«Тапқыр достар» интеллектуалдық ойыны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тапқыр достар» интеллектуалдық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыруға арналған тапсырмалар. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс іс-шара.

Тақырыбы: «Тапқыр достар»
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. 
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. 
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. 
Түрі: Топтық сайыс сағаты. 
Типі: Ойын түрінде 
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Тапқыр достар»атты математикалық сайысына қош келдіңіздер. 
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Алғырлар», «Тапқырлар»,» топтарын шақырамыз. 
Математика сырлары, 
Қызықтырды біздерді. 
Ойынға бірге қатысуға, 
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлерімізге бүгінгі кештің жоспары таныстырылады. 

Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек.
Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:

Жоспары:

1.Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі 
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер) 
3. Сөзжұмбақ шешу сайысы
4. «Баспалдақ» ойыны
5. Сергіту сәті «Бейнелі сөзді тап»
6. «Кім жылдам?»

7. «Ширату»

8. «Капитандар » жарысы





1.Кезекте топтың өзін таныстыруы, амандасуы.

Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде – дегендей  сайысымызды  топтың өзін таныстырудан бастайық.



І топ «Алғырлар» тобы. 
Ұраны: Білікті бірді жығар. 
Білімді мыңды жығар. 

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

ІІ топ. «Тапқырлар» тобы. 

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе, 
Әрқашанда үміткерміз жеңіске. 

Сәлемдесуі:Армандарға қол созу мен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.

2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер) 

Математика патшасы ғылымдардың,

Бастан кешкен талай ғасыр ағымдарын,

Сан құпия сырымен өрнектелген, 

Бүгінгі кеш тарту етер сан сырларын, - дей келе  сайысымыздың 2 –турына да келіп жеттік.


«Алғырлар» тобына. 
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг) 
2.Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? (5 бала )
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ) 


«Тапқырлар» тобына. 
1. Ағаш үстінде 50 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай). 
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут) 
3. 1 ц мақта ауыр ма, 100 кг темір ауыр ма? (тең) 
3.Сөзжұмбақ шешу

  1. Ең кіші үш таңбалы сан

  2. Қабырғалары тең тіктөртбұрыш

  3. Ондықтан құралған сан

  4. Бір таңбалы сан

  5. Кеміту амалы

5.Сергіту сәті «Бейнелі сөзді тап»

«Кім жылдам?»

Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде – дегендей келесі   сайысымыз «Кім жылдам?»

Берілген геометриялық фигуралардың ішіндегі сандарды дұрыс орналастырып, бір заттың суретін құрастыру. (Зымыран)

  1. «Ширату» сайысы.

Қай топ тез орындайтынын бақылау.

Берілген 12 шиден 5 шаршы шығатындай етіп орналастыр

8.«Капитандар » жарысы

Енді ең соңғы капитандар жарысы:
«Алғырлар»
1. Азайтудың компоненттері (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
2. 1 сағатта неше минут бар?(60)
3. 7 ондық 5 бірліктен тұратын санды ата.(75)
4. Мектептегі 45 минут?(Сабақ)
5. Оқу жылының алғашқы айы қандай?(Қыркүйек)
6. 2 мысық пен 1 тауықтың аяғы нешеу?(10)

«Тапқырлар»
1. Қосудың компоненттері
2. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)
3. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(98)
4. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қосамыз)
5. Мектептегі 10 минут?(Үзіліс)
6. Қыс айларының алғашқы айы қандай?(Қаңтар)

Жүргізуші:
-Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын  атап өтсек.  Оқушыларды грамотамен марапаттау.









Алматы облысы

Қаратал ауданы

Қызылжар ауылы

«Лермонтов атындағы орта мектеп»КММ













Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: «Тапқыр достар» интеллектуалдық ойыны

















Өткізген: Мусаева Г.Л.

2021-2022ж









Тәрбие сағатын талдау


1.Сынып 2 «А» 1 «А»Ұйымдастырушы : Мусаева ГЛ.

2. Тәрбие сағатының тақырыбы : Тапқыр достар

3. Мақсаты : Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. 
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. 
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу. 

4.Тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты және міндеттері өткізіліп отырған сынып ұжымының мүддесіне сай келуі :сабақтың мақсат міндеті сыныпсмүддесі сай, оқушылардың жас ерекшеліктері сақталды


5.Тәрбие сағатының формасы және әдісі (кеш, конференция, пікірталас, әңгіме,жиын, жиналыс) : интелектуалдық ойын.


6.Тәрбие сағатының дайындық және өткізу кезеңдеріндегі ұйымдастырушы және оқушылардың белсенділік деңгейі:жоғарғы дәрежеде болды.


7. Тәрбие сағатын өткізу барысында қолданылған техникалық құралдар, музыкалық шығармалардың маңызы және оларды қолдануда ұйымдастырушының шеберлік дәрежесі : техникалық құралдар, музықалық шығармалардың маңыздылығы сақталды, оларды қолдану шеберлік дәрежесі жоғары болды.

8. Тәрбие сағатында қолданылған көрнекіліктердің тартымдылығы және оқушыларға әсер ету дәрежесі : көрнекіліктер эстетикалық талғамға сай болды.


9. Тәрбие сағатының жоспарында көрсетілген кезеңдердің жүйелік, бірізділік қағидасының сақталуы : жүйелілік, бірізділік қағидасы сақталды.


10. Тәрбие сағатының өту барысында аудиторияның көңіл күйі: аудиторияның балалардың көңіл-күйлері жақсы болды.

11. Тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысында кемшіліктердің болуы. Болған жағдайда, оларды болдырмаудың жолдары: кемшілік болған жоқ.


12. Келешекте сынып ұжымымен өткізілетін тәрбиелік шаралардың мазмұны мен бағыты  қандай дәрежеде болу керек : ертегі түрінде болуы керек.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2023
476
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі