«ТАПҚЫРЛАР МЕН
ТАПҚЫШТАР»
ҰОҚ: Балалардың ой-
өрісін, қиялдарын дамытып, шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыру. Сөздік қорын молайту. Сыйластыққа,
ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші:-Армысыздар, құрметті
қонақтар!
Күндей жадырап,жұлдыздай
жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
бүгінгі
«Тапқыр мен
тапқыштар» – ойын-сайысын ашық деп
жариялаймын.
Ортаға 1-ші «Балақай» тобын, 2-ші
«Бөбек» тобын шақырамын.
Тәрбиеші:
-
Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.
1-ші
бөлім: Екі топ басшыларын
таныстыру.
2-ші
бөлім: Бәйге, сұрағын оқимын,сендердің
сұраққа жауап берулерің, шапшаңдықтарың белгілі
болады.
3-ші
бөлім: Тапқырлар сайысы.Қойылған сұрақтарға жауап
беру.
4-ші
бөлім: Бейнетаспадағы тапсырма. Қай
ертегіден үзінді?
5-ші
бөлім: Құрастыру.Бір затты екі тәсілмен
құрастыру.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар
алқасымен таныстырамын.
Әділқазылар алқасы қонақтардан
сайланады.
Әділқазылар мүшесінің
төрайымы:
Көмекшілері:
Енді жеребе тастайық. Ендеше, мына
қоржынның ішінен нөмірленген асықты алып сайысты қай
топ бастайтынын білейік.
1-ші
бөлім: Екі топ басшыларын
таныстыру
«Балақай» тобы ұраны:
Достар бірге
жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Міне,біздер қандаймыз!
Бөлінбейді
іргеміз,
Әрқашанда біргеміз.
«Бөбек» тобына бізден жалынды
сәлем!
«Бөбек» тобы
ұраны:
Шын жүйріктер сыналады
жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда
қалыспа.
Тұлпарша жүйткіп
шабатын,
Бөбек тобы – жарыста.
«Балақай» тобына бізден жалынды
сәлем!
Тәрбиеші:
- Кімдер жүйрік, білімпаз біз
білейік.
Бақшамыздың жеңімпазы деп
жүрейік.
Қазылардан тек қана
әділдікті,
Ал
сайыскерлерге сәттілік тілейік!
/Балалар өздерін таныстырып
болған соң, дөңгелек үстел басына
отырады./
1-ші
топтың
сұрақтары.
2-ші
бөлім: Бәйге, сұрағын оқимын, сендердің
сұраққа жауап берулерің, шапшаңдықтарың
белгілі болады.
Есеп:
-
Қай
сан көп 5 немесе 7? / 7/
-
Бүтін көп пе бөлік көп пе?
/бүтін/
-
2+6
қосындысы? /8/
-
Дөңгелек бұрыштарымен болады ма?
/жоқ/
-
7-1
айырмасы? /6/
Қоршаған дүниемен
таныстыру.
-
Қыста қай аңдар ұйықтайды? / қоңыр аю,
кірпі/
-
Ақтау қаласы қай теңіздің жағасында орналасқан?
/Каспий/.
-
Байланыс құралдарын ата? /телефон, компьютер,
факс, хат, құттықтау хаттары/.
-
Бейбітшілік құсын ата?
/ақкөгершін/
-
12
ай нені құрайды? / жыл /.
Сауат ашу.
-
Дыбыс дегеніміз не? /Дыбысты
естиміз, айтамыз/
-
Сөйлемдердің соңында қандай белгі
тұрады? / нүкте/
-
Әріп дегеніміз не? /дыбысты
таңбалайтын таңба/
-
Сөз
ойла. /дыбыстық талдауға сөз ойла - таға, бақа
..../
-
Бейне таспадағы сөзді буынға бөліп оқып
бер. /Достар/
3-ші бөлім. Тапқырлар
сайысы.
-
Үстел үстінде 2 алма, 2 алмұрт жатыр, үстел
үстіндегі көкөністердің санын айт?
/жоқ/
-
Кесе, қазан, сандық, қасық, тәрелке, құман
–аталған заттардың қайсысы ыдысқа жатпайды?
/сандық/.
-
Әкеңнің әкесі кім?
/Ата/.
-
Қадай жыртқыш аң құлпынаймен
қоректенеді? /аю/.
-
Үстел үстінде 3 кесе қант тұр, соның
2-ін төгіп алды. Үстел үстінде неше кесе қалды? / 3
кесе/
-
Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды?
/ауа/
-
Әжейдің немересі Айгүл, күшігі
Ақтөс,мысығы бар.Әжейдің неше немересі бар?
/бір немересі/
-
Ертегідегі бауырсақтың шашының
түсі қандай? /жоқ/
-
Бос
ыдыстың ішінде неше жаңғақ бар? /
Жоқ/.
-
Тасбақа барлығынан озып шығады дейді.
Осы рас па?/жоқ/
Тәрбиеші:
-Көңіліміз қаласа,
Сыртқа шығып таласа.
Қар лақтырып
ойнаймыз.
Қыстың күні тамаша.
Сергіту сәті: «Қатып
қал»
Дәрумендік үзіліс. ( алма
тосабын ішу)
4-шы
бөлім. Бейнетаспадағы
тапсырма.
1-ші
тапсырма: Оқыған үзіндіден ертегінің атын
табу.
-Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып
келе жатқанда Дәуітті кездестірді.
-
Сүйкімді достым, неге зарлана жылайсың?-деп
сұрады Дәуіт Қарлығаштан. /Қарлығаш пен
Дәуіт/
2-ші
тапсырма: Мақал мәтелді аяқта. Дені саудың, /жаны
сау/
5-ші
бөлім. Үлгіге қарап бір затты
екі тәсілмен құрастыру.
2-ші
топтың
сұрақтары.
2-ші
бөлім: Бәйге, сұрағын оқимын, сендердің
сұраққа жауап берулерің, шапшаңдықтарың
белгілі болады.
Есеп.
-
7
санына байланысты қандай ұғымдар бар? /жеті киелі
сан/
-
Қай
пішінге 4 -деген сан лайық? /шаршы,
төртбұрыш/
-
Аптаның үшінші күні қалай аталады?
/сәрсенбі/
-
7+3
қосындысы? /10/
-
5
санның көршілерін ата? / 4-6/.
Қоршаған дүниемен
таныстыру.
-
Біздің Республикамыз қалай аталады?
/Қазақстан/
-
Тиін немен қоректенеді?
/жаңғақ/
-
Сиыр – бұзау, жылқы –құлын, ешкі - ?/лақ
/
-
Бағдаршам не үшін қажет? /жол тәртібін
реттеу үшін/
-
Сен
қай балабақшаға барасың? /«Дарын»
гимназиясына/
Сауат
ашу
-
Ата
сөзінде неше буын бар? /екі/
-
Қай
сөздер бас әріппен жазылады? /адамның есімдері, қаланың
аттары/
-
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
/екіге/
-
Сөз
ойла. /дыбыстық талдауға сөз ойла - тан, нан, лақ
..../
-
Бейне таспадағы сөзді буынға бөліп оқып бер.
/Ана/
3-ші бөлім. Тапқырлар
сайысы.
-
Табақта үш алма, қолымда екі алма. Қосқанда
барлығы, болады неше алма? /бес
алма/
-
Кітап неден жасалған?
/қағаздан/
-
Анаңның анасы саған кім болады?
/Әже/
-
Екі
қойдың неше аяғы бар? /8/
-
Кітап, дәптер, тон, қалам, қарындаш –
аталған заттардың қайсысы оқу құралына
жатпайды? / тон/
-
Екі
қолымызда неше саусақ бар? /он
саусақ/.
-
Үйге келді Мадияр, оған қоса Алдияр, кейін келді
Адина. Қанша болды үйде бала? /Үш
бала/
-
1
жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?
/3 минутта/
-
4
санның құрамын ата? / 2+2, 3+1, 0+4/
-
Біздің ғаламшарымыз қалай аталады? /
Жер/
4-шы
бөлім. Бейнетаспадағы
тапсырма.
1-ші
тапсырма: Оқыған үзіндіден ертегінің атын
табу.
Баласы көшеге шығысымен-ақ шақыр деген
кісілердің аты-жөнін ұмытып қалады. Үйге барып,
қайыра сұрауға бата алмайды. Ол тұрып-тұрып: «Ауылдың адамын
тегіс шақырайын, солармен шақыр деген адамдары да келер»,-деп
ойлады. /Қайырымды қоян/
2-ші тапсырма: Мақал-мәтелді
аяқта.
Денсаулық - /зор
байлық/
5-шы
бөлім. Үлгіге қарап бір затты екі тәсілмен
құрастыру
Тәрбиеші:
- Құрметті қонақтар, бүгінгі
сайысты жабық деп жариялай отырып, балалардың
орындауында «Бақшадағы
достарым»
әнін қабыл алыңыздар.
Балл санау. Қорытындылау.
Марапаттау.