400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тапқырлар тартысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың логикалық, шығармашылық қабілеттерін ұштау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Тапқырлар тартысы 
Мақсаты: Оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін тексере отырып, білім – білік дағдыларын байқау, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту.Ана тілін сүюге, аталы сөзді түсінуге үйрету. Елін, жерін қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: интеллектуалдық сайыс
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өз ойларын жеткізу, қорғау, көрнекілік
Көрнекілігі: слайдтар, парақшалар, маркер, тапсырмалар
Барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің сөзі: 
- Бармысыздар,
Болашақтың бастауы,
Балғын шақты балалар!
Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсететін «Тапқырлар тартысы» атты интеллектуалды ойынымызды тамашалайсыздар.
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!
(Ойынға қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз).
Осы аралықта алған білім дәрежемізді өлең – жыр, жұмбақ, мақал – мәтелмен өрнектеп барымызды ортаға салайық. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
«Тапқырлар тартысы» атты интеллектуалды ойынымыз 5 бөлімнен тұрады.
1. «Бәйге»
2. «Тіл өнер»
3. «1001 мақал»
4. «Тапқырлық»
5. «Жорға»
Сайысқа қатысатын оқушыларға сәттілік!
1 – бөлім: «Бәйге». Бұл бөлімде 20 сұрақ қойылады. Сол сұраққа ең бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 балл.
1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)
2. Ең кіші бір таңбалы сан? (1)
3. Сұйық зат? (Су)
4. “Қ” қандай дауыссыз дыбыс? (Қатаң дауыссыз)
5. Ешкінің төлі қалай аталады? (Лақ)
6. Бір сағатта неше минут бар? (60 минут)
7. Тудың түсі? (Көгілдір)
8. Қар қай мезгілде түседі? (Қыста)
9. Қазақстан Республикасының президенті? (Н. Назарбаев)
10. Сиырдың төлі? (Бұзау)
11. Жер бетінің өсімдік өсетін қабаты? (Топырақ)
12. Қой маңырайды, сиыр. (Мөңірейді)
13. Балалар сөзіне қандай сұрақ қойылады? (Кімдер?)
14. Жемістер қай мезгілде піседі? (Күзде)
15. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)
16. Екі өркешті жануар? (Түйе)
17. Алфавиттің ең бірінші әрпі? (А)
18. Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді? (Жасыл)
19. Бүгін аптаның қай күні? (Жұма)
20. “О” дыбыбы қандай дыбыс? (Дауысты, жуан)

Математика.
30. 1 дециметрде (дм) неше сантиметр (см) бар?
Жауаптары: А) 10 см Б) 1 см В) 100 см
40. 8 - х = 6 қандай өрнек?
Жауаптары: А) әріпті өрнек Б) санды өрнек В) теңдеу
50. 1сағатта неше минут бар?
А) 30 б)60 в)90
Дүниетану.
30. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар?
Жауаптары: А) 3 Б) 5 В) 4
40. Өсімдіктің топырақ астындағы бөлігі қалай аталады?
Жауаптары:А) тамыр Б) сабақ В) жапырақ
50. Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?
Жауаптары: А) Сағат Б) Құбылнама В) План

Еліміз қашан тәуелсіздік алды? 1991ж.16 желтоқсан

4.Мемлекеттік тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков
5.Тұңғыш Президент күні қашан? 1 желтоқсан
6. Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында- 9-шы орында

Е лтаңбаның авторлары кімдер? Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
5.Әнұранның авторлары кімдер? Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов. 
6. Астана қаласының символы-Бәйтерек.
Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады

2 – бөлім: «Тіл өнері»
Келді кезек жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарын беру керек үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға, шәкірт саған несібе. 
Жүргізуші: Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл, 
Өз тіліңді құрметте!- келесі сайысымыз- «Тіл-өнер» деп аталады.  Бұл кезеңде берілген тапсырмадағы көп нүктенің орнындағы сөзді тауып, оны екі тілге аударамыз. Орысша, ағылшынша. Жауабын дұрыс тапса 10 ұпай, орыс тіліндегі аудармасы дұрыс болса 20 ұпай, ағылшын тіліндегі аудармасы дұрыс болса, 30 ұпай беріледі.
1. Жұт . . . ағайынды / Жеті- семь- seven/

2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді /қалам-ручка-pen/ 

3. Екі қолға . . . күрек /бір-один -one/

4. Кімнің баласы болма, 
Адамның баласы бол /атаның – дедушка – grandfather/

5. Өнер алды қандай тіл? /ќызыл – красный- red/

6. Мысыққа ойын керек,
. . . өлім керек /тышқан – мышь – mоuse/

7. Тілі бар, үні жоќ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен /кітап – книга - book/

8. Жылт – жылт етеді
Жылғадан µтеді /су – вода – water/

9 .Батыр туса – ел ырысы,
. . . жауса жер ырысы. /жаңбыр – дождь – rain/
10 ... оттан да ыстыќ. (Отан-родина-.country)....

11.Отансыз .........-.ормансыз бұлбұл. (Адам-.человек-.people.)..

12.Туған жердіњ ...... де ыстық, , түні де ыстыќ. (Күн-солнце-..sun).......

Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
3 – бөлім: «1001 мақал, 101 жұмбақ»
Бұл тур бойынша оқушы мақал-мәтел, жұмбақ айтады, әр жұмбақ, мақал-мәтеліне 1 ұпай

4 – бөлім: «Кім тапқыр?»
«Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. » - деп келесі кезеңді бастаймыз. 
Тәуелсіздік сөзінен жаңа сөздер жасау керек. Әрбір сөзге 1 ұпайдан.

Бұл турда оқушыларға бір сөз беріледі сол сөзден бірнеше сөз құрастыру қажет.(16 сөз)
Уақыты 1 минут.
Қ А З А Қ С Т А Н
Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан, тас, Астана.
Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
5 – бөлім: «Жорға»
Бұл турда ұпайы көп қалған екi оқушыға жеке-жеке 1 минутта 10 сұрақ қойылып, дұрыс жауапқа 10 баллдан ұпай жинайды.
1. 35 саныңда неше ондық бар? (3 ондық)
2. Қарға сөзінде неше буын бар? (2 буын, қар – ға)
3. 10 + 8 өрнегінің мәні нешеге тең? (18)
4. Суда еритін заттар? (Қант пен тұз)
5. Тау сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)
6. 5 ондық, 9 бірлік нешеге тең? (59)
7. Қазақстан Ресубликасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)
8. Мұз бен қар судың қандай күйіне жатады? (Қатты күйі)
9. Қа...бақ көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (ң)
1. 45 саныңда неше ондық бар? (4)
2. Домбыра сөзінде неше буын бар? (3 буын, дом – бы – ра)
3. 30 + 8 өрнегінің мәні нешеге тең? (38)
5. Ту сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)
6. 7 ондық, 8 бірлік нешеге тең? (78)
7. Топырақтың ең басты қасиеті? (Құнарлылығы)
8. Кіта.. . көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (п)
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
Мұғалім: «Тапқырлар тартысы» жеңімпазын марапаттау.
Бастауышта оқиды,
Ойға білім тоқиды
Бұлар бізден жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман – есен болыңдар.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
629
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі