400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақия тігу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты:бас киім түрлерімен танысу. Білімділік мақсаты:тақия тігіп үйрену,үлгісін дайындай білуді жетілдіру. Дамытушылық мақсаты:тақияны тігу әдісін үйрету,өнерге қызығушылығын,шеберлігін дамыту. Тәрбиелік мақсаты:әсемдікке баулу,өнерге ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Токтыбаева Баршагул Салкеновна

Қарағанды облысы Қаражал қаласы №1ЖББОМ

Сабақтың мақсаты:бас киім түрлерімен танысу.

Білімділік мақсаты:тақия тігіп үйрену,үлгісін дайындай білуді жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты:тақияны тігу әдісін үйрету,өнерге қызығушылығын,шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:әсемдікке баулу,өнерге ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

а)ұлттық бас киім түрлері:ерлер,әйелдер бас киімі,буклет;

ә)тақия үлгісі,шаблон әзірлеу,сызба үлгі.

«Қыз еркем,ісімен көркем» тақырыбына көрме ұйымдастыру.

Сабақтың өту әдісі:баяндау,түсіндіру,көрсету.

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа қажетті материалдарды тексеру.

II.Оқушыларға білімдерін тексеру мақсатында қайталау сұрақтары беріледі.

1)Матаның адам организміне экологиялық әсері дегенді қалай түсіндіруге болады?

2)Табиғи маталардың пайдасы неде?

3)Синтетикалық бұйымдар адам организміне қандай әсерін тигізеді?

Жаңа сабақ

Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген.Ер адам,әйел адам өзіне сай бас киім киген.Жалаң бас жүрмеудің экологиялық,эстетикалық негізі бар.Бас киім қыста аяздан,жазда күннің ыстығынан қорғайды.Денсаулыққа үлкен мән берген ата-аналарымыз бас киімге аң, мал терлерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған (барқыт, велюр, драп, пүліш, шерсть т.б.).Бас киімді екі түрге бөлген.Ер балалар және қыз бала, әйелдер бас киімдері.Ерлер: тымақ, бөрік, айырқалпақ, малақай, сәлде, картоз, тақия киеді.Қыз балалар: кәмшат бөрік, қасаба, кимешекь шылауыш.

Тымақ.Екі бөліктен тұрады, төбесі 4 сай, шеті бағалы аң, түлкі терісімен жұрындалған.Жылы әрі сәнді,аязда киеді.

Қалпақ.Айырқалпақ,дөңгелек қалпақ киізден немесе драптан тігіледі.

Бөрікту балаң жігіттер,орта жастағы адамдар киген.Екі бөліктен тұрады.Төбесі бағалы матамен, шеті құндызбен жұрындалған.

Әйелдер бас киімі мен қыз бала бас киімі арасында айырма бар.

Сәукелені қалыңдықтар, жас келіншектер киген.Екі бөліктен тұрады.Төбесі 2,5 см биік конус тәрізді,жиегі бағалы аң терісімен жұрындалған.

Қасаба.Тақия тәрізді желкелігі ұзын қасабаны қас сұлулар киген.

Кимешекті егде жастағы әйелдер киген, бет жақтауы кестеленеді, тазалыққа, жылылыққа жақсы.

Біз бүгінгі сабақта бас киімнің ең көп тараған түрі қазір де қысы, жазы ер адамның бала күнінен қартайғанға дейін киетін тақияның тігу әдісімен танысамыз.Тақияны халық ерекше бағалаған7

«Тақияма таққаным тал-тал моншақ,

Кер биеге жарасар кер құлыншақ.

Тұсынан ауылыңның өттім,кеттім,

Тақия басындағы бермей кеттің»-деген өлең жолдарынан халқымыздың тақияны ерекше бағалағанын байқаймыз.Тақия екі бөліктен тұрады, төбесі және басқа тиіп тұратын бөлігі, жиегі. Тақия 4,6,8 сай болып тігіледі.Үстіңгі және астары жеке-жеке пішіліп тігіледі де біріктіреді.Астарлық мата саржа,атлас,шытты пайдаланады.Тақия үлгісін тақтаға сызып көрсетемін.

Shape1

АShape3 Shape2 ОВ секторы А

D=45С

АОВ=45С В

Осы бөлікті қиып аламыз.А және В нүктелері беттеседі, біріктіре тігеміз, тақия төбесі шығады.

Жиегі басқа тиіп тұратын бөлігін әзірлейміз.


Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 56см

Дәптерге сыздырып жазғызамын.

а)Шаблон бойынша үлгіні бастыру, үстіңгі және астыңғы бетін.

ә)Сызық бойынша қию.

б)Үстіңгі бөліктерін және астарын тігу.

в)Төбесін жиегін біріктіру.

г) Сәндік бұйым енгізу.

Сабақты қорытындылау кезеңі.Жұмысты қарау, тиісті нұсқау беру.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
2465
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі