жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы : Дұрыс тамақтану""
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
Мектеп: «Пугачев мектеп- балабақша кешені» |
|||||||||||||||
|
8-тарау: Дені саудың – жаны сау Күні: 12.01.19ж |
Мұғалімнің аты-жөні :Мурзабаева Г.Н. |
|||||||||||||||
|
Сынып: 2Ә |
Қатысқандар:10 Қатыспағандар саны: |
|
||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Дұрыс тамақтану
|
|
|
|||||||||||||
|
Осы сабақта қолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу) |
4.5 Денсаулық және қауіпсіздік |
|||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Пайдалы және зиянды өнімдерді айыра білу
Салауатты емдәмге қандай тағамдар жататынын түсіну Салауатты емдәм сақтаудың себептерін түсіну.
|
|||||||||||||||
|
Жетістік критерилері |
Оқушылар: дұрыс тамақтануға не кіретіндігін айтады және салауатты өмірдің маңызды екендігін талқылай алады. Пәндік лексика және терминология
жолдан қауіпсіз кесіп өту ережелерін сақтауға және үйдегі және қоршаған ортадағы қауіптен аулақ болуға үйрену |
|||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Диалог/жазылымға арналған сөз тіркестері Талқылауға арналған сұрақтар:
Неліктен ... екендігін айта аласыздар ма?
[Жазбаша ескертулер:]
Жолдан өткен кезде қауіпті сезінген сәттегі өзіңіздің ойларыңыз бен сезімдеріңізді және келесіде қауіпсіз өту үшін не істеуіңіз керектігін сипаттаңыз.
|
|||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Сыйластық, шығармашылық ,жауапкершілік. |
|||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Математика, ғылымға кіріспе, АҚТ. |
|||||||||||||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Қауіпсіздікке, тәртіпке, жаттығуларды орындауға, дұрыс тамақтануға қатысты мектепте және үйде күшті әрі дені сау болуы үшін не қажет екендігін біледі. |
|||||||||||||||
|
Сабақбарысы |
||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||||
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі. Тақтадағы өлең шумағын хормен оқыту. Табиғат - біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Табиғатты қорғайтын, Біз әдепті баламыз. Жер байлығы көп екен, Меңгеруді қалайды. Осының бәрін меңгертер, Дүниетану сабағы. Оқушыларды шеңбер бойына отырғызу. «Ия-жоқ» ойыны арқылы сабақты бастау. Қорап ішінде бір зат болады. Оқушылар сұрақтар қояды, мұғалім «ия-жоқ» жауаптарын айту арқылы ,қорап ішіндегі затты табады. Ол зат –жемістің муляжы . Жемістің қандай пайдасы бар? Неге жеміс адам денсаулығына өте қажеттілердің бірі болып саналады? Оқушылардың ойларын тыңдау. Деніміз сау болу үшін не істеуіміз қажет? Оқушылардың ойларын тыңдау. Сонымен балалар сабақтың мазмұны не туралы болуы мүмкін? Бүгінгі сабақ не жайында болмақшы? Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану пирамидасы Мақсаты:
Жетістік критерийлері:
|
|
||||||||||||||
|
Сабақ ортасы |
Қызығушылықты ояту.
(Ұ)(Ж) Өсімдіктер немесе жануардың суреттерін сыныпқа көрсету. Оқушылардан олардың қайсысы жақсы тамақтанатындығын, қайсысы нашар тамақтанатынын және неліктен екендігін сұрау. Оқушылардың жақсы тамақтанатын өсімдік пен жануарды түсіндіру үшін қандай сөздер мен сәйкес идеяларды пайдаланатындықтарын сұрау.
Бөлме өсімдігі Мысық күшік
(Ұ)(Ж) Сыныпқа дұрыс тамақтану өсімдіктердің, жануарлардың және адамдардың денін сау қылатындығын және олардың өсуіне көмектесетіндігін түсіндіріңіз. Неліктен балаларға дұрыс тамақтану пайдалы екендігін сұраңыз. Оқушыларға олардың өсіп келе жатқандығын және олардың қазір не жейтіндігі олар өскен кезде қандай болатындығына әсер ететіндігін айтыңыз. Сол сұрақты нашар тамақтанатын өсімдік немесе жануарға қатысты қайталау. Оларды тақтаға жазу, бағыттары бар диаграмма түрінде жазуға болады. Жаңа сөздерді сөздік блогына қосу. А
Жұппен жұмыс. Жұптағы оқушылардан пайдалы және зиянды өнімдер туралы ой бөлісіп, талқылау жасауды өтіну. Оларға пайдалы және зиянды өнімдердің суретін салуды, тізімін жасауды,суреттерді екі топқа жіктеуді, пайдалы ас мәзірін жасауды тапсыруға болады. Әрбір жұптан жасаған қорытындыларын сынып алдында айтып беруді өтіну.Олардың адам денсаулығына пайдалы және зиянды өнімдерді ажырата алу дағдысын бағалау. Пайдалы өнімдер Зиянды өнімдер
Жұптағы оқушылардан салауатты және дұрыс тамақтанбау қалай әсер ететіндігін сұрау. Әрбір жұптың сынып алдында айтып беруін сұрау. Олардың идеяларын «салауатты» және «дұрыс емес» деген тақырыптардың астына тақтаға жазу (Ұ) Оқушыларға олар «дұрыс тамақтану» пирамидасын және «салауатты тамақтану» пирамидасын жасайтындықтарын: пирамиданы жасайтын блоктар оны мықты ететіндігін, сондай-ақ біз тамақтанатын тағам түрлері де біздің мықты әрі деніміз сау болып өсуімізге көмектесетіндігін түсіндіру. Тамақтану пирамидасы туралы бейнетаспа көрсету. Бейнетаспа көрсету: «Дұрыс тамақтану» Адам қаншалықты тамақ түрлерін қабылдау керектігі жайында жұбымен анықтайды. Мұғалімнің іс-әрекеті: Тамақтану пирамидасы бойынша түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс. 80-81 бетпен жұмыс. Тірек сөздермен жұмыс. Дұрыс тамақтану-правильное питание-correct nutrition Тағам мөлшері-рацион-diet Топтық жұмыс. Топ ережесін есте сақтау:
Әр топқа деңгейлік тапсырмалар беру. 1-топ Күнделікті жеуге тиісті төрт тағам жайында айту. 2-топ Пайдалы ас пен пайдасыз астың айырмашылығын айту. 3-топ Тамақ этикеттер ішінен пайдалы және зиянды тағамдарды екі топқа жіктеу. 4-топ Тамақтану пирамидасын жасау. 5-топ Дұрыс тамақтанудың ережесін құрастыру Топтарды бағалау критерилері:
Әр топ өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. «Екі жұлдыз,бір тілек » әдісі бойынша өзара бағалау жасау. |
|
||||||||||||||
|
Сабақтың соңы
|
Қорытынды.
Ас - адамның арқауы Сұрақ-жауап бойынша сабқты қорытындылау.
Қалыптастырушы бағалау. |
|
||||||||||||||
|
Дифференциация – деңгейлік тапсырмалар беру. |
Бағалау.
Өзін-өзі «Жетістік баспалдағы»
арқылы бағалау. |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
||||||||||||||
|
|
|
Денсаулық сақтау технологиялары. |
||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
Кері байланыс жүргізу. |
|||||||||||||||

уру өсімдік Сау
өсімдік


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген