«Тапқыр болсаң, тауып көр» сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Сабақтың тақырыбы: Тапқыр болсаң, тауып көр
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту,шығармашылық өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру,логикалық ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту
Сыныптан тыс сайыс сабақ: «Интеллектуалдық ойын» 4 сынып
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Көрнекті іс–әрекеттік сөздік–логикалық, ойлау әрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойын
Сабақтың әдісі: топтық, көрнекілік құрастыру, жинақтау, ойландыру, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, логикалық есептер, карточкалар әр топқа даярланған үстел, қима қағаздар.
Сабақтың жоспары:
1. Таныстыру
2. «Бәйге» сайысы (1 минутта
сұрақтарға жауап беру)
3. «Тез ойла, сөз
ойла» (қима әріптерден сөз құрастыру)
4. «Сөз тапқанға
қолқа жоқ» (бір әріптен басталатын сөзден тұратын
жауаптар айту)
5. «Мақал – сөздің
мәйегі» (Мақалдың жалғасын табу)
6. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
әр топқа
тапсырмалар
беріледі
7. «Кім
жылдам?» (топ басшыларына арналған
тапсырмалар)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Балалар, бұл жол басы
даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та,
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та, - деп әліппенің атасы Ахмет
Байтұрсынов айтқандай, балалар бүгін біз де өз білімімізді ортаға
саламыз. Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Ойнай отырып топтар
арасындағы жарыстар болады. Сендерге түрлі
тапсырмалар мен сұрақтар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін
белсенділік танытып, сұрақтарға тез ойланып жауап беру және
тапсырмаларды дұрыс орындау керек.
-
Таныстыру. Әр топ өздерінің аты мен ұрандарын таныстырады.
І. «Тапқырлар тобы» «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»
II.«Алғырлар» тобы
«Алғыр болмай, тапқыр болмассың!»ІІI. «Білгірлер» тобы
Бірлік түбі береке, білгірлер тобы ерекше
2. «Бәйге» 1 минутта сұраққа жауап беру.
І. «Тапқырлар» тобы
- Табиғат нешеге бөлінеді? (өлі, тірі)
-Суда туып, құрғақта өмір сүреді. (бақа)
- Қай жануар өзімен үйін алып жүреді. ( Тасбақа)
-Өрмекшінің қанша аяғы бар. (8)
- Ара шаққанда несін жоғалтады. (инесің)
- Қай кірпінің тікені көрінбейді (жаңа туған)
- Қалталы аң ? (Кенгуру)
- Суық жерде кездесетін қандай құс.(пингвин)
-7мен 9 санының қосындысы. (16)
II.«Алғырлар»
тобы
- Сөз таптарын ата? (зат есім, сын есім, сан есім, етістік)
- Көкжиектің неше тұсы бар? (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс)
- Ы. Алтынсарин кім? (алғаш мектеп ашты, балаларды оқуға шақырып
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жазды)
- Қыс айларын ата? (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
- 26 мен 14 сандарының қосындысы? (40)
- Денелер нешеге бөлінеді? (табиғи, жасанды)
- Жалқы есім деген не? (кісінің, жер – су
атаулары, жануарға қойылған атауларды айтамыз. Ол әр уақытта бас
әріппен жазылады)
- 96 санында неше ондық, неше бірлік бар? (9 ондық, 6 бірлік)
- Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғалары бірдей
тіктөртбұрыш)
ІІI. «Білгірлер» тобы.
- Дауыссыз дыбыстар нешеге
бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)
- Өсімдіктің негізгі жерасты мүшесі? (тамыр)
- Абай Құнанбаев кім? (ақын, жазушы)
- Көктем айларын ата? (наурыз, сәуір, мамыр)
- 34 пен 16 сандарының қосындысы? (50)
- Жалпы есім дегеніміз не? (жалқы есімнен басқа зат есімдерді жалпы
есім дейміз. Олар кіші әріппен жазылады)
- 74 санында неше ондық, неше бірлік бар? (7 ондық, 4 бірлік)
- Үшбұрышты сипатта (3 қабырғасы, 3 бұрышы, 3 төбесі бар)
- Топырақ дегеніміз не? (жердің өсімдік өсетін жұмсақ
қабаты)
3. «Тез ойла, сөз ойла!»
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әріптерге берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен.
Солардың енді алғырлығын көрелік.
Берілген әріптерден сөз құрау. /Б.М,А,Ғ,А,А; Ш,Р,А,О,Н,Қ,А/
• Біз оны
күнде аламыз. Оның жақсысы, жаманы болады. Апай күнделікке қойып
береді. Ол не? БАҒА
• Кішкентай сәби. Ол кім? БАЛА
• Жеміс. Түсі қызыл. Дәмді. Ол не? АЛМА
• Дүкенге барғанда жұмсаймыз.Ата–анамыз ай-сайын алады.Ол не?
АҚША
• Балалар онымен қыста оайнайды.Өзі төбеге шыға алмайды.Ол не?
ШАНА
• Мал қамайтын орын. Ол не? ҚОРА
4. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Әріптерді таңдап, берілген сұрақтарға тек қана сол әріптен басталатын жауаптар айту. /Қ. Б. А/
І. «Тапқырлар»тобы
- Киноға кіммен барасың?
- Тақтаға немен жазасың?
- Сүйікті пәнің?
- Сенің көршің кім?
-Көршін
кім?
- Қай мұғалім ұнайды?
- Қандай ертегі білесің?
- Тілегіңді айт.
- Қай көшеде тұрасың?
- Мектепке келген ұнай ма?
II.«Алғырлар» тобы.
- Суды немен ішесің?
- Сенің досың кім?
- Қандай тағамды ұнатасың?
- Арманың көп пе?
- Қай көшеде тұрасың?
- Үй жұмысын орындауға кім көмектеседі?
- Сенің есімің кім?
- Қай мереке ұнайды?
- Сөмкеңде не бар?
-Қандай тағамды жақсы көресің?
Ш. «Білгірлер» тобы.
- Киноға кіммен барасың?
- Тақтаға немен жазасың?
- Сүйікті пәнің?
- Сенің көршің кім?
- Қолыңда не бар?
- Қай мұғалім ұнайды?
- Қандай ертегі білесің?
- Тілегіңді айт.
- Қай көшеде тұрасың?
- Мектепке келген ұнай ма?
5. «Мақал – сөздің
мәйегі» мақалдың жалғасын табу.
1. Шебердің қолы ортақ,
... (шешеннің сөзі ортақ)
2. Үлкенге құрмет,
... (кішіге ізет)
3. Ер бір рет өледі,
... (Қорқақ мың рет өледі)
4. Әдептілік, ар – ұят.
... (адамдықтың белгісі)
5. Дені саудың –
... (Жаны сау)
6. Еңбек түбі – береке,
... (Береке түбі – мереке)
7. Өнер алды -…(қызыл
тіл)
8. Айтылған сөз-…(атылған
оқ)
9. Жылы-жылы сөйлесең,жылан…
(інінен шығар )
10. Басқа пәле…(тілден
)
11. Тілге құрмет-…(елге
құрмет)
12. Ғылым теңіз,…(білім кеме )
6. «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Жұмбақ тар мен өлең
жолдарының түсіп қалған сөздерін ұйқасын табасыздар, дұрыс жауап 5-ұпай.
1.Суға салып қармақ,
Ұстап алдық …………. (балық)
2.Тыңда тұяқ дүбірін,
Тұр-ау тыста кісі кеп.
Кенет менің құлыным
Қоя берді ……………. (кісінеп)\
3.Бір ғана қаламды қозғап, төртбұрышты фигура жаса.
1…. бала әрқашан,
Қуантады … .
Құлыным деп анасы,
… баласын. (Жақсы,анасын,жұбатады)
2.Қоңырауы жеттеп,
Шақырады …………. (мектеп)
3.Қаламды көтермей барлық дөңгелектерді тек бір сызып, шығыңыз.
1.Кеше ойнап секіріп,
Жанат алды-…………. (екілік)
2…. қошақан ,
… қалмайды.
Сүп-сүйкімді момақан,
… аумайды. (әп-әдемі,соңымнан бір,анасынан)
-
Қасықтарды ретімен орналастыр. Оңнан солға қарай. Тек бір қасықты қозғайсын.
7. «Кім жылдам» сайысы. (топ басшыларына арналған тапсырмалар) және де топ мүшелеріне жеке тапсырмалар беріледі. Оларға 5ұпай беріледі.
1. Суда туып, құрғақта өмір
сүреді? (бақа)
2. Өрмекшінің қанша аяғы бар? (8)
3. Не аяғымен естиді? (шегіртке)
4. Қай жануар өзімен үй алып жүреді?
(тасбақа)
5. Басын төмен қаратып не
ұйықтайды? (жарқанат)
6. Ара біреуді шаққанда несін жоғалтады? (инесін)
7. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3кг болады, екі аяғымен тұрса, оның
салмағы неше кг болады. (3кг)
8. Қалталы аң? (кенгуру)
9. Суық жерде кездесетін қандай құс? (пингвин)
10. Күн сайын қандай жануарда төс өседі? (қоян,
ондатор)
11. Қай кірпінің тікені көрінбейді? (жаңа туған)
12.9 бен 9дың көбейтіңдісі. (81)
Зеректіктің сыналар келді
кезі
Ойшылдық пен тапқырлық жол белгісі
Жауабына жақын бол, жақындадық
Сабақ соңында жеңімпаз анықталады,
мадақталады.
Қорытынды: Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп – дегендей білімді болуға талпынайық
балалар.
Тауды
биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың- дей келе сайысымызды
аяқтаймыз
Тақырыбы: "Жақсы көңіл-күй - жан азығы" тренинг.
Күні :02.10.2024
Мақсаты: Оқушының өз-өзіне
сенімділігін арттыру, оқушылар арасындағы достық, өзара сыйластық
сезімін дамыту. Жақсы көңіл- күйдің адами қарым-қатынаста алатын
орны туралы оқушылардың түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері:
- өзінің сезімдері мен әрекеттеріне талқылау жасай білуге үйрету;
- өз көңіл күйін, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
- өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге, адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге тәрбиелеу.
Жоспар:
Таныстыру. «Көңіл-күй» тренинг
1. Топқа бөлу: “Сіздің көңіл-күйіңіз қандай”
2. Тапсырма: Ұсынылған қиындыларды құрастыру.
3. «Шынайы жауабым» жаттығуы»
4. «Түстер сөйлесің» тренинг
5. «Достық алақаны» жаттығуы».
6. «Арома-терапия»
7. Қорытынды:
Психолог:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ! Қош келіпсіздер! Олай болса бүгінгі тренингімізді көңіл-күйімізді көтеруге арнайық. Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй – адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл-күй – адамның айнасы. Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады. «Көңіл күй – адамның өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға деген қатынасының көрінісі. Махаббат, бауырмалдық, жанашырлық сияқты жақсы сезімдер адамның көңіл- күйін көтереді, жанын шуаққа бөлейді, жүрегіне қуат береді» түйіндемемен таныстыра отырып, жақсы көңіл күй, адал ниет, ақ көңіл адам өмірінің нұрлы болуына, басқалармен тез тіл табыса білуге, сол арқылы өзін қоршаған ортамен жарқын жарастыққа, бауырмалдыққа, достыққа, тіпті бақытқа қол жеткізу. Ендеше барлығымыз ортаға шыға қояйық.
1«Көңіл күй» тренинг
Қатысушалардың барлығы ортаға шығады, оларға сағаттың суреті бейнеленген парақшалар таратылады. Ол парақшадағы бейнеленген сағаттың әрбір тіліне осы тұрған оқушылардың атын жазып шығу ұсынылады. Енді барлығымыз жазып болсақ, ортаға қайтып тұрамыз. Енді қолымыздағы сағаттың әрбір тіліне жазған адамдарыңызды тауып алып мен айтқан нұсқауды орындайсыз. Ал ендеше,
1. Қолын қысыңыз
2. Арқасынан қағыңыз
3. Күлімсіреңіз
4. Қол бұлғаңыз
5. Көзіңізді қысыңыз
6. Комплемент айтыңыз
7. Бір тілек айтыңыз
8. Воздушный поцелуй жіберіңіз
9. Массаж жасаңыз
10. Арқаларыңызды тіреңіз
11. Құшақтаңыз
12. Қол ұстасып 3 рет секіріңіз
«Қ
2.Тапсырма: Ұсынылған қиындыларды құрастыру.
1. Өздеріңнің көңіл-күйлерің қалай? Көңілдісіңдер ме?
2. Адамның көңіл-күйлерін қалай байқауға болады екен?
3. Ал адамның көңіл-күйін көтеріп, жақсартуға болама екен?
3. « Әуе Шар» шынайы жауап жаттығуы (Әнмен) сөзге ән айту қажет
Психолог. Біз бұл топта ашық болуға болатынына көз жеткіздік. Тағы бір рет алдын-ала дайындықсыз бір-бірімізге өзіңіз туралы айтуға тырысайық. Сіздің алдыңызда шеңбердің ортасында карточкалар жиынтығы бар. Сіз кезек-кезек бір карточканы алып, жазылған сөйлемді жалғастыра бересіз. Сіздің тұжырымыңыз өте шынайы және ашық болуы керек! Қатысушылар сізді мұқият тыңдайды, егер олар сіздің сөздеріңіздегі жалғандықты сезінсе, сіз жаңа мәтіні бар басқа картаны алып, тағы да жауап беруге тырысуыңыз керексіз. Кім бірінші болғысы келеді?
Карточкалардың мазмұны:
1. "Маған әсіресе айналамдағы адамдар ұнайды...»
2. "Мен ұмытып кету өте қиын, бірақ мен...»+
3. "Мен кейде шынымен де қалаймын...»
4. "Мен өзім жалғыз қалған ұнамайды себебі...»
5. "Әсіресе, менің ашуыма тиетін нәрсе...»
6. "Мен қуанамын...»
7. "Кейде адамдар мені түсінбейді, өйткені мен...»
8. "Рас, мен әлі де...»
9. "Менің ойымша........»
10. Маған көңілсіз, егер.....
11. Егер мен сенімсіз болсам.....
12. Егер маған ұнап қалса......
13. Егер, мен шаршасам......
4. «Достық алақаны» жаттығуы.
Әр оқушы өз алақанын берілген
қағазға түрлі-түсті маркермен салып, астына атын жазады да,
орындықтарына қойып, қасындағы оқушының қағазына, яғни алақанның
ішіне сол оқушыдан байқаған жақсы мінезін, қасиетін, тілегін жазып
шеңбер бойынша жазып шығады. (Өз алақанына
келгенше).
Талдау. Алған әсерлері,
көңіл-күйлері сұралады.
Психологтың қорытынды сөзі: Адам денсаулығына жасы қарым-қатынастың
әсері мол. Қасындағы адамдармен, туған -туыспен, достарыңмен,
танысыңмен әрдайыммен жақсы қатынаста
болған нағыз мейірімділіктің белгісі.
Халықта мынадай даналық сөз бар: «Адамдардың саған қалай қарағанын
қаласаң, басқаларға да солай қара». Міне құрметті оқушылар үнемі
бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлап
жүрейік.
Енді оқушылар қазір біздер Арома –терапия жасаймыз. Ол үшін біздер көзімізді жұмып алдарыңызда стаканда ішінде тұрған кофе, мен апельсин т. Б қоспалар салынған суды иіскеп сезініңіздер, мен кездерге музыка қосамын, сол музыка тыңдай отырып жайбарақат демалып алыңыз.
5. Арома-терапия
Ароматерапия - денсаулық пен әл-ауқатты жақсарту үшін табиғи өсімдік сығындыларын қолданатын кешенді емдік емдеу. Кейде оны эфир майымен емдеу деп атайды. Ароматерапия хош иісті эфир майларын дененің, ақылдың және рухтың денсаулығын жақсарту үшін пайдаланады. Бұл физикалық және эмоционалды денсаулықты жақсартады. Сонымен қатар көңіл – күйді жақсартады
Ароматерапия қанша уақыт болды?
Адамдар хош иісті терапияны мыңдаған жылдар бойы қолданған. Қытайдағы, Үндістандағы, Египеттегі және басқа жерлердегі ежелгі мәдениеттер шайырларға, бальзамдарға және майларға хош иісті өсімдік компоненттерін енгізген. Бұл табиғи заттар медициналық және діни мақсаттарда қолданылған. Олардың физикалық және психологиялық артықшылықтары бар екендігі белгілі болды. Эфир майларының дистилляциясы парсыларға 10 ғасырда жатқызылған, дегенмен бұл тәжірибе бұған дейін ұзақ уақыт қолданылған болуы мүмкін. Эфир майын айдау туралы ақпарат 16 ғасырда Германияда жарияланған. 19 ғасырдағы француз дәрігерлері ауруды емдеудегі эфир майларының әлеуетін мойындады.Медициналық дәрігерлер 19 ғасырда қалыптасып, химиялық дәрілерді қолдануға ден қойды. Алайда, француз және неміс дәрігерлері ауруды емдеудегі табиғи ботаниканың рөлін әлі де мойындады.
«Ароматерапия» терминін француз парфюмері және химигі Рене-Морис Гаттефоссе 1937 жылы шыққан тақырыбында жазған кітабында ұсынған. Ол күйіктерді емдеуге арналған лаванданың емдік әлеуетін бұрын ашқан болатын. Кітапта эфир майларын медициналық жағдайларды емдеуде қолдану туралы айтылады. Эфир майларының жүзге жуық түрі бар. Әдетте, адамдар ең танымал майларды пайдаланады.
-
ұйқы сапасын жақсарту
-
стрессті, қозуды және мазасыздықты азайту
-
буындардың ауырсынуын тыныштандыру
-
бас ауруы мен мигренді емдеу
-
еңбектің қолайсыздығын жеңілдету
-
бактериялармен, вируспен немесе саңырауқұлақтармен күресу
-
ас қорытуды жақсарту
-
сонымен қатар көңіл – күйді жақсартады
-
иммунитетті көтеру.
-
Үнемі сергек жүреміз.
Қорытынды:
«Жақсы мінез-адам өмірінің сарқылмас байлығы», «Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам», «Мінезі бірқалыпты адамның өмірі де жаймашуақ болады», «жақсы көңіл күй- жан тыныштығы» нақыл сөздерін пайдаланып адам өмірінде жақсы қарым-қатынас жасау үшін мінездің алатын орны ерекше екендігін түсіндіре отырып жұмысты аяқтау. Енді оқушылар алдарыңыздағы смайлектерді бүгінгі тренинг сабағымыздан қандай әсерде болдыңыздар, ойларыңызбен бөліссеңіздер.
«Заң білу –заман талабы»
Күні: 22.11.24ж
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру,
құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру, адам құқығы туралы меңгерту, балаларды қоғамдағы өмірге даярлау, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту
Тәрбиелік мәні: Заңды құрметтеуге, қоғамда өз орнын табуға, адамгершілікке, әдептілікке, сыйластыққа тәрбиелеу
Көрнекілгі: Слайд, Билердің портреті, қанатты сөздер, сөзжұмбақ, тірек сызбалар т.б
Барысы: Ұйымдастыр кезеңі
Біліп жүрейік
ҚҰҚЫҚ- Мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен
әрбір адамға берілген ерік, бостандық
КОНСТИТУЦИЯ - Бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері берілген құжат
КОНВЕНЦИЯ - Арнайы бір мәселе жөніндегі
мемлекеттердің өзара келісімі
Біріккен Ұлттар Ұйымы- жер бетіндегі халықтардың мүддесін
қорғайтын халықаралық ұйым
Туу туралы куәлік- Баланың қашан туылғандығын анықтайтын негізгі құжат. Бұл баланың ең бірінші құжаты
Азамат- Жеке тұлға, ол мемлекеттің тұрақты тұрғыны және
құқығы мен міндетінің иесі
Заң термин сөздері:
Егемендік
Конституция
Азаматтық
Қоғам
Азаматтық қоғам
Мемлекет
Жекеменшік
Демократия
Саяси жүйе
Оппазиция
“Ой жалғау”
Заңның құрығы….
Өш алғаннан гөрі...
Тура биде....
Ақырын жүріп....
Асыл тастан....
Ұрлық түбі.....
Жазасын тарпайтын ......
Әдепті бала....
Тәрбие....
Әділ істің.....
Мен міндеттімін...
(Өз ойларын ортаға салу)
Ой толғау (Бірнеше жағдайаттар беріледі пікір айту)
Сөз жұмбақ
Сұрақтары:
Құқықтық нормалар мен ережелер кімге арналған?
Ең негізгі, басты конституция не?
Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы?
Балалардың не алуға конституциялық құқығы бар?
Мемлекет билігінің қайнар көзі?
Балаларға қамқорлық көрсету кімдердің қасиетті борышы?
Қорытынды сұрақтар
Бала болып кімдер саналады?
Құқық немен қорғалады?
Құқық деген не?
Адам құқығы қандай жағдайда бұзылады?
Заң дегеніміз не?
Бала қылмыстық жауапкершілікке неше жастан бастап жазаланады?
Заң бұзушылық деген не?
«Достық-рухани биік ұғым» тренинг сабақ
Күні: 20.09.24
Мақсаты: Адамның бойындағы болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу.Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.
Міндеті:
1. Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.
Сабақтың барысы:
Кіріспе әңгіме: -Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар!
Сабағымызды бастамастан бұрын тренинг ережелерімен танысайық.
І. Тренинг ережелері.
1. Бір-бірін сыйлау.
2. Көңілді болу.
3. Ұзақ уақыт сөйлемеу.
4. Бір-біріне қамқоршы болу.
Осы ережелермен келісесіздер ме?
ІІ. Қызығушылықтарын ояту
- Балалар, мына тағамды татып көріңдерші, дәмі туралы не айтар едіңдер?
( дәмсіз, тұзсыз)
- Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады. Доссыз адамның өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.
- «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» - деп, бекерге айтылмаған. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар? (дос, достық )
- Дұрыс балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Дос және достық».
ІІІ. Ассоциация қабылдау сезімі.
Жаңа біз сіздермен «Доссыз адам – тұзсыз тағам» дедік.
Ендеше, « ДОС » сөзіне дәм кіргізейікші, дос қандай болу керек? Дос ол кім?
- Балалар, алдымызда күннің көзі, күннің көзіне не жетіспейді?(сәулелер)
- Ал, енді бұл күннің көзін достық шуақтарымен толтырайық.
( тақтада берілген күн «ДОС» сөзіне « шуақтарын » жазу ).
ДОС: Көмектеседі, мейірімді, қайырымды, шыншыл, жанашыр, қамқоршы, ұқыпты, білімді, адал.
IV. Шаттық шеңбері.
Ендеше, бір-бірімізбен қол алыса отырып, өз ұранымызды айтайықшы.
Дос болайық бәріміз,
Жарассын достық әніміз.
Иықтасып жүрейік,
Қиындықта бәріміз. ( қимылмен көрсету )
V. Мәтінмен жұмыс. Екі дос. (Ел аузынан)
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасшыға апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер мал мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.
Қолбасшы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады» - деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
- Осы әңгімеде қандай достық туралы айтылады?
(Екі жауынгердің адал достығы туралы айтылады)
VI. Дәйексөз.
- Балалар, бүгінгі тақырыбымыздың дәйексөзі «Шын дос – таусылмас қазына» осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер?
Осы жауынгерлердің достығын мысалға алуға болады.
VII. «Достық. Бірлік.» үйін салу.
- Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік. Үйді салуға бізге мақал-мәтелдер көмектеседі.
Мақал-мәтелдер
1. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
2. Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
3. Досыңменен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
4. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
5. Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
VIII. Социометрия әдісі.
Мақсаты: Балалардың ұжымдағы өзара қарым-қатынасын анықтау, алынған
мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде
психологиялық қолайлы жағдай орнату.
Нұсқау: Балалар, берілген сұрақтарға жауап жазыңдар.
1. Кіммен дос болғың келеді?
2. Партада кіммен бірге отырғың келеді?
3. Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?
IX. Достық ролигі
- Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен. (Ролик)
X. «Қоршаған ортамен қарым-қатынас» тесті
- Қоршаған ортамен достықтарын болды ма?
|
№ |
Қоршаған орта |
Достармен |
Табиғатпен |
Құстармен |
Кітаппен |
Жануарлармен |
|
|
Сұрақтар |
|
|
|
|
|
|
1 |
Сіз кіммен доссыз? |
|
|
|
|
|
XI.
Қорытынды: Балалар, қалай ойлайсыңдар шын достық ұмытыла
ма?
Эссе
1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер? Осы суреттерге өз ойларыңды жазып жеткізіңдер.
2. Жазып болдық па? Енді осы жазғандарыңды оқып беріңдер. Суреттеріңді тақтадағы достық әлеміне орналастырыңдар.
XII. Шығармашылық жұмыс. Достық гүлін жасау.
XIII. Жүректен жүрекке
- Балалар, достық шеңберін құрайық,
Дос дегенің шыр айна,
Сындырып алма абайла,
Сындырып алсан егер де,
Құрастыру оңай ма?
- Балалар сондықтан достықты ешқашан сатуға, сындыруға болмайды, достықтарыңа берік болыңдар. Бір-бірімізге жылы тілектермен, мейірімді сөздермен осы достық гүлімізді сыйлайық.
XIV. Қорытынды. Достық жүрегі.
Әрине, доссыз өмір – өмір емес,
Әрине, доссыз көңіл – көңіл емес.
Доссыз сен ассаң дағы биік белес,
Бұлардың барлығы да болар елес.
Дос болғанға жүрегімде орын бар,
Доссыз болсаң төбен бұлтты, астың жар.
Доссыз болсаң қызық болмас қуан жүз,
Алдың от боп, артың сенің болар мұз.
Достар болған асқар биік таулардай,
Достар болған, дұшпан алмас ормандай,
Достар болған қара қылды жарғандай,
Азулары алты қырыс арландай.
Достар болған бірін-бірі сыйлайтын,
Алыс кетсе бірін-бірі қимайтын.
Бірі жоқта екіншісі құлазып,
Сағыныштан бұл дүниеге сыймайтын.
Сабақтың тақырыбы: «Сенімді болу өз қолында» тренинг сабақ.
Күні: 10.01.25
Сабақтың мақсаты:
-білім алушының өзіне деген сенімділікті қалыптастырып, пайдалы қарым-қатынас алгоритмін меңгерту;
- өзге адамның пікіріне, бағасына, сынына тәуелділікті жеңу;
- ішкі неркіндік, қарым- қатынас пен іс-әрекеттегі батылдықты дамыту;
Тренингтің ережесі:
-
Тек өз атынан сөйлеу
-
Өзгенің сөзін бөлмеу, тыңдау, мазақ етпеу;
-
Ұялы телефонды сөндіру;
-
Белсенді қатысу;
-
Тыныштық сақтау;
-
Ойды ашық айту;
-
Ынтымақтастық
Танысу.
«Мен және менің сенімділігім» техникасы - өзінің есімін және сенімділігін бас бармақты тік көрсету - өте жоғары деңгейді, бас бармақты жартылай ұстау орташа деңгейді, төмен көрсету сенімсіздіктің басым екендігін көрсетеді. Бойындағы сенімділікті бағалай білуге шақыру.
Негізгі бөлім
1. Сенімділік туралы сұрақ-жауап жүргізіу
- Сенімділік дегенді қалай түсінесіз?
- Сенімді адам қандай адам?
- Сенімді болуға не кедергі келтіреді?
- Көпшілік алдында шыққанда не кедергі келтіреді?
- Сенімділікті қалыптастырудың қандай жолын білесіз?
2. Сенімділік туралы қысқаша лекция.
Өз-өзіне деген сенімділік адам психикасының ең қызықты қасиеті. Әр түрлі адам, ғалым «сенімділік» сөзінің мағынасын әр түрлі тұжырымдайды. Негізінен сенімділіктің 3 негізгі анықтамасын көрсетуге болады:
Өз-өзіңе деген сенімділік – бойымызда өзіміз білгеннен де жоғары қасиет бар екендігіне сенім. Әр адамда жасырын күш болады. Ойланыңдаршы, дүниеге келгенде сендерде жүре алу қабілеті болмады ғой. Ал қазір ше? Жазып, оқи алмайтын, суда жүзіп, машина айдай алмайтын кездерің болды. Бірақ осы қабілеттің бәрін біртіндеп игердіңіздер. Себебі- адам үйрене алатын, тіптен тез меңгеретін тірі ағза. Егер сіз қазір бір нәрсені жасай алмайтын болсаңыз, ол өміріңіздің соңына дейін жасай алмаймын дегенді білдірмейді.
Өз-өзіне сенімділік – бұл кез келген жағдайда өзіне сенім арта білу. Барлығының басынан өз өмір жолында қиындық болады. Кейде біз өз күшімізге сенім артсақ, кейде жақындарымыздың көмегін қажет етеміз. Бірақта барлық адамның өмірінде бір рет болсада Мюнгхаузен әдісі пайдаланғандығына сенімдімін (өмірлерінен өз күшімен жеткен жеңістерін пайдалану)
Сенімділік сөзін мына сұраққа жауап ала отырып білеміз: «сен мына әлемде ерекшесіңбе, әлде қарапайым тұлғасыңба?», «Шын мәнінде, сен бұхара халықтансың ба, әлде мансап құмарсың ба?
3. «Шкафты жылжыту» жаттығуы. Қолымен кіндіктен жоғары күшті шығару, бар күшпен шкафты итергендей іштен итеріп шығару . Осы жаттығуды сенімсіз балаға күнделікті үй тапсырмасы етіп беру. 20 күнде толық баланың бойында күш пайда болғанын көруге болдады.
4. «Менің қолымнан келеді!» жаттығуы. Қолмен, аяғымен өз есімін ауада жазу. (жеке, дене-қимылға арналған.)
5. Медитация. «Сенімділікті толтыру» техникасы. Сіздің сенімділікті сипаттайтын түсті таңдау. Ойша оның бүкіл денені, әр клетканы, әр бұлшықетті толтыру. Сенімділікті сипаттайтын әуенді, иісті сезініп, еске түсіру. (жеке)
6. «Мен сенімдімін, себебі...» жаттығуы. Сөз арқылы адам бойына сенімділік қалыптастыру (жұппен). Оқушы өзіне деген сенімділікті нығайту үшін, бірнеше себепті жазады. Оны жанындағы құрбысымен бөліседі.
7. «Мейірімділік алаңы» (жаттығу)
Қатысушыға түрлі-түсті қағаздан қиылған күн шуағы, гүл, жасыл шөп таратылады. Гүлге-білім алушыға, жасыл шөп-ата-анаға, күннің шуағы-ұстазға арналған кәсіби баулар таңдауда ұсыныс жазылады және де ақ ватманға бекітіледі.
8. «Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрінде қатысушы психологиялық тренингтен алған әсері туралы пікір бөліседі.
Сабақты қорытындылау
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз