Материалдар / "Тапқыр достар" интеллектуалдық ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тапқыр достар" интеллектуалдық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
орыс тілі мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2019
835
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тәрбие сағатының тақырыбы: 5 сыныптар аралығындағы интеллектуалды ойын «Тапқыр достар»


"Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім"

М.Әуезов

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі біздің «Білім - өмір шырағы» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Елбасымыз Н. Назарбаев «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» деген үндеуінде сіздерге үлкен үміт артып отыр. Өйткені, сіздердің алдарыңызда жаңа мемлекеттен экономиканы құру жолында қыруар да, қиын да жұмыстар күтіп тұр. Яғни, мемлекетіміздің көркеюіне, сәндеуіне, байлығына ие болатын, өз үлестеріңізді қосатын азаматтар, сіздер.

Осындай сенім артқан істі атқару үшін сіздер білімді, әдепті, Отанын сүйе білетін, халқымыздың барлық қасиетін бойларыңызға сіңіріп, ұлылардан өнеге алып инабатты азамат болып өсу сіздердің борыштарыңыз, міндеттеріңіз.

Ақыл, білім, тілмашы тіл, бұл кепіл

Жарық төгіп елжіретер тіл деп біл.

Ақыл шырақ қара түнді ашатын,

Білім жарық, нұрын саған шашатын

Қанша білсең, іздеп тағы, тағы да

Білікті жетер тілек, бағына

Ақыл, білім-құрметті халқына

Көз жұмылса, айналады даңқыңа

Ақыл, білім бейне кісен кісіге

Кісенді ашып бармас қылмыс ісіне

Ақыл керек, білім таңдап оларға,

Білім керек іске жаңа қарарға

5 сыныптар аралығында мектеп ішінде интеллектуалды ойыны «Тапқыр достар» мына бөлімдер бойынша өтеді:

І – Бәйге

ІІ – «Менің сүйікті авторларым»

ІІІ – «Тіл өнер»

ІҮ – Ойын сұрақтар

Ү - Жорға

Әділқазы мүшелерімен танысып кетейік:

Джумалиева Ж.Ш.. – мектеп директоры

Дуйсегалиева Г.Н..– оқу-ісі орынбасары

Джусупкалиева А.У. – тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Нусанова Н.И. – қосымша білім беру педагогы, орыс тілі пәнінің мұғалімі

Тасмагамбетова А.Б. -кітапханашы


Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына

дей келе сайыскерлерге сәт сапар тілейік.

І тур. «Бәйге» 10 сұрақтан тұрады, дұрыс жауапқа 5 ұпай. Кім бірінші карточкасын көтереді, сол жауап береді.

1. ҚР-ның тұңғыш ғарышкері кім? /Т.Әубәкіров/

2. Қырағықыз, Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтаусар кездесетін ертегі? / Ертөстік /

3. Ұя салмайтын құс? / Көкек /

4. Құрманғазының шәкірті кім?/ Дина Нұпейісова/

5. Қыста жапырағы түспейтін ағаш / шырша /

6. Заттың атын білдіретін сөз табы? / Зат есім /

7. Қазақтар қандай дала өсімдігінің иісін Отанымыздың символы деп санаған.

/ Жусан /

8. Планетамыздың өкпесі деп нені есептейді? / Орман /

9.Әр адамның шағын Отаны? / Отбасы /

10. Судың үш күйін ата? / қатты, сұық, газ/

ІІ тур. «Менің сүйікті авторларым» Әр ойыншыға 1 сұрақтан беріледі, кітаптың авторларын дұрыс тапқан ойыншы 10 ұпай алады.

1. «Менің атым Қожа» авторы кім? / Бердібек Соқпақпаев /

2. «Бай баласы мен жарлы баласы» авторы кім? / Ыбырай Алтынсарин /

3. «Күлпаш» әңгімесін кім жазды? / Б.Майлин /

4. «Кел, балалар, өлеңінің » авторы кім? / Ы.Алтынсарин /

5. «Қар ханым» авторы? / Андерсен /

6. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? / Абай /

7. «Туған күніңмен, мама!» авторы? / М. Мақатаев /

Өткен 2 турдың ұпайларын білейік .

Жүргізуші: Әлемдегі ең жүйрік қандай жануар?

Сұңқар құстың олжаға шүйлігіп, төмен құлдилаған кездегі жылдамдығы сағатына 200 километрден асады. Үйректер көкжиек бойымен ұшқанда, сағатына 100 км жылдамдықпен бәрінен жылдам ұшады. Қабылан-құрлықтағы ең жылдам жануар, ал желкен балық – балықтар арасындағы ең жүйрігі. Екеуі де сағатына шамамен 100-110 км жержі артқа тастайды. Қабылан өзінің көз ілеспес жылдамдықпен жүгіруін ұзақ жалғастыра алмайды, ал айыр мүйізді киік ұзақ уақыт бойы сағатына 70 км астам жылдамдыққа төтеп бере алады. Салыстырар болсақ, олимпиаданың ең үздік желаяғы сағатына 43 км жылдамдыққа жете алады.

ІІІ тур. «Тіл - өнер » Бұл турда 6 сұрақ қойылады және олардың жауабын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айтуы керек. Әр сұраққа 20 ұпайдан беріледі.

1. Көру мүшесі? / көз - глаза /

2. Компьютерді жарыққаламмен басқаруға негізделген құрылғы / тышқан – мышка – mouse /

3. Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған, өнер, білім, бәрі де ... табылған. / оқу – учить – to learn /

4. Есек құлақты,

Мысық аяқты.

Түйе ерінді,

Ешкі құйрықты / қоян – заяц – liare /

5. Көлден үлкен, мұхиттан кіші не? / теңіз – море – sea /

6. Аяғы біреу, қолы жоқ

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. / қалам – ручка – pen /

ІҮ тур. «Ойын сұрақтар». Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

Әділқазы мүшелеріне сайыскерлеріміздің ұпайларын санап, жеңіп шыққан екі оқушыны қалдыруын сұраймыз.

Жүргізуші: Қанаттарын кеңге жаятын қай құс?

Оңтүстік мұхиттарда тіршілік ететін альбатростың қанаттарының құлашы ең үлкен болады, оның қанаттары ұзын, әрі жұқа және бір ұшынан екінші ұшына дейін 3 метрді құрайды. Альбатростың қанаттары оған көп күш жұмсамай-ақ, үлкен қашықтыққа самғауға көмектеседі. Алайда бұл алып құстар аспанға әрең көтеріледі, сондықтан олар жартастардың шыңындағы ұяларынан ауаның ағының көмегімен ұшады. Дегелек / ләйлек / марабу бір секунд ішінде 3 метрдей жерге ұшып жетеді.


Ү тур «Жорға» Әр сұраққа 3 секунд уақыт беріледі.

1. Тұрлаулы сөйлем мүшесі / бастауыш, баяндауыш /

2. Лексика нені зерттейді? / тілдегі сөздер жиынтығын /

3. Күйді орындаушы адам? / күйші /

4. 25 қазан қай күн? / Республика күні/

5. Қызыл сөзі қай сөз тобына жатады? / сын есім /

6. Ілік септігінің сұрағы / кімнің ненің /

7. Жылдан құр қалған жануар / түйе /

8.Абылайдың шын аты кім? /Әбілмансұр /

9. «Еңбек түбі - береке» мақал ма, мәтел ме? / мақал /

10. Ұзындықтың ең кіші өлшем бірлігі / мм /

11. Екі ақынның өлең жарысы? / айтыс/

12. Машина жасаудан дүние жүзінде бірінші орынға ие болған ел / Жапония /

13. Францияның астанасы / Париж /

14. Абайдың әжесі кім? / Зере /

15. 1 жұмыртқа 5 минутта піседі, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? / 5 минутта /

16. 100 жыл / ғасыр /

17. Қазақстандағы ең биік нүкте / Хан Тәңірі /

18. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? /Есіл /

19. Аблай ханның кеңесшісі кім болған? / Бұхар жырау /

20. Үш биді ата? / Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би /

ІІ

1. Тұрлаусыз сөйлем мүшесі /толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш /

2. Фонетика нені зерттейді / тіл дыбыстарын /

3. «Көне» сөзіне синоним / ежелгі, бұрынғы /

4. 1 сағатта неше минут бар? / 60 /

5. «Кеше» сөзі қай сөз тобына жатады? / үстеу /

6. Жатыс септігінің жалғауларын ата? / – нда, - нде /

7. Жылмен алғашқы кездескен жануар? / тышқан /

8. Ең жүйрік құс? / страус /

9. «Айдаған бес ешкі, ысқырығы жер жарады» мақал ма, мәтел ме? / мәтел /

10. Дарабоз атанған батыр кім? / Қабанбай /

11. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан жариялады? / 16 желтоқсан 1991 ж/

12. «Фольксваген» автомобилі қай елде шыққан? / Германия /

13. Ұлыбританияның астанасы / Лондон /

14. Абылай ханға Төле би қойған аты? / Сабалақ /

15. Қазақстандағы тұзды теңіздер мен көлдерді ата? / Каспий, Арал, Балхаш/

16. Тәуліктің төрттен бір бөлігі неші сағат? / 6 сағат /

17. Жаңа әнұранның авторлары кім? / Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов /

18. Ең үлкен екі таңбалы сан? / 99 /

19. Қалталы аң / кенгуру /

20. Орталық Азияға саяхат жасаған қазақ ғалым / Ш. Уәлиханов /

Әділқазы мүшелері жеңімпаздың ұпайын шығарғанша жанкүйерлер сайысын өткізейік. Жұмбақтар шешу.



Жанкүйерлер сайысы

1. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар. / киіз үй /

2. Қос құлақты, жүз тісті / ара /

3. Екі қатар тал шарбақ, күндіз алыспайды, қабыспайды

Түнде қабысады. / кірпік /

4. Төрт бұлбұлдың екі құлақ, бір басы бар,

Салдырған сегіз жерден таңбасы бар.

Бұлбұлды жолға салып айдағанда,

Салатын неше түрлі жорғасы бар / домбыра/

Еңкеймесе екі бетін кір басар,

Еңбектенсе екі бетін нұр шашар. / кетпен /

Нәрселерді санағанда, керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан, жан-жағына қарамай. / натурал сан /

Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді, көңілге армандаған қона бермейді.

Бүтін нәрсе бөлігін көрсеткен, қандай сан бар, достарым, пікір демейді.

/ бөлшек сан /

Доп емес, дөңгелек емес, ұқсас бірақ достарым

Фигура ол негізі, дәл жауапты қостадым / шеңбер /

Сөз әділқазыларға беріледі. Жеңімпазды марапаттау.

Бір емес, сен бұл жолы мыңды жықтың,

Мыңды жықтың, әлі де өрле, мықтым.

Елім деп ту ұстаған өзге жерде

Жеңісіңнің бастауы сол деп ұққын!

Осымен «Тапқыр достар» атты интеллектуалды ойынымыз аяқталды, келесі кездескенше, сау болыңыздар!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!