жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Тапқырлар тартысы" математикалық сайыс сабағы
«Тапқырлар тартысы» атты математикалық сайыс
1-Ж: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Тапқырлар тартысы» деп аталатын математикалық сайысымызға қош келдіңіздер!
2 ж: Ғылымдардың патшасы атанғансыз,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
1 ж: Жасықтан емессің сен, қаталдансың
Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән- математика атанғансың,
Уа,
жарандар, жарандар!
2
ж: Зейін
қойып бізді біраз тыңдаңдар
Ғылымдардың
ғылымы,
Математика жайында.
Сайысымызды бастаймыз - дей келе ортаға бүгінгі «Тапқырлар тартысы» атты сайысқа қатысушыларды шақырамыз.
1ж. «Пифагор» тобын ортаға шақырайық
Топ мүшелері: ......................................................................................................
2ж «Архимед ізбасарлары» тобын ортаға шақырайық
Топ мүшелері: .....................................................................................................
1ж. «Тригонометрия» тобын ортаға шақырайық
Топ мүшелері: ......................................................................................................
1-ж:
Шеберлікпен білімді,
Сараптап сіздер
көріңіздер.
Әділ қазы алқасы
Әділ
баға беріңіздер,-дей келе сайысымызды
бастамас бұрын әділ бағалайтын әділ
қазылар алқасын сайлап алайық!
1. №40 шағын орталықты мектеп лицейінің оқу ісі
жөніндегі орынбасары: Эльмира Дабысқызы.
2. №40 шағын орталықты мектеп лицейінің оқу әдістемелік
орынбасары: Әлия Ерзаханқызы .
3. №40 шағын орталықты мектеп лицейінің
математика пәні мұғалімі: Жамал Ауғанбайқызы
4. Математика пәнінен аудандық кезеңнің жүлдегері-
11
«А» сынып оқушысы Еркін Айгерім.
2
– ж:
Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты
білім, терең ойлар сыналады.
Баға
берер әділқазы ортамызда
Сіздерге
құрметпенен қол соғылады.
1-ж:
«Тапқырлар тартысы» сайысы 5-турдан
тұрады
1. Сәлемдесу / аты, ұраны, төс
белгісі, қабырға газеті/
2. Қай топ
ақылды?
Қай топ шапшаң?
Қай топ тапқыр! /Викториналық сұрақтар./
3. «Тапқыр болсаң тауып көр?» /Есеп шығару./
4. Өз өнері. /Мәнерлеп оқу, ән би, т.б математикаға байланысты/
5. Үй тапсырмасы./ «Ұлы математиктертуралы » көрініс, кішігірім қойылым/
2 – ж:
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар.
Қайтпас, қайсар топтарын,
Қол соғып қарсы алыңдар - дей келе сайысымыздың бірінші кезеңі бойынша әр топтың сәлемдесуін қабыл алыңыздар. Ең жоғарғы ұпай -5ұпай
1ж. «Пифагор» тобын ортаға шақырайық.
2ж «Архимед ізбасарлары» тобын ортаға шақырайық.
1ж «Тригонометрия» тобын ортаға шақырайық.
Құрметті әділ-қазылар әр топтың сәлемдеуіңе бағаларыңызды берсеніздер.
2 ж: Сайыс толқын жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл сайыста байқалар шапшаңдылық,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
1 ж:Ең қиыны жарыстың енді келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез қимылда, ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көрейік ерен ерді,-дей қатысушыларымыз сайысымыздың екінші кезеңіні- Қай топ ақылды?
Қай топ шапшаң?
Қай топ тапқыр! бойынша викториналық сұрақтарға жауап береді. Әр викториналық сұрақтар ұпай санымен берілген.
10 ұпай, 20 ұпай, 30 ұпай
10 ұпай, 20 ұпай, 30 ұпай,
10 ұпай, 20 ұпай, 30 ұпай -деген цифрлары жазылған қима қағаздарда викториналық сұрақтар жазылған. Қима қағаздарды топ мүшелері өздері таңдайды. Әр сұраққа дұрыс жауап берілсе қима қағазда көрсетілген ұпай сандары беріледі.
1.
Рене Декарт қай елдің математигі? /
Француз/ 10
ұпай
2.
Алғашқы математик әйел. /С.Ковалевская/?
10
ұпай
3. .«Геометрия» пәнінің негізін салушы. /Евклид/ 10 ұпай
4. Пифагордың туған жері /Самос аралы/ 20 ұпай
5. .«Жүз өгіз есебі» қалай айтылады? /Пифагор теоремесы/ 20ұпай
6. Миллион деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы.
1879ж. Ы.Алтынсарин/ 20 ұпай
7.Түнгі
сағат онда жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан
кейін күннің жарқырау тұруы мүмкін бе?
/ мүмкін емес/ 30
ұпай
8
.8-наурызда екі шешей мен 2 қызына, әжей
мен немересіне орамал сыйға тартылды.
Неше орамал, бұл қалай? /3 орамал. Әжей,
шешей, қыз/ 30
ұпай
9.1-100
аралығындағы сандардың қосындысын
бірден тапқан оқушы, кейіннен әлемге
әйгілі математик /Карл Гаусс/ 30
ұпай
Құрметті әділ-қазылар Қай топ ақылды?
Қай топ шапшаң?
Қай топ тапқыр?-болды. Қойған ұпай санын айтып жіберсеңіздер.
2
ж:
Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып
жауап іздейік.
Уақытты
текке өткізбей,
Жауабын
анықтап берейік,-келесі «Тапқыр
болсаң тауып көр?»-
кезеңі.
Әр топқа есептер беріледі. Шешімін топ
мүшелерінің біреуі айтады. Әр есепке 1
ұпай беріледі.
1ж: 1.Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?1Ұпай
Жауабы: үш стакан
2ж: 2. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?
1 Ұпай
Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
1ж: 3. Гүлдананың осыдан үш жылдан кейінгі жасы осыдан үш жыл бұрынғы жасынан үш есе артық. Гүлдананың қазіргі жасын табыңыз:1Ұпай
х - қазіргі жасы
3(х – 3) = х + 3
3х – 9 = х + 3
2х = 12
х = 6
Жауабы: 6
Қосымша тапсырма.
2ж: Арыстан қонақтарды қарсы алды. Түлкі аюдан ерте, касқыр қояннан кеш, аю қояннан ерте, жолбарыс қасқырдан кеш келді. Ең кеш келген кім?1 Ұпай
Шешуі:
түлкі, аю
қоян, қасқыр
аю, қоян
қасқыр, жолбарыс
Сонда тізбек мынадай: түлкі, аю, қоян , қасқыр, жолбарыс.
Ең кеш келген жолбарыс.
Жауабы: жолбарыс
1ж: Құрметті әділ-қазылар «Тапқыр болсаң тауып көр?»- кезеңінің әр топтың алған ұпайларын айтсаңыздар.
2ж: Келесі кезең-Өз өнері. Қатысушыларымыз дайындап келген өнерлерін тамашалаңыздар./Мәнерлеп оқу, ән би, т.б математикаға байланысты/
Ең жоғарғы ұпай -5ұпай
1ж: Құрметті әділ-қазылар «Өз өнері» кезеңінің әр топтың алған ұпайларын айтсаңыздар.
2ж: Келесі кезең- Үй тапсырмасы/ «Ұлы математиктер туралы» көрініс, кішігірім қойылым/ Әр топ өздері үйлерінен дайындап келген үй тапсырмасын көрсетеді.
Ең жоғарғы ұпай -5ұпай
Құрметті әділ-қазылар әр топтың үй тапсырмасын орындауына әр топқа қойған бағаларыңызды берсеніздер. Ең жоғарғы ұпай -5ұпай
2 ж: Әділ қазыларымыз жалпы ұпай санын есептеп болғанша назарларыңызға ..................................................................................... орындайында ................................................................................... ұсынамыз.
1ж:Кешіміздің
соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділ
- қазы сөз алады.
Кешіміздің жеңімпазын
анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын
тапсырады.
Әділқазыларға
сөз береміз.
2ж:Жеңімпаздарды
шын көңілмен құттықтаймыз! Бәріңіздің
қатысқандарыңызға рахмет!
1ж:Келесі кездескенше сау болыңыздар!!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген