400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тапқыр достар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың интеллектуалдық белсендігін, шапшаңдылығын арттыру және тапқырлыққа баулып, танымдық қабілеттерін дамыту. Сайыстың барысы: Жүргізуші: - Құрметті көрермендер, тіл жанашырлары, ұстаздар! Бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысқа қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектебі












Сыныптан тыс шара: «Тапқыр достар»

(интеллектуалды ойын)












Сынып жетекші: М. Құсайынова























Бекітемін:

Күні:

Тақырыбы: Тапқыр достар

Сабақтың түрі: Интеллектуалдық ойын

Сыныбы: 3 

Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың интеллектуалдық белсендігін, шапшаңдылығын арттыру және тапқырлыққа баулып, танымдық қабілеттерін дамыту.

Сайыстың  барысы:

Жүргізуші: - Құрметті көрермендер, тіл жанашырлары, ұстаздар!
Бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысқа қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз.

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды екі топқа бөлу

Топтың капитанын ұсыну.

А)Топтың аты

Жүргізуші: - Әрбір тілде сөйле, әлемді таң қалып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік! - деп ойын кезеңдерімен таныс болайық:

Сайыстың  кезеңдері:

1 – кезең: «Ойлы болсаң, озып көр»

2 –кезең: «Көп сөйлеме»

3 –кезең: «Білгенге маржан»

4 – кезең: «Бетпе – бет»

5 – кезең: «Хронология»

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім,
- деп 1 - кезең «Ойлы болсаң озып көр...» бөліміне берейік. (Әр топ әріптер таңдап, сол бойынша сұраққа жауап береді (О, Ж, К, А, Т, Қ, Е, М, С.) Уақыты 1минут.
1) Атың кім?
2) Өзен көркі не?
3) Аспанда не бар?
4) Сөз атасы не?
5) Жердің сәні не?
6) Сенде құлақ бар ма?
7) Тіл тас жарама?
8) Бала тілі бал ма?

2 – кезең - «Көп сөйлеме»

Барысы: Әр бір ойыншыға уақыт беріледі. Ол өз тобына барынша көп сөзді мимика жест қимылмен көрсету керек. Бәрін жасауға болады, бірақ сөйлеуге болмайды.

Топтың барлық қатысушысы кезек-кезек ортаға шығып берілген сөзді көрсетеді.

Сөздер жинағы:

 1 – топ: Жұмыртқа, сөре, аяз, етік, орамал, қоңырау, доп, қуыршақ, оқтау, ақша, кітап, компьютер, жылан, тарақ, балға, тіс щетка,

2 – топ: Жаңбыр, әтір, сызғыш, терезе, ит, банан, гитара, белбеу, үтік, сыпырғыш, шемішке, пианино, пышақ, жүгіру, каратэ, велосипед.

Сайысымыздың 3-ші кезеңі «Білгенге маржан»(Бейнесұрақ)

Шарты: Топ мүшелері кубикті айналдырады.Қай түс түссе,сол түстегі бейнесұраққа жауап береді.Бейнесұрақта мултфильм немесе ертегіден үзінді көрсетіледі, сол ертегі мен мультфильмнің атын атау керек.



4 – кезең. «Бетпе бет»

Барысы: Әр топтың капитаны ортаға шақырылады.Топтың қатысушыларына бірдей берілген сөзді дауыс шағармай капитандарына айтып қолмен, қимылмен көрсетуге болады. Қай топтың капитаны  сөзді  бірінші тапса, сол топқа ұпай қосылады.

 Сөздер жинағы: алма, ара, айна, ата, асық.

Қас, қайшы, қол, қалам, қолшатыр, қуаныш, құс.

Ендеше келесі кезең «Хранология »

Бұл кезеңнің тапсырмасы фотосуреттерде. Ұсынылған фотосуреттердің жауаптары екінші тақтада ұсынылған сандарда. Ойыншылардың мақсаты 2 минут ішінде фотосуреттер мен сандардың дұрыс сәйкестіктерін табу. Әрбір дұрыс сәйкес жауапқа 10 ұпайдан.

1 – топ:

1. Наурыз көжеге қосылатын тағам саны?  (7)

2. .Тәуелсіздікті қай жылы қашан алдық? ( 1991жылы 16 желтоқсанда) 

3. Астана күні? ( 6 мамыр) 

4. Неше жыл мезгілі бар? (4)

2 – топ:

5. Астана қаласына биыл неше жыл толады? (20)

6. Бәйтеректің биіктігі неше метр? (97)

7. Еліміздің бас қаласында Экспо – 2017 көрмесінің ашылу салтанаты қай айда болды?

8. Қазақтың жаңа жылы? (22 наурыз)
Қорытынды: Әділ-қазылар әділ бағасын беріп, жеңіске жеткен топты құттықтайды.

Бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына өте жақсы қатысқандары үшін қатысушыларға және  қонақтарға алғыс білдіреді. Жеңілген топты әр түрлі әнге пародия жасап, билету.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі