15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тапқыр достар
«Тапқыр достар»
Мақсаты: оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін іс – тәжірбиемен ұштастыра және толық мағлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту.
Түрі: сайыс
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, оюлар, сөзжұмбақ
Әдісі: сайыс, топтық жұмыс, сұрақ – жауап
Барысы:
Мұғалім:
Баяғы бір өткен заманда «Еңбек» кеңшарының патшасы қартайып, қызы бой жетіп, өз еңбек байлығын мұра етіп қалдыруға мұрагер іздейді.
Патша: Халықты жинаңдар, менің айтқан жарлығымды халыққа айтыңдар. Кімде- кім менің осы шартымды орындаса соған патшалығымды, қызымды, еңбек байлығымды беремін. Сайыс әділ өту үшін сарай ішінен әділ билер тағайындалсын.
Мұғалім:
Патша жарлығы: «Кімде – кім патшаның осы шарттарын орындаса соған патшалық тағын, қызын, еңбек байлығын береді. Осы сайыс әділ өту үшін сарай ішіндегі халықтан әділқазы билер тағайындап, таныстырып өтейік.
Патша қызы: Құрметті әділқазы билер, сіздердің әділ төрелік ететіндеріңізге сенемін.
Мұғалім: Қане, алыстан келген сайыскер көпестер ортаға шығыңдар.
І топ «Еңбекшілер», ІІ топ «Шеберлер»
Мұғалім:
- Құрметті әділқазы билер, сайыскер көпестер сіздерді бүгінгі «Тапқыр достар» сайыс сабағымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайыс шарттары 8 кезеңнен тұрады.
«Кім жылдам?» /сұрақ - жауап/
«Ойлан тап» /мақал – мәтелдер құрап айту/
«Сен білесің бе?»/сұрақтар/
«Тіл өнері» /Кім көп тіл біледі?/
«Адасқан әріптер» /артық сөзді табу/
«Тапқыр достар» /сөз жұмбақ шешу/
«Ақыл байлық- азбас байлық» /дұрысын тап/
«Жүйелі сөз жүйесін табар» / «шеберхана» сөзінен сөз құрау/
1-шарт: «Кім жылдам?»
Бұл сайыста 30секунд ішінде берілген сұраққа жауап беру керек.
«Еңбекшілер»
Шеберханада жұмыс жасамас бұрын нені білу керек? ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ
Жеміс ағаштарын қай мезгілде отырғызады? КҮЗ
Шойын мен болат қандай металдар тобына жатады? ҚАРА
Қымызға арналған ыдыс? ТЕГЕНЕ
Азық-түлік сақтауға арналған ыдыс? КЕБЕЖЕ
Домбыраның жалпы ұзындығы? 1м шамасында
Негізінен күбі жасаудың неше түрі болған? 2
Ағаш көп өсетін жерді халық не деп атаған? ОРМАН,ТОҒАЙ
«Шеберлер»
Домбыраның неше пернесі болады? 9 немесе 14
Жемістің жаппай пісетін айы? ТАМЫЗ
Машина жасау өнеркәсібінде қолданылатын негізгі металл? БОЛАТ
Киім кешек салатын сандықтың көне түрі? ЖАҒДАН
Қымыз құюға арналған ыдысты ата? ОЖАУ
Торсықты қай малдың терісінен жасайтын болған? ЖЫЛҚЫ
Ағаш ұқсату ісімен шұғылданатын шебер? ҰСТА
Күбі қандай ағаштан жасалады? ҚАЙЫҢ
2-шарт: «Ойлан тап»
Бұл сайыста интерактивті тақтадағы суретке байланысты мақал – мәтелдер құрап айту.
1-сұрақ. Үй 5-сұрақ. Гүл
2-сұрақ. Домбыра 6-сұрақ. Тас
3-сұрақ. Кітап 7-сұрақ. Балық
4-сұрақ. Тал 8-сұрақ. Ине
3-шарт: «Сен білесің бе?»
10 Технология әсемдік бұйымдар жасайтын шебер /зергер/ |
20 Тарих 17-19ғасырлар аралығында Англияда жерді немен жыртты /темір соқамен/ |
30 Қазақ тілі Ұстахана деген сөздің синонимі
/шеберхана/ |
40 Биология Таза Табиғаттан алынатын талшық түрлері (мақта, жүн, жібек, зығыр) |
10 Сурет Гарфика дегеніміз не?
/бір түсті бояу/ |
20
Ұпай сыйға |
30 География Мақта өсімдігінен қандай өнім алынады? /мата, жіп, май/ |
40 Математика Ауданның өлшем бірлігі
/м2/ |
4-шарт: «Тіл өнері»
Бұл сайыста тапқан сөздеріңіздің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтасыздар, әрбір табылған сөзге 10ұпайдан қосылады. Егер екі тілде дұрыс айтса 20 ұпай, үш тілде дұрыс айтса 30 ұпай жинайсыздар. «Не?» деген жерге керекті сөзді қоясыздар.
Жаңбырмен не көгерер (жер, земля, earth)
Не қорқақ, қол батыр (көз , глаза, eye)
Туған жерге не тік? (ту, флаг, flag)
Адамды адам еткен не? (еңбек, труд, work)
Не басынан шіриді (балық, рыба, josh)
Шебердің саусағы не? (алтын, золото, gold)
Не отбасынан басталады? (отан, родина, motherland)
Өнер алды қызыл не? (тіл, язык, language)
5-шарт: «Адасқан әріптер»
Сөзді дұрыс жазып, артық сөздің астын сызыңдар.
ГЕКЕРЕ-КЕРЕГЕ ЕКТПЕН-КЕТПЕН
МАҚҚАР-ҚАРМАҚ ШЫАҚЙ-ҚАЙШЫ
ДЫҚСАН-САНДЫҚ АЛБАТ-БАЛТА
ЫШПҚА-ПЫШАҚ РМЫАТ-ТЫРМА
ЯИГОЛОНХЕТ-ТЕХНОЛОГИЯ РЕКҮК-КҮРЕК
ШАУҚА-ҚАШАУ ОМИҚА-ОЙМАҚ
6-шарт: «Тапқыр достар» АНАГРАМА
Бұл сайыста әр топ өзіне ұсынылған сөзжұмбақты табады.
|
|
|
Т |
|
|
||
|
|
|
А |
|
|||
|
П |
|
|
|
|
||
|
Қ |
|
|
|
|
||
|
|
|
Ы |
|
|
||
|
|
Р |
|
|
|||
|
|
|
|
||||
|
|
|
Д |
|
|
|
|
|
О |
|
|
||||
С |
|
|
|
|
|||
|
|
|
Т |
|
|
|
|
|
|
А |
|
|
|||
|
|
|
Р |
|
|
|
|
1. Ағаш шабатын құрал (Балта). 2.Ағаш кесетін құрал (ара). 3. Нан кесетін құрал (пышақ). 4. Қырқатын құрал (қайшы).5. Зат салатын бұйым (ыдыс). 6. Жазатын құрал (бор). 7. Үй жиһазы (сандық). 8. Өрнек (ою). 9. Ағаш бетін тегістейтін құрал (сүргі). 10. Ағаш бұйымын жасаушы (ұста). 11. Балық аулайтын құрал (ау).
12. Тескіш құрал (бұрғы).
7-шарт: «Ақыл байлық, азбас байлық» тест
1.Лактағанда түрін өзгертетін ағаш түрі
А) қарағай Ә)емен Б) шетен
2.Ағаш өңдейтін шеберлерді қалай атаған?
А)зергер Ә)тасшы Б)үйші
3.Композиция деген сөз қандай ұғымды білдіреді?
А)сәндеу Ә)үйлестіру Б)әдемілеу
4. Үй жиһаздарына қандай бұйым жатады?
А) асадал Ә)сандық Б)келсап
5. «Технология» сөзі қай елден шаққан ?
А) ағылшын Ә) жапон Б) грек
6.Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал не?
А) балта Ә) кескіш Б) қол ара
7.Металдар негізінен неше топқа бөлінеді?
А)2 Ә)3 Б)1
8. Ағаш құраушы қайық, арба жасаушыны қалай айтамыз ?
А)балташы Ә)үйші Б)оюші
9.Сәбіз неше жылдық өсімдікке жатады?
А)1 Ә)3 Б)2
10.Шие, шабдалы қандай жеміс-жидек дақылына жатады?
А) жемістік Ә) сүйекті Б)жаңғақтық
Қорытынды.
Мұғалім: сайысты қорытындылауға әділқазы, билерге сөз береміз.
Патша қызы:
«Өткірдің жүзі, кестенің бізі,
Өнерін сендей сала алмас.
Білгенге маржан, білмеске арзан,
Надандар баһар ала алмас»-деп Абай атамыздың сөзімен сабақты аяқтасақ.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген