400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тапқыр математик Сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыруда қажет . Білімнің іргетасы бастауышта болғандықтан мұғалім күнделікті ізденісте болуы қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сайыс сабақ. "Тапқыр математик"

Тақырыбы: «Тапқыр  математик»  математикалық сайыс сабақ

Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

— Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.

— Оқушылардың зейінін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.

— Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.

Түрі: Жарыс сабақ

Әдістері:Сұрақ –жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік.

Сабақтың өткізілу формасы: Топпен жұмыс

Көрнекілігі: нақыл сөздер

Сайыс сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізуші:

Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар!

Уа, жарандар, жарандар!

Мына бізге қараңдар

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қостаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Ғылымдардың атасы

Математика пәнінен

“Тапқыр математик ” сайысын бастаймыз.

Жүргізуші: -Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, »  — деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек.
- Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық.

1« Кел, танысайық!»

2 «Кім жылдам?»

3.«Ұшқыр ой»

4.Ойымды жалғастыр»

5Математикалық диктант

6.Бәйге топ басшылар сайысы

Жүргізуші:

Бүгінгі  күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста

Бағдарлама бойынша  

І кезең «Кел танысайық». 

1-топ: « Зерек» тобы

Біздің ұран: «Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім»

2-топ: « Жігер» тобы

Біздің ұран : «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ

3-топ: «Алғыр » тобы      

Біздің ұран: Жарыс десе жанамыз,

                      Бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз

4- топ: « Білгір» тобы

Біздің ұран:    Қандай сынақ болса дағы беріспе,

                        Әрқашанда үміткерміз жеңіске


2 кезең «Кім жылдам?»  

«Кім жылдам?» деген кезеңінен бастайық.

1-топ

1.Үш орындықтың неше аяғы бар? (12)

2.Қай айда 28-күн бар? (ақпан)

3.5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болған. Қазір Ержан неше  жаста? (8-жаста)

4.Нанды 3-бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? (2-рет)

5.120-минут неше сағатқа тең?(2 сағ)

2-топ

1.2 мысық, 3 тауықтың аяғы нешеу? (14)

2.Екі адам 4 сағат шахмат ойнады,олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнады?(4с)

3.Қырықаяқта неше жұп аяқ бар? (20)

4. Бірінші қатарда 7 бала отыр, екінші қатарда одан 4 бала артық отыр. Екінші қатарда қанша бала отыр? (11)

5. Поезда 7-вагон бар ,ортадағы вагонның номері қандай? (4)

3-топ

1. 190 минут  неше сағатқа неше минутқа тең?(3 сағ 10 мин)

2. Тауық  бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады? (5 кг)

3.Шөпте қояндар тығылып отыр ,тек 10 құлақтары көрініп тұр.Қанша қоян тығылып отыр? (5)

4.Екі баланың біреуі солға қарап тұр ,біреуі оңға қарап тұр.Олар бір-бірін көре ала ма?

5.50 саны шығу үшін қандай санды 4-ке бөлу керек ? (200)


4-топ

1 Ағаш үстінде 100 торғай отырды.Аңшы 10-торғайды атып алды,торғайлардың қаншасы қалды? (10)

2. Қандай түзулер қиылыспайды ? (Параллель) .

3. 200-минут неше сағатқа тең? (3 с 20мин)

4. . Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5)

5.Екі қолтырауын ұшып жарысты 1-еуі қызыл,2-шісі көк .Қайсысы мәреге бұрын жетеді








3 кезең.«Ұшқыр ой»


Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде – дегендей  сайысымыздың
   «Ұшқыр ой» кезеңіне көшелік 


1 Табақта 57 алма                                             

    Қолымда 7 алма                                             

    Барлығын қосқанда                      

 Болады неше алма?   (64 алма)


2.Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді.Барлығы неше балық болды? (Балықтар ұшпайды)

2.топ

1.Қорада қаздар жүр.Олардың аяқтарының саны 22.Оларға 3-үйрек пен 4 лақ келіп қосылды. Енді қорада неше аяқ серуендеп жүр? (44 )

2.Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата.

Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?(Айжан –Мұрат,Маржан-Асқар)


3топ

1.Дүкенге әрқайсысы 8 килограмнан 5 жәшік алма және 16 кг алмұрт әкелінді. Дүкенге барлығы неше килограмм жеміс әкелінді? (56)


2.Олар қандай баға алды?

Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім:

-Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсысыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы « 3» емес, ал Анардың бағасы « 3» те « 5» те емес деді. Соңда әркім қандай баға алған?(Анар -4,Әсем -5,Ардақ-3)


4 топ

1.Мен бір сан ойладым.Сол санды 5-ке көбейтіп,нәтижеге 2-ні қостым .Қосындыны 6-ға бөлгенде 7 саны шықты.Мен қандай сан ойладым? (8)


  1. Қай ауылдың балалары?

Әділет, Еркін, Қайрат үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Қосқұдықтан, екіншісі – Үштөбеден, үшіншісі – Көктөбеден келген.

Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Үштөбеде болып көрмегендігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген?(Еркін –Қосқұдықтан,Қайрат-Үштөбеде,Әділет-Көктөбе)


4.кезең « Ойымды жалғастыр». 
Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі. Мақал-мәтелдің басындағы сөйлем оқылады, жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылады.

1топ

1.Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)

2.Бір тал кессең (он тал ек)

3 Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

2-топ.

1.Жеті атасын білмеген ( жетімдіктің белгісі ,жетесіз)

2.Жеті рет өлшеп ,(бір рет кес.)

3. Білгенің бір тоғыз, ( Білмегенің тоқсан тоғыз).

3 топ

1. Бір кісі қазған құдықтан  (мың кісі су ішеді)

2. Қырықтың бірі (қыдыр)
3. Тоқсан ауыз сөздің ,(тобықтай түйіні бар)

4 топ

1.    Отыз тістен шыққан сөз,( отыз рулы елге жетеді.)
2.    Жеті жұрттың тілін біл,( 
жеті түрлі білім біл.)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас.)

5-кезең Математикалық диктант.

  1. топ

1.Ең үлкен 3 таңбалы санға 1-ді қоссаң неше болады


2 х + 45 = 100 

2 топ

1. 5-ті 7 есе арттырып, оған 99-ды қос.


3 топ

18-дің 5-ке көбейтіндісіне, 42-ні қос


4 топ

805-пен 217-нің қосындысын 999-бен 998-дің айырмасына көбейт;

6. кезең. Бәйге сайысы  

1 топ

1 . Азайту амалының компаненттерін ата?(азайғыш,азайтқыш,айырманың мәні)

2. 3 пен 9-дың қосындысы?(12)

3. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)

4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?айырманың мәні

5. 1 сағатта неше минут бар?(60)

6.9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(98)

7.Екі нүктенің арасын қосқанда не пайда болады?/ кесінді/

8. 1 м-де неше см бар /100/

9. 1 жылда неше ай бар /12 ай/

10. Қай жылы тудың?

11.Тәуелсіздік мерекесін қай күні тойлаймыз /16 желтоқсан/

12. Қыс мезгілінің алғашқы айы қандай?(желтоқсан)


2 топ

1. Оқу жылының алғашқы айы қай ай?(Қыркүйек)

2 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.(70)

3. 3 пен 9-дың көбейтіндісі?(27)

4. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?(30)

5. Санды сол санның өзіне бөлсе.не шығады?.(1 шығады)

 6.Мектептегі 40 минут?(Сабақ)

7. Қосудың  нәтижесі қалай  аталады?

8. 100 жыл неше ғасыр?(1 ғасыр)

9. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қосамыз)

10.350-150 дің айырмасы нешеге тең? /200/

11.Жеңіс күні қай күн / 9 мамыр/

12.Қай мектепте оқисың?

3 топ

1. Қыс мезгілінің соңғы айы қай ай?(ақпан)

2. Бөлу амалының компаненттерін ата?

3. 8 пен 7-нің көбейтіндісі? (56)

4. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)

5. Кез келген санды бірге көбейткенде...(Сол санның өзі шығады)

                                               

6.Тышқан аулағышты 5 әріппен басқалай қалай атауға болады / мысық/

7.Уақыт бірліктерін ата/ мин, са,ғат, секунд апта, тәулік/

8. 5 –ші сыныпта сенің жасың нешеде болады?

9. Аптаның үшінші күні  (сәрсенбі)

10. Екі шеті тұйықталған түзу (кесінді)

11. 750-350дің айырмасы =400

12. 2 жылда неше ай бар ( 24)

4 топ

1.64 қай санның квадраты (8)

2. 1т неше кг бар? /1000 кг/

3.Көбейтудің компоненттерін ата.

4.Отбасыңда қанша адам бар?  

5. 1 сағаттың жартысы ( 30 минут)


6.10х10=? (100)

7. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?  /енін ұзындығына көбейтеміз/ 
8.3 санының кубы нешеге тең? /27/ 

9.Кез-келген санды 0-ге көбейтсек не шығады? /0-дің өзі шығады/ 

10.Аптаның бесінші күні (жұма)

11. Шаршы дегеніміз не? /барлық қабырғалары тең төртбұрыш/ 

12.Қырық ауыз өтірікті құрастырғыш бала (Тазша бала)




Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазылар алқасына берелік.

Жеңген топтарды марапаттау


Математика

           Сонау-сонау алысқа,жүзсін десең кемелер,

           Тылсым-сырлы ғарышқа , ұшсын десең денелер,

           Жасау үшін бәрін де

           Математика-

           Ең маңызды ғылым бұл,

           Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл
























































«Тапқыр математик»

математикалық сайыс сабақ



































2018-2019 оқу жылы











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
2146
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі