400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тапқыр достар» интеллектуалдық ойыны.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың тіл дамыту, айналамен танысу, математика, көркем әдебиет сабақтарынан өткен тақырыптардан сұрақтар беріп, білімдерін тиянақтау. Білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тапқыр достар» интеллектуалдық ойыны.

Мақсаты: Балалардың тіл дамыту, айналамен танысу, математика, көркем әдебиет сабақтарынан өткен тақырыптардан сұрақтар беріп, білімдерін тиянақтау.
Білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу

Ойынның барысы :
1Ұйымдастыру : Ойынға 3 баладан құралған 2 топ қатысады
Қатысушылар жалпы саны:6

2. Интеллектуалды ойын: Ойын-5 кезеңнен тұрады.
Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша сақиналармен пирамида құрайды. Барлық айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Әділ қазылар алқасы сайлап алынады.
1 Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан

2 Туыспыз біз бәріміз
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң
Бақытты өмір сүреміз,-дей отырып, «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер ! Бүгінгі сайысымыз өте ерекше, өйткені біз топпен жұмыс істейміз және ұлдар мен қыздар болып жарысамыз.

Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырайық:
« Қызғалдақтар» және «Қырандар» тобы.

- Балалар,ережелерді естен шығармайық және сұрақтарға қол көтеріп жауап береміз. (Командалар орындарына отырады,ойын шартын тыңдайды.)

Біздің сайысымыз тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады.Сұрақтарды мұқият тыңдап ,дұрыс жауап беру керек.
Әрбір жауапқа әр топты пирамидалық жетістікке жеткізетін «сәттілік сақинасын» алады.Қай топтың пирамидасы биік болса ,сол топ жеңіске жетеді.


1-кезең Тіл дамыту,айналамен таныстыру, математика сабағынан болады.

Тіл дамыту:
1. Бұл қай аң? (Аю)
2.Бұл қай құс? (Қарлығаш)

Айналамен танысу:
1. Суретте адамның қай мүшесі бейнеленген? (Көз).
2.Суретте
қай мамандық иесін көріп тұрсың? (Дәрігер)
3. Мынау қандай ыдыс? (Шайнек)

Математика
1 .Тақтада неше алмұрт тұр ? (5)
2. Тақтада 5 балапан тұр.Тауық келіп 1 балапанды ертіпкетті.Неше балапан қалды? (4 )
3. Мынау қандай геометриялық пішін ? (үшбұрыш)
4. Ағылшынша 1-ден 10-ға дейін сана
5. 1-ден 10-ға дейін тура және кері сана
6 .Мынау қандай геометриялық пішін? (дөңгелек )

2 кезең: Көркем әдебиет
Мынау қандай ертегі? Бір ертегіні сахналау.
1 «Екі дос»
2 «Үш жалқау»
3 «Түлкі мен тырна»
4 «Алғашқы жаңбырға дейін»

3 кезең : Логикалық тапсырмалар
1. Суретші нені шатастырған?
2. Қай нәрсе өзгеше? Қалғандарын бір сөзбен қалай атауға болады?

4 кезең : «Миға шабуыл» Сұрақтарға тез , әрі дұрыс жауап беру
1. Машинаның неше дөңгелегі бар ?
2. Бағдаршамның неше көзі бар ?
3. Тобымыздың неше терезесі бар ?
4. Сиырдың неше мүйізі бар ?
5. Бөлмеге жарық қайдан түседі ?

5 кезең : «Әуенді тап» (Угадай мелодию)

- Балалар,бүгінгі сайысымыз «Тапқыр достар» тақырыбына арналғандықтан, бәріміз бірге Ж.Айжанованың орындауындағы «Достар» әніне қосылып , би билейік.


Анель: Достық оты сөнбесін бұл ғаламда
,
Досың үшін еш нәрседен аянба
.
Дос іздеңдер, дос іздеңдер балалар
,
Адал досты табу қиын маған да
.

Айдос : Шырқаймыз біз бір әнді
,
Бөліп жейміз бір дәнді
.
Тату-тәтті жүреміз
,
Бірге ойнап күлеміз
.

Самал : Дос- дегенің ұлы ұғым
Оны сезін, біл ,ұғын
.
Шын досыма арналады
,
Көңілдегі ән-жырым
.

Ән «Дос болайық бәріміз»

Балалар бәрі бірге :
Дос болып біз жүрейік
Ойнайық та ,күлейік
Достық деген тамаша
Міне ,тұрмыз, жараса

Қорытынды :Барлық кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып ,жеңімпаз топ белгіленеді.Әділ қазылар алқасы топтарды марапаттап ,жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы сыйлықтар табыстайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
417
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі