400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тапқыр достар"

Материал туралы қысқаша түсінік
математикалық сыныптан тыс жұмыс,курстарға көмегі болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Сыныбы: 10 «а», «ә»

Күні: 20.09.2019 ж

Тақырыбы: «Тапқыр достар» сайысы

Мақсаты:

Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, математикалық ой-өрісін кеңейту, іздену қабілеттерін дамыту, өмірде кездесетін қиыншылықтарды оқушының өзі шеше білуіне ықпал жасау, өз күшіне сенімін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар өз беттерінше берілген тапсырманы орындай алады.Ашық еркін ойын жеткізе алады.бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.

Негізгі идея: Математикалық сауаттарын ашу. Қызығушылықтарын арттыру.

Сілтеме: «Логикалық сұрақтар,тапсырмалар» Өлке баспасы, 2012 ж,математика және физика 2008 ж №3 т.б

Көрнекілігі: интерактивті тақта, сұрақтар жазылған конверттер т.б

«Тапқыр достар» сайысының шарттары:

  1. Тұлғалар

  2. Математикалық сұрақ

  3. «1001 мақал,1001 жұмбақ»

  4. Логикалық есептер

  5. Формулалар

  6. Қорытынды

Жұмыс барысы:

І.Ұйымдастыр кезеңі:

Барлық 8 сұраққа жауап берген оқушылар біртіндеп ортаға ойынға шақырылады. Осы оқушылардан 2 топқа бөлінеді.мысалы: сандарды таңдау арқылы

Сұрақтар: «кім жылдам?» ойыны

  1. Вектор дегеніміз не?

  2. 1 тонна темір ауырма, әлде,1м тонна мақта ауырма?

  3. Парабола қандай функцияның графигі

  4. Шеңбердің ең үлкен хордасы не деп аталады?

  5. Биссектриса бегеніміз не?

  6. Стреометрияның зерттейтін фигураларын атап шық

  7. Қазіргі оқып жатқан гоеметрия оқулығының авторы кім?

  8. Кері тригонометриялық функцияларды ата

ІІ. Топтар өзара келісіп, өз топтарының аттарын қатыстырып жақсы сөздер айтады.

ІІІ.Әрбір шартқа сай 10,20,30,40 ұпайлық сандарды таңдау арқылы жауап береді.

Тұлғалар суреті жасырылып, солардың еңбектерін табу.

10- Француз математигі Рене Декарт 1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берді

20- Виет Франсуа (1540-1603) француз математигі, Виет ғұмыр кешкен кезге дейін алгебра көптеген жаңалықтарымен байытылған (оған дейін 3- және 4- дәрежелі теңдеулер радикал арқылы шешілген) болатын. Шартты белгілер Виет заманына дейін ара-тұра ғана қолданылатын.

30- Грек ғалымы Пифагор математикаға негізделетін құпия ілімнің негізін қалады. Ол сандардың барлық нәрсе екенін және математиканың көмегімен кез келген құбылысты түсіндіруге болатынын дәлелдеген.

40- Евклид
Б.д.д. 325 – 265ж
Евклид ежелгі дәуірдегі грек математикгі. Ол математикадан жазылған теориялық алғашқы трактаттың авторы, Александрия қарамағындағы мектептің тұңғыш математигі. Оның өмірі жайлы деректер жоқтың қасы. Евклидтің басты еңбегі – «Негіздер». Онда планиметрияның, стреометрияның кейбір мәселелері талданған

Математикалық сұрақ

10- Геометрияның қандай бөлімдері бар? Олар қандай фигураларды зерттейді?

20- Функцияны зерттеу алгоритмі қандай?

30- Нүкте s(t)=5t3-2заңы бойынша түзу сызықты қозғалған дененің t=2 c зетіндегі жылдамдығын табыңдар. V(t)=60

40- У(х)=(4х-5)/(2+х) функциясының х=2 болғандағы туындысының мәні неге тең

Жауабы: -3/16

«1001 мақал,1001 жұмбақ»

10- Мақалды жалғастыр:

“Шындық .40 қабат шынжырды үзеді”

Жұмбақ:

Бес ін,бес іннің аузы бір ін.Ол не? қолғап

20- Мақалды жалғастыр:

“Досыңның мың болғанынан мақтан,

Дұшпаның жалғыз болсада сақтан”

Жұмбақ:

Екі ағайынды екеуіде бір үйде,

Бірін-бірі көрмейді. көз

30- Мақалды жалғастыр:

“Алдың бір қарасаң, артыңа он қара.”

Жұмбақ:

Бір ағаштың 12 бұтағы бар

Әр бұтақта 30 дан жапырағы бар.

Жапырақтың бір жағы ақ,бір жағы қара

Канеки, ойлан тап бұл не? жыл он екі ай,күн мен түн

40- Мақалды жалғастыр:

“Алты аға бірігіп әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп ана болмас”

Жұмбақ:

64 бөлмеде 32 тұрғын бар.

Ақ,қара қып бөлгенде

Бірін-бірі қуғындар

Ханы үшінде,жаны үшінде

Бермейді олар намысын шахмат

Логикалық есептер

10- Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы неше кг? 6 кг

20 сурет бойынша логика Ж: 130

30- Бес таңбалы сан берілген одан кейінгі сан алты таңбалы болады. Бұл қай сан? Ж:99999

40 . Барлығы уақыт өлшемдері бола тұра ғасыр,жыл және сағаттан табылмай,тек менут пен секундтан табылатын не нәрсе? Ж: Н әрпі

Формулалар

Қысқаша көбейту формуласы,

20. Герон формуласы

30.Жанаманың теңдеуі

40. Трапецияның ауданы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030 жылы барсқа апаратын-бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар” деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік.

Қорытынды




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 қазан
944
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі