400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

«Тапқырлар» Жарыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰСТАЗДАРҒА КЕРЕК БОЛАР
Материалдың қысқаша нұсқасы

14 жалпыға білім беретін орта мектеп кмм














«Тапқырлар»

Жарыс сабақ

(сыныптан тыс шара )

8 А Б сыныптар арасында
















Жаңаөзен қаласы

2017-2018 оқу жылы




Интеллектуалды сайыс

«Тапқырлар»

Күні:

Сыныбы: 8 А Б

Мақсаты: Еліміздің ішкі сулары туралы білімдерін кеңейте отырып. Өткен тақырыптардан алған білімдерін бекіту. Теориялық білімімен қатар ойын элементтерін пайдалану арқылы география пәніне қызығушылығын арттыру, оқушыларды суды қорғауға, бағалауға тәрбиелеу мақсатында өткізген қайталау сабағым.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: презентациялық материалдар, видеороликтер, карта.


Ойын барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың барысы

Сабақ көңілді тапқырлар ойыны (КТО) ретінде өтеді. 8 А Б сынып оқушыларының мүшелері қатысады. Сабақ 8 турдан тұрады.

Топтар: 1. Каспий

2. Арал

1. Тапсырма. Географиялық диктант (екі топқа бірдей тапсырма)

1) Жер бетіндегі су толған табиғи ойыстарды көл деп атайды.

2) Өзен дегеніміз бұл арна деп аталатын ойпаң арқылы ағатын су ағыны.

3) Өзеннің құятын жерін атырау деп атайды.

4) Көл орналасқан ойыс – көл қазаншұңқырлары деп аталады.

5) Еліміздің ең лайлы өзені – Сырдария.

6) Үлкен Ертіс теңізі деп Бұқтырма бөгенін атауға болады.

7) Еліміздің аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер бар.

2. Тапсырма. «Кім жылдам?» сұрақ-жауап.

«Каспий» тобы
1. Еліміздің барлық өзендері неше алапты құрайды? (2)

2. Еліміздің ең мол сулы өзені. (Ертіс)

3. Қазақстан Алтайында неше мұздық бар? (328)

4. Каспийдің ең терең жері. (1025)

5. Сырдария қай жылы сарқылды? (1974 ж)

6. ІІ-Хғ. Каспийдің атауы. (Хазар)

«Арал» тобы

1. Неше өзеннің ұзындығы 1000 км-ден асады? (7)

2. Ертістің республика жеріндегі ұзындығы. (1700)

3. Екінші орында лайлы өзен. (Шу)

4. Еліміздің аумағында қанша өзен бар. (85 мың)

5. Елімізді неше су бөгені (3 мыңға жуық)

6. Алтайдың атақты бұлақтары. (Рахман бұлақтары)

3. Тапсырма. Полиглот

«Каспий» тобы:Өзен-река-river

Су-вода-water

Мұхит-океан-ocean

Жұлдыз-звезда-star

Аспан-небо-sky

«Арал» тобы: Көл-озера-lakes

Балық-рыба-fish

Теңіз-море-sea

Жаңбыр-дождь-rain

Мұз-лед-ice

4. Тапсырма. Географиялық эстафета. Физикалық картамен жұмыс.


«Каспий»

«Арал»

Өзен

Қаратал

Нұра

Көл

Сасықкөл

Марқакөл

Өзен

Жайық

Сырдария

Су қойма

Бұқтырма

Қапшағай


5. Тапсырма. Бәйге


10

20

30

40

Қазақстанның өзендері

Picture 1


Бұл өзеннің ұзындығы республика жерінде 1082 км. Негізінен қар суымен қоректеніп, көктемде тасиды. Кеме жүзуге қолайлы өзен. Басты салалары: Самара, Шаған, Елек. (Жайық)


Бұл өзеннің ұзындығы 4248 км. 1700 км жуығы Қазақстан жері арқылы ағып өтеді. Бұл өзеннің барлық бөлігі кеме жүзуге қолайлы. 1974 жылы бұл өзеннің бойынан канал салынған. Жақында бұл өзеннен көксерке, байкал түркесі өсіріле бастады. (Ертіс)


Бұл өзеннің ұзындығы 2212 км. Өзен суын толықтырушы 1700 мұздық бар. Өзеннің бұрынғы атауы Сейхун. Өзен желтоқсаннан бастап қатып, наурыздың аяғында ери бастайды. (Сырдария)


Бұл өзеннің жалпы ұзындығы 1439 км. Текес пен Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болған. Суының молдығы жөнінен республикада үшінші өзен. Ірі салалары: Шілік, Талғар, Шарын. (Іле)


6. Тапсырма. «Сиқырлы қоржын». (сұрақ-жауап)

1. Еліміздің ішкі суларын ата: (өзендер, көлдер, жер-асты суы, мұздықтар, бөгендер).

2. Су молдылығынан 2-ші өзен (Жайық).

3. Бұқтырма су қоймасы қай өзенде? (Ертіс).

4. Жайықтың басты салалары. (Самара, Шаған, Өленті, Бұлдырты, Қалдығайты, Ойыл, Сағыз).

5. Медеу бөгеті қай жылы салынды? (1966ж).

6. Қазақстанның жалғыз ағынды көлі (Зайсан).

7. Реликті (қалдық) көлдерді ата (Каспий, Арал, Балқаш, Алакөл).

8. Каспий теңізі неше мемлекеттің жағалауын шайып жатыр? (5)

9. Аралдың мұхит деңгейі қандай биіктікте? (53 м)

10. Балқаштуралы алғашқы мәліметтер жазған. (Алакөлдің Балқаштан бөлінгенін). (Ш.Уәлиханов).

11. Қазақстанда неше көл бар? (48 мың)

12. Балқаштың ең терең жері (26 м)

13. Каспийдің ең бағалы балықтары (бекіре, шоқыр, қорытпа)

14. Каспий теңізінің неше пайызы Қазақстанға тиеслі (29%)

15. Амудария өзені Арал теңізінен нешінші жылдан бастап құймайды? (1982ж)

16. Бөген дегеніміз не? (жасанды су қоймасы)

ІІІ. Қорытынды. Марапаттау


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.02.2019
719
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі