Материалдар / Тақырыбы:1-қыркүйек күні – білім күні

Тақырыбы:1-қыркүйек күні – білім күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы №2«Жанар»МКҚҚ бөбекжайының тәрбиешісі:Тлегенова Сулу Тлектесовна

Тақырыбы:1-қыркүйек күні – білім күні

Мақсаты: Балаларға Білім күні-мерекесінің қоғамда алатын орнын көрсету; Мерекелік көңіл-күй орнату; балалардың мектеп туралы түсініктерін кеңейту; мектеп оқу құралдарымен таныстыру;

Міндеті: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Елімізде тек қана бейбітшілік, тыныштық үшін, әр адам оған атсалысу керектігін түсіндіру.Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету

Көрнекі құралдар: суреттер, оқу құралдары, ойыншықтар.

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ  жауап,әңгімелеу.

Тәрбиеші: Білімнің көп тас қамалы

Ғалымдық та асқаралы

Бар білімнің нұр бастауы-

Балабақшадан басталады.

Мереке құтты болсын! Ендеше бәріміз Достық шеңберіне тұрайық.

                                   «Достық шеңбері» 

 Біздің топта балалар
 Тату - тәтті ойнайды.
 Дос көңілі әрқашан
 Тек жақсылық ойлайды

Жүргізуші:Бүгіннен бастап біз доспыз, арамыз ешқашан осы шеңбердей бұзылмасын.
 Балалар, біздің Қазақстан Республикасының рәміздерін есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.

(балалардың жауабын тыңдау)

Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.

Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?

Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?

Балалар: Қасым Жомарт Кемелұлы.

Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?

Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.

Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?

Балалар: «Жанар» балабақшасы.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер.

ІІ. Негізгі бөлім.

Айназ :                 Бірінші қыркүйек күнімен

Аңқыған жұпары гүлімен

Келіп ем қарсы алар балабақшам

Сүйкімді қоңырау үнімен

Тәрбиеші: Міне, осындай тату тәтті, бақытты мелекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен сабағымызды жалғастырайық.

Ақбота:             Бақытты балғын баламыз

Өсті міне санамыз

Әріп танып сабақ оқып,

Білім нәрін аламыз


ІІІ. Қорытынды бөлім.

Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.

Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарыі үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.

Орындайды: білім күніне арналған тапсырмаларды толық орындайды.

Түсінеді: балалар 1 қыркүйек білім күні екенін.































Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі