Жабайы жануарлар туралы берілген мәліметтерді .

Қолданады : Жабайы жануарлардың жүріс- тұрысын қимылмен келтіре білу дағдыларын .






Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Тобы : екінші кіші «Жұлдыз» Күні : 10.12.2015

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: «Қармен тәжірибе жасау».

Мақсаты: Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту. Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету . Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету . Табиғат сырларын танып – білуге баулу.

Билингвальдық компаненті: аққала – снеговик, қар – снег, ақ – белый.

Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешініңіс-әрекеті

Балалардыңіс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Таңғажайып сәт:

-Балалар, бүгін бізге қонаққа Аққала келді .

Аққаламен амандасайық.

Бірақ Аққала көңілсіз.

Не себепті көңілсіз екен?

Аққала: Менің бүгін туған күнім . Мені ешкім құттықтамады және ешкім сыйлық бермеді .

-Аққаланы көңілдендіру үшін ойын ойнап, қардан гүл жасап берейік .


Аққаламен амандасады.








Ынталарын көрсетеді .

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Білімді өзектендіру:

Тәрбиеші топқа қар салынған ыдысты алып кіреді .

-Балалар, қар өте суық, сондықтан біз қалақпен жұмыс жасаймыз .

-Қардың түсі қандай?

-Қар қай мезгілде жауады?

-Жазда қар жауа ма? Неліктен?

-Қар неге бөлмеде ериді ? (Бөлме жылы)

Тәрбиеші ыдыстардағы қарды пішіні әртүрлі ыдыстарға салады да ,оларды балаларға таратып береді .

-Осы ыдыстардың көмегімен аққалаға арнап гүл жасайық .

Билингвальдық компаненті: аққала – снеговик, қар – снег, ақ – белый.

Балалардың өздік жұмысы :

-Балалар, Аққалаға сендердің сыйлықтарың ұнап қалыпты.

Ойын ойнап, бұл гүлдерді қалай жасағанымызды еске түсірейік .

Саусақты тренинг өткізу .

Кірістірсек екі қолды жұмысқа,

Аққаланы тұрғызады бір сәтте!




Сұрақтарға жауап береді.






Тәрбиешінің бақылауымен қардан жасалған табақтарын жайпақ табаққа орналастырады .




Қайталайды .



Қарды ыдыстарға салып, әртүрлі пішіндегі гүлдер жасайды .



Саусақтарын әртүрлі қимылдарға келтіреді .

Рефлексивті – реттеушілік

Аққала: Балалар, қармен жасаған заттарың еріп кетті . Бірақ көңілдерің түспесін, қар еріген кезде суға айналады, бізге жазда да су өте қажет!

Аққала балаларға рақмет айтып қоштасады .

Балалардың қардан жасалған пішіндері бөлме ішінде бірте – бірте ери бастайды.


Аққаламен қоштасады .



Күтілетін нәтиже

Ұғынады : Қардан түрлі пішіндер жасауға берілген тапсырманы.

Түсінеді : Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімді.

Қолданады : Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білу дағдыларын.























Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Тобы : екінші кіші «Жұлдыз» Күні : 07. 01.2016

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: Үрмебұршақты отырғызу.

Мақсаты: Үрмебұршақты отырғызу арқылы өсімдіктердің көбеюі туралы алғашқы білім беру. Тұқым отырғыза білу дағдыларын игерту. Еңбекқорлыққа баулу.

Билингвальды компанент: үрмебұршақ – фасоль, отырғызу – посадить.

Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешініңіс-әрекеті

Балалардыңіс-әрекеті

Мотивациялық –

қозғаушылық

Тәрбиеші сабаққа аламанның (тышқанның бір түрі ) .

-Балалар, аламан сендерден үрмебұршақ отырғызуға көмектесулеріңді сұрайды.

Бірақ оны қалай отырғызу керектігін білмейді .Балалар , аламанға көмектесеміз бе?

Балалар сабаққа белсене қатысады, алжапқыштарын киеді.

Ұйымдастырушылықізденістік

Үрмебұршақтың суретін көрсетеді .

-Бұл ненің суреті?

Үрмебұршақ туралы түсіндіру .

-Үрмебұршақ – жылу сүйгіш өсімдік .

Сондықтан ол ыстық жақтарда өседі .

Үрмебұршақты біздің елімізде де өсіріледі.

Үрмебұршақты суық топыраққа отырғызбайды.

Сондықтан оны күн жылынған кезде отырғызады. Үрмебұршақ өсу үшін жылу, су, жарық және ауа қажет.

Біз бүгін үрмебұршақты қалай отырғызу керектігін үйренеміз және аламанға оны қалай отырғызу керектігін көрсетеміз .

Тәрбиеші қорапшадан үрмебұршақтарды алып, балаларға таратады.

Оның тұқым екенін айтады.

-Балалар, үрмебұршақты алақан арасына салып есіп көрейік , қолға қалай сезіледі?

Түсі қандай?


Билингвальды компанент: үрмебұршақ – фасоль, отырғызу – посадить.

Саусаққа арналған жаттығу :

Шақ- шақ- шақ,

Отырғызайық бұршақ.

Өс –өс –өс,

Алақаныңды тос!


Үрмебұршақ отырғызу .

Тәрбиеші балаларды бір –бірден шақырып, қолдарына үрмебұршақтың дәнін таратады, балалар орнына жайғасқан соң отырғызу реттілігін айтады.

Стекамен шұңқыр жасаймыз.

Шұңқырға үрмебұршақтың дәнінің өсімі бар жағын жоғары қаратып саламыз.

Топырақпен көмеміз .

Су құйғышпен аздап су құямыз.

Суретті қарап, үрмебұршақ туралы білетіндерін айтады .




















Көру арқылы үрмебұршақты зерттейді,әсерлерімен бөліседі .

-Қатты, сопақша тәріздес.


Қайталайды.


Саусаққа арналған жаттығуды орындайды.





Тәрбиешіні тыңдап, үрмебұршақты отырғызу реттілігін естеріне сақтайды.




Балалардың жауабы .

Рефлексивті –реттеушілік

Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқу іс –әрекетінде алған білімдері қорытындыланады.

Сұрақтарға жауап береді . Бір – бірінің жауаптарын тыңдайды.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады : Үрмебұршақты отырғызуға берілген тапсырманы.

Түсінеді : Үрмебұршақты отырғызу арқылы өсімдіктердің қалай көбейетіндігін , яғни олардың өсіп- жетілуі үшін топырақ ,су,жарық және жылу қажеттігін.

Қолданады: Тұқым отырғыза білу дағдыларын.












Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетерінің технологиялық картасы

Тобы : екінші кіші «Жұлдыз» Күні: 04.02.2016

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: «Күн сәулесі».

Мақсаты: Күн сәулесінің жылуының пайдасы туралы түсінік беру.Айнаны күн сәулелерімен шағылыстырып ойнайтын ойын туралы әңгімелеу. Күн сәулесінің барлығын жылытатынын білуі, тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп, сабақты талдай білуді үйрету.

Билингвальдыкомпанент: Сәуле – лучь, күн – солнце, ашық – яркое .

Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешініңіс-әрекеті

Балалардыңіс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Балалар, бізге қонаққа Күн келді .(Жарқыраған Күннің суретін көрсетеді ).Өз сәулесін шашып, айналаны жарқыратып жіберді. Кәне , бәріміз амандасайық.

Армысың, ашық Күн!

Сәуле- шуақ,нұр

Шаттық шеңберге тұрады.




Балалар Күнмен амандасады .

Ұйымдастырушылықізденушілік

Білімді өзектендіру.

Айнамен жаттығу .

Айнаны күн сәулесіне шағылыстырып, көлеңке жерге күн сәулесін түсіріп көрсетеді .

Кәнеки қос тілде айтып көрейікші : Сәуле – лучь, күн – солнце, ашық – яркое .

Күн сәулесі туралы ертегі айту:

-Ертеде аспанда Күн сәулесі өмір сүріпті . Күн сәулесі аспанда жалығып, жер бетіне түсуді ойлайды Жерге түсіп, жылаған гүлді көріп, оған жылуын сыйлайды . Гүл қуанып, күлімсіреп, рақметін айтады. Ұшып бара жатып, қанатын сулап алып ұша алмай жүрген араныкөреді , шуағымен қанатын кептіріп, араның ұшуына көмектеседі . Ара да оған ризашылығын білдіреді . Тағы ұшып келе жатып, солып қалған гүлдердің арасынан шыға алмай жатқан көбелекті көреді . Гүлдерге сәулесін түсіреді . Олар бастарын көтергенде олардың арасынан көбелек ұшып шығады . Көбелек күн сәулесіне рақметін айтады .

Күн сәулесіне аспанға оралатын уақыт келеді .Қиын сәтте басқаларға көмектескеніне өзі риза болады . Сендерге ертегі ұнады ма?

Сергіту сәті .

«Күн сәулесін ұстайық» ойынын ойнайық .

Секіреміз, секіреміз .

Айнаны күнге шағылыстырып, көлеңкеге түсірген күн сәулесін тамашалайды .



Қайталайды .




Балалар ертегіні тыңдайды .






























Ойынға қосылады .

Рефлексивті – реттеушілік

Өзекті сұрақ : Күн сәулесінің тіршілік үшін қандай пайдасы бар?

-Күн сәулесі қандай екен?

-Күн сәулесі, бәрін жылытып тұрғаның үшін саған рақмет!

Балалардың жауаптары.

Күн сәулесімен қоштасады .




Күтілетін нәтиже:

Ұғынады : Күн сәулесінің пайдасы туралы әңгімелеуге берілетін тапсырманы.

Түсінеді : Күн нұры (сәулесі) жерге жарық және жылу беретінің .

Қолданады : Жарық пен жылу тіршілік үшін қажет екендігі,коммуникативтік және алған ақпаратты талдай білу дағдыларын.













Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттерінің технологиялық картасы

Тобы : екінші кіші «Жұлдыз» Күні : 28.04.2016.

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: «Ауа қайда тығылды?»

Мақсаты: Тақырыбы: «Ауа қайда тығылды?»

Мақсаты: Логикалық ойлауларын дамыту; тәжірибе көмегімен ауаның барлық жерде бар екенін түсінуге көз жеткізу, ауасыз тіршілік жоқ екенін түсіндіру.

Қолданылатын көрнекі құралдар : жұмсақ қалқан құлақ ойыншығы , үрлемелі шарлар , сабан , таза су құйылған стақандар, қоңырау, қорапшалар, целлофан қалта, таспа .

Билингвальдыкомпанент: таспа – лента, ауа – воздух , әуе шары – воздушный шар, қоңырау – колокольчик .

Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешініңіс-әрекеті

Балалардыңісәрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық




Шаттық шеңбері .

Сәлеметсіңдер ме , балалар ! Адамдар кездескен кезде бір – біріне саулық тілеп , жылы лебіздерін білдіріп амандасады .

Бүгін мен де сендерге амандық – саулық тілеп амандасамын !

Сендердің алдарыңда қорапшалар тұр. Қорапшалардың ішінен ең ақылды, ең алғыр балаларды көресіңдер. Кәне , бәріміз ашып көрейік , бұл кімдер екен?

(Әр қорапшаның ішінен айна шығады да , балалар айнадан өздерін көреді)

Енді бір – бірімізге күлімсіреп , «әлемдегі ең жақсы балалармыз!»деп айтайық . Осы көңіл күймен сабақты бастайық .

Таңғажайып сәт .

Бізге қонаққа ертегідегі ең сүйікті кейіпкеріміз – Қалқанқұлақ келді . Ол ауа туралы білгісі келеді екен. Ауаны іздеп тауып, ұстап көргісі келеді .Қалқанқұлақпен ауаны іздеуге дайынсыңдар ма ? Алға!

Шаттық шеңберге тұрады . Бір –біріне жылы лебіздерін білдіреді .



Қызығушылығын көрсетеді .
















Қонақпен амандасады

Ұйымдастырушылықізденушілік






Білімді өзектендіру .

-Ауа дегенді қалай түсінесіңдер ?(Онымен біз тыныс аламыз).

-Кәне , ұстап көрейікші , оны ұстауға бола ма? Жоқ .

Кәнеки қос тілде айтып көрейікші: таспа – лента, ауа – воздух , әуе шары – ваздушный шар , қоңырау – колокольчик .

Ауа – адам , жануар және өсімдіктер тіршілігіне керек зат .

Тәжірибе жұмысын жүргізу .

-Ауаның бар екеніне көз жеткізу үшін , Қалқанқұлақ екеуміз бірнеше тәжірибе жасап көруді ұсынамыз.

Тәжірибе жасау.

-Қалқанқұлақ өзімен бірге сиқырлы қорапша алып келіпті .

Ішінде не бар екен , қарап көрейік.

-Бір –бір таспадан алып , үрлеп көріңдерші.

Не байқап тұрсыңдар ?

-Жарайсыңдар!

-Бұл қорапшада тағы нелер бар екен?

(Үрлемелейтін шар ) –Енді онымен не істейміз ?(Үрлеп , ішіне ауа толтырамыз).

Тәрбиеші шарды үрлейді. Оған не болды ? (Оны үрлеп , ішіне ауа толтырдық ).

-Өте жақсы ! Қалқанқұлақтың қорапшасында тағы не бар екен?

Қоңырауды алып шығады.

-Иә , бұл қоңырау, ол бізді демалуға шақырады .

Сергіту сәті :

Көзге ілінбейтін,

Жұтсаң білінбейтін

Ауаны біз іздейік .

Аузымызды жабайық ,

Терең тыныс алайық !

Тәжірибе жұмысын одан әрі

жалғастыру.

Үстелге жақындап , су құйылған стақан мен сабанды алайық .Сабанмен суға үрлеңдер . Не көріп тұрсыңдар ?

-Бұл не екен ?

Сұрақтарға жауап беріп , бұрыннан білетіндерімен бөліседі.



Қайталау .






Тәрбиеші тыңдап , айтқанын істейді .



Таспалар .



Шарлар

Олар қозғалады, өйткені біз аузымызбен үрледік .















Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар орындайды .




Түбінен көпіршіктер көтеріле бастады .

Ауа .

Рефлексивті –реттеушілік

Таспалар желмен қозғалды, шарлар үрленді, целлофан қалтаға ауа жинадық . Неге баулар қозғалады, өйткені ауаның көмегімен үрледік, шардың көлемі үлкейді, өйткені біз оның ішін ауамен толтырдық .

Шешім: бәріміздің айналамызда ауа көп , біз онымен тыныс аламыз, бірақ көрмейміз , егер ауа болмаса , тіршілік тоқтайды .


Жасалған тәжірибелер нәтижесі бойынша тәрбиеші бірге сабақты талдайды .



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады : Дәптерде берілген тапсырманы .

Түсінеді : Тәжірибе жасау арқылы ауаның маңызы туралы мәліметті және ауаның тіршілік үшін зор маңызы бар екенін .

Қолданады : Ауаның маңызы туралы сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу , коммуникативтік және ақпаратты талдай білу және қарапайым тәжірибе жүргізе білу дағдыларын .





























Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттерінің технологиялық картасы

Тобы : екінші кіші «Жұлдыз» Күні : 31.03.2016.

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: «Түктіараның саяхаты»

Мақсаты: Саяхат сабақ арқылы шалғын өсімдіктері жайлы түсіндіру. Өсімдіктердің табиғатқа келтіретін пайдасы туралы ұғым қалыптастыру. Туған жердің табиғатына қамқор болуға баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар : көрнекіліктер, ара ойыншықтары.

Билингвальдыкомпанент: гүл-цветок,шөп-трава, шалғын-лут

Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңбер.

«Араның ұшуы» әуен ойналады.

-Балалар бізге қонаққа түктіара ұшып келді. Ол гүлдер өсіп тұрған алқапқа асығып бара жатыр екен. Түктіараға біздің оқу іс-әрекетімізге қатысуын өтінсек қайтеді. Түктіара-жәндік.Денесінің түсі қара,сары.

-Маған шөпті және гүлді алқап өте ұнайды

Тәрбиешіні тыңдайды, музыка әуенін тыңдайды, түктіараның суретін көреді

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Білімді өзектендіру.

Кәнеки қос тілде айтып көрейікші: гүл-цветок, шөп-трава, шалғын-луг

Балалар, мен сендерді шалғынға серуендеуге шақырамын. Шалғын-қалың өскен көкорай , майса шөп. Көк шалғын жайылымда мал жайылады.Мұнда жәндіктер мен жануарлардың алуан түрі тіршілік етеді.

-Міне, жап-жасыл жайқалған шөп!

-Шалғында қызыл, жасыл гүлдер өседі.

Канеки қос тілде айтып көрейікші : түймедағы-ромашка, қоңыраугүл-колокольчик

«Гүлдерді аяқпен баспа!»ойыны.Шарты: Еденге қағаздан жасалған гүлдерді жайып тастайды.Балалар гүлдерді баспай арасынан өтулері тиіс.

П.И. Чайковскийдің «Гүлдер» әуені қойлады.

«Ойды аяқта»ойыны: Шарты: Бір ойдың басын айтады, балалар оны аяқтайды. Мысалы: Мен шалған гүлдерді жақсы көремін өйткені (мен оларды жұлмаймын)

Үлестірім құралы жұмыс. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.

Гүлзара өсетін гүлдер туралы әңгіме өткізу

Жеке жұмыс.


Қайталайды



Тәрбиеші түсіндірмесін тыңдайды






Суреттерді көреді, тыңдайды, сұрақтар қояды



Қайталайды



Балалар ойын ойнайды















Тапсырма орындайды

Рефлексивті – реттеушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдері қорытындыланады.

Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады :Шалған гүлдері мен гүлзарда өсетін гүлдерді ажырата білуге берілген тапсырманы

Түсінеді :Гүлдерді бостан-босқа жұлуға болмайтындығын, яғни экологиялық түсініктерді

Қолданады : Гүлдердің пайдасы туралы сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, және ақпаратты талдай білу дағдыларын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
441
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі