Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тапқыр болсаң, талас жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың дұрыс ойлай білуін қалыптастыру, жан-жақты ойлауға, қиялдауға баулу, логикасын дамыту, ұстамдылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Автор Саней Алтангүл
Ақмола облысы Зеренді ауданы Бірлестік орта мектебінің жанындағы «Арай» шағын орталығының тәрбиешісі

Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, талас жоқ».
Мақсаты:
Оқушылардың дұрыс ойлай білуін қалыптастыру, жан-жақты ойлауға, қиялдауға баулу, логикасын дамыту, ұстамдылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер, қызықты шаршылар, нақылдар.
Барысы: Қызығушылықты ояту. Шаттық шеңбері
Армысың, сұлу күн! (Күнге қарап бас иеді.)
Армысың, ашық аспан! (Аспанға қарап бас иеді.)
Қайырлы күн, баршаға! (Құшақтарын жаяды.)
Құрметті сайыскерлер мен қонақтар. Бүгінгі «Тапқыр болсаң, талас жоқ» сайысына қош келіпсіздер. Бүгінгі сайысымыз бастамас бұрын, сайысымызға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын таныстырып қояйын.
Сайыстың шарты бойынша сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
1-кезең: «Таныстыру»
2-кезең: «Кім тапқыр?»
3-кезең: «Әртүрлі бейне жасау»
4-кезең: «Сұрақ-жауап»
Сайысқа 2-топ қатысады. Әуелі сайыскерлер өздерін таныстырсын.
1-кезең: «Таныстыру». Оқушылардың барлығы келіп, үстел үстінде тұрған үшбұрыштар мен төртбұрыштардың ішінен өз қалағандарын алады да сол бойынша екі топқа бөлінеді. Үшбұрыштар мен төртбұрыштар тобының топ басшылары өз топтарын таныстырады.
2-кезең: «Кім тапқыр?».
Бұл кезеңде
«Математикалық өлең есептер» шешеді.
1.Салтанат болса екіде, 4. Көлден ұшып кетті 30 қаз,
Бақытжан да екіде, Қайтып қонды 20 қаз.
Екеуін қоссаң шырағым. Қонбады оның қаншасы? (10қаз)
Саматтың жасы шығады.
5. Алма бағы жайнаған,
Саматтың жасы нешеде? (4) Қызыл алма айналам.
2. Алма ағашта бес алма, Алдым үзіп бесеуін
Қандай тәтті, жесе алма. Тағы да алдым екеуін,
Бесеуінде жеп қойсам, Алдым сонда нешеуін. (7 алма)
Қалады онда неше алма? (0)
6. Аулада 6 үйрек,
3. Маратта бар бес іні, Қорада 3 үйрек.
Мұратта бар екі іні, Біреуі тығылды,
Қоссаң бес пен екіні, Біреуі жығылды
Болады неше шешуі? (7) Қалғаны неше үйрек? (7 үйрек)
7. Жаңа ғана шалғында, 8. Мұз айдында 7 бала
Жеті бұзау жүр еді. Асыр сап жүр сырғанап.
Әлде шаршап қалды ма, Сырғанамай 2 бала,
Жатып қапты біреуі. Жағалауда тұр қарап.
Нешеуі енді жайылып, Енді осы бар баланың,
Жүргенін айт айырып? (6 бұзау) Санын айтсаң жарадың. (9 бала)
9.Бір балапан ұяда, 10. Он асықтың үшеуін,
Бір балапан қияда. Досың сұрап алады.
Екеу болды есебі, Айтшы сонда нешеуі
Қалды ұяда нешеуі? (1-еуі) Өз қолыңда қалады? (7-еуі)
3-кезең: «Геометриялық пішіндерден әртүрлі бейне жасау».
Бұл кезеңде екі топқа әртүрлі геометриялық пішіндер беріледі. Сол пішіндермен әртүрлі бейнелер жасаулары керек. Жасаған бейнелері бойынша сөйлеп, таныстырады.
4-кезең: «Сұрақ-жауап».
Бұл кезеңде «логикалық есептер» мен «математикалық жұмбақтар» шешеді.
1. Бір жұмыртқа 5 минутта піссе, осындай 3 жұмыртқа неше минутта піседі.
2. Қосақталған екі ат 20км жол жүрді. Бір ат неше км жол жүрді?
3.
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(Сызғыш)
4. Алпыс төрт тең бөлмеде, отыз екі тұрғын бар;
Ақ, қара қып бөлгенде, бірін – бірі қуғындар.
Ханы үшін де, жаны үшін де, бермейді олар намысын.
(Шахмат)
5. Жиырма төрт батыр, бірін – бірі жеп жатыр.
(Дойбы)
6. Екі аяқты бір ізді, үстіне адам мінгізді.
(Велосипед) 7. Тышқаннан басқа батпаған, бір шланг, төрт баған (Піл)
8. Мың найзалы жалғыз батыр, жауларына алғызбай тұр. (Кірпі)
9. Айқасқан екі таяқ. тұрады жоқты сұрап. (Икс)
10. Қатар жазып саусақты, түйістір екі бармақты.
Екі қолдың арасы, қандай әріп қарашы.
(М әрпі)
11. Үш шырпыдан бір есік, құрастырып көр шешіп. (П әрпі)
12. Ағайынды төрт батыр, көтергені бір шатыр. (Үстел)
13. Әлемнің бар екі күзетшісі; бір – күндіз тынығады,бірі – түнде тынығады. (Күн мен ай)
14.Төрт қырлы өзі аппақ, тақтадағы ізі аппақ. (Бор)
Қорытынды: Осымен сайысымыз аяқталды. Сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік. Әділқазылар екі топтың ұпайларын есептеп айтады.


Ақмол облысы
Зеренді ауданы
Бірлестік орта мектебі

Shape1

(Сайыс сабақ)











Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі
Тарбака Жанаргуль




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.05.2020
644
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12