жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тапқыр достар
Тақырыбы: Тапқыр достар
Мақсаты:
1. Балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу, білімді, жан-жақты болуға үйрету.
2. Ой-өрісін, танымдық белсенділігін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
3.Тапқырлыққа, тез ойлауға, ортада өз ойын талқылауға баулу.
Сайыстың түрі: Интеллектуалды ойын.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, әр түрлі сұрақтар, тесттер.
Ойыншылар: 2 сынып оқушылары
Сайыстың жүрісі:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар мен қадірлі оқушылар!
Бүгінгі 2 сыныпта өткізгелі отырған «Тапқыр достар» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!
Қош келдіңіз талантты да тапқырлар,
Танытатын білімдерін сан қырдан.
Бүгінгі күн күтіп отыр сіздерді,
Көрінер деп бәйгенің биік шыңынан!
Қош келдіңіз көрермені сайыстың,
Жанашыры болыңыздар бұл істің.
Бастан –аяқ қошеметпен қатысып,
Талантты мен талапты топты табайық!
Ойынға қатысушы топтар
1. «Тапқырлар»
2. «Алғырлар»
Ойын кезеңдері:
1 – айналым «Сөз тапқанға ...»
2 – айналым «Ойлан, тап»
3 – айналым «Сен білесің бе?»
4 – айналым «Мақалды жалғастыр...»
5 – айналым
«Білегіңе сенбе біліміңе сен»
(жұмбақ шешу)
1 – айналым «Сөз тапқанға қолқа жоқ» демекші бірінші сайысты бастайық.
Тапқырлар тобына Б әріпі беріледі. Сұрақтың жауабы сол әріптен басталуы керек.
Суды немен ішесің?
Сенің досың кім?
Жыл басын көрген жануар?
Сенің есімің кім?
Бүгін сенде неше сабақ?
Қандай тағам ұнатасың?
Арманың не?
Қай көшеде тұрасың?
Алғырлар тобына М әріпі беріледі.Сұрақтың жауабы сол әріптен басталады.
Қай ауылда тұрасың?
Киноға кіммен барасың?
Тақтаға немен жазасың?
Алтын күн астында не бар?
Сүйікті пәнің?
Сенің есімің кім?
Сенің көршің кім?
Қандай ертегі білесің?
2 – айналым «Ойлан тап»
Екі топқа бірдей арнайы сөз шығады. Сол сөздің құрамындағы әріптерден қысқа сөздер құру.
Экранда «Сайқымазақ» сөзі шығады.1 минут ішінде қай команда көп сөз жазады, сол топ женіске жетеді.
3 – айналым «Сен білесің бе?»
Кезек келді «Сен білесің бе?» кезеңіне,
Сұраққа жауап табу мезгілінде.
Ой ұштап, ой- қиялды дамытатын,
Беріледі сұрақтар кезегімен.
Үш бидің атын ата.
Абай Құнанбайұлы қай жерде дүниеге келген?
Ы.Алтынсарин не ашқан?
Тоқтар Әубәкіров кім?
Адамның сезім мүшелерін ата
Б дыбысы қандай дыбыс?
Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады?
Қай аң қысқы ұйқыға жатады?
Елбасы күні - қай күн?
Үш картоп 10 минут піссе,жалғыз картоп неше минут піседі?
4 – айналым «Мақалды жалғастыр...»
Көп сөздің тобықтай бір түйіні бар,
Мақал сөзде көп сөздің түйіні бар.
Көп сөйлеп ауызыңды ауыртқанша
Мағынасын мақалдың ұғынып ал,-дей келіп мақал сайысына кезек береміз:
Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы.
Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің.
Аққуды атпа, досыңды сатпа.
Үлкенге – құрмет, кішіге міндет.
Дұшпан күлдіріп айтады.
Дос жылатып айтады.
7. Жүз сомың болғанша,
Жүз досың болсын.
8. Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.
5 – айналым «Білегіңе сенбе, біліміңе сен» «Жұмбақ шешу!»
Сөз мәйегін жұмбақпен өрнектеген,
Астарын сөз бұйдалап суреттеген.
Ұшқыр ой қиялына жетелейтін,
Жұмбақ шешу кезеңіне кезек берем.
Жұмбақтар:
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)
Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары. (Білім)
Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы Мұғалім)
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (Ұстаз)
Ұшымен қазық
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)
Қырық екі жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бүлдіршіндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады.( Алфавит)
Күміс алмұрт тілі бар,
Сыңғырлаған үні бар.
Шақыратын білімге,
Сағаты бар, күні бар. (Қоңырау)
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (Кітап)
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан? ( Әліппе)
Сайыстың
ақыры да таяп қалды,
Топтағы
өрендер де шаршап қалды.
Сайыстың
қорытындысын білу үшін,
Қазыларға
сөз кезегін ұсынады.
Жарайсыңдар
барлығың да өренім,
Асып
- тасып төгілді ғой кемелің.
Риза
болды қатынасқан көрермен,
Сайыстағы
бар қызықты көргендер.
Қош болыңдар, тыңдаушылар, көрермен,
Шықтық
- ау деп ойлап тұрмыз көңілден.
Сайысымыз
аяқталды бүгінгі,
Өрелі
ой, жұмбақ сөзден өрілген.
Қош
сау болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы: Мен қандай адаммын?
Мақсаты: Баланың өз - өзінің адамгершілік қасиеттерін бағалауына, яғни, өзіндік «мен» - ін анықтауға ықпал ету мақсат етіледі.
Нәтижесінде:
Оқушы адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата отырып, өмірде қолдана біледі.
Өзінің қалыптасуына айналадағы ортаның әсері мол екенін түсінеді.
Қарым – қатынас мәдениетін сақтай отырып, өз ойын еркін жеткізуге, ойлап сөйлеуге дағдыланады.
І. Қызығушылықты ояту бөлімі
«Еркін қандай бала екен?» деп аталатын шағын сахналық көрініс көрсете отырып, оқушылардың
а) «Мен қандай адаммын?» деген сұрақ төңірегінде ойын қозғау мақсаты көзделеді.
ә) Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсаты ашылады.
ІІ. Мағынаны тану бөлімі
А) Сендер осы сұраққа жауап алу үшін кімдердің көмегі тиді деп ойлайсыздар?
Оқушылар топқа бөлініп, ойланып, осы сұраққа жауап іздейді. Топтардың жауаптарын талдап, салыстыра отырып, ортақ пікірге келеді. Ол мынандай сызба түрінде көрсетіледі.
ә)Мен қандай адам болуға тиіспін? Деген сұрақ төңірегінде ойланайын
Тақтаға талдың және баланың суреті ілінеді. Тал саялы баққа айналу үшін, ал бала көкірегі ояу, жан – жақты дамыған адам болу үшін қандай жағдайлар әсер етуі мүмкін. Оқушылардың пікірі мына кестемен толтырылады.
Т
ал
терек Бала Адам
қолайлы |
қолайсыз |
жақсы |
жаман |
|
Кестедегі жауаптарын талдау арқылы мынандай қорытындыға келеді.
Теректің жақсы болып өсуіне (кедергіні жеңуіне) сырттан көмек керек. Осыған орай жауап былай болуы мүмкін.
Талды басынан күтпесе, ол қисық болып өседі, біздерді дұрыс тәрбиелемесе, біз де жаман адам болып өсуіміз мүмкін ғой.
адамға тек сыртқы әсер емес, оның ішкі жан дүниесінің алар орны мол. Адам өзінің қандай болатынын саналы түрде таңдайды. Осы пікірге байланысты оқушылар ойын былай өрбітуі мүмкін. Жақсы адам болу адамның өзіне байланысты.
Себебі,
Сабақтың тақырыбы: Ел рәміздері – елдігімнің реңі
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін жүйелеп, бекіту.
Сабақтың міндеттері: 1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейімен таныстыру.
2. Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Оқушыларға Отанын сүюге, құрметтеуге патриоттық тәрбие бере отырып, жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
4. Сабақ барысында өз ойларын жеткізіп айту және танымдық қызығушылығын арттыру.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
1 – оқушы:
Елімнің атын айтсам – Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан,
Қойнауы қазыныға толған мекен,
Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.
2 – оқушы:
Балар біздер үшін жақын да, ыстық, туып – өскен еліміз қалай аталады?
Жауап: Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.
Олай болса, тәуелсіз мемлекетімізді танытатын қандай белгілір болу керек?
3 – оқушы: Жері, халқы, оны қорғайтын Қарулы күштері және ел басқаратын Президенті болуы керек. соымен қатар, елімді танытатын өзіндік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны және өз ата заңы болуы керек.
4 – оқушы: Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз, ойнай отырып, ойлана «Ойлан тап» ойынымызбен сабағымыздың тақырыбын шығарайық. ол үшін тақтадағы бейнесөздің шешуін табайық. Қане, жауабын кім айтады.
«Ойлан, тап!» бейнесөзі.
1 – ші суретте «Ту» сөзі
2. Келесі суреттен «Елтаңба»
3. Суреттен «Әнұран» сөзі.
- Сонымен «Ту», «Елтаңба», «Әнұран» осы үш белгіні біріктіріп қалай атаймыз?
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері деп атаймыз.
5 – оқушы
Қазақстан Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты!
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, Елтаңбасы,Әнұранының сипаттамасы және ресми падалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 9 – бабы бойынша «Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай – ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге міндетті» делінген. Ендеше, балалар, қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, әр уақытта жоғары ұстап, қастерлеуге міндеттіміз.
Ендігі кезекті ой жарыстыру ойыны Қанеки, білімімізді сынап көрейік.
- Бүгін айдың нешесі? Қандай мереке?
- 1 қыркүйек, білім күні.
- 30 – тамыз бізде қандай күн?
- Қазақстан Республикасының Ата Заңын қабылдаған күн.
- Тәуелсіз қазақ еліні Тұңғыш Президенті кім?
- Тәуелсіз қазақ елінің Тұңғыш Президенті – Н. Ә. Назарбаев
- Қазақстан Республикасының туының авторы кім№
- Шәкен ниязбеков.
-Қазақстан республикасының Елтаңбасының авторлвры кімдер?
- Жандарбек Мәлібеков пен Шот - Аман Уалиханов.
- Қазақстан Республикасының Әнұранының авторлары кімдер?
- Сөзі: Жұмекен Нәжмеденов. Нұрсұлтан Назарбаев.
Әні: - Шәмші Қалдаяқовтікі.
- Жақсы жауап бердіңіздер.
6 – оқушы:
Мемлекеттік Ту – Тік бұрышты (ені – 1 метр, ұзындығы 2 метр көгілдір мата)көгілдір түс бейбітшіліктің, тыныштықытң, жарқын болашақтың және ашық аспанның нышаны. тудың ортасында жарқырап шыққан шұғылалы Күн орналасқан. бұл бейбітшіліктің белгісі.
Күннің астында қалықтай ұшқан қыран бейнеленген. дала құсы- дархандық пенқырағылық және биікке самғау белгісі. тудың сол жағындағы ою – өрнек алтын түспен берілген. Алтын түс – молшылықтың, байлықтың, құт – берекенің белгісі.
7 – оқушы:
Мемлекеттік Елтаңбада көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Ол – Елбасының жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Шаңырақта айнала уықтар шаншылған. Олар күн сәулесіндей жарқырайды. Екі жағын аңыз ертегілеріндегі пырақтың қанаттары көмкеріп тұр, қанатты пырақ – мәңгілік өмір, шектесіп даму, қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығын көрсетеді. Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз бар. ол мемлекетіміздің бағы ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін дегені. Төменгі жағында Қазақстан деген жазу бар.
8 –оқушы:
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне көрінген
Жай бейне емес, ұғып ал!
Мағынасы сымбатты
Бар осындай белгіміз.
Маған, маған қымбатты
Елтаңбасы ол - елімінң!
9 –оқушы:
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма
Халық сіздей тұлғасын.
Гүлдене бер, Отаным
Көтерген Туын, Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын
Нұр аға бізідң ұлы адам.
Тақырыбы: «Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық-бір ел- бір тағдыр»
Мақсаты: «Қазақстан-2050» стратегиясын табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет екендігін, елдігіміздің ертеңі бір халық-бір ел- бір тағдыр деген үш сөзге сыйып тұрғандығын оқушылардың санасына жеткізу, елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелей отырып, жаңа буын өкілдерін қалыптастыру.Елбасы саясатын насихаттау
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, шарлар, гүлдер
Барысы:
Қымбатты оқушылар бүгінгі Білім күні сабағымызды : «Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық-бір ел- бір тағдыр» тақырыбында бастағалы отырмыз. Осылай атауымыздың өзінде де үлкен мән бар,себебі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында осы тақырыппен сөз сөйлеген болатын. Неге біз бұлай айта аламыз? Өйткені «бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел» -бұл барлығымыз үшін ортақ Отан, «Бір тағдыр»-бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер. Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп- өркендеген Қазақстан! Осының барлығын қоса алғанда Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.
Олай болса келесі кезекте сіздердің ой-пікірлеріңізді тыңдайық.
(Оқушылардың пікірлерін тыңдау)
Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, елдің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» дейді Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге ұлт өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды.
Келесі кезекте дана халқымыздың жауһар мұраларының бірі мақал-мәтелдердің мәнін ашып көрелік. (слайдпен көрсету)
1.«Алтау ала болса-ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса – төбедегі келеді»
2.Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі мықты ел озады
3.Бір ананың баласындай т.б
(Бұдан шығатын қорытынды татулық пен бірлік бар жерде алынбайтын асу жоқ екендігін түсіндіру)
Хор: Қазақ елі
Осы ойымызды сабақтай келе мына бір аңызды тыңдап көрелік.
«Қария мен балалары туралы айту»
Оқушыларға ой тастау:
Аңыздың басты мәні неде деп ойлайсындар?
(Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады)
Хор: Елім менің
Жаңа кезеңдегі ұлттық бірлесу үдерісінде қазақ халқының ролін нығайту өте маңызды. Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға кірісудеміз. 2050 жылы Қазақстан жұдырықтай жұмылған біртұтас халық, үлгілі ұлттық мемлекет болуы тиіс. Бұл үшін Елбасымыз төмендегідей жеті міндетті атап көрсетті.
(Оқушылар негізгі міндеттер туралы айтып өтеді
Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. Қазақстандағы достық пен татулықтың көрінісі Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайынан да көрінеді
(Слайдпен пирамида туралы көрсетіп таныстыру)
Сабақтың тақырыбы: Құстар - біздің досымыз
Мақсаты: оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейіму... көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен сақтандыру. Құстар жайлы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Сондай – ақ, оқушыларды Отанын жер, орманын, көлін табиғатын сссүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Құстар жайлы мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, бүктемелер, сөзжұмбақтар.
Барысы:
1 – жүргізуші:
«Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң – ердің дәулеті» дегендей халықтың хайуанаттар ішіндегі ең жақсы көретіні құстар. Олардың құбылтып салған әндері біздерді ссссүйсіндірмей қоймайды. Қанатты достарымызды республиканың қай түпкіріне сапар шексек де кездестіреміз.
1 – оқушы
Наурыз келді»
Тіршілікке жан кірді,
Кең дала жасарып,,, жаңғырды.
Бар өңір құлпыра бастады.
Төсіне құйып ап жаңбырды.
2 – оқушы
Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек – қаз қонды.
3 – оқушы
Ұшып келген ең алғаш,
Қараторғай қырағы.
Ұяларға қонақтап,
Дейді «менің тұрағым»
1 – жүргізуші:
Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі – құстар. Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігі шексіз, ең жақсы көретін адамын құсқа теңеу арқылы ықыласын білдіріп келеді.
2 – жүргізуші:
Халық өз ортасынан шыққан саңылақ ұлдарын – сұңқарға теңеп, төгілте ән шырқайтын әншісін – бұлбұлға, Отан үшін, ел үшін жанын қиятын батырларын – қыранға, елден асқан сұлуды – аққуға теңеп жатады.
4 – оқушы
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз қолдаймыз.
Ұя жасап, үй салып,
Біз оларды қорғаймыз.
5- оқушы
Үй салдым құстың алдынан,
Болсыншы ол өмір пан.
Өзімдей сәби балдырған
Өссінші құстың баласы.
1 – жүргізуші
Біздің міндетіміз қанаттыы досымыз құстарды қорғау. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқаларын жаруға, рақымсыздық жасап, жазықсыздан – жазықсыз құстарды жәбірлеуге, өлтіруге жол бермейік.
6 – оқушы
Жылы шуағымен гүл өсіріп,,,
Жыл құстарын ілестіріп...
Ару көктемммммм келді, міне
Самалынан нұр есіп.
Көктем киімін киген оқушы шығады.
Көктем
Сәлем, достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
Шат – шадыман көктеммен
Шаттық болсын әмәнда.
Ән құрадым үніммен,
Сән құрадым гүліммен.
Қуантамын бәріңді
Құт мереке күніммен.
2 – жүргізуші:
Халық «Көкек келді – көктем келді» дейді. Көктемнің тамаша бір айы көкек деп атайды.Қадірі мен қасиетінде өзгешелік жоқ осы құстың аты неліктен жылдың ең тамаша айына теңеу болды екен?
7- оқушы
Жаршысымын көктемнің,
«Көкек» дейді мені жұрт.
Өз ойын айтар құс менмін
Көктемді күтсең – мені күт.
Хор: «Көкек»
1 – жүргізуші
Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да, көкек пайдалы құстың біріне жатады. Көкектің балапаны бір күндк 39 шегіртке, 43 жұлдызқұрт, зауза қоңызының 5 жұмыртқасын, шытырлақ қоңыздардың 50 жұмыртқасын, 4 өрмекші, құмырсқа жұмыртқаларын қорек етеді.
9 – оқушы
Мен торғаймын, торғаймын,
Суықтан да тоңбаймын.
Құрт – құмырсқа шіркейден
Бау – бақшаны қорғаймын.
10 - оқушы
Үкі едім түнде ұшып қалықтаған,
Құртудан зиянкесті жалықпаған.
Үкімді үлпілдеген киелі деп,
Бұрыннан ақ адамдар тағып алған.
11 – оқушы
Мен жапалақ қалыспаймын жарыстан,
Қорегімді іздемеймін алыстан.
Іннен басы қылт етсе - ақ тышқанның
150 – ін әр ай сайын жалмаймын.
12 - оқушы
Құртты іздеп інінен
Қарағайды үңгіген.
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер.
13 – оқушы
Бейбітшілік құсы менмін – көгершін,
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.
Аспан ашық, шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін.
Хор: Ақ көгершін.
1 – жүргізуші:
Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының тамаша мақал – мәтелдері қаншама десеңізші» сол мақал мәтелдерге зер салайық.
Ақ сұңқар құстың баласы – алдына қоймай жем – жемес.
Аққу – қазсыз көл жетім,
Киюсіз қалса, бөз жетім.
Өлеңге енсе сөз сұлу,
Аққу жүзсе, көл сұлу
Қарға баптанып, сұлу болмас,
Есек мақтанып, тұлпар болмас.
Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке тау жақсы,
Ер жігітке бәрінен,
Туып өскен ел жақсы.
2 – жүргізуші:
Құстар адам өміріне сән – салтанат беріп, әсем сазды үнімен жаныңды рахатқа бөлейді. Сондықтан атадан балаға мұра болып келе жатқан халық шығармашылығында адам бойындағы үздік қасиеттерді құстарға теңеп: «Аққу мойын», «қасы қарлығаштың қанатындай», «Бүркіт тұмсық», «Қаршыға көз», «Қаз дауысты» «Ұлардай әдемі» деп атаған.
Құстар жөнінде викториналық сұрақтарға жауап беру.
Құстың негізгі баспанасы не? (Ұя)
Қандай құс хат тасушы атанған (көгершін)
Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (бүркіт)
Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? (960 рет)
2- жүргізуші
Құстарға раналған көптеген жұмбақтар да бар... кімнің ойы ұшқыр болса, сол жұмбақты тез шешеді.
Көлдің көркі сән екеннн,
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап сақтаған. (Аққу)
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап.
(Балапан)
Маң – маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісііі.
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды.
(Түйеқұс)
Жолаушы жүрсек шығарып салады,
Алдыңнан қарсы алады.
Ауыл да, қала да мекені
Жаныңды әрқашан еркелетеді. (Қарлығаш)
Өзі сақ, өзі ұсақ
Шықыдлықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала
Бұл қандай құс, әй бала? (Сауысқан)
1 – жүргізуші:
Тамылжыған табиғаттың көрікті көктемінде құстар әні толастамайды. Құстар тойы тойға ұлассын» бейбіт аспанда қалықтаңдар. Шаттана шарықөтаңдар, қанатты достар.
2 –жүргізуші
Тіккен туы қазақтың
Күнге сәлем жолдасын.
Қыран құсы қалықтап,
Көк аспанды шарласын.
Көк байрағым желбіреп,
Атақ - даңқың талмасын, - деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Сабақтың тақырыбы: Ана тілім – ардағым
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ана тілінің маңыздылығын түсіндіре отырып, оныңң қадыр – қасиетін білуге, ана тілін әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін қадірлеуге, құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі:
Суреттер, плакатқа жазылған ұлы адамдардың сөздері
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру.
ІІ. Сабаққа дайындық
ІІІ Жаңа сабақ
Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау.
Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім,
Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім, - деп Жұбан Молдағалиев жырлағандай, қазақтың қазақтығы сақталуы үшін оның тіліі, ділі сақталуы керек. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымызда ана тілі туралы өз ойларымызды ортаға салайық.
Сүйеміін туған тілді, ана тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім, - деген өлең жолдарын қалай түсініесіңдер?
1 – оқушы
Тілімде менің байлығы жатыр ғаламның,
Қаныма сіңген, жаныма сіңген
Кеңдігі жатыр даламның
Сүтімен мейіріммен,
Махаббаты жатыр анамның.
2 – оқушы
Тілімде менің –
Бабамның батырлығы да
Дүниеге келе
Айқайды салған іңгәләп,
Тілімде менің – сәбидің батылдығы да.
3 – оқушы
Найзағайдың жарқылы да бар тілімде,
Қырандардың шаңқылы да бар тілімде.
Аққулардың сұңқылы да бар тілімде,
Қаз біткеннің қаңқылы да бар тілімде.
Ән: «Анамның тілі»
4 – оқушы
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілідң бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте» - деген өлеңді оқи отырып, қандай пікірге келер едіңдер ? (пікіралысу)
5 – оқушы:
Қазақтың тілі де әуенді,
Ғажап тым үні де әуенді.
Көре біл шешен тіл қисынын,
Тере біл сөз шырын – мәуені.
6 – оқушы
Дін – тәлім, тәрбие құралы,
Діл – мәлім, ел рухын құрады.
Тілімнен елдігім көрініп,
Дінімнен нұр тарап тұрады.
7 – оқушы
«Тіл тазалығы дегеніміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзіменг шұбарламау» - деген Ахмет Байтұрсыноввв.
8 – оқушы
Ананың тілінде ұлылық,
Баланың тілінде жылылық.
Сорлланар өз тілін білмеген
Қор болар ойы да «былығып»
– оқушы
Соңғы уақытта тілімізді шұбарлап сөйлеу мәдениетсіздік екенін ескермедік. Тіл тазалығын сақтамадық.
– оқушы
Егеменді мемлекеттердің басты белгілерінің бірі – тіл. Еліміздің Ата Заңының 7 – бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп көрсетілген.
11- оқушы
Тәуелсіз мемлекет құрылғанна кейін тіл жөнінідегі теңсіздікті жою мәселесі мықтап қолға алынды.
1997 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасының Парламенті тіл туралы жаңа заң қабылдады.
– оқушы
Сөз – мүсін, мүсіндер ой – зерек,
Сөз үшін қисынды ой керек.
Тіл жаттық, ой терең адаммен
«Тіл қатып» сөйлеуге ой көмек.
– оқушы
Тілімді арымдай сақтаймын,
Ділімді тексіз боп шатпаймын,
Құқымның пәктігін дәлелдеп,
Ұлтымның бай тілін жаттаймын.
– оқушы
Мол құнды, әуезді тіліміз,
Толқынды әсем ән, жырымыз.
Туыстық достықта – діліміз,
Тыныштық әуені – үніміз.
Ән. «Домбырасыз сән қайда?»
– оқушы
Билер сөзі – көркем сөз өнерінің шынайы үлгісі.
Халқымыз ежелден сөз ұстаған шешенді қадірлеп, олардың ұлағатты сөздерін есте сақтайды. Ұрпақтан – ұрпаққа жатқа айтып жеткізеді.
– оқушы
Ендеше көркем сөзге саяхатымызды аузы дуалы билер сөзін бастайық. Ел аузында Төле би, Қазбек би, Әйтеке би туралы қандай ұлағатты сөздер бар№
Әйтеке жарып айтады, қазыбек қазып айтады, Төле би тауып айтады» деген ұлағатты сөз бар.
Халқымыздың осынау асыл қазынасының бірер үзіндісін өз достарыңның қойған шағын сахналық көрінісмінен тамашалайық.
Көрініс. Екі құрдас «Мақал – мәтеледр» айтысы
Мақал - мәтел тек сөз өнері емес, сонымен бірге жазуға да да тоқтам салған қару болған. Абайдың әкесі Құнанбай қажының «Ұтыыымды мақал кейде бір даудың түйінін шешеді, кейде бір жаудың тілін кеседі» - деуі осыдан болса керек.
– оқушы
Өз тілім – өзегім, жүрегім,
Өз ділім – ұлттық тірегім...
Сыйланды ғаламда тіліммен
Иманды, меймандос ұлы елім.
Ребус «Ана тілім – ардағым»
Бүгінгі тәрбие сағатымызда не айттық, не білдік№
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін
Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін, - деп ақын Қадыр Мырзалиев жырлағандай, тілді өнердің өнері деп санайтын қазақ – тілі – барлық ғылымның атасы деп ұққан. Адамға табиғаттың берген тартуы – тілдің орны ерекше. Өз ана тілімізді қадірлеп, қастерлейік»
Сабақтың тақырыбы: Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды.
Мақсаты : 1. Ұлы жеңісті дәріптеу , өз Отанын, елін ,туған жерін сүю , туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
2. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата –бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.
Соғыс шежіресі туралы деректер беру:
1941 жылғы 21 маусымда Адольф Гитлер Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады.
***
Соғыс басталған соң үш күннен кейін композитор А.А.Александров өзінің атақты «Қасиетті соғыс » әнін шығарды. Бұл ән Кеңес жауынгерлерінің Гимніне айналды.
***
Кеңес Қызыл Армиясының Бас Қолбасшысы И.В.Сталин жау Мәскеуге таялғанда үкіметті Куйбышев (Самара ) қаласына көшіріп, өзі Кремілде қалды.
***
Ленинград қаласы жау әскерінің қоршауында қалғанда қазақтың халық ақыны Жамбыл «Ленинградтық өренім » деген өзінің атақты толғауын шығарды. Бұл өлең қаланың әрбір ғимаратына, әрбір үйдің қақпасына ілініп, Ленинград тұрғындарына өршіл рух берді.
***
Соғыста жауға қарсы атылған әрбір 10 оқтың 9- ының қорғасыны Қазақстанда өндірілген.
***
Атақты палуан Қажымұқан Мұңайтбасұлы өз қаржысына самолет жасатып, майданға тарту өтті.
***
Кеңестік Шығыстан соғысқа қатысқан екі әйел адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның екеуі де қазақ - Әлия мен Мәншүк.
Естай: Құрметті ұстаздар мен құрметті қонақтар «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты тәрбие сағатын бастаймыз.
Айнұр: Бүгін Жеңіс күні –адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.
Фатима: Жеңіс күні өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме? Бірақ, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Айнұр:
Адам –тарих! Адам кешкен жолын ұқ,
Неше ұрпақ күнтізбектен алындық.
Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық.
Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.
Назерке :
Сұрапылдан дауа таппай шерленген,
Әлем демін әрең алды шеңберден,
Ажыратып қанды қара шеңгелден,
Жарып шықты қарғыс пенен тозақтан.
Естай: Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Бұл халық үшін ауыр кезең болды.
Айнұр: Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бецбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер азаматтары майданға аттанды.
Естай: Еңкейген кәрі , өмірдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, Отаны үшін арпалысты.
Ақмарал : Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқандар: Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Нүркен Әбдіров, Сергей Луганский, Жұмағали Саин, Талғат Бигельдинов, Мәлік Ғабдулин.
Гүлбақыт: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, апаларымызды тарих бетінде «Батыр » деп жазып кетті.
Дастан Ерлер есімі еліміздің мәңгі есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырады. Бүгін сол боздақтардың рухына бас иіп, еске алайық (1 минут үнсіздік )
Еркебұлан:
Сүйінші, халқым, сүйінші!
Беліңді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете,
Жасалған той мереке!
Жансая:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Қорытынды:
Армысыздар ,кешіміздің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр, өлең мен күй,
Сіздер үшін алуан өнер шашулары.
Жеңімпаз қайран ерлер!
Жау тиіп ел шетіне,
Әлемді бұлт торлаған.
Ерлік –қып өз бетінше,
Жауынан ел қорғаған.
Ардагер, майдангерлер .
Жеңімпаз қайран ерлер.
Сендерді пірі тұтып,
Құшағын жайған- елдер.
Құрбан қып ұл-қыздарын,
Шер жұтты –«жан-ұялар »-
Сұрапыл сол жылдардың
Куәсі қариялар.
Елімнің елдігіне,
Себепші қариялар.
Сендердің ерлігіңе
Жүректе ән-ұялар
Көрме деп біз көргенді,
Соғыстың зұлматтарын
Бақытты күнді ертеңгі.
Тілеуімен жүр қарттарым.
Бір туар ірі тұлға.
Сендерге қылар сый көп.
Әттең- ай жылдан жылға,
Қатарың барады сиреп
Д. Оралбаев
Сөз кезегі кештің қоңақтарына беріледі.
Сабақтың атқырыбы: Ауғанның асуында от кешкендер
Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етугеее, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
І жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар» 1989 жылы ақпан айының 14 - жұлдызында талай аналарды перзентінен айырған, мыңдаған жерлес – бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де қайғылы Ауған соғысы аяқталды. Жылдар өткенімен интернационалист – жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Біз еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдында борыштарын адал ақтаған азаматтар деп, құрмет тұтамыз.
ІІ жүргізуші:
Отан үшін өмірлерін құрбан етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһармен жауынгерлер есімі ұмытылған емес. Солардың ішінде ауған - жауынгерлерінің ерліктерін ұмытпау – өскелең ұрпақтың қасиетті міндеті.
І жүргізуші:
Әрбір елдің болашағы Өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, ержүрек, қайсар ел азаматын тәрбиелеуден бастау алады. Біздің халқымыздың дастаны ата – бабамыздың сонау заманда найзаның ұшы, білектің күшімен жер қорғауынан бастап, одан бергі небір соғыс зобалаңдарын бастан өткерді. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұламаттың бірі Ауған соғысы еді.
ІІ жүргізуші
Соғысқа өзге де Одақтастармен бірге біздің 23 мың қазақстандық қатысып, 749 жауынгер майданда қаза тапқан. Соғысқа аттанған өрімдей жастардың алдында үлкен мақсат тұрды. Ол – халықтың тыныштығын қорғау және өзінің Отан алдындағы интернационалдық борышын қалтқысыз өтеу болатын. Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыз бүгін біздің ортамызда.
Кешке келген ауған соғысының ардагерімен таныстыру.
1 -оқушы
Ел қадірін назардан тасалаудан
Қай ел опа тауыпты?
Иә, Ерлікті жасамаудан
Бағаламау әлде қайда қауіпті?
2 - оқушы
1984 жылдың 14 ақпаны әр жыл сайын дәл осындай күндері атап өтіліп келеді. Бейбіт өмірімізді қорғайтын жастарымыздың бойына отансүйгіштік сезім мен патриоттық рух ұялатар майдангер азаматтар - қай уақытта да үлгі өнеге, тәрбие мектебі.
3 -оқушы
Өтер жылдар, уақыт тағы алыстар,
Тағдыр талай тауқыметін табыстар
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы азап шеккен арыстар.
4 -оқушы
Бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгердің бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстағы белсенділіктері, түрлі кәсіп игерудегі, бәрінен бұрын жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеудегі ерен еңбектері.
5 -оқушы
Жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен оттың астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей ссұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет.
(Ауған соғысының ардагерімен сұхбат жүргізіледі)
6 - оқушы
Ауған соғысының аяқталғанына 2014 жылғы ақпанның 15 – ші жұлдызында 25 жыл толады. Ауған жеріндегі шайқас ешқашан ұмытылмақ емес. Осы соғысқа қатысқан барша ержүрек жауынгерлердің батырлығы ұрпақ санасында.
Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
Оқушы
Майданда қаза тапқан майдангер ерлік істерін әр уақытта өшпес үлгі – өнеге, ұлағатты тәрбие етіп, олардың өмір жолын, адалдығы мен әділдігін ғибрат ету мақсатында шығарылған «Тағзым» деп аталатын өмір кітабы көпке ұсынылады.
7 - оқушы
Азаматтық – ел жүгін атқару ол,
Асулардан аттайтын қатпары мол.
Ауғанның ащы дәмін татқан баурым,
Алаштың арқа сүйер мақтаны бол»
8- оқушы
Армысыңдар, ағалар, от кешкендер»
Ақ тәндерін боршалап оқ тескендер.
Армысыңдар, ағалар, ардагерлер»
Ар сыналған жырларда от кескендер.
9 - оқушы
Біз солардың жалғасымыз, әніміз
Біз оларға өтей алмас қарызбыз.
Сіздер бізге қашан да үлгісіздер,
Тым алысты көрсетер дүрбісіздер.
10 - оқушы
Адамзатқа жақсылық әкелуде
Жапырақты саялы бүрлісіздер.
Сондықтан олардың армандарын
Аялауға, құрметтеуге дайынбыз!
11 - оқушы
Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимейміз деп шалбар менен бөрікті.
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
12 -оқушы
Міне өтті қас – қағымда 25 жыл,
Еске алып ұрпақтарың жазады жыр
Ерлерді ешқашан да ұмытпаймыз,
Отаны мен жаны да бір, қаны да бір.
13 - оқушы
Ардагер – ағаларым,
Ақылшы даналарым!
Азаматтық борышты адал ақтап өттіңіздер,
Мойынға артқан істі абыроймен шештіңіздер.
Енді биік еңсеңіз, қадірлейді еліңіз,
Арамызда аман боп, мәңгі жасай беріңіз!
ІІ жүргізуші
Сіздерге біздің оқушыларымыздың қояр сұрақтары бар.
- Осы күні ауған соғысының ардагерлеріне «Ұлы Отан соғысы ардагерлері» деген атақ беру – бермес туралы көптеген пікірлер айтылуда. Сіздердің өз ойларыңыз қандай?
- Сіз ауған соғысы фильмдерді көргенде шындыққа жанасатындары бар ма?
Ауған соғысы сіздердің өмірге деген көзқарастарыңызды өзгертті ме?
Ауған соғысы қаһармандарына қандай әлеуметтік жағдайлар жасалуда?
І жүргізуші
Соғыстың қайсібірі болсын – ол үлкен қайғы, үлкен қасірет. Ананы жалғыз ұлынан, отбасын - тірегінен айыратын - осы зұлым соғыс. Ауған жерінде 1979 – 1989 жылдары тәуекелге бел буған жалынды жастарымыз құрметке лайық.
ІІ жүргізушіБүгін осы ертеңгілігімізге келіп, оқушыларымызды толғандырған
сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі күн өздеріңіздің әр істеріңізбен болашақ ұрпаққа тәрбие беріп, адамдық пен адалдықтың үлгісі болып жүрген ардагер ағаларымызға алғысымыз шексіз.
І жүргізуші
Біз солардың жалғасымыз, әніміз
Біз оларға өтей алмас қарызбыз.
Сондықтан олардың армандарын
Аялауға, құрметтеуге дайынбыз!
Сабақтың тақырыбы: Ана – біздің күніміз
Мақсаты: оқушыларға ата – ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру.
Мейірімділікке сый құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Бөлмені мерекеге лайық безенді, даналық сөздер жазылған плакаттар.Интерактивті тақта.
Түрі: әдеби музыкалық монтаж
Барысы:интерактивті тақтада «Сабақтың тақырыбы жазылып тұрады.
Сынып іші оқушы терең ойда, сынып ішінде ерсілі қарсылы жүр. Сол кезде Диас кіріп келеді.
- Алмас, неге көңілсіз жүрсің
- Е– е Диас, мен келе жатқан 8 - наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деп ойлаймын.
Алмас : - Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт.
Диас: - Ж о – о, жоқ!»» Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек.
Алмас: сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік. Ортаға оқушылар шығады. Көктем вальсін билейді.
Диас: (Басын ұстап) – бәрің тақпақ айтуға шықтыңдар ма?
Балалар: - Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.
Азамат:
-Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты 8
наурыз туралы айтатын балалар айтсын,
сосын тағы көре жатармыз.Сондықтан ең
бірінші Жанат, Аружан, Ербол қалсын,
қалғандарыңды сосын шақырамыз.
Жанат:
Бүгін
–наурыздың сегізі Анасыз жоқ бір
үнің,
Сұлулықтың негізі! Әжесіз жоқ
бір күнің,
Әдемі сөз- Ұсынамыз
бүгін
Адамның Сөздің сұлу шоқ
гүлін.
Анаға айтар лебізі.
Аружан:
Құшағыңа
кіргенде,
Жылынамын бір демде
Не
жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де
Ербол:
Үн
қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр
күн мен.
Құттықтаймын анашым
Сегізінші
Наурызбен.
Аружан:
Ана
дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді
жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі
өмірдің.
Ана деген –алтын қазық,
алтын бақ.
Ана деген- асыл жандар
болаттай
Ана деген- мөлдір жандар
бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл
ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
Мәди:
Ана
десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды
адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе
ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге
тыныштық.
Ана
десем, шешек атып жанары
Өмірімнің
бастау алар жаңа әні.
Ана деген
тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз
болып жанады.
-Ана,
ана, ана !
Осынау үш әріптен құралған
қасиетті сөздің түп-төркінде қаншама
ұлы сезім жатыр десеңізші!
Сезім мен
қасиеті, бар махаббат пен шапағатты
сидырып тұрған ұлы ана сезімін
қадірлемейтін жан бар ма екен
өмірде?
Жақсылық атаулының барлығы
да ананың сүтінен жаралған.
Азамат:
Міне,
ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе
толқымайтын жүрек, тасымайтын қан,
сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.
Мәди:
-Дұрыс айтасың, Азамат. Ана ең жақын, ең
ыстық адам.Ана әрқашанда баласы үшін
жанын беруге дайын тұрады.Түнде
ұйықтамастан баласына қамқор болады.Әр
бала анасын жақсы көреді.
Азамат:
Мәпелейсің
мені анам
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра
өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай,
Үмітіңдей
көзіме
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген
сөзімде
Ертеңіңіз тұр күліп.
Сен
жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға
жетермін.
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ
сүтіңді өтермін.
Біліп тұрсың, жан
анам
Міндеті үлкен ботаңның
Күтері
сол баладан
Ана менен Отанның!
Мәди: -Жарайсың, Азамат.Анаңды өте жақсы көреді екенсің! Бұның бәрі жақсы, бірақ бір нәрсе жетіспейтін сияқты.
Азамат:
– Мәди, мүмкін аналарымызға шаттық
күлкі сыйлармыз.
Мәди: – Ол қалай?
Азамат:
-«Бала тілі бал» демекші, біздің кішкентай
кезіміздегі қызықты оқиғаларды естеріне
салайық!
Мәди: -Тамаша!!!
Шағын
көріністер: 1. «Есеп»- Есенбол, Аман
2.
«Қоштасу»- Ербол,Аружан-1
3.
«Жасырынбақ»-Жанболат,Елдос
4. «Әже
мен немере»-Шалхар, Жанат
5. «Ұғымтал
оқушы»-Алишер,Диана
6 «Кәмпит сұрап
едім»-Аружан-2, Айгерим
7. «Көп кәмпит
беретін едің»-Ахбота,Айжан
Мәди:
-Аналарымызға ұнай ма екен? ( көп
ойланады)
Азамат: -Әрине ұнайды.Ана-ең
аяулы жан.Қандай жағдайда болмасын
әрқашан қасымыздан табылатын асыл жан.
Шалхар:
Өзіңсің
сүйікті ана, құдіретім,
Жанымды
жадыратып, күлдіретін
Сендегі маған
деген махаббатты,
Нұр толы қос жанарың
білдіретін.
Аман:
Бар
ана туған елдің гүлі дер ем,
Анажан
қайғың болса күңіренем.
Таусылмас
тау суындай ақылың бар,
Сен барда
менің әр бір күнім өлең.
Есенбол:
Сен
менің астанамсың,
Қуанам, күлемін
мен.
Саялар баспанамсың,
Жылтатын
жүрегіңмен.
Суреттей салынбаған
Сенің
бар қасиетің.
Сен күнсің жалындаған
Тіршілік
бас иетін.
Диана:
Жан
ана, жарық жанарың
Бір сенде кеңдігі
даланың.
Балаңды құшақтап сүйгенде
Сеземін
көктемнің самалын.
Айгерим:
Әлемге
тыныштық тілеген
Жан ана жаныңа гүл
егем.
Балалық жүрекпен айтылған
Махаббат
белгісі бұл өлең.
Айжан, Елдос,
Ахботаның орындауында «Анашым»
Мәди:
– 8 наурыз күні аналарымызға көмектесуіміз
керек!
Алишер:
-Ал, мен…..
Ішіп болып тамақты,
Кірісемін
жұмысқа
Жуам кесе, табақты
Су құйып
ап ыдысқа
Көмектесем үнемі
Анамның
ісі сонша көп,
Ойлап ылғи
жүремін
«Қолқанаты» болсам деп.
Азамат:
– Аналарға тек мейрам күні көмектеспей,
күнде қолқанат болуымыз керек!
Мәди:
– Азамат, мүмкін ана туралы кино
түсіреміз?! «Ана -өмірдің шуағы» деп
атаймыз.
Азамат: – Ойланып көрейік!
(слайд)
Мәди : – Мен өскенде бұдан
керемет кино түсіремін. АНА өмір бойы
ең негізгі кейіпкер ғой! Сондықтан;
Жанболат:
Баланың
да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын
ешқашан
Аналардың жүрегі
Жақсы
оқыған сабағын
Балаға мен ағамын
Біздер
үшін
Ананың
Бұлт баспасын қабағын!
Диана:
Ана
деген көп шығар,
Анамдай менің жоқ
шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай
ғажап күлкісі.
Елдос:
Қуаныштың
ағайын
Қоңырауын қағайын
Ағарпасын
тентектер
Бір ананың самайын!
Мұрат,
мүдде, мақсатың
Жақсы күн мен жақсы
түн.
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер
ем ақ сүтін.
Ақбота:
Ана
сүтінен барлық адам нәр алған,
Ол
азығын өзімен бір жаралған.
Туа салып
тұңғыш тапқан дәмін ол,
Күш қуат боп
өн бойына таралған.
Сендерден өскен
балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен,
Құрметті абзал аналар!
Айжан:
Өмірде
ана- бақыт, ана- пана,
Өмірді өркендетер
ана ғана,
өсірген талай көсем, талай
шешен,
Талай ер, талай ақын, талай
дана
Ана!Ол біздің елде ардақты
адам
Кішісі де, үлкені де ардақтаған
Өзінің
аяулысы отанында
АНА деп біздің халық
текке айтпаған!
Ақбота:
Дүниенің
ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі
бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп
тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара
екен
Балаға ана еңбегі парыз
деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз
деймін.
Меккеге апарсада өтелмеген,
Ұрпаққа
бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі
құтты болсын.
Жасыңа жас қосылып,
бақыт қонсын.
өмірде қызық көр жыл
сайын.
Береке мен бірлікке ортаң
толсын!
Сабақтың тақырыбы: Исламдағы сөз әдебі
Мақсаты: Оқушыларға Исламдағы сөз әдебі, оның шынайы мұсылман тұлғасын қалыптастырудағы маңызы, күнделікті қарым – қатынаста қолдану жайлы түсіндіру.
Б) Оқушыларға күнделікті өмірде өзара қарым – қатынаста дін тұрғысынан дұрыс әрі әдепті жауап беріп, жақсы достық қарым – қатынаста болуды үйрету.
Дамытушылығы: өз сөзіне жауапкершілікті сезіндіру, әдепті, дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру.
Тәрбиелілігі: әдепті де әдемі сөйлеуге қызықтыру.
Тәрбие сағатының түрі: сұрақ – жауап, іздендіру белсенділігін жетілдіру.
Көрнекілігі: Ингтербелсенді тақта, кітаптар, газет материалдары.
Кіріспе сөз Бүгін біз тәрбие сағатында сөз әдебі, Исламдағы сөз әдебі, оның күнделікті өмірде қолданылуы жайлы сөз етпекшіміз.
Дін - ғылымның анасы,
Дін ғылымның әкесі.
Ғылым – діннің баласы,
Дін – ғылымның көкесі.
Ғылым да бар, дін де бар,
Қоқыс та бар, күл де бар.
Адам ата өлмесін,
Ақырзаман келмесін.
Қол Қусырып Құдайға,
Ғылым мен дін бірге бар.
Дін белгілі бір заңдылықтардың жүйесі, ол қоғамның әрбір мүшесі орындауға тиісті ережелерді қамтиды. Дінге бағынған адам мұсылман деп атайды. Ислам дінінің негізін салушы – Мұхаммед пайғамбар. Бұл діннің қасиетті кітабы – «Құран» «Құран сөзі – Құдай сөзі» деп үйретеді мұсылман діні.
«Құран» - мұсылман баласының қалай өмір сүруі керектігі жазылған заң шарттарынан тұратын кітап, ол сонымен қатар араб әдеби тілінің жазба ескерткіші. Құранның көп сүрелеріне жетім – жесірге қиянат жасамауға, әлсіздерді жылатпауға, ізгі қайырымды іс істеуге үндейді.
Дүниеде адам баласы тұтынатын, өзіне азық қылатын екі түрлі қазына, байлық бар. Біріншісі – материалдық байлық, екіншісі рухани байлық жан азығы адамның қуатын арттырады.
Адамның рухын, жан дүниесін біліммен нұрландырып тәрбиелеуде – ислам дінінің орны айырықша. Атап айтқандаМұхаммед пайғамбардың 197 – хадисінде: «алла сіздің сырт келбетіңіз бен нақты ісіңізге қарайды» делінген.
Хадистер сөйлейді.
«Ұят иманда», «Ұяда әмәнда жақсылық келтіреді.»
Кесдескенде кім бірінші болып сәлем берсе, сол адам тәңір алдында да, адам алдында да иманды адам. Иманның жақсысы – сабырлы және кең пейілді болу.
Тамақ салынған тамақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады.
Адам денесін ретке келтіруді мына нәрселерден бастасын: мұртын басу, сақалды қысқарту, тісті, мұрынды тазалау, тырнақты алу, буындарды су тигізіп жуу, дәретке отыратын орындарды таза ұстау, сүндетке отырғызу.
Ауырған адамға көмек беріңдер. Аурудан хал сұраңдар. Қарызға батқан адамның қарызын өтеуге көмек беріңдер.
Мұсылман дінінің заңдылықтары шариғат деп аталады. Шариғат бойынша кез – келген мұсылман адам ілімді оқып білуге міндетті. Кімде – кім оқымаса, талаптанбаса, ол Алла тағаланың әмірін орындамаған болып табылады.
Алла ақиқат, аллаға сенім етем,
Адамдық пен ақиқат серігі екен.
Адаспаймын, Аллама сенім етем,
Арамдыққа баспайтын жолы бөтен.
Я Аллам, жаратушым қорғаушым,
Өзің – өмір, өзің – қуат, қорғансың.
Іші өрт енсін, дұшпандарым долдансын,
Достарым көп демесін бір, қолға алсын.
М. Мақатаев
Алланың сөзі де рас, өзі де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөзі айырылмас.
Абай
Бисілла Рахман Рахим!
Арызым айтсам жетер ме?
Арыды арман, мұратым,
Арам тер болып бекерге.
Жаратқан кешір, таңырқап
Ерік бір берсем мазаға,
Екі дүниеде жарылқап,
Екі дүниеде жазала.
Иран – Ғайып
Қорытынды
Мұсылмандықтың парызын қабыл алып орындауға дейін де өз бойыңды күнә мен жамандықтан таза ұстау да үлкен имандылыққа, адамгершілікке жататынын есте ұстау керек. Екен, яғни басты қағида – бабалар аманатына қиянат жасамау.
Басқа ұлттың дініне еліктеме. Аулақ бол»
Өз дініңді құрметте.
Сабақтың тақырыбы: Даламның иісі бұрқырып, қарттарым аман саумысың?!
Сабақтың мақсаты:
Қарттарды құрметтеуге, ардақтауға, олардың өмір жолымен танысуға үйрету.
ұлттық салт сананы дәріптеу.. отанды құрметтеуге, үлкенді сыйлауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру
Ата – асқар тау.
Ана – бауырындағы бұлақ.
Бала – жағасындағы құрақ.
1. Әдептілі, адамгершілік туралы (сұрақ – жауап)
- Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің?
- Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар?
- Әдепті бала болғың келе ме?
- Әдепсіз дегенді қалай түсінесі?
- Әдепсіз бала қанадй болады?
- Әдептілікке бізді кім үйретеді?
Яғни адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер болады екен. біз ақылдылықты, адалдықты, қарапайым – кішіпейілділікті, инабаттылықты, шындықты үлкендерден үйренеміз. ол – біздің ата – анамыз, өскен ортамыз. жақсы қасиет ана сүтімен дариды. ана тілімен санамызға сіңеді. бізге дұрыс жол көрсететін ата – анамызды, үлкендерді сыйлау – біздің міндетіміз.
1 - оқушы:
Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кеміп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
2 - оқушы:
Көңіл жетім, болмаған соң сыңары,
Жалқы тірлік жаман сөзден сынады.
Жас баладай жаутаңдаған жанарға
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады.
3 - оқушы:
Қағыс естіп қалбаңдайды баладай
Ниеті ақ, пейілі кең даладай.
Кімге болса қарттық жетер аяңдап
Мәпелеңдер қарт біткенді аялай – деп сөз кезегін ата, әжелерімізге береміз.
Сұрақтар қою.
Әжелер өз өмір жолдарынан сыр шертеді.
Ән: «Асыл әжем»
4 -оқушы:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама.
Ер жетсем де еркелігім қалмайды;
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана.
5- оқушы:
Жолдас емес атағым мен дәрежем,
Жақын маған сенің жомарт кебежең.
Мен анамды анам бар деп көрмедім,
Өзің барда, көзің барда ақ әжем.
Қорытынды:
Оқушылар, міне, бүгін біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты әр үйде, айналамызда үлкен кісі, ата – апамыз бар, сол қарттарды әрқашан сыйлай білейік.
Сабақтың тақырыбы: Әдептілік - адам көркі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін қалыптастыру; адам бойындағы ұнамды – ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту. тіл байлығын таным белсенділігін арттыру, әдептілікке , сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Әрқайсыларың өз дөңгелектеріңді алып, артын аударсаңдар бір құпия табасыңдар. ал оның сиқыры мынада: артындағы суреттен сендер бір – бірлеріңмен қалай сәлемдесу керек екенін көрсетіңдер. егер күлкі бейнелесе онда бір бірімізге күлімдей қарайық. алақан бейнелесе қолымызды қысып амандасайық, жүрек болса құшақтасайық, күн болса жақсы ықыласпен амандасайық. бізідң тәрбие сағатымыз «Әдептілік, сыпайылық» деп аталады. біздің әдептілігіміз неден басталады? (Амандасудан)Амандасудың қандай түрін білеміз? (оқушылардың жауабы)
Әдептілік туралы ұғымды топтастыру.
і
зетті,
инабатты болу кешірім
сұрау көмектесу
рұқсат сұрау
қайырымды
жол беру мойындау
рақмет айту ата – ананы тыңдау
І. Мектепте (Суретпен жұмыс)
Алтын ақыл
1. Сабақтан кешікпе, сабақатн себепсіз қалма
2. мектепке келгенде бойыңды жинақтап, бас киіміңді ал.
3. Мектепке кіргенде әуелі мұғалімге, содан соң жолдастарыңа сәлем бер.
4. Сыныпқа үлкендер кірсе барлығымыз орнымыздан тұрамыз.
5. Сабақ кезінде тура қарап отыр.
6. Партаңды дұрыс пайдалан, оған ештеңе жазба.
7. Дәлізде жүгірме, баспалдаққа оң қол жағыңмен шығып, сол жақпен түс.
ІІ Кітапханада (Сұрақ - жауап)
Алтын ақыл
1. Кітапханада айқайлап сөйлеспе. сенен де басқа оқырмандар бар.
2. Алған кітабыңды сызбай, жыртпай, бүлдірмей ұстап тапсыр.
3. Кітап – білім бұлағы.
Сергіту сәті
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
ІІІ Көшеде (Проблемалық сұрақ)
1. Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің керек. көшеде бала жетектеп келе жатқан қария кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. сенің әрекетің...
2. Апаң сені дүкенге жұмсады. 10 минутта барып кел деді. сен жүріп бара жатқанда, алдыңнан бір топ әже келе жатыр. сенің әрекетің....
Алтын ақыл
1. Көшеде, аулада қатты айқайлауға болмайды. итерісіп – қағысып, төбелесіп жүретін жан тәрбиелі адам деп саналмайды.
2. Мәдениетті адам түкіре бермейді.
3. Үлкен кісінің жолын кесіп өтпе.
Қағаз, балмұздақ орауышы және әлде не қабықтары мен қалдықтарын қоқыс салатын жәшіктерге таста.
Мәнерлеп оқу. Әдептілік әліппесі.
ІҮ. Көлікте. Әңгіме «Әдеп» талдау жасау
Алтын ақыл
1. автобуста итеріп - кимелеме.
2. Айқайлап қатты сөйлеме.
3. Үлкен кісіге орын бер
Ү. Телефонмен сөйлескенде. (Көрініс көрсету)
Алтын ақыл
1. Таң атпай немесе түнге қарай ерекше бір жағдай болмаса, телефон шалған дұрыс емес.
2. Егер сен номерді қате терсең кешірім сұра.
3. Сұхбатты бірінші болып, телефон шалған адам аяқтауы тиіс.
4. 20 минуттан артық сөйлескен жөн емес.
ҮІ. Мақал – мәтел сайысы. (Кім көп біледі?)
ҮІІ Жалғастыр ойыны.
1. Не істеуге болмайды?
2. Не істеу керек?
Сиқырлы сөздер. Ізгі сөздер.
Хор Ұландар әні
Сабақтың тақырыбы: Мақал- сөздің мәйегі
Сабақтың мақсаты: Мақал – мәтелдердің ерекшелігі мен ұқсастығын меңгерту, мақалдардың ғибратты, өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданылатындығын түсіндіру.
Дамытушылық: қызықты грамматикалық ойындар арқылы тілбайлықтарын, ойлау қабілеттерін арттырып, салыстыру, қорытынды жасау және таным белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: мақал – мәтелдерді орынды пайдаланып, ұшқыр ойлауға, сөйлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактиыті тақта, мақал – мәтелдер,сызбалар, суреттер
Әдісі: оқыту, түсіндіру, сұрақ – жауап, топпен жұмыс, ойын.
Түрі : аралас сабақ
І Ұйымдастыру кезеңі
Топ құрып жетекшілерін тағайындау.
сурет сыңарын табу арқылы топ мүшесін анықтау.
1 – топ
1. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат.
2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
2 – топ
1. Күш атасын танымас
2. Ер есімі ел есінде
Бетке жазады, мағынасын түсіндіреді.
топқа сұрақ: Қандай ой түйдіңдер? оқушылари жауабы.
1. Мақал – мәтел аз сөзбен көп мағына білдіреді.
Оқушылардың жауаптарын толықтыру.
Мына сөздерге байланысты мақал – мәтелдер айту.
1. Білім. Әке. Отан. Бірлік
2. Еріншек. Жер. Гүл.Ана
Сабақтың тақырыбы: Кітап – жан азығы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетініні ұғындыру. кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы және кітапхананың мәдени – ағарту, ғылыми көмекші мекеме екендігі жайлы түсіндіру. оқушының зейінін, шығармашылық қабілетін, ой өрісін дамыту.
- Балар бұл жол басы даналыққа,
- Келіңдер оқып, байқап қаралық та,
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп, тауып алайық та!
Кітапты неден жасайды?
Кітапты қалай жасайды?
Кітапханада қандай тәртіп ережелерін сақтау керек?
Кітапханада қызмет жасайтын адамды кімдеп атайды?
Кітап не үшін керек?
Кітап қайдан шыққан?
Кітап оқу ережесі:
1. Кітапты күнделікті үзбей оқып, дағдыға айналдыр. ол үшін күнде кітапты оқуға уақыт бөлуді жоспарла.
2. Кітапты төсекте жатып оқыма.
3. Кітап пен көздің арасы 35 – 40 см. болуы тиіс және әрбір 45 – 50 минут сайын үзіліс жасау керек.
4. Кітап оқығанда бөлменің ауасы таза, жарық жеткілікті болуы керек.
Кітапханаға саяхат.
Кітап қайдан келеді?
Фотомонтаж. Науқас кітап.
Эссе «Кітап реніші»
топпен жұмыс
І топ: «Кітап» деген сөзге дыбыстық талдау жасау
ІІ топ Кітаптың суретін салу
ІІІ топ: берілген мақа – мәтелдердің жалғасын тауып жазады.
Мектеп – білім ...........................................................
Кітап – білім ...............................................................
Оқу – білім ..................................................................
Білім – өмір .................................................................
Қорытынды:
- Кітапты түсініп оқысаң көп білесің. ол сенің сөздік қорыңды байытып, ой – Өрісіңді кеңейтіп, сөйлеу мәдениетіңді арттырады. Кітап ұрпақтан ұрпаққа қалатын рухани қазына. сондықтан да кітапты жыртпай, қадірлеп ұстауға тиіспіз.
Сабақтың тақырыбы: Ер жеткенде ел сенер, Нағыз адам боламын
Мақсаты: нағыз азамат туралы түсінік беру,
Бір – бірімен жағымды қарым – қатынас жасауға, өзін де; өзгені де сыйлай білуге тәрбиелеу; өз ойларын жеткізе білу дағдысын дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер.
Барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Шаттық шеңбері.
Оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымызды тамаша тілекпен бастайық:
Қайырымды жүрекпен,
Мейірімді тілекпен,
Ізгілікті ниетпен
Азамат болып өсемін.
2. Негізгі бөлім
Сұрақ – жауап
Сен кімісің?
Досыңа қандай ақыл айтасың?
Ата – анаңмен сөйлесесің бе? Не тақырыпта әңгімелескенді ұнатасың?
Тіл табыса білемін бөлімі
Адамдармен тіл табысу үшін өз бойында қандай қасиеттер болу керек?
Кешірімділік, әдептілік, адалдақ сыйластық, достық, татулық, келісушілік
Оқушы: Қызықтайсың түрімді,
Қылығымды, білімді,
Осы емес пе бар бақыт
Айтшы досым шыныңдң.
Ренішті ұмыта білу, кішіпейіл болу, қателікті мойындау, өзара түсінісу.
Мақал айту.
Оқушы: Кешірім – ізгіліктің белгісі
Оқушы:
«Өзгеге жасаған ізеттің –
Өзіңе жасаған ізетің».
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
4. «Бәрін білгім келеді»
Шаттық шеңбері
Алақай – ау,
Алақай!
Алақай – ау,
Алақай!
Бұдан былай мен енді,
Емеспін жай балақай!
Осыдан да көлемді
Оқи алам өлеңді.
Бардым биыл мектепке,
Оқушымын мен енді
«Оқушы деп кімді айтамыз?
Оқушы мектепке не үшін келеді?
Мектептегі ең жақын адам кім?
Мақал айту.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Кітап – білім бұлағы
Оқу инемен құдық қазғанд ай.
А. Құнанбаев «Адам болам десеңіз»
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз.»
5. «Адам болу – арманым»
Оқушы:
«Арманшыл бала»
Айналайын, ақ мамам,
Барма тәтәң сақтаған?
Айналайын, жан әкем,
Мен сендерден бақ табам.
Әкем үйдің басшысы,
Анам үйдің жақсысы.
Інім үйдің еркесі,
Ал мен үйдің «серкесі».
Өсіп шығам осы үйден
Азамат болам өрелі.
Ел сенімін нық ақтар
Туған елдің өрені.
6. Көрініс «Мен адаммын ғой»
Әкесі
Баласы
Атасы
Кешке қарай әкесі мен баласы үйіне қайтып келе жатты. әкесі тасқа сүрініп кетті, аяғын ауыртып алады. Келесі күні сол тасқа тағы сүрінеді..
Әкесі баласына:
Балам, абайла! әлгі тасты айналып өту керек, - деді.
Жақындап келсе, тас жоқ. Жол жиегінде бір қарт отыр.
Ата, мына жерде жатқан тасты көрген жоқсыз ба?
Мен оны алып тастадым.
Сіз де сүрініп кеттіңіз бе?
Жоқ. Мен сүрінген жоқпын.
Онда неге алып тастадыңыз?
Өйткені мен адаммын ғой.
7. Шығармашылық жұмыс
Суретпен жұмыс
Адамның қандай жақсылық жасауы мүмкін?
8. Жүректен жүреке.
«Нағыз адам» Е. Өтетілеуов
Бүгін титтей баламын.
Әлі – ақ жігіт боламын.
Тапсырманы берілген
Дер кезінде атқарам.
Сенімді боп өзіме
Өзімді - өзім басқарам.
Күн нұрындай көңілім
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым,
Мен азамат боламын.
9. Қорытынды.
Оқушылар, сендердің жауаптарың, пікірлерің, ойларың, әрекеттерің адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді қаншалықты ұғынғандарыңды көрсетті.
Осы білгендеріңізді өмірде пайдаланып, нағыз адам болғандарыңызға сенгім келеді.
Оқушыларға тілек:
Жақсы оқушы бол!
Бастаған ісіңді соңына дейін жеткіз!
Тек жақсылық жаса!
Ерінбей еңбек ет!
Өзіңді, өзгені, айналаңды сыйла.
Әр іске жауапкершілікпен қара!
Нағыз адам бол!
Сабақтың тақырыбы: Абай тағылымы
Сабақтың мақсаты: Сабақ оқушыларды ақын өмірімен таныстыра отырып, шығармашылығын дәріптеу, өлеңдерін жатқа оқу, қара сөздеріне ден қою мақсатымен өтті.
Жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған! – деп ақын Абайдың өзі айтқандай, артына өшпес өнер, өлмес мұрасы - өлеңдерін, қара сөздері мен өнер, өлмес мұрасы - өлеңдерін, қара сөздері мен поэмаларын қалдырған А. Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы – біздің бүгінгі тақырыбымыз.
Абай кім?
Ойшыл
данышпан
қазақ халқыны ұлы ақыны
шын аты Ибрагим
аудармашы
ағартушы
Абайдың әкесі Құнанбай өте бай адам болған. Абайдың анасы Ұлжан – ақылды, мейірімді адам. Абайдың әжесі Зере тәрбиелеген.
Абай ұстаз.
Шәкірттері: Көпбай, Шәкәрім, Ақылбай, Әбдірахман, Тұрағұл,. Абай оларға өнер – білім жолдарын үйретті.
Абай ақыл ойдың алыбы.
Ол ақын ғана емес, әлемдік мәдениетке ортақ тұлға
Сабақтың тақырыбы: Сынып үздігі
Мақсаты: оқушылардың білім – білік дағдыларын байқау, өз - өздерін емін – еркін ұстай білуге үйрету, білім деңгейлерін толықтыру, тез әрі дұрыс жауап қайтару.
Дамытушылығы: оқушылардың ынтасын арттырып, қазіргі заман талабына сай әртүрлі білім сайысына қатысуға дайындау, тілдерін шапшаң ойлау қабілеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушыларды Отанын, ана тілін сүюге, белсенділікке, намысшыл болуға, саналыққа, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
1. Балардың аттары жазылған плакат
2. Сандар көрсеткіші
3. Жарыс шарттары
4. Пән аттары жазылған плакат
Кіріспе сөз
Бүгін сіздер бастауыш сынып оқушыларының «Сынып үздігі» атты бағдарламасын тамашалайсыздар. мұнда балалардың алған білімдерінің деңгейі қандай деңгейде екенін бағалау үшін өтілгелі отыр. құрметті қауым оқушыларды қошеметпен қарсы алайық.
Халқымыз жан – жақты адамды «сегіз қырлы, бір сырлы» дейді. адамның сегіз қырының бірі - оның білімі. білімді адамның көкірегі ояу, жақсы мен жаманды айыра біледі. міне, осы туралы өз ойларымызды ортаға салайық.
Оқушылардың өздерін таныстыруы. (музыка ойналып тұрады)
Сайыстың шартымен тьаныстыру.
1 – сынақ «Бәйге» сұрақтары
Берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысу керек. әр дұрыс жауап үшін 10 балл алуға болады. бәріне сәттілік тілеймін.
1. Адамдардың қатынас құралы (тіл)
2. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (үш)
3. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері (Т. Әубәкіров)
4. Сөйлеудің қандай түрлері бар? (ауызекі, жазбаша)
5. Ғарышқа ең алғаш ұшқан кім? (Ю. А. Гагарин)
6. Біздің туда не бейнеленген? (қыран, күн, ою)
7. Мәтіннің қандай түрлері бар? (сипаттау, пайымдау, әңгімелеу)
8. Тасымалданбайтын сөздерді ата (су, от, ай, өт)
9. Табиғат нешеге бөлінеді? (тірі, өлі)
10. Адамға қажетті бес нәрсені ата (ауа, су, күн, жылу, қорек)
11. Қара алтын дегеніміз не? (мұнай, көмір)
12. Табиғат құбылыстарына нелер жатады? (боран, жаңбыр, аяз)
13. Ұзындық өлшем бірлігі (мм, см, дм, м)
14. Қазақтың үш биін ата (Әйтеке, Қазыбек, Төле)
15.Көп бұрыштың қабырғаларының қосындысы (Периметр)
16. Белгісіз санды әріппен белгілейтін теңдік (теңдік)
17. Рейстагқа ту тіккен кім? (Р. Қошқарбаев)
18. Бәйтеректің ұзындығы неше метр? (97 метр)
19. Қағаз неден жасалады? (ағаштан)
20. Бір жылда неше күн бар? (365 - 366)
21. Сендерді емдейтін кім? (дәрігер)
22. Сен нешедесің?
2 - сынақ «Тіл өнері»
Бұл бөлімде еқазақша айтылған сөзді екі тілде аударма жасау керек.
1. Қалам – ручка
2. Дәптер – тетрадь
3. Кітап - книга
4. Рахмет – спасибо
5. Бес – пять
6. Жоқ – нет
7. Мұғалім – учитель
8. Мектеп – школа
9. Сынып – класс
10. Бор – мел
3 – сынақ «Қызықты бестік»
Әр цифрдың астында пән аттары жазылған. пән бойынша сұрақтардың дұрыс жауабын атау керек.
30 Дүниетану |
10 Математика |
30 Қазақ тілі |
30 Ана тілі |
20 Ана тілі |
10 Бейнелеу |
20 Дүниетану |
10 Дүниетану |
1. Математика 10
Барлығы 20 сәбізді 4 қоянға нешеден бөліп беруге болады?
2. Қазақ тііл
Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2)
3. Ана тілі 30
Қандай батырларды білесің? (Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс)
Дүниетану 20
Бізідң облысымыз қалай аталады (ШҚО)
5. Бейнелеу 10
Табиғатты бейнелеу қалай аталады? (Пейзаж)
6. Дүниетану 10
Мамандық түрлерін ата.
7. Дүниетану 30
Тірі табиғатқа не жатады? (Өсімдік, адам, жануар)
8. Ана тілі 20
Бір бала атаға жете туады,
Бір бала кері кете туады» бұл сөз кімдікі? (Төле би)
4- сынақ «Сөз шебері»
Әр ойыншы өз қалауы бойынша 1 өлеңді жатқа оқып береді.
2 ойыншы қалуы керек.
5 – сынақ «Жорға»
1 минутта қанша сұрақ таңдап, нешеуіне дұрыс жауап берулеріне қарай ұпай жинауға болады. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі.
1- оқушыға
1. Қыс айларын ата (Желтоқсан, қаңтар, ақпан)
2. Білім ордасы (мектеп)
3. Сөзге шебер адамды кім дейді? (шешен)
4. Қанша дауысты дыбыс бар? (15)
5. Сөйлемнені білдіреді? (тиянақты ойды)
6. Ең кіші натурал сан. (1)
7. Күйді орнындаушы кім? (күйші)
8. 16 желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік)
9. Ұя салмайтын құс. (Көкек)
10. Сиырдың пірі (Зеңгібаба)
11. Көру мүшесі (көз)
12. Жылқыға жұрнақ жалғанса, кім болады? (жылқышы)
13. Президентіміз кім?
14. Саусаққа тағатын бұйым? (Жүзік)
15. Кесінді ұзын ба, түзу ұзын ба? (Түзу)
16. Өшіру құралы (Өшіргіш)
17. Күй атасы кім? (Құрманғазы)
18. Қосылғыштың мәні (қосынды)
19. 72 – 70 (2)
20. 100 жыл (1 ғасыр)
2 – оқушыға
1.Сұраулы сөйлемнен кейін не қойылады? (сұрақ белгісі)
2. 4 түлікті ата.
3. Дауыссыз дыбыстар нешеу? (25)
4. Сөз неден құралады? (әріптен)
5. Балалрға біілм беретін кім? (мұғалім)
6. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
7. Ұшақ жүргізуші (ұшқыш)
8. 1 қыркүйек қандай күн? (Білім күні)
9. Суретші ата кім? (Ә. Қастеев)
10. Қой атасы (Шопан ата)
11. Есту мүшесі (құлақ)
12. Зиянды әдеттер
13. Оқушы айнасы (күнделік)
14. Қарағандының көмір өндіретін қаласы (қарағанды)
15. Азайғыштың мәні (айырма)
16. Дауыссыз дыбыс түрлерін ата
17. 1 аптада неше күн бар.
18.
19.
20.
Ойын соңында әділқазылар алқасы екі баланың ұпайларын есептейді. Жеңімпаз балаға «Сынып үздігі - 2013» деген атақ беріліп, тиісті сыйлық табыс етіледі. Ақ тілектерін айтып қорытындылау.
қатысқан оқушыларды марапаттап, сыйлықтар беру.
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұмары – теңге
сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік тұмары атанған төл теңгенің тарихымен таныстыру.
2. Экономикалық мәдениеттің алғашқы шарттарын қалыптастыру, оқушылардың бойында ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерді дамыту.
3. үнемділікке, төл теңгемізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, талдау, жинақтау, интерактивті тақтамен жұмыс т.б
Көрнекілігі: шетелдің ақшалары, монеталары теңгенің ескі үлгілері мен қазіргі қолданыстағ үлгілері, ақшалар, газет – журнал материалдары.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Әнұран
2. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын қадағалау.
3. Сабаққа психологиялық дайындық.
Бүгінгі сабағымыз, тәуелсіз еліміз – Қазақстан үшін, біз үшін қасиетті болып саналатын ТЕҢГЕ жайында.
(Тақырыпты хабарлау, мақсат қою)
ІІІ. Қызығушылықтарын арттыру.
(Әр елдің ақшалар мен Кеңес өкіметі тұсындағы ақшалар мен тиындардың үлгілерін көрсету)
- Балар, ақшаның адам өміріндегі маңызы бар ма? болса қандай?
- Зататр аласың, білім аласың, емделесің, құтқарасың, көмектесесің. т.б
- Ұстаздардың ұстазы атанған К. Д. Ушинский өзін – өзі тәрбиелеу ережесінде:
«Әуесқойлық, құмарлыққа емес, қажеттілік пен сүйсініске шығындау керек» деп Абай атамыз да: «Еріншек бекер мал шашпақ, бес дұшпанын білсеңіз», - деп үнемділікке үндейді. Ақша табу үшін не істеу керек?
- Еңбек ету керек.
ІҮ. Негізгі бөлім
- ҚР – да қандай ақша айналымға түседі?
- Теңге.
Ежелгі сақ тілінде «тенг» «тенг» деп буылған затты, буманы атаған. саудаласқанда теңді бір – біріне айырбастап саудаласқан. Қазақтарда қазіргі кезде де буылған жүкті «тең» дейді. кейіннен теңге түбіір қалыптасып, ол ресми ақша бірлігіне айналды.
Ежелгі Отырарда, Испиджабта мәнет сарайлары болған. онда алтын мәнеттер шығарылып, даналап емес, салмағына қарай қолданылған. керек болғанда майда бөлшектерге бөлінген. сол секілді Ежелгі Грекияда, Үндістанда, Қытайда алғаш тиын шығарылған. ол тиын 8 бөлікке бөлінген. Алғашқы қағаз ақша да Қытайда пайда болған. қағазды ойлап тапқан соң, ең құнды зат ретінде санап, онымен саудаласқан.
ХІҮ ғасырда Қазақстандамыс динарлары қолданылған.
ХҮ ғасырда Ташкент, Яссы (Түркістан), Сырдария маңында тек күміс қолданылған.
ХҮІІІ ғасырда орыс мәнеттері мен ақшалары пайда болып, ХІХ ғасырда барлық сауда орыс ақшасымен жүргізілді.
Қазіргі кезде әр елдің өз ақшасы мен тиыны бар. олар әр қалай аталады.
(Итерактивті тақтада әр елдің ақшасын көрсету)
(қазіргі айналымдағы теңгелерді көрсету)
- Оқушыларға сөз кезегін берейік.
1 – оқушы:
Қазақстан теңгесі – ҚР ұлттық валютасы, ҚР Президентінің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.
(алғашқы теңгелердің суретін көрсету.)
2 – оқушы:
Алғашқы теңгелердің шығарылған қатары 1,3,5,10,20,50 тиындық монеталар, бастапқыда қағаздан жасалды. кейіннен дизайндары өзгертіліп, монеталармен алмастырылды.
(суреттерін көрсету)
3- оқушы:
Теңгенің дизайны әр жыл сайын өзгертіліп отырады.
4- оқушы:
2001 жылғы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай 5000тг. Мерейтойлық банкнот шығарылды.
5 –оқушы:
ҚР – да ақша айналысында ақшалар мен қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталары да жүреді. олар белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие. бірақ олар мәдени ағарту мақсатында шығарылған, таралымы шектеулі, әрі шет елде коллекциялық құнмен сатуға арналған.
6 –оқушы: 1993 жылға дейін айналыста кеңес рублі болды. 1993 жылдың күзінде Қаазқсатн рубль аймағынан шықты.
7 – оқушы:
Ұлттық влютаны енгізу туралы Жоғарғы Кеңес пен Үкіметтің бірлескен қаулысы қабылданды.
8 –оқушы:
Теңгеміз сол мезетте Тәуелсіздігіміздің тағы бір айғағындай болып, патриоттық сезімімізді оятты.
9 – оқушы
Теңгенің дизайнын шетелдік мамандар өте жоғары бағалады. АҚШ долларының небәрі 4 қорғаны болса, біздің төл валютамыздың 14 қорғаны бар.
10 – оқушы:
Бұл істе өз өнерін сарқа жұмсаған Хайролла Ғабжәлеловтың ерекше атап айтамыз және дизайндық қасиеттері бойынша Халықаралық «Алтын белгіні» жеңіп алды.
11 – оқушы:
Бұл туған еліміз үшін зор мәртебе, қуаныш еді.
12 – оқушы:
1997 жылы Президент Жарлығымен 15 қараша төл теңгенің туған күні, әрі қаржыгерлер күні болып белгіленеді.
13 – оқушы:
Теңге. Мұслима Жұбанова
Көріп, біліп, танып ал,
Қазақтың тұңғыш теңгесін.
Әр санының мәні бар
Теңгені кім кем десін?
14- оқушы
Жарқырап жүзі қарайды,
Сансыз көпті санайды.
Әлемге елін танытып,
Қазақша сөйлеп тарайды.
15 – оқушы:
Мен теңгемін, теңгемін,
Базарда әзір кенжемін.
Кедей елде туғам жоқ
Болашаққа сенемін.
16 – оқушы:
Елімнің сақтап мерейін,
Бағымды сынап көрейін,
Доллардан қалғым келмейді
Артық болам демеймін.
17 – оқушы:
Нарықтың біліп айласын,
Қазақтың ойлап пайдасын,
Теңгені жерге қаратпас
Азамат – ерлер, қайдасың?
Қазір салыстыру жұмысын жасап көрейік, әкелген теңгелеріңмен кез – келген қағазды салыстырайық. қағаздардың айырмашылығын сезіндік пе?
Қалай ойлайсыңдар, ақшалар неліктен сондай ерекше қағазға басылады.?
Себебі, әркім өздері жасап алмас үшін және бұл мемлекеттің қатаң бақылауында болады. мемлекеттік қордан көп мөлшерде ақша бөлініп, 1993 жылы Германияда жасалған. Ал монеталарды алғашқыда сол жақта кейіннен өзімізде монет ауласында жасады.
Теңгеге мұхият қараймыз, қандай жазулар бар?
Дұрыс, теңгені қолдан жасау заңмен қудаланады. яғни заң жүзінде ҚР Конституциясының Қылмыстық кодексінің бабы бойынша жауапқа тартылады.
Сабақтың тақырыбы: Ұлыстың ұлы күні, Наурыз!
Мақсаты:
1) Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт – дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2) Оқушылардың ойлауын, қиялын, өрісін, іздену негіздерін ұлтжандылыққа, имандылыққа, халқымыздың салт – дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу, дамыту.
(Музыка ойнап тұрады, күй)
1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! бүгін сөздердің алдарыңызда 2 – сынып оқушылары дайындаған «Ұлыстың ұлы күні, Наурыз!» атты думанды кешімізге қош келдіңіздер! атты думанды кешімізге қош келіңіздер!
2 –жүргізуші:
Ақпан кетті араз боп наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп жанын үзген,
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
1– оқушы:
Көктем келді өмірдің келешегі,
Көкпен бірге күркіреп тал өседі.
Сағым қыздың ап қашып орамалын,
Асыр сап тентек жігіт – жел еседі.
2– оқушы:
Көктем келді ауылға мамырлап бұлт,
Таң – тамаша дүние дабырлап жұрт.
3 – оқушы:
Жаз иісі бүгін келді жан жайланды,
Кешегі көрген бейнет артта қалды.
Өмірге жаңа жолдар ашатұғын,
Жаңа жыл – бүгінгі күн жаздың алды.
Хор: «Көктем әні»
1 – жүргізуші:
Армысың, әлемнің алтын шырағы!
Күн Ана! Төрлетіңіз
Атар таңға, батар күнге тәу – тәу!
4 – оқушы: Күн – Ана
- О, қасиетті ЖЕр – Ана! Алла – тағаланың әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін саған бас иемін. мен сен үшін табиғат байлығына енген тау тасыңның, жан – жануарыңнан бастап адамзатыңа дейін қуаныш нұрын себу үшін, өзіңнің гүл көктеміңді, Ару көктемімді шақырғалы отырмын.
2 – жүргізуші:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тіршілікке,
Құтты болсын қуанышың, Ару көктем,
Шақыратын бәрімізді бірлікке.
5 – оқушы: Көктем ару
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылды қарсы алайық,
Өшкен шырақ жағылсын,
Көктемнің әрбір ақ таңы,
Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын!
1 –жүргізуші:
Бүгін Ұлыстың ұлы күні! Ата – бабаларымыздың сөзімен айтсақ, «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» Ендеше наурыз мейрамының салтанатты Наурызды шақырайық.
2 – жүргізуші:
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып шын жүректен,
ел болып қарсы алайық.
6 – оқушы:
Наурыз – Қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыздың 22 – де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді, тіршілік басталады. қазақ халқы үшін үлкен мейрам – жаңа жыл наурыз мерекесі.
1 – жүргізуші:
Наурыз мейрамы таң шапағын қарсы алудан, «Бұлақ көрсең - көзін аш» деп аталатын ескі ғұрыптан басталып, ауыл – аймақ, көше , аула, бұлақ көздері тазаланады.
Ән: Наурыз
2 –жүргізуші:
Наурыз мейрамы өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. ол парсының «Нау - руз» - жаңа күн деген сөзінен шыққан. бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары – Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынұлы біршама деректер жинаған. күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды екен.
7 –оқушы:
Ұлыс күні кәрі - жас
Құшақтасып, көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өрістен.
8 – оқушы:
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты наурыздан.
9 –оқушы:
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз!
Ән. Жау, жаңбыр
1 –жүргізуші:
Қазақ халқы жаңа жылды 22 – наурыз күні таңғы сағат 3. 00 – де қарсы алған. дәл сол сәтте даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітсе керек.
10 – оқушы: Сондықтан сол күнді асыға күткен үлкендер:
Самалық, самалық
Самарқаның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
Самалық, самалық
Қап тауының көк құны
Жүгірді ме, көрдің бе? – деп сұрау қойған.
11- оқушы
«Жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге 2 шырақ жағып, үйдің іші – сыртын мұнтазадй етіп тазалап қойған. Наурыздың «Ұйқыашар», «Селт еткізер» деген жастарға лайық дәстүрі бар.
12 – оқушы: Наурыз күнінің бір ерекшелігі – бұл күн көрісуден басталады. Ер адамдар қос қолдасып, төс қағыстырады. әйелдер құшақтасады. бұрын бір – бірімен араз адамдар болса, наурыз күні тауласады.
13 – оқушы:
Наурыз келді жайраң қақты таң күліп,
Жап – эжасыл боп кетті дүние жаңарып,
Жақсылыққа жаршы болған , наурызым,
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.
14 – оқушы:
Наурыз тойы басталды,
Ел еңбегі ақталды.
Құрметтейік үлкенді,
Қолдайықшы жастарды.
15 – оқушы
Наурыз келді тамаша,
Ән айтамыз таласа.
Апам – атам той тойлап,
Қуанып жүр балаша.
16 – оқушы:
Ұлыс тойының тойлану барысында дәстүрлі ұлттық ойындар «Көкпар», «Қыз қуу», «Теңге ілу», «Ат жарысы», «Күрес» т.б ойналып, ұлттық салт – дәстүріміз сақталған.
17 – оқушы: Наурыз күнінде ерекше қасиетті саналған үлкендердің берген батасы:
Шаладр бата беріскен,
Сақтай гөр деп терістен.
Тазарайық кел десіп,
Мол несібе бер десіп, - деп, Наурыз жырында айтылмақшы мақсаттарға пайдаланып, ел бірлігін күшейткен.
18 – оқушы:
Тірліктерің оң болсын,
Дастарқаның мол болсын,
Жүре қалсақ шалғайға,
Сәттілікпен жол болсын.
19 – оқушы:
Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын,
Қайда барса жол болсын.
Ұлыс береке берсін,
Пәле – жала жерге енсін.
Хор Атамекен.
Сабақтың тақырыбы: Желтоқсанда – мұзда жанған алауым,
желбіретті Тәуелсіздік жалауын
Тәрбие сағатынң мақсаты: 1986 жылығы Желтоқсан оқиғасын неден бастау алып, оның не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету, желтоқсаншы жастармен тансытыру, оқушыларды елін, жерін халқын сүюге тәрбиелеу.
сабақтың көрнекілігі: Түрлі қанатты сөздер, «Жаңғырығы ерліктің жүрегімде» атты қабырға газеті, қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, Е. Сыпатев суреттері, үнтаспа.
Мемлекеттік Әнұран орындалады.
1 –оқушы:
Желтоқсан айы... Желтоқсан, қараша мен сол бір екі ай...
Кешегі дүркіреп өткен 1986 – шы барыс жылына дейін дүйім қазақ үшін Желтоқсан атауы, және бір қыстың атауы еді. кейін бұл сөздің мән – мазмұныда, құлаққа жетер әуені де өзгерді.
2 – оқушы:
1986 жылы 17 – желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек! Қазақ еліне өз көсемі сайлансын!» деген тілек білдірді. сол кездегі үкімет басшыларынң бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде қаншама зәбір көрсетілді.
3 – оқушы:
Жас арудың жанарында -
Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында –
Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған
халқымның,
Қара тұман қабағында –
Желтоқсан.
4 – оқушы:
Жауыздықты жасқаған да –
Желтоқсан,
Жағңа ғұмыр бастаған да –
Желтоқсан.
жазықсыздың көз жасына
жуынып
Абақтыға тастаған да –
Желтоқсан.
5 –оқушы:
Намысымның шырағы да –
Желтоқсан,
Сырқай өмір сынады да –
Желтоқсан,
Жігіттіктің ұраны да –
Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да –
Желтоқсан.
6 –оқушы:
Желтоқсан - заман, толғағы байтақ даламның,
Шарпысқан сәті үміт пен күдік наланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пенен Сәбира,
Құрбаны болған жаланың!
7 – оқушы:
Желкеге тиді сілтенген күрек, қамшылар,
Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?
Жастарға шашқан мұзды судан мұз шашырап,
Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.
8 – оқушы:
Иттерін қосып жендеттер есер қабаған,
Ай – ару қыз – қарындастарымды талаған.
Құрбаны болып әміршіл өктем жүйенің,
«Нашақор» болып отталып кетті – ау сан адам.
«Қайсар рухты қазақ – Қайрат Рысқұлбеков»Құрманбек Қалмұратов пен Сейітбек Тарақовтың өз көздерімен көргендерін оқып беремін.
«Желтоқсан жұлдыздары» буклетімен таныстырамын.
9 – оқушы:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын жас қайратым, жас өркені халқымның.
10 – оқушы:
Желтоқсанның жан түршігер күндері,
Жалдап әскер аяушылық білмеді.
Бұрымынан сүйреп ару қыздарды,
Ал, ұлдарды тоғытқан жер түрме еді.
11- оқушы:
Қазақ халқын қорлап, арынаяққа таптап, баяғысынша өктемдік еткісі келген Орталықтың оспадарсыз ісіне қарсы бой көрсеткен желтоқсанның сұрқай күнін ұмыту – өткеніңді ұмыту.
Астананың кең көшелеріне сыймай, сеңдей соғылысқан жастар, тығырықтан алып шығар жолды іздеді. ақыл айтар, жөн сілтер ағаларын таба алмады.
12 – оқушы:
Әр қазақтың есінде сақталады.
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік мақталады.
Қорытынды.
Сабақтың тақырыбы: Өз құқыңды білесің бе ?
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың құқықтық білімін арттыру. құқық жайында ой жүйесін дамыту. Өз елінің ата заңына бағына отырып, оны қорғап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап, ойын түрінде.
Көрнекіліктер:
Буклеттер. Балар құқығы туралы конвенция.
Өту барысы: І. Әнұран
- Біз бүгін тәрбиелік шарамызды әнұранмен бастадық. осы әнұран арқылы елімізге деген сүйіспеншілігімізді білдіреміз. осы байтақ елімізде халықтың құқын қорғайтын заңымыз бар. сондықтан бүгінгі тәрбиелік шарамыздың тақырыбы да «Өз құқыңды білесің бе?» деген атпен аталады. олай болса сіздерді қонақтармен таныстыру үшін «Менің атым кім және ол нені білдіреді?» деген ойынмен бастағалы отырмыз.
Ортаға әрбір бала шығып өзінің есімін таныстырып өтеді.
- Жақсы, балалар сендер өздеріңнің есімдеріңді, оның нені білдіретінін айттыңдар. Енді, балалр, осы жерде қандай құқық туралы айтуға болады.
- Бала туғанна кейін есім алуға құқылы.
Дұрыс айтасыңдар. Балалр сендер сабаққа келесіңдер. Одоан кейін не істейсіңдер? Осыны ойын арқылы жүзеге асырып көрейік. менің қолымда доп бар. Допты әрқайсыңа лақтырғанда сендер бос уақыттарыңда не істейтіндеріңді айтыңдар. Сонымен ойынымыз басталды. (Балар жауабы)
Жарайсыңдар. Енді осы жерде қандай құқық туралы айтуға болады.
- Дем алу құқығы туралы.
Осы құқықтардың барлығын біріктіріп, жинақтап жазылған. Біз оны заң деп атаймыз. Конституция 98 – бап, 9 тараудан тұрады, енді балалар, бізге ертегі елінен қонаққа Тазша бала келу керек. мінекей, өзі де келіп қалған сияқты.
Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар. Мен ханның жарлығымен өзімнің тапқырлығыммен өтірік өлең, қырық өтірік әңгіме айттым. Сонымен халықты риза еттім. Осы жерде қандай құқық туралы айтар едіңдер?
Кәне, балалар, Тазшаға көмек көрсетейік. Осы жерде оның қан дай құқы бар?
- Тазша өз пікірін еркін білдіруге құқылы.
- Келсі ойынымыз «Шуағынан айырылған күн» деп аталады. сіздердің алдарыңызда күннің шуағы бар, сол шуаққа сіздер өздеріңіздің білетін құқықтарыңызды жазыңыздар. Сода біздің күніміз әлемге шарқырап, шуағын шашып тұрады. (Балар күннің шуағына білетін құқықтарын жазады.)
- Мінекей, балалар, біздің ойшыл қазақ аталарымыз адам құқығы мен бостандығын қорғаған. Атап айтқанда олар үш жүздің билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Абай атамыз да адам бостандығы үшін күрескен ақын. соңғы ойынымыз мақал – мәтелдерді аяқтау. (Балаларға конверт таратылады. )
Осы мақалада айтылғандай біреуге қиянат жасамай, тек жақсылық жасап, заңды құрметтеуіміз керек. Сөзімізді қорытындылауға балаларға сөз береміз.
Сабақтың тақырыбы: Әке отбасының тірегі
Сабақтың макқсаты: Әкелерді сынып жұмысына тарта отырып, бала тәрбиесіндегі орнын және көзқарасын білу. «Әке» деген ұғымның терең сырын ашу, әкені сүюге, қадірлеуге, әке үмітін әке тілегін ақтай білуге үйрету.
Әдісі: пікірлесу, сайыс, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: «Тай өссе ат тынығады,
Ұл өссе әке тынығады»
2. «Бала» дегеніміз болашақ»
Балалар «Әке деген кім?»
Деген сұраққа өз ойларын айтты.
Қазақ ақындарыныңәке туралы жан тебірентер жыр шумақтары оқылады.
Тәрбие сағатының алдында оқушылардан сауалнама алу.Оқушылардың сауалнамаларымен таныстыру.
Тәрбие сағатына қатысып отырған әкелерді сөзге тарту.
1. отбасында бала тәрбиесіне кім көп көіңл бөлгені дұрыс?
2. Қыз баланы әлде ер баланы тәрбиелеу қиын ба?
Бала тәрбиесінде әке қатал болу керек пе?
Одан соң балар әкенің балаға деген тілегі туралы өлең шумақтарын жатқа оқиды.
Балалар әке туралы жазған шығармаларын оқиды.
Әке тілегін, әке үмітін ақтау – әр баланың қасиетті міндеті. Нұрлы Ислам дініде де ата – ананы сыфйлау, құрметтеу, кемшіліктерін кешіру сияқты жақсы қасиетке шақырады.
Көңілім бүгін алаңды,
Күттің бе әке балаңды.
Шаттықпен жарқын тойыңа,
Сыйлаймын сазды бұл әнді» дей келе оқушылардың дайындаған «Әкешім» әнін қабыл алыңыздар!
Ән«Әкешім»
Қорытынды жасалады.Тамырынан, яғни туғаннан дұрыс нәрлі, тәрбиелей білсек, құндағынан адал, яғни дұрыс тәрбие алған әр сәби, әр бүлдіршін ертеңгі елін ойлайтын саналы азамат болары сөзсіз.
Әке - асқар тау. Сондықтан да асқар тауымыздың еңсесі биік болсын десек, жақсы оқып, тәртіпті болыңдар, балар деген тұжырым жасау. Концерттік бағдарлама.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы бюджеті және мен
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға экономика жайында алғашқы түсініктерді енгізе отырып,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ә) Ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту.
Б) Жағдаяттарды шешу барысында өмірге дұрыс бейімдеу.
Сабақтың көрнекілігі: Схема, тапсырмалар және үлгі жауаптар, суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбие сағатының өтілу барысымен таныстыру. сыныпты 3 топқа бөлу.
ә) «Ойлан тап» ойыны
б) «Экономика», «қажет», «керек» терминдеріне түсінік беру.
в) Экономикалық сұрақнама (топпен жұмыс жасау)
«Ойлан, тап» ойыны
100 - 50 |
э |
|
30 + 30 |
0 |
|
|
|||
70 – 30 |
к |
60 + 20 |
м |
|
|
|
|||
70 – 50 |
о |
20 – 20 |
и |
|
|
|
|||
40 + 50 |
н |
30 – 20 |
к |
|
|
|
|||
40 + 30 |
а |
|||
э |
к |
о |
н |
о |
м |
и |
к |
а |
50 |
40 |
20 |
90 |
60 |
80 |
0 |
10 |
70 |
Өрнектерді шеше отырып, балар жаңа «экономика» терминімен танысады.
Мұғалім түсіндірмесі (схема бойынша)
1. Экономика – үй шаруашылығын ұқыптыжүргізу ережелері. Яғни,қаншалықты үй шаруашылығын ұқыпты, тиімді, ақыл оймен жүргізе алсақ, соғұрлым үнемшіл боламыз.
2. Адам пайдалана алатын заттар керек, қажет болып бөлінеді. Қажет – адамның дәл мерзімінде, дәл қазір қолданатын аса керекті заттар тобы.
Керек –адам пайдалана алатын, бірақ дәл қазір, белгілі бір мезгілде қолданылмайтын заттар тобы.
Мұнан әрі, үйде, қоғамда, мектепте қандай зататр тобы қажет екеніне тиянақты тұжырым жасау мақсатымен топпен жұмыс ұйымдастырамын.
Сұрақтар тобы:
1 – топ сұрағы: Өмір сүру үшін нелер керек? 2 – топ сұрағы: Үй тұрмысында нелер керек? 3 – топ сұрағы:Оқушыға не керек? 4 – топ сұрағы: Бейнелеу өнері қандай зататр тобы қажет? 5 – топ сұрағы: Оқушының мектепке келуі үшін қандай киімі болуы керек?
|
Жағдаяттар шешу.
Нұсқау.
Топ болып талқылаңдар. (3 минут)
Жауабын сахналаңыз
Қай топжауабы үлгі жауаппен сай келсе, сол топ жеңімпаз.
1 – жағдай Сен анаңмен бірге базарға дене шынықтыру сабағынан аяқ киім алуға бардың. базарды аралап жүріп 300 теңге тұратын машинаны ұнатып қалдың. сен машинаны алғың келеді. ал анаңда бары 600 теңге ғана. сенің әрекетің ...
2 – жағдайТаңертеңгі астан соң әкең саған майда ақшасы болмағандықтан, 200 теңге берді де, тамақ алып жей ғой - дейді. Сен мектепке қуанып келдің. Асханаға кірдің .. оқиға әрә қара қалай өрбіді?
3 – жағдай Биылғы жылғы оқу жылында ана тілі оқулығы жетіспейді. базардағы оқулық бағасы 450 теңге. Анаң туыстардан оқулығыңда тауып әкелді. Бірақ, алып келгенде оқулық өте ескі, сыртқы мұқабасы жыртық еді. Сен оқулықты ұстағың келмей қалды. Сенің әрекетің...
4 – жағдайСен ініңді балалар бақшасынан үйге алып қайттың. Інілерің қарны ашқанын айтты. сенде 15 теңге бар. төмендегі заттардың қайсысын алар едің? Неге? Себебін түсіндір.
5 - жағдай
5 – жағдай. Сенің былтырғы аяқ киімің биыл да өзіңе шақ. бірақ оны киіңкірегің келмейді.жыртық болмағанымен ескілеу. ойыңды әкеңе айтып көріп едің, әкең әлі айлық ала алмай жатқанын айтты. Сенің әрекетің...
Жағдаяттардың жауаптары.
1 – топ Мен аяқ киім алар едім. себебі мен онсыз дене шынықтыру сабағына қатыса алмаймын ғой.
2 – топМен асханадан 1 күлшежәне 1 шай алып ішер едім де, қалған ақшамды әкеме қайтарар едім.
3 – топ Маған ең бастысы – білім. ал білімді тек жаңа оқулықтан ғана емес, ескі оқулықтан да алуға болады. сондықтан кітапты түптеп, тігіп алып, оқи беремін.
4 – топ 1кг алма алар едім. Себебі, екі інім таласады. ал сағыз тамақ болмайды. Алманы үшеуміз де жер едік. әрі онда дәрумендер де мол.
5 – топ Мен былтырғы аяқ киімімді кие беремін.Өйткені мен әкемнің көңіліне қараймын ғой.
Тапсырмаларға жауап беру.
Өмір сүру үшін не қажет? 1 – топтың жауаптары Өмір сүру үшін: 1.Жарық 2. Жылу 3. Тамақ 4. Ауа 5. Су |
Оқушыға керекті заттар тобы: 2 – топтың жауабы Оқушыға керекті заттар: 1. Оқулық 2. Дәптер 3. Сызу, жазу құралдары 4. Бояу түрлері 5.Сөмке
|
Үй тұрмысына не қажет? 3 – топтың жауаптары: 1. Тоңазытқыш 2. Диван 3. Телевизор 4. Ыдыс – аяқ 5. Телефон 6. Сыпырғы 7. Кілем, текеметтер |
Бейнелеу өнері сабағында қандай заттар тобы қажет? 4 – топтың жауабы 1. Сурет дәптер 2. Бояу қарындаш 3. Оқулық 4.Өшіргіш 5 . Су бояқ |
5 –топтың жауабы Дене тәрбиесі сабағында қажетті киімдер тобы: 1.Футболка 2.Трико 3. Жеңіл аяқ киім 4. Олимпика |
|
Бүгінгі сабақтан біз не ұқттық, қандай түйінге келдік?
Кез келге жағдайда дұрыс шешім таба білу қажет;
Ол үшін дұрыс ойлану керек;
Экономикалық әр адамның өз басынан басталады.
Әрқайсымыз үнемшіл, ұқыпты болуымыз қажет
Нәтижесінде:
Еліміздің экономикасын дамытушы, жоғары, икемді, ұқыпты тұлға біз боламыз!
Сабақтың тақырыбы: Менің денсаулығым менің байлығым
Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру..
ә) қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш қуатын молайту.
б) Дұрыс тамаөқтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру.
в) Тазалық және жеке бас гигенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: денесін шыңдауда шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс.
Әдісі: Сұрақ – жауап, талдау – жинақтау, тренинг, сахналау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбасы, сызылған плакаттар, түрлі тағамдар мен спорттық құралдыр.
Сабақтың абрысы:
1. Психологиялық дайындық
І Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге өткен сабақта қандай тапсырмалар берілді?
- Адам денсаулығы, оны сақтаудың жолдары, тазалық жөнінде оқыған, үйренген іс – әрекеттеріміз туралы айтып, ойымызды ортаға салуға даярланып келу және ұсыныс пікір айту.
ІІ Алғы сөз.
1. Тақырыпты хабарлау. Тәрбие сағатының мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
2. Ой шақыру.
Байлық дегеніміз не? (Оқушылар байлықтың мағынасын тірек – сызба арқылы түсіндіреді)
Ақша
Табиғат
Саябақ
Мал Машина
Денсаулық
Тірек сызбаны қорытындылай келе, сарапшылар сөзін тыңдай отырып, байлық сөзінің сызбасын шығарып, ең үлкен байлық – денсаулық екенін айтады.
Ү. Ой толғаныс
«Денсаулық» атты сызба бойынша жұмыс олай болса деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?
Сызбадан қажеттіліктерді оқушыларға оқыту арқылы әрбір топ өз ойларын ортаға салады.
Табиғи күш Тазалық
Дене шынықтыру Тамақ
Өз ойларын ортаға салу үшін әр топқа ашық хат ішіндегі сұрақтар беріледі.
І топ «Табиғи күш» тобы
- Сендер қандай қажеттіліктер туралы сыр шертесіңдер, олар қандай күштер?
- Күн, таза ауа, судың денсаулыққа тигізер пайдасы қандай?
- Өз достарыңа табиғи күшті қорғауға қандай ұсыныстар айтар едіңдер?
- Ата бабамыз табиғи күш қуаттарының қадірін түсініп, әдемі де әсерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген. СМол аталы асыл сөздерден мысал келтіріңдер.
ІІ топ «Ептілер мен күштілер» тобы
- Денені шынықтырудың маңызы қандай? шынықтырудың түрлерін ата.
- Өзің сүйіп орындайтын спорттық ойындар мен жаттығу түрлері? (Оқушы өзінің күнделікті айналысатын спорттық жаттығуларын көрсетеді)
- Ертеде балалрды қалай шынықтырған? Неге? Ұлттық ойындар, оның пайдасы?
- Соңғы кездерде шыққан спорттың түрлерін ата. Оның мақсаты қандай?
- Дене шынықтыру жұмыстары туралы өз ойың№
Дене шынықтыру туралы жаттаған нақыл сөздерің бар ма?
ІІІ. Шипалы тағамдар тобы
- Дұрыс тамақтану жолдары қандай?
- «Батпайтын ас – жеген кісінің өзін жейді» деген нақыл сөздің мағынасын түсіндір.
- Асқа тағамдарды қалай пайдалану керек деп ойлайсың?
- Тағамның түрлерінің адам денсаулығына пайдасы мен зиянды жақтарын салыстырып көрсет (сүт пен сыра, алма мен конфет, шипалы су мен тәтті сусындар)
ІҮ топ «Әдемілер» тобы
- Жеке бас тазалығы деген не?
- «Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі» деген мақалдың мағынасын түсіндір. өзің білетін, оқыған мақал - мәтелдеріңді айт.
- таза жүретін баланы қалай атайды?
Оның достары нелер?
- Тазалықты сүймейтін баланы қалай атайды? оған оқыған шығармаларыңнан қандай мысалдар келтіресіңдер?
Әр топқа берілген сұрақтар бойынша оқушылар өз ойларын, ұсыныстарын, пікірлерін ортаға салады.
Ұжымдық эжұмыс
- Ауру жанға араша кім және ақндай орын? (емхана, дәрігерлер, мейірбикелер, халық емшілері)
Оқушы жауабы мен өлең жолдарымен қортындыланады.
Денсаулықтан адамға не бар қымбат,
Ауру төнсе, кең дүниені тар қылмақ.
денсаулықтың қорғаушысы болам деп,
Дәрігерлер берген Отан алдында ант.
Ой тұжырымы
- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
- Нені ойға тоқып, жадымызға сақатауға тиіспіз?
- Сендерге қанадй азамат болып өсулерің керек? (оқушылардың жауаптары тыңдалады және сарапшылар қай топтың көбірек жауап бергенін ескеріп, қорытындылайды)
Қорытынды сөз:
Шығыста: Сау дене, зат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады өмір деген нақыл сөз бар. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.
Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір жарқын болашақ
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар
Сабақтың тақырыбы: Ынтымағы жарасқан ел
Сабақтың тақырыбы: Менің досым
Сабақтың мақсаты:Досытқ ұғымын, оның құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.
Міндеттері:
Оқушыларға адам бойындағы достық сезімінің құдіретін ұғындыру.
Досытық туралы мақал – мәтелдердің мағынасын аша отырып, өзіндік ой пікірлерін айтқызу арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу.
Өзара татулық сезімдерін дамыту.
Әдепті, мәдениетті сөйлеуге, анна тілін сүюге, достық қарым – қатынас арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз!
Бізідң топта ұл – қыздар,
Тату – тәтәті ойнаймыз!
Ойланайық, пікірлесейік.
1. Біз қандай оқушымыз?
2. Бір – бірімізбен қарым – қатынасымыз қандай?
Доспыз. Озатпыз. Сыйлымыз.
Татумыз. Ынталымыз.
Құрдаспыз.
Жаңа ақпарат.
Достық – адамның бір - бірін жаны қалап, шын жақсы көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.
Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. мақсат мүддесі мен арман тілегі, талап талғамы үйлесімді адамдар арасында достық болады.
Жағдаяттар талдау Сәкен мен Самат көшеде келе жаты. Сәкеннің анасы бір уыс тәттіні баласына берді де, жұмысына кетті. Оқиға әрі қарай қалай жалғасын тапты?
Елдос пен Жандос сыныптас достар. Жандос сабақта тыныш отырады. Ал Елдос қозғалғыш Жандос досын тәртіптілікке шақыру үшін не істеуі мүмкін?
Шығармашылық жұмыс
«Жылы жүрек – жақсы тілек»
оқушылар бір – біріне тілек жазады.
«Мақал – сөздің маржаны»
1. Дос тұтқанды қадірле
2. Ағаш тамырымен,
адам досымен мықты.
3. Жаңадан дос тапсаң да,
Ескі досыңды ұмытпа.
Назар аударыңдар.
Әдеп сақта әмәнда,
Әрбір адал адамға
Жасасаң бір жақсылық,
Қайтарады саған да
Кішілерді аяла
Кісілерден аянба.
Адамдығың көрінсін,
Анаңдай жан саяңда.
Ынтымаққа қосыл да,
Ықылас қой досыңа.
Ар – мақсатың нық болсын,
ақылыңнан тосылма.
Ақылы бар баласың,
Айтқан тілді аласың.
Намысты боп өссең сен,
Нағыз адам боласың.
Оқушылар қорытынды пікір айтады.
- Жан дүниесі бір – біріне жақын адамдар айырылмас ДОС бола алады.
- Достық қарым – қатынасқа да жоғары адамгершілік қажет.
- Достық терең сыйластықтың көрінісі.
Дос бола білу әркімнің қолынан келе бермейді.
Сабақтың тақырыбы:Ұстазым менің, ұстазым
Сабақтың тақырыбы: Ғарыш әлемінде
Мақсаты: оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік беру.
2. Ғарыш әлеміне алғаш самғаған әлемдік және жерлес Қазақстандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.
3. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
Көрнекілігі:
1. Ғарышкердің суреті
2.Зымыранның суреті
3. Нақыл сөздер
Жоспар:
Тәрбие сағатын ашу
2. Викториналық сұрақтар шешу.
3. Ғарышкерлер туралы мағлұмат
4. Ребус
5. Әдеби монтаж
6. Ойын
7. Қорытынды
Өтілу барсы: Бүгін біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ғарыш әлемінде» деген сөз бүгінгі жасампаз өміріміздің ғажайып сипаттамасы. болып есептеледі. Ал адам баласы ерте кезден – ақ әлем денелерінің жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп, білуге тырысқан. олд әзірге жер төңірегіндегі жақын ғарышқа қадам басты. Ғарыщқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды.
Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағында жердің жасанды серігі ұшырылды. Осы жылдың 3 қарашасында екінші жер спутнигімен Лайка атты ит ұшырылды.
- Ал балалар кезекті викториналық сұраққа берелік.
1. Космодром қай жерде орналасқан?
2. Жұлдыздар жүйесі қалай аталады?
3. Косманавтиканың негізін қалаушы кім?
4. Қазақ ғарышкерлерін ата?
5. Ең алғаш ғарышқа кім ұшты?
Жауабы:
1. Қазақстан Байқоңыр
2. Галактика
3. К. Э Цилковский
4. Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш ғарышкері, техника ғылымдарының докторы, прфессор. қазақстанна шыққан тұңғыш сынақшы – ұшқыш, Кеңес Одағының батыры,
қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. 1991 ж 2- қазанда Тоқтар Әубәкіров Халықаралық экипаждың құрамына «Союз ТМ – 13» кемесімен 8 тәулікке ғарышқа ұшты.
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 – қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келді.. 1968 жылы Алматы қаласындағы № 58 орта мектепті бітіргеннен кейін Рига Азамматтық авиация инженерлері Институтына оқуға түседі. 1974 жылы Боралдайдағы азамматтық авияция жасағы бірлестігіне радио саласының инженері болып жұмысқа орналасады.
Келесі кезекті ребус шешуге берейік
1- оқушы
Ағалрым бар менің,
Ғарышқа ұшып самғаған.
Мен де сондай болсам деп,
Армандаймын әрқашан.
2 – оқушы
Аспанға оло самғайды,
Айды айналып шарлайды.
Жұлдыздарды көп зерттеп,
Жеке – жеке талдайды.
3 – оқушы
Уа, жарандар, жарандар!
Көк аспанға қараңдар
Ең жарық жұлдыз боп әлемде,
Шарлап жүр біздің
Ғарышкер қазақтар.
4 – оқушы
Ғарышкерлер мекені-
Қазақ жері Байқоңыр
Қай жер саған жетеді
Ғажап жерім Байқоңыр.
5 – оқушы
Тоқтар, Талғатағалардай,
Болу үшін ғарышкер
Жұрт қызыға қарағандай
Болу керек намысты ер.
ал енді балалар үш топ болып ойын ойнайық. ойынды бастамас бұрын мен сендерге шартын түсіндіріп кетсем. Қазір мен үш топқа ортақ бір сөз берем, ол сөз – Ұшқыштар осы сөзден үш топтың ойыншылардың жарысып бірнеше сөз құрастырып шығаруы керек. Бұл жерде жылдамдық және тез ойлау қажет. қай топ көп сөз құрайды сол топ жеңіске жетеді. Ал енді іске сәт!
Қорытынды: Сонымен балар бүгінгі біздің «Ғарыш әлеміне саяхат» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Осы тәрбие сағатынан өздерің білмеген мағлұматты білдіңдер және атақты ғарышкерлер туралы да қысқаша мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын.
Сабақтың тақырыбы:Батыр өсиетіне берікпіз
Сабақтың тақырыбы:Шәмші ән әлеміндегі дарабоз тұлға
Сабақтың мақсаты: Ш. Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттау, оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу.
І - жүргізуші:
Ән падишасы халық берегн атағы,
Әндеріммен күліп таңым атады.
Ғашықтардың жан сезімін тербетіп,
Әуеніңмен нұрланып күн батады.
ІІ жүргізуші:
Шабытым шалқып келгенде,
Шырқап, самғап қалайын.
Мойыныңа алқа тағайын,
Бойыңа шашу шашайын.
І жүргізуші:
Шәмшінің әнін шырқасаң атар таң күліп,
Жүректе қалар әуендері мәңгілік.
Жылы нұр сеуіп жаныңа ләззат беретін
Әндері – ай шіркін, Шәмшінің кетті жаңғырып!
ІІ жүргізуші
Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жеріндегі қойнауда «Сарыкөл» деген көл бар. осы көлдің жағасында Қалдаяқ деген кедей өзі қамыстан күрке салып мекендеген. Қалдаяқтың шын аты Әнапия. Оның балтырындағы үлкен қалды көріп, жеңгелері Қалдаяқ деп кеткен екен. Бұл – Шәмшінің әкесі еді. Әкесі қобыз, домбырада ойнайтын сері адам болса керек, Қалдаяқтың сол қамыс күркесінде 1930 жылы 15 тамызда бір бала дүниеге келген екен. оның әкесі бір кездегі елдің патшасының атымен Жамшиден атаған.
І жүргізуші:
Арыс өзенінің жағасында дүниеге келген Жамшиден – бүгінгі Шәмші Қалдаяқов еді.
ІІ жүргізуші:
Күндіз төрінен өнер өрлейтін,
ерелер де шықты, намысын елдің тербейтін.
Өлді деп сізді кім айта алар жан - аға
Ән қалдырған мәңгілікке өлмейтін.
І жүргізуші: Ендеше, ұлы сазгердің өнер жолымен таныс болайық!
І жүргізуші:
Орта мектепті білім алып бітірген соң, Қапыланбек мал дәрігерлік техникумына оқуға түсіп, оны 1950 ж бітіріп шығады. 1951 – 1954 жылдары Ресейдің Қиыр Шығысында әскери борышын өтейді. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң, 1955 жылы Ташкент қаласындағы музыка училищесіне оқуға түсіп, 1956 – 1962 жылдары Алматы қаласындағы мемлекеттік консерваториясының композиция факультетінде профессор В. Великановтың классы бойынша білім алады.
ІІ жүргізуші:
Шәмшә Қалдаяқовтың шығармашылық қызметі 50 – ші жылдардан басталған. Ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса мол үлес қосқан сазгер.
І жүргізуші:
Елге, жерге, отанға, ата – анаға, жарға, дос – жаранға деген сүйіспеншілік Шәмші шығармаларының басты тақырыбы. Шәмші Қалдаяқовтың «Сыр сұлуы», «Қайықта», «Ақ бантик», «Теріскей», «бәрінен де сен сұлу» «Арыс жағасында» әндері халық арасында кеңінен тараған.
оқушы
Қазақ бар жерде Шәмші бар,
Жасайды бізбен мәңгілік
Шырқалса, Шәмші әндері
Атқандай еді таң күліп.
Сұлу Арыс сулары,
Еркелеп ағар тербеліп.
Ғашықтар жүрді жағада
Жүрекке әнмен дем беріп.
Шәмшінің ең танымал әндерінің бірі «арыс жағасында». Арыс жағасында туған бұл әнді кім білмейді?!
оқушы
Дұрыс айтасың. Бірақ, бұл әнді кезінде өкімет қиянатының қыспағына алып, радиоға, теледидарға жібермей қойыпты. Сол кездері Ескендір Хасанғалиев пен Нұрғали Нүсіпжанов ағаларымыз студияға тығылып кіріп жасырын түрде өлеңді радиоға жазып, биліктің рұқсатынсыз радиодан беріп жіберіпті. Міне, сол кезде бұл әннің қазақ халқына қалай ұнағанын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес! ән сол сәтте – ақ халықтың жүрегінен жол тапты.
оқушы:
Халық Шәмшіні «Қазақ вальсінің патшасы» деп бекер атамаса керек. Оның көптеген әндері вальс ырғағында жазылған. Шәмшінің әндеріне вальс билемеген жан бар ма?
оқушы:
Анашым, ортамызға келсең күліп,
Болады Алатаудай еңсем биік.
Мен сенің қарызыңды өтеймін бе?
Әлемнің жақсылығын берсем жиып?!
оқушы
Шәмші өз анасы туралы былай деп толғайды. менің анамның ең сүйікті әні «Қорлан» еді дейді. Анасы өнерді бағалайтын, ән салатын адам болса керек. Шәмші өзінің аяулы анасына әндерінің ең асылын арнады. Ол «Ана туралы жыр»
Ән: Ана туралы жыр оқушылар қосылып орындайды
оқушы
Бұл әнді тек Шәмшінің ғана анасына емес, барша қазақтың ақ жаулықты аналарына арналып шығарылған десек артық айтқандық емес. себебі бұл әнді айтып тұрып әркім өз анасын еске алары сөзсіз.
оқушы
Шәмші Қалдаяқов сазгер ғана емес, суырып салма ақын еді. Шәмші ағамыз өмірде көп қиыншылық көрді. бар өмірін шығармашылыққа арнады.
оқушы:
Шәмші ағамызға көрсетілген алғашқы соңғы құрмет 1991 жылдың желтоқсанда алматы қалалық әкімшілік атынан Қазақстанның халық әртісі деген атақ берілді. Бұл күндері Шәмші Қалдаяқов ауруханада еді.
1992 жылы 29 ақпанда соңғы сапарға аттанды. Шәмші бұл атақты небәрі 60 күн ғана алып жүрді.
оқушы
Өткен өмір көрген түстей. Кейде тым тәтті түс. өткеніңе ой көзімен қарағанда, өткен шақтың сағымға айналған күндерінің ішінен жаныңа тым жақын бір бейне көрінеді. көңілден кетпеген, жүректен сыры тарқамаған сол бейне ойыңызға оралса, қайта түлегендей күй кешесіз.
оқушы:
Иә, бүгін де ол жазған әндердің саны 500 ден асады. елімізде Шәмші Қалдаяқов мұрасын насихаттауды мақсат тұтқан Шәмші журналы жарыққа шықты.
оқушы:
Шәмші туралы қаншама естеліктер жазылып, деректі фильмдер түсірілді, ән жинақтары жазылды.
Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай м.
Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма
өзегіңді өртеп дерт шаншымайма.
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын.
Мұқағали Мақатаев жырлағандайШәмшінің көз- көрген жолдастарының өзі бір тарих.
оқушы:
Әр адамның өз өмірі секілді, әр әннің өз тарихы бар. Ұлы сазгердің қазақ елінің жүрегінен ерекше орын алған бір әні бар. ол ән «Менің Қазақстаным!» «Менің Қазақстанымды» жаттамаған бала жоқ, айтпаға қазақ жоқ! Қазір де «Менің Қазақстаным» әнұран.
оқушы:
2006 жылдың қаңтар айында халық қалауы болған «Менің Қазақстанымның» кейбір сөздеріне түзетулер енгізіліп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны болып қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев халық әртісі Шәмші Қалдаяқов
Әнұран орындалады.
оқушы
Шәмші ағаның әндері,
Жүректерді тербеді.
Көңілдегі жақсы үміт
Әнмен бірге жаңғырып,
Болашаққа беттеді..
Жақсы әндері мәңгілік,
Ұрпақтарды таң қылып.
Тозбасын тарих беттері – дей келе тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
оқушы:
Қазақтың тума талант ұлы Шәмші Қалдаяқов қазақ халқының өнер әлеміне өшпес із қалдырды.
оқушы:
Шәмші Қалдаяқовтың өнегелі өмірі халық барда ешқашан ұмытылмақ емес. Сазгердің өнер жолын жалғатырушы сіздер мен біздер жас жеткіншектер!
Сабақтың тақырыбы: Менің бақытты отбасым (ата – анмен жұмыс)
Мақсаты: Отбасындағы отбасы мәдениетінің қалыптасуын баланы өзін – өзі жақсы көруге, айналасындағы дүниеге қызығушылықпен қарап, сұрақ қоюға, өзі ойлауға және сәтсіздіктерден қорықпауға үйрету.
Көрнекілігі: Бояу қаламдар, жағдаяттар, гүлдер, бетшелер, қарындаштар, түсті қағаздар.
Сабақтың жүру барысы:
Шаттық шеңбері:
- Шеңбер болып тұрайық, жылы жүзбен,
Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын жан мына бізден – деп,
Құрметті ата – аналар ұстаздар, ұстаздар қош келдіңіздер!
Міне менің шәкірттерімнің ата – аналары!
Мен сіздерді көріп, өте қуаныш үстіндемін. Себебі сіздердің жүздеріңізден қуанышты сезімдер, соымен бірге мейірімділік, қайырымдылық, ақылдылық сияқты асыл қасиеттер шуақ шашып тұрғандай. сіздерге ыстық ықылас, шынайы сүйіспеншілік, әлемдегі бар жақсылықты тілеймін!
2. Танысу. «Өзім туралы бір ауыз сөз...» бұл бөлім бойынша өздеріңізді таныстыру. Әр отбасы мүшелері өз отбасыларыңыз туралы әңгімелеп бересіздер. Алдымен мен сіздерге түрлі – түсті жіптер таратып беремін. Өздеріңізге керекті жіпті қиып алыңыздар. Ең алдымен мен сіздерге өзімді таныстырамын, содан кейін сіздер жалғастырасыздар. (осылай барлығы жалғастырып айтып шығады)
3. «Сиқырлы қобдиша» ойыны
Мына «Сиқырлы қобдишада» қандай тапсырма бар екенін көрейік. бір ғана сұрақ «Отбасы бақыты» дегенді қалай түсінесіңдер? Осы сұраққа байланысты өзіндік пікірлеріңізді ортаға салып, жариялайсыздар. (ата – аналардың пікірін тыңдау)
- Бақыт жайлы өмірде,
Талайлар пікір таласқан.
Шын бақыт ол адамның,
Рухымен ішкі санасқан.
Бақыт деген – денсаулық,
Тіршілігің жарасқан
Бақыт деген - уақыт,
Тағдырыммен санасқан.
Бақыт деген – адал жар
Көңілге қаяу салмайтын.
Бақыт деген – ұрпағың,
Өміріңді жалғайтын, - деп ақын ағамыз жырлағандай, бақытты отбасының ұйтқысы мен тірегісіздер! Бақыттысызыдар, өмірлеріңізді жалғайтын ұрпақтарыңыз бар.
Музыкалық пауза «Қазақ қызы» ән қыздар тобы.
4. «Менің ұнатқан түсім»
1. Өзіңіздің ұнататын түсіңізді таңдап алыңыз.
2. Әр түске байланысты топқа бөлініп отырамыз.
3. Әр түске байланысты түсінік беру.
5. Жағдаяттар
1 – жағдаят (бәріңізге)
- Әке, аспан, ай, күн, жұлдыздан басқа нелер бар? - деді баласы.
- Балам, шаршап тұрмын. Бұл сұрағыңа соын жауап беремін. Бөлмеңе барып ойнай ғой, - деді әкесі.
ата – аналар осы жағдаят негізінде өздеріңіздің пікірлеріңіз.
- Сіз болсаңыз, ол жерде не істер едіңіз? (ата – аналар пікірін тыңдау)
2 жағдаят: (бәріңізге)
Тұлымы желбіреп, көздері мөлдіреп, тұңғиық ойға батып, қалғып кетті. (түс көріп шошып оянды) «Ой, бұл менің түсім екен ғой, әттең осындай отбасы өңімде болса екен. Жо – жоқ менің отбасым бақытсыз емес, мен бақытсыз емеспін. Ата – анама ризамын! Жарық дүниені көрсетті. Алайда.. өмірдің қиын – қыстауына төзбеген әкем ішімдікке үйір болды. Анам байқұс отбасымыздың тауқыметін көтеріп жүр. Анамды аяймын. Жоқ мен мойымаймын. Отбасымның бақытты болуына өз үлесімді қосамын.
Өмір деген тұрмайды қап – қарадан,
Өмір деген тұрады ақ – қарадан,
Ақ қара екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
(ата – аналар жағдаятты талдап, өз пікірлерін ортаға салады.)
Өкінбе өкпелеме бүгініңе,
Өмір, өмір
Болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып қақың бар жүгіруге, - деп М. Мақатаев жырлағандай, өмірдің тауқыметін жеңіп, бақытты өмір кешу өз қолыңда.
Ән «Келші, келші балашым»
6. Тыныштық сәті (баяу музыка)
Терең дем алйық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша десеңізші! Қане, осы сұлулықты тамашалап көрейік. Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге әдемі гүл ашып келеді. Қандай әдемі! Түрлі – түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Гүлдің ортасындағы дөңгелек сіздің балаңыз. бұл жай гүл емес сүйіспеншілік гүлі.
7. Сауалнама жүргізу Ата – аналарға сауалнамалар таратып, орындап болғаннан кейін қорытындысын жариялау. (баяу музыка әнін тыңдату)
Музыкалық пауза «Балалрға өнер, білім берілсін,
Сұлу мінез әр өнермен өрілсін» - деп, кезек біздің кішкентай бүлдіршіндерімізге берілоеді.
Би қаражорға оқушылардың орындауында.
Қабыл алыңыздар, қол соғып қошемметтеп отырайық.
8. «Балам – болашағым» Мен сіздерге гүл күлтешелерін ұсынамын. Өздеріңізге қажетті түсті таңдап аласыздар да, оған балаларыңызға еркелетіп айтқан сөздеріңізді жазасыздар. Мысалы: Балам – болашағым. Балам – қуанышым, т. б
Музыкалық пауза «Ана туралы жыр»
9. Өзіндік ой – пікір
Парақшалар таратылып беріледі. Сол парақшаларда халқымыздың даналық сөздер жазылған. Сол дана сөзддерге байланысты өзіндік ой – пікірлеріңізді жариялайсыздар. (парақшалар таратылып, сол бойынша жұмыс)
Қорытынды сөз.
Күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған халқымыздың кейбір тәрбиесіне, даналық сөздеріне тереңірек көз жүгіртсек, көтерген мәселе бала жанына, зердесіне, ізгілік инабеттылық, мейірімділік пен сүйіспеншілік дәнін себуде. Бала - біздің болашағымыз. Баланың бас ұстазы ата – ана!
Ата – анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі.
10. Жүректен – жүрекке
1. Ата – аналар тілегі.
2. Балапандарды ортаға шақыру.
3. Ата – наларға өз балаларының тілегін тыңдату.
4.Ата – аналарға сыйлықтар табыс ету.
5.Хормен ән орындау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген