"Тапқыр болсаң, тауып көр!" интеллектуалды ойыны

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тапқыр болсаң, тауып көр!" интеллектуалды ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл интеллектуалды ойын оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа жетелейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, тауып көр!» сайысы

Білім сайысының мақсаты:
Сайыс кезеңдері арқылы білімді, жан – жақты болуға үйрету. Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Олай болса ортаға «Бәсекеге қабілетті ұландарымызды» шақырайық. Топпен жарыс
Мұғалім: Енді ««Тапқыр болсаң, тауып көр!» сайысы атты білім сайысының жоспарымен таныс болыңыздар. Білім сайысы төрт кезеңнен тұрады:
І - кезең: «Бәйге»
ІІ - кезең: «Халқым қандай десең,
Салтымнан сынап біл»
ІІІ - кезең: «Білім сайысы»
ІҮ - кезең: «Жорға»

- Ендеше, «Бәйге» кезеңін бастайық.
Бұл кезеңде сендерге берілген 5 сұраққа жауап беруге тырысыңдар. Әр дұрыс жауап үшін 10 балл алуға болады.
- Сәттілік тілейміз.

1 - сұрақ: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?
Жауап: 1991 ж. 16 желтоқсан.
2 - сұрақ: Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты?
Жауап: 1991ж. 2 - қазанда Қазақ халқының перзенті Тоқтар Әубакиров тұңғыш рет ғарыш сапарына аттанды.
3 - сұрақ: Н. Ә. Назарбаев кім? Ол қашан қай жылы туылды?
Жауап: Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті
1940ж. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында туған.
4 - сұрақ: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
Жауап: Қазақстан Республикасының – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.
5 - сұрақ: Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады?
Жауап: 1991 ж. 1 – желтоқсан.
6 - сұрақ: Мемлекет және қоғам қайраткері Д. А. Қонаев қай жылы дүниеге келді?
Жауап: 1912 жылы, 12 қаңтарда
7 - сұрақ: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының авторы кім?
Жауап: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының авторлары:
Жұмекен Нәжімеденов. Н. Ә. Назарбаев. Ш. Қалдаяқов
8 - сұрақ. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан енгізілді?
Жауап: 1993 жыл 15 қараша.
9 - сұрақ. Мектебіміздің аты кімнің атында? Жауап: М.Әуезов
10 - сұрақ. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі?
Жауап: карта.

Олай болса екінші кезең «Халқым қандай десең, Салтымнан сынап біл»
Бұл кезеңде әр топқа 2 сұрақ жазылған үлестірмелі қағаздар таратылады. Әр дұрыс жауап үшін 20 балл жинай аласыздар.

1) а) Ораза ұсталатын рамазан айында орындалатын қандай ән? (Жарапазан)
ә) Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген....... пішер. (тон)

2) а) Төрт түлікті ата. (Түйе, Сиыр, Қой, Жылқы)
ә) Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның......... (көл - көсір)


3) а) Баланы тәй – тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең. (тұсау кесер)
ә) Білекті бірді жығар
Білімді....... жығар (мыңды)

4) а) Жаңа туған нәрестенің алғашқы көйлегі не деп аталады? (Иткөйлек)
ә) Қына тасқа бітеді.
Білім...... бітеді (басқа)


Сайысымыздың үшінші кезеңі «Білім сайысы»
- Бұл кезеңде пән бойынша 2 сұраққа жауап бересіздер.
І. Математика ІІ. Қазақ тілі
ІІІ. Әдебиеттік оқу ІҮ. Дүниетану

І. Математика:

1. сұрақ: Текшенің (кубтың) неше өлшемі бар?
жауап: 3 өлшемі бар: ұзындығы, ені, биіктігі.

2. сұрақ: Перпендикуляр түзулер деген не?
жауап: Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер
3. сұрақ: Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табады?
4. сұрақ:
Қанат 5 кг алмұрт үшін 350 теңге төледі, ол 210 тенгеге қанша кг алмұрт сатып ала алады?
Жауабы: 350: 5= 70 тг /1 кг алмұрттың бағасы/
210: 70= 3 кг алмұрт сатып ала алады.

Қазақ тілі
1- сұрақ: Ғарышкер сөзіне дыбыстық талдау жаса.
жауап:
Ғ – дауыссыз, ұяң
А – дауысты, жуан
Р – дауыссыз, үнді
Ы - дауысты, жуан
Ш – дауыссыз, қатаң
К - дауыссыз, қатаң
Е – дауысты, жіңішке
Р - дауыссыз, үнді

2. сұрақ: Дыбыс үндестігі деген не?
жауап: дауыссыз дыбыстардың бір – біріне ықпал етіп өзара үндесіп айтылуы.

3. сұрақ: Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз.
жауап: мысалы: «Жаз ыстық болса, қыс суық болады»

4. сұрақ: Дос деген сөзді тәуелде
жауап:

Әдебиеттік оқу
1. сұрақ: Берілген мәтін шығарманың қай түріне жатады?
«Қару жисаң, мылтық жи, жаяу жүрсең – таяқ, қарның ашса – тамақ»
жауап: Шешендік сөз

2. сұрақ: «Енді қайттім! Не істедім? Суға лақтырып жіберіп құтылу керек» деген жолдар сөйлесудің қай түріне жатады?
жауап: Монолог
3. сұрақ: «Әліпби», «Тіл құралы» еңбектердің авторы кім?
жауап: А. Байтұрсынов
4. сұрақ: Мақтаншақ болмау, ақылды болу Қай мысалдың негізгі ойы?
жауап: Арыстан мен Тышқан

Дүниетану
1. сұрақ: Көкжик тұстары қандай құралмен анықталады?
жауап: Тұсбағдар (компас)
2. сұрақ: Қазақстан қандай елдермен шектеседі?
жауап: 1. Ресей 2. Қытай 3. Қырғызстан 4. Өзбекстан 5. Түркіменстан
3. сұрақ: Тау дегеніміз не? Біздің облыста қандай таулар бар?
Жауап: Алтай. ТАРБАҒАТАЙ
4. сұрақ: Пайдалы қазбалардың түрлерін ата
жауап:

«Жорға» кезеңінде сайысқа түсіп, жоғары балл жинауға тырысайық
Ал енді дайын болсаңыздар бастайық.
Бұл кезеңде дайындалған 10 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңізге қарай ұпай жинауға болады. 1 сұрақ – 1 балл болып есептеледі.
Қанеки, іске сәт!

1-топқа:

1. Сиырдың пірі. (Зеңгі баба)
2. Жылдан құр қалған жануар. (Түйе)
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. (Қазақ тілі)
4. Басты байлық. (Денсаулық)
5. Қара алтын. (Мұнай)
6. 12 ай. (Жыл)
7. «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы. (Ы. Алтынсарин)
8. Абайдың әжесі. (Зере)
9. Көру мүшесі. (Көз)
10. Заттың сынын білдіретін сөз. (Сын есім)

2 – топқа: қойылатын сұрақ.
1. Түйенің пірі. (Ойсылқара)
2. Жыл басы не? (Тышқан)
3. Жердің бетінде өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабат. (Топырақ)
4. Ақ алтын. (Мақта)
5. Орман дәрігері. (Тоқылдақ)
6. 7 күн. (Апта)
7. Есту мүшесі. (Құлақ)
8. «Абай жолы» роман – эпопеясының авторы. (М. Әуезов)
9. Заттың қимылын білдіретін сөз. (Етістік)
10. 16 – желтоқсан қандай күн. (Тәуелсіздік күні)

Қорытынды: Білімдіден шыққан сөз – дүниені нұрға бөлейді. Білім ақылмен ұштаспаса, төңірегін қараңғылата түседі. Өмірмен жанасқан білім – бұл өлшеусіз байлық.
Білімді адамды ақшалы болмаса да жарлы деуге болмайды. Білімді сенен ешкім ұрлай алмайды, алғанмен оны бойына сіңіре алмайды.
Білім - сенің серігің, өмірлік жолдасың.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2025
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі