Сайыстың тақырыбы:
«Тапқыр болсаң озып
көр»
Мақсаты:
1.Білімділік:
Оқушылардың алған білімдерін
тексере отырып, ақыл - ой өрісін жан - жақты дамыту, логикалық
ойлауын, шапшаң есептеу дағдыларын
жетілдіру.
2.Дамытушылық:
Оқушыларды ана тілін сүюге,
адамгершілік ізгі қасиеттер қалыптастыру, тереңнен ой толғауға
үйрету.
3.Тәрбиелік: Топпен бірлесіп ұйымшылдықпен
жұмыс жасауға, шығармашылық ізденістерге
баулу.
Сайыстың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
Бүгінгі сайысымызда қазақ
халқымыздың дана сөздерін еске түсіреміз.сайысымыз 5 кезеңнен
тұрады.
I - кезең. «
Таныстыру»
II-кезең:
«Сұрақ -
жауап»
III – кезең.
«Ойлы болсаң, озып
көр»
IV-кезең «Тапқыр болсаң жауап
бер»
VI
–кезең. «Сөзжұмбақ»
I
кезең. « Өзге емес өзім айтам өз
жайымды» бөлімінде өздерің
таныстыру.
II
кезең «Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Инемен құдық қазғандай
Білімнің шыңына шығады, - дей отырып, кезекті «Сұрақ - жауап»
сайысы. Қай сыныптың оқушысы көп
сұраққа жауап берсе 1 ұпаймен есептеледеі
-
Мәтінінң түрлерін
ата? әңгімелеу, сипаттау,
пайымдау
-
Етістіктің жіктелуі дегеніміз
не ? етістікке
жіктік жалғаулары
жалғанып өзгеру
-
Етістіктің шақтарын
ата. осы шақ, өткен шақ,
келер шақ
-
Осы шаққа мысал
келтір. Көріп тұр, өсіп
тұр.
-
–мен, -бен, -пен
жалғаулары қай септікке тиісті?
Көмектес
сеп
-
Кімге? Неге? Қайда?
сұрақтарына жауап беретін септікті ата.
Барыс
-
Табыс септігінің
жалғаулары? Кімді?
Нені?
-
Оқыды, келіпті қай шаққа
жататынын анықта. Оқыды,
келіпті
-
Сөйлемде бастауыш қызметін
атқаратын септік? Атау
септік
-
Өзенде, көлде, білімде қай
септікке жатады. Жатыс
септік
-
Тұрақты сөз тіркесіне мысал
келтір. Жаны ашыды, үріп
ауызға салғандай, ала жібін
аттады.
-
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
дегеніміз не? Сөйлемде 1 ғана
сұраққа жауап беретін сөйлем
мүшелері
III
кезең. «Ойлы болсаң, озып
көр» Бұл кезеңнің шарты қазір мақал
– мәтел беріледі олардың бір сөзі түсіріліп оқылады. Сол сөзді
тауып айту керек.
-
Ой –
түпсіз
Тіл -
буынсыз
-
Піл
көтермегенді
Тіл
-көтереді.
-
Басқа
пәле_тілден
-
Тіл–
тиексіз.
-
Бас кеспек болса да,
Тіл -кеспек
жоқ.
-
Ашуың келсе – қолың тарт,
Айтпас жерде – тілің тарт
-
Көп сөз – күміс,
Аз сөз алтын
-
Оқығаныңды
айтпа, тоқығаныңды
айт.
-
Оқу – білім
азығы,
-
Білім– ырыс
қазығы.
-
Білім басы – бейнет, соңы
– зейнет
-
Білімдіге дүние жарық.
Білімсіздің күні
кәріп.
-
Өнер – ағып жатқан бұлақ,
Ілім – жанып тұрған шырақ
IV
кезең. «Тапқыр болсаң, жауап
бер»
Бұл кезеңде оқушылар берілген
жұмбақтың жауабын тауып, жауап береді.
-
Бiлiмнiң жол
басшысы,
Шәкiрттiң
қолбасшысы.
(Мұғалiм)
-
Ұшымен
қазық
Тор көздi
жазық.
Үстiне
өттiм,
Асыл сөз жазып.
(Дәптер)
-
Қабы
сояу,
Дiнi –
бояу.
(Қарындаш)
-
Қысқа таяқ дiңi
бар,
Шиырлаған
iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар.
(Қарындаш)
-
Тiл жоқ
өзiнде,
Сөзi бар iзiнде.
(Қаламсап)
-
Бар ойынды
жиямын,
Ақ қағазға
құямын.
(Сия)
V кезең
«Сөзжұмбақ» Бұл кезеңде оқушылар
сөзжұмбақтарды шешеді.