Материалдар / "тапқыр достар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"тапқыр достар"

Материал туралы қысқаша түсінік
4-сыныпқа арналған топқа бөлініп отырып,топтық жұмыс жасалады.Зияткерлік сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
462
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалім:Сарсенбаева Н.С

Сынып: 4

Сыныптан тыс сабақ

Тапқыр достар

Сабақтың тақырыбы: Тапқыр достар

(Интеллектуалды ойын - жарыс)

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жан - жақты болуға, өзіне деген

сенімділігін қалыптастыруға бейімдеу;

Жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту;

Дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: салт – дәстүрлер туралы суреттер, сандары бар бағандар,

кітап т. б.

Армысыздар, оқушылар, ұстаздар!

Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсететін ән - жырмен келген «Тапқыр достар» атты интеллектуалды ойын-жарысымызды тамашалайсыздар.

Уа, Халайық, халайық,

Бәріне жар салайық,

Бүгінгі кеш төрінде

Жұмбақ шешіп, аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып

Көңілді кеш жасайық! - деп алған білім, өлең - жыр, жұмбақ, мақал - мәтелмен өрнектеп, барымызды ортаға салайық. Санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.

Әділ қазылар біздің

Тыңдап баға беруге

Шақырайық төрге.



Оқушылар екі топқа бөлінеді

«Өнерпаздар» тобы

«Тапқырлар» тобы

Ұранымен таныстырады.

1) «Өнерлер» тобының ұраны: «Өнермен өрге жүземіз»

2) «Тапқырлар» тобының ұраны: «Тапқыр достар біз боламыз»



І сайыс «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Шарты: Командаларға үш әріп беріледі. Әріптерді байланыстырып сұрақтарға жауап беру. (Мысалы Ж, А, Қ әріптері)



«Өнерпаздар» тобына ( Ж, А, Қ әріптері)

1 сұрақ: Наурыз мерекесі қандай мейрам?

(жаңа жыл, ақ қар ериді, қыс кетеді)

2 сұрақ: Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыздар?

(жал - жая, айран, қазы - қарта)

3 сұрақ: Кімге еркелейміз? (жолдасыма, анама, қызыма)

4 сұрақ: Тілек айтыңызшы? (жаман болма, қатты болма, ақ жол болсын)



«Тапқырлар» тобына ( Т, Б, С әріптері)

1 сұрақ: Наурыз мейрамының ерекшелігі неде?

(таң тез атады, бүршік жарады, су ағады)

2 сұрақ: Ауылда адасу мүмкін бе?

(бәрі мүмкін, Серік адасты, тіпті мүмкін емес)

3 сұрақ: Арманыңыз не?

( сырға алу, тақия сатып алу, білім алу)

4 сұрақ: Қазақ тілі не үшін керек?

(білім алу, тапқыр болу, сөйлесу үшін.)



ІІ. сайыс. «Ойлан, тап достар»

Мақалды жалғастыру ойыны

1. Ата – асқар...

2. Үлкенге құрмет...

3. Аға әдепті болса,...

4. Денсаулықтың қадірін..... білерсің

5.... ауырса қолыңды тый,..... ауырса аузыңды тый.

6. Дені саудың -....



III сайыс. Сен білесің бе?Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу.

«Өнерпаздар» тобына

1. Тілдің ұшында тұр. /ұмыту, жеткізе алмау/

2. Қас пен көздің арасы. /лезде, тез, жылдам/

3. Ауыз жаласу. /жақтасу, болысу/

4. Арасынан қыл өтпейді. /өте тату/

5. Айдарынан жел еседі. /асқақтап дәурен сүру/

6. Көкірегі қарс айрылды. /қайғыру, өкіну/



«Тапқырлар» тобына

1. Қабағын қырау шалу. /қартаю/

2. Қалпақтау үшу. /құлап түсу/

3. Қалтасына сену. /байлығына сену/

4. Кең балақ, жалпақ етек. /қолынан іс келмейтін олақ/

5. Иін тірескен. /өте көп/

6. Жалғанды жалпағынан басу. /молшылықта түк ойламау/



IV сайыс. Кім тапқыр?

Бөлімінде екі команда танымдық пен білгірлікпен жауап береді.

Әр топ бір – біріне жұмбақ жасырады, соның тапқан сөзіне мақал құрастырады.



V сайыс. Өнерлілер сайысы

Екі топ өз өнерлерін көсетеді.

Өнерге бағынарсың

Жас өнерпаз танылады.

Өнерпаздар арада озып шабар,

Орын алсын кәне кім бар? – деп өнерпаздарға кезекті береміз.



VI сайыс. Марапаттау.

Кері қайту

Ілмек сөздер: Тапқыр достар, сайыс сабақ жоспары


















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!