400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тапқыр болсаң, талас жоқ"

Материал туралы қысқаша түсінік
5-6 сыныптар
Материалдың қысқаша нұсқасы

10-күн, 1-сабақ 1-үлестірме материал



Күні:08.12.2020

Мектеп: Шал ақын ауданының Қазақ орта мектебі КММ

Сынып: 5-6 сыныптар

Мұғалімнің аты-жөні: Шамбилова Айслу Темертасовна



Сабақтың мақсаты:




Білімділігі:

Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.


Дамытушылығы:


Викториналық сұрақтарға жауап беру және логикалық есептер шығару арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.


Тәрбиелілігі:




Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, достыққы, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Танымдылық ойын сайыс сабақ

Сабақтың әдісі:

Сұрақ-жауап, жалғасын тап.


Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Жүргізуші:

-Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 5-6  сыныптар оқушылары арасында өтетін «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!.Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін одан әрі тереңдету. Алған білімдерінпысықтау.
Сайыс жоспары:

  1. Таныстыру

  2. «Бәйге» логикалық сұрақтар

  3. «Кім зерек?»

  4. Мақал-мәтелдер сайысы

  5. «Жылдам ойла» минутқа есептер

  6. «Фокус»

  7. «Жасырылған сөйлем»

  8. Қорытынды


Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыттасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.


Қолданылған нақыл сөздер: 
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К.Гаусс) 
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. 
(М.В.Ломоносов) 
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

Жүргізуші: Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін үш топпен таныстырып өтейін

1. «Энштейн» тобы

2. « К.Гаусс » тобы

3. « Әл-Фараби » тобы

Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын таныстырып өтсін.
І. Таныстыру.
«Энштейн» тобы

Ұраны «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

« К.Гаусс » тобы

Ұраны: «Қандай сынақ болсадағы беріспе, 
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.»

« Әл-Фараби » тобы

Ұраны: «Жарыс десе жанамыз, 
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз»

Презентация 1-3

Сабақтың ортасы

20 минут


Жүргізуші: Жеңеміз деп ойлаңдар, балалар, 
Ақыл жастан деп айтқан ғой даналар. 
Тапқыр болсаң –талас жоқ деп әкелер, 
Жас талапқа әрқашан да жол берер. 
Ойынның негізгі бөлімі. 

«Бәйге» логикалық сұрақтар (әр топқа 4 сұрақтан)

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг) 
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш) 
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

4.  50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көрінуі керек? (5)
5. Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды? (6)

    1. жұмыртқа 3 мин қайнап піседі, 5 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 мин)

7. 1 минут 1 сағаттан неше минут кем? (59)

8. Айгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая, Жансая және …..? (Айгерім)
9. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарапотыр.Олар біріне –бірі:«Достым, мен сені көріп отырмын,»- дейді. Олар бір-бірін қалай көреді?  (олар бір-біріне қарама-қарсы отыр)

10.1 жанұяның 3 ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бап.Жанұяның қанша баласы бар?

11. Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді? (15)
12. 1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауырма?

13. 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе? (тең)

14. Алматыдан Астанаға барарда ұшақ 1сағ 30 мин ұшады,ал қайтарда Астанадан Алматыға дейін 90 мин ұшады.Неге? (уақыттар тең)

15. Тоғайда 10 қырғауыл отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (екеуі)



Жүргізуші: Топтарға рахмет, ал келесі турымыз – «Кім зерек?» деп аталады. Әр топқа бірдей тапсырма беріледі. Тапсырманыең бірінші және дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді.

«Кім зерек?» қосылғыштарды табу.

Жүргізуші:

Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз,- деп келесі турға көшеміз.

Мақал-мәтелдер сайысы

Үш топқа жалпы тасталады. Қай топ бірінші жауап берсе сол топқа ұпай беріледі.

  1. Жеті жұрттың тілін біл, .... түрлі білім біл. (Жеті-семь-seven)

  2. Білекті бірді жығар, білімді ...... жығар. (Мың-тысяча- one thousand)

  3. Екі жақсы қас болмас, ...... жаман дос болмас (екі-два- two)

  4. Досыңды үш күн сынама, ...... жыл сына (үш-три- three)

  5. Бір елі ауызға – ....... елі қақпақ  (екі-два- two)

  6. Отыз тістен шыққан сөз, ...... елге тарайды (отыз-тридцать-thirty)

  7. Білгенің бір тоғыз, білмегенің .......(тоқсан тоғыз-девяносто девядь-ninety nine)

  8. ..... кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді. (Бір-один-one)

Жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен, - деп «жылдам ойла» минутқа есептер шығаруды бастаймыз.

«Жылдам ойла» минутқа есептер

https://nismath.org/zhyldam_oyla/

«Фокус» сергіту сәті












Презентация 4-19





















































Презентация 20















Презентация 21-29



















































Математика сайты






Сабақтың соңы

5 минут


Жүргізуші: Оқушылар, өте жақсы! Келесі біздің турымыз «Жасырылған сөйлем».

«Жасырылған сөйлем»

https://nismath.org/zhasyrylgan-soilemdi-tabynyz/


Ойынның қорытындысы: 
Жүргізуші: Әр топтың жиналған ұпайлары бойынша ойынның қорытындысы жасалып, жеңімпаздарды марапатталады. 
«Тапқыр болсаң – талас жоқ», деп текке айтылмаған. Әр адам өзінің ой ұшқырлығымен, тапқырлығымен, шеберлігімен елінің көркеюіне үлес қоса алады.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз.



Математика сайты


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
868
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі