жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы : Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі 8 сынып
ҚМЖ
Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны: |
Мектеп: №15 «Қазақ мектеп-гимназиясы» КММ |
|||||
Мерзімі: |
Мұғалімнің аты-жөні: Сембаева Айдана Алматовна
|
|||||
Сынып 8 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар:
|
||||
Сабақ тақырыбы |
Электр өрісі.Электр өрісінің кернеулігі. |
|||||
Оқу мақсаттары |
8.4.1.6 - электр өрісі ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру және оның күштік сипаттамасын анықтау; 8.4.1.7 – біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу; 8.1.4.8 - электр өрісін күш сызықтары арқылы графиктік кескіндеу; |
|||||
Сабақ мақсаты
|
Оқушылардың барлығы Электр өрісі ұғымы мен электр кернеулігінің физикалық мағынасын түсіндіре алады. Оқушылардың көпшілігі Электр өрісінің кернеулігі формулаларын түрлендіріп, аралас есептерді шығара алады. Оқушылардың кейбірі Біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептей отырып, электр өрісінің күш сызықтары арқылы графикті кескіндей алады. |
|||||
Бағалау критерийлері
|
1. Электростатикалық өрістегі зарядқа әсер ету күшінің бағытын анықтайды; 2 .Біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептейді; 3. Фөрмулаларды түрлендіріп,есеп шығарады; 4.Тәжірибелік тапсырмаларды өз бетінше жасайды; 5. Электр өрісінің күш сызықтары арқылы графикті кескіндейді. |
|||||
Тілдік мақсаттар |
|
|||||
Құндылықтарды қалыптастыру |
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу және жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылықтарын негізге алу.Электр өрісінің шын мәнінде болатынын дәлелдейтін мысалдар келтіре отырып,оқушыларды бірігіп жұмыс жасауға ,ауызбіршілікке,жоғары жетістіктерге қол жеткізуге,талпынуға тәрбиелеу. |
|||||
Пәнаралық байланыс |
Мaтeмaтикa, Сызу.
|
|||||
Алдынғы білім
|
Электр зарядының сақталу заңы,қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуі,Кулон заңы,Элементар электр заряды.
|
|||||
Сабақ барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті (мақсатқа қалай қол жеткіземін?)
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау(әдіс-тәсілдер/ прием/ техника/ стратегия) |
Саралау тәсілдері (қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?/ қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?) |
Сабақтың басы
2 минут |
1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Сыныпты түгендеп,бағалау парақшасын таратып беремін. Оқушыларға қағаз қиындыларын таратып беріп,құрастырылған сурет арқылы топтарға бөлу. |
Oқушылaр құрастырған сурет қиындылары арқылы тoпқa бөлiнeдi.
|
|
Жіктеу |
3 минут |
Кім жылдам? (Үй тапсырмасын тексеру) (Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру) -Нүктелік заряд дегеніміз? -Кулон заңын кім ашты? -Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) электр зарядының өлшем бірлігіне не алынады? -Электр тұрақтысының мәні неге тең? -Кулонның иірілмелі таразымен жүргізген тәжірибесінің мәні неде деп ойлайсыңдар? -Кулон заңын тұжырымдаңдар және формуласын жазыңдар.
|
Жеке жұмыс Сұрақтарға жауап береді. Ойларын ашық айтады. |
Рахмет,жарайсың,сен сұраққа толық нақты жауап бердің.
|
|
Негізгі бөлім
10 минут
7 минут
15 минут
Сабақ соңы 3 минут
|
II.Жаңа сабақ Миға шабуыл Жаңа тақырыпты ашу мақсатында Youtube сайтынан бейнежазба көрсетіледі және кітаппен жұмыс беріледі. 1) Бейнежазбадан не көрдіңіздер? 2)Электр өрісінің күш сызықтары қалай пайда болды? 3)Зарядталған денелердің өзара әрекеттесуі қалай жүзеге асады?
Кітаппен жұмыс: Тақырыпты өз бетінше оқу. «Фишбоун» әдісі (постер қорғау) 1)Электр өрісі 2)Электр өрісінің күш сызықтары 3)Электр өрісінің кернеуліктері «Еркін ізденіс стратегиясы» әдісі Шығармашылық тапсырма беріледі: 1)Үріліп жіпке байланған екі шарды газетке үйкеп-үйкеп бір-біріне жақындатыңыз.Олар бір-бірінен тебеледі.Неге? Күш сызықтарын сал. 2)Бес тармақты жұлдыз пішіндес металл денеге оң заряд берген кездегі электр өрісі кернеулігінің күш сызықтарын кескіндеңдер. Бекіту тапсырмалары «Шыңға шығу» Деңгейленген тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай әр топқа бөліп беру. Тапсырма 1 А-деңгей 1) Кернеулігі Кернеулігі 3кВ/м-ге тең электр өрісіне орналасқан 10нКл зарядқа өріс тарапынан қандай күш әсер етеді? 2) 20нКл заряд өрісінің зарядтан 6см қашықтықтағы нүктедегі кернеулігі? В-деңгей 1)Сұйық диэлектриктегі 5нКл зарядтан 3см қашықтықтағы өрістің кернеулігі 25кВ/м .Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі қандай? 2)Жер бетіндегі электр өрісінің кернеулігі 130В/м.Жердің толық зарядын анықта. С-деңгей 1)Кернеулігі 3 · 10 5Н/кл біртекті электр өрісінде тепе-теңдік қалыпта болатын массасы 10-9 г мырыш тозаңының заряды неге тең? 2)Сутек атомдарының электрондары орбитасындағы электр өрісі кернеулігін тап.Орбитаның радиусы 0,5 · 10 -8см. Тест жұмысы Иә/жоқ әдісі бойынша тапсырмаға тез жауап бер. 1)Электр өрісінің кернеулігі E=F/q өрнегі . 2) Электр өрісі дегеніміз электромагниттік өрістің жеке білінуі.тыныштықта тұрған заряд немесе зарядталған дене электр өрісін тудырады. 3)Электр өрісі тарапынан нүктелік зарядқа әсер ететін күштің сол зарядқа қатынасымен өлшенетін шаманы электр өрісінің кернеулігі дейміз? 4) Электр өрісі ұғымын ағылшын ғалымдары М.Фарадей және Дж.Максвелл енгізді. 5)Сынақ заряд деп аталатын оң бірлік заряд қолдынылады және оның өз өрісі еленбейді. 6)Күш сызықтарының міндетті түрде басы мен аяғы болмайды немесе шексіздікке кетпейді. Дескриптор: - Электр өрісінің кернеуліктерін формула бойынша анықтайды.; - формуланы түрлендіреді; - физикалық шамаларды анықтайды. - электр өрісін күш сызықтары арқылы графиктік кескіндейді.
Рефлексия «Баспалдақ стратегиясы»
"Мен осы баспалдақтамын себебі ..." |
Топпен жұмыс. Бейнежазбаға қарап өз ойларын айтады.
Оқулық,мәтіндер Топпен жұмыс
Балықтың суретін сала отырып оқушылар өз ойларын жазады.
Топпен жұмыс
Топпен жұмыс
Деңгейлік тапсырмаларды орындайды, есептер шығарады
Жеке жұмыс
Оқушылар өздерінің берілген баспалдақ бойынша қай баспалдақта тұрғанын анықтайды.
|
Бәрекелді жарайсыңдар!
Мадақтау (Жарайсың,жақсы,өте жақсы)
Өте жақсы!
Бағалау парақшасы арқылы ұпай санын анықтау
. |
Дереккөз
Қарқын
Диалог және қолдау көрсету
Топ ішіндегі алғыр оқушы келесі топқа түсіндірме жүргізеді,талдайды.
Деңгейлері жоғары оқушыларға күрделі есептер беріледі
Жұмысты жылдам әрі дұрыс орындаған, жеке жұмысты толық әрі нақты орындаған оқушыларға дербес қолдау көрсетіп отырамын.
Қарқын
Қорытынды |
|
Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген