Материалдар / Тапқырлар сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тапқырлар сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестеріме
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
506
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптан тыс - іс шара "Тапқырлар тартысы" 2 класс

Мақсаты: 1. Білімділік: сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе тырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете үйрету.2. Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.3. Тәрбиелілігі: болашаққа өз үлесін қоса білетін, іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Жан - жақты білімділікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімді бекіту.

Сабақтың типі: жарыс сабақ

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану.

Көрнекілігі: топ аттары жазылған қағаздар, мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Психологиялық дайындық

Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат,

Әрбір ісің - тірлік, тірек, адалдық.

Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адамдық

Балалар, бүгін біз сіздермен "Тапқырлар тартысы " атты интеллектуалды жарыс өткіземіз.

Жарысқа екі топ қатысқалы отыр

I. топ"Алғырлар" II. топ " Тапқырлар"

Жарыс ережесімен таныстыру. Әділқазылар мүшелерімен таныстыру.

Жарыс 5 кезеңнен тұрады.

1. Таныстыру

2. Сиқырлы сөздер.

3 Кім жылдам?

4. Кім көп біледі?

5. Сын сағаты. Немесе жағдаяттар шешу?



Құрметті ұстаздар, оқушылар!"Тапқырлар тартысы " сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.

Бас иіп топ алдына шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын дегендей сайысымыздың бірінші кезеңі "Таныстыруды бастайық"!

Сөз кезегін " Тапқырлар" және "Алғырлар"топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын таныстырады.)1 - кезең: Таныстыру. 1 – топ .Ұраны:

Нақтылы жауап, саналы шешім бере біл,

Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл!

2 - топ. Неше сұрақ қозғайтұғын ойшылдар,

шешуі сол сұрақтардың дәл шығар!

2 – кезең ."Сиқырлы сөздер"

Қазір экранга назар аударайық " Жолбарыс" Арыстан сөзіненҚай топ осы сөзден бірнеше басқа сөздерді құраса, сол топта көп ұпай болады.(екі минут уақыт беріледі).

3 - кезең."Кім жылдам" кезеңінде математика және ана тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші болып жалауды көтерсе, сол топ жауап береді.

1. Мен бір сан ойладым, оған 9-ды қосқанда 10 шықты. Мен қандай сан ойладым?(1)

2.әріпті өрнек дегеніміз не?( құрамында әріпі бар өрнек)

3. Шаршы дегеніміз не?( барл қаб тең)

4. Қосудың компоненттерін ата?

5. Асқардың 10 теңгесі бар еді. Ол 6 теңгеге кәмпит сатып алды. Асқарда неше теңге қалды? 4

6. Дыбыстар неше түрге бөлінеді?

7. Қоян сөзінде неше әріп , неше дыбыс бар?

8. Дауысты дыбыс дегеніміз не? әндетіп , созылып айт

9. дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 3



1. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

2. Бір аптада неше күн бар?

3. Жуан дауысты дыбыстарды ата

4. Шаян сөзінде неше әріп,неше дыбыс бар? ?

5. Қазақстан республикасының астанасы қай қала?

6. Боран қай кезде болады?

7. Тымақ деген не?

8. Дауыссыз дыбыстарды ата?

9. ?

10. Қазақ тілінде не әріп бар?

4 - кезең "Кім көп біледі" Бұл кезеңде әр топ кезек - кезек мақал айтудан жарысады. Көп мақал айтқан топ жеңімпаз атанады. ( бір сөзге дыбыстық талдау жасату)

5- кезең "Сын сағаты"кезеңі бойынша әр топқа жағдаяттық сұрақ қойылады. Олар сол сұраққа ойланып, өз шешімдерін түсіндіріп айтып береді.

1 - топқа сұрақ: Сабақта "2" алып қалдыңдар оған ұстазың да, анаңда қатты ренжіді, сол ренішті қалай өтер едіңдер?

2 - топқа сұрақ: Мектепке жаңа доп алып келдің. ойнап жүріп досың добыңды жарып қойды. Не істейсіңдер? Үйдегілерге не айтасыңдар?

Қорытынды

Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар.

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып дей отырып бүгінгі сайысымыз аяқталды













































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!