Материалдар / «Тапқыр математик» математикалық сайыс

«Тапқыр математик» математикалық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні бойынша 2 сыныптарға арналған жарыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2020
848
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тапқыр  математик»  математикалық сайыс

Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру. — Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.

Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.

Түрі: Жарыс сабақ

Әдістері:Сұрақ –жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік, демонстрация

Сабақтың өткізілу формасы: Топпен жұмыс

Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер

Сайыс сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар! Уа, жарандар, жарандар!

Мына бізге қараңдар

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қостаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Ғылымдардың атасы Математика пәнінен “Математика әлемінде ” атты сайысымызды бастаймыз.( 1слайд)

Жүргізуші: -Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, »  —  деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

Жүргізуші:

Бүгінгі  күн сайыста

Ешкімнен сен қалыспа

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушылар ортаға шақырайық: 

І топ: «Болашақ »тобы

ІІ топ:  «Тапқырлар» тобы

ІІІ топ:  «Қырандар» тобы

ІV топ:  «Жалын» тобы

V топ:  «Сұңқарлар» тобы

VI топ : «Алғырлар» тобы

Жүргізуші: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек. Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:

1« Кел, танысайық!» (топтардың атымен, ұранымен танысу)

2 «Кім жылдам?» (топтық жұмыс, есеп шығару)

3. «Суретшілер» (фигураларды пайдаланып аққала, үй,зымыран, кеме ,ұя)

4. Мың бір мақал. (Құрамында сан есімдер бар мақалдар айтып жарысу)

5. Алма жинау (Шарты: Алма ағашынан алманы алып сыртындағы тапсырманы орындау арқылы себетке жинау. Себетке алманы көп жинаған топ жеңіске жетеді.)





Бағдарлама бойынша 

І кезең «Кел танысайық». 

І топ: «Болашақ »тобы

Топтың аты: Болашақ

Топтың ұраны:

Болашақ тобы алға,

 Биіктерге самға

 Достығымыз барда

 Жүреміз тек алда. 



ІІ топ:  «Тапқырлар» тобы

Топ аты: «Тапқырлар»

Топтың ұраны:

Білікті бірді жығады

Білімді мыңды жығады



ІІІ топ:  «Қыран» тобы

Топ аты: «Қыран»

Топтың ұраны:



ІV топ:  «Жалын» тобы

Топ аты: «Жалын»

Топтың ұраны:

«Көк бөрідей, жүректі қайраттымыз»

Жігерлі де, білімді, айбаттымыз



V топ:  «Сұңқарлар» тобы

Топ аты: «Сұңқар»

Топтың ұраны:

Сұңқардай қалықтаймыз,
 Ізденуден жалықпаймыз !



VI топ : «Алғырлар» тобы

Топ аты: «Алғырлар»

Топтың ұраны:

Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз



ІІ кезең «Кім жылдам»  

Қадірін білсең егер сен,

Қол ұшын берер ол саған

Есептеп жүрсең бәрін де,

Сүрінбейсің өмірде – дегендей  сайысымызды  «Кім жылдам?» деген кезеңінен бастайық.

Әр топқа бес есептен беріледі. Топтар топтасып есептерді шешеді. Қай топ есептерді шешіп болса, от шашу арқылы белгі береді. Бір дұрыс есеп бір ұпай.

І топ: «Болашақ »тобы

(16+7)+17=40

45-(7+8) =30

13+(10+7) =30

(12+13)-15=10

39-(11+8) =20

ІІ топ:  «Тапқырлар» тобы

(23+22)-25=20

(13+11)-14=10

24-(7+7) =10

18+(12+10) =40

16+(7+8) =31

ІІІ топ:  «Қырандар» тобы

19+(12+9) =40

26- (12+7) =7

30+(8+7) =45

43-(20+15) =8

16+(13+17) =46

ІV топ:  «Жалын» тобы

18+(11+11) =40

27-(13+6) =8

29+(14+7) =50

44-(21+16) =7

17+(10+18) =45



V топ:  «Сұңқарлар» тобы

19+(12+9) =40

28-(14+7) =7

30+(15+8) =53

45-(22+17) =6

18+(13+19) =50



VI топ : «Алғырлар» тобы

20+(13+8) =41

29-(15+8) =6

31+(16+9) =56

46-(23+18) =5

19+(14+17) =50

ІІІ кезең. «Суретшілер

-Әр түрлі білім сырын ұға алатын. Жылдамдық керек мұнда ,әрі өткірлік-дей келе 3-ші кезеңімізді бастаймыз.Топтар фигуралардың қиындылары беріледі. Фигураларды пайдалана отырып топ оқушылары аққала, үй,зымыран, кеме, ұя және көлік жасайды.

І топ: «Болашақ »тобы (аққала)

ІІ топ:  «Тапқырлар» тобы (үй)

ІІІ топ:  «Қырандар» тобы (зымыран)

ІV топ:  «Жалын» тобы (кеме)

V топ:  «Сұңқарлар» тобы (ұя)

VI топ : «Алғырлар» тобы (көлік)



Кезең соңында топ оқушылары, қандай фигураларды қолдана отырып жасағандығын айтады. Ең жоғарғы ұпай-5 ұпай.

IVкезең .Мың бір мақал.

Құрамында сан есімдер бар мақалдар айтып жарысу. Әр мақал-мәтелге 1 ұпай.

1 - санына байланысты:
Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер мәңгілік.
Бір жылы сөз бір күнге азық.
Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды,
Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды.

2 - санына байланысты:
Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
Ерке бала - екі жылар.
Жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе көп алады.

3 - санына байланысты:
Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.
Ат баспаймын деген жерін үш басады.

4 - санына байланысты:
Төрт кісіге шай құйғанша, төртпен бірге қос айда.

Төрт аяқты жылқы да сүрінеді.
Төрт аяғы тең жорға сүдігерде саспайды.

5 - санына байланысты:
Біреуге бес күн алда келсе, біреуге бес күн кейін келеді.

Бес саусақ бірдей емес.
Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.

6 - санына байланысты:
Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.

Ағайынды алты болсаң, адам тимес.
Алты аға бірігіп әке болмас.

7 - санына байланысты:
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.
Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,
Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.
Жақсы әке жаман балаға қырық жыл аз



Жүргізуші:

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына –дей келе-

V кезең. Алма жинау кезеңінеде келіп жеттік.

Шарты: Алма ағашынан алманы алып сыртындағы тапсырманы орындау арқылы себетке жинау. Себеттегі алмалардың әрбір дұрыс жауаптарына 1 ұпайдан берілері.



Жүргізуші: -Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап үшін ортаға мектебіміздің ДӘІЖО Айсұлу Абдрахманқызын шақырамыз.

Оқушыларды грамотамен марапаттау.

Математика-толған тәртіп, мағына мен мән

Математика-толған тамаша заңды

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ