Тақырыбы:
« Өнерлі еңбекпен өрге жүзер!»
Мақсаты:
Оқушылардың
танымдық және шығармашылық қаблетін,
эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту,
игі салт, озық дәстүрді білу, әдептілік,
инабаттылық өнер секілді асыл қасиеттерді
бойға сіңіру.» Өнерлі ел озады» деп
аталатын көркем эстетика, музыка, сурет
және технология апталығын қорытындылау
оқушыларды марапаттау.
1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, Қымбатты
оқушылар! Көркем эстетика және
технология пәндер бірлестігінің 8- ші
сыныптар арасында өткізілгелі отырған«
Өнерлі еңбекпен өрге жүзер!» атты
апталығының жабылуына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Әркімге
де өнерпаздық жарасады
Жеңу
үшін бәрі де таласады.
Жайнаған
біздің жас өркендерге.
Риза
болып мына жұрт қарасады
дей
келе сайысқа қатысушы топтарды сахына
төріне шақырамыз
1.8
«А» «
Шеберлер »
тобын қарсы алайық
2.8«Ә»
«
Ұлы өнерпаздар »
тобын қарсы алайық
3.
8«Б» «
Жалын »
тобын қарсы алайық
4.8«В»
«
Шебер қолдар »
тобын қарсы алайық
5.8
«Г» «
Еңбек сүйгіштер » тобын
қарсы алайық
6.
8 «Ғ» «
Жұлдыздар » тобын
қарсы алайық
1-
жүргізуші:
Өнер, білім, өнеге, тұнған дарын,
Өнерліге
өз басым таң қаламын.
Өнерді
әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын
Бүгінгі
сайысымыздың әділ бағаларын беретін
әділқазыларымызбен таныс болыңыздар!
1.
Бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары және музыка пәнінің
маманы: Ашықбаева Орынгүл Талапқызы
2.Мектебіміздің
пед ұйымдастырушысы: Бисенбаева Гауһар
3.
Эстетика пән бірлестігінің жетекшісі:
Төреханова Ақжайық апай
Сайыскерлерімізді
сахына сыртына шығарып салайық
2-
жүргізуші:
Ал енді сайысымыздың ережелерімен
таныстырып кетейік, сайысымыз бес
шарттан тұрады.
1-ші
« Өзіңді таныстыр ,өзгені таны »
2-ші
« Натюрморт өнері »
3-ші
«Сегіз қырлы бір сырлы »
4-ші
« Мүсіндеу өнері »
5-ші
«Талант иесі көптен шығады »
жүргізуші:
Тасқындатып
біз бүгін жыр бұлағын
Өзімізше
өзгеріп сән құрамыз.
Бұл
сайыстың алғашқы кезеңінде
Таныстырсын
өздерін топ құрамы
дей
келе сайысымыздың бірінші ережесі:
« Өзіңді таныстыр , өзгені таны » деп
аталатын ереже бойынша ортаға
8 «А» «
Шеберлер »
тобын қошеметпен ортаға шақырамыз!
2-
жүргізуші:келесі
2-ші: 8 «Ә»сынып оқушылары « Ғажайып
төрттік
» тобын қошеметпен ортаға
шақырамыз!
1-жүргізуші:
8
«Б»сынып оқушылары «
Жалын »
тобын қошеметпен ортаға шақырамыз!
2-
жүргізуші:
8 «В» сынып оқушылары «
Шебер қолдар »
тобын қошеметпен ортаға шақырамыз!
1-жүргізуші
:
8 «Г» сынып оқушылары « Еңбек
сүйгіштер » тобын
қошеметпен ортаға шақырамыз!
2-
жүргізуші:
8 «Ғ» сынып оқушылары «Жұлдыздар
»
тобын қошеметпен ортаға шақырамыз!
2-жүргізуші:
Сайысымыздың екінші ережесі «Натюрморт
өнері» .Бұл
сайыс бойынша суретке қаблеті бар әр
топтан бір оқушыдан шығып, алдарында
тұрған жанды натюрморттерінен қалаған
тақырыптарын таңдап 20 минут ішінде
суреттерін салып аяқтап көрсетуі
қажет !
Ән:
Би:Үнді биі
жүргізуші:
Келесі үшінші сайысымыз «Сегіз
қырлы бір сырлы » деп
аталады.Бұл үшінші сайыста қол- өнерге
икемі бар әр сыныптан бір ұл, бір қыз
оқушыларымызды ортаға шақырамыз. Бұл
шартымыз бойынша ұл балдар қыздардың
жұмысын , қыздар ұлдардың жұмысын
атқарады. Ұлдарымыз матаға түйме қадау
керек. Ал қыздарымыз балға , шегемен
шекімелеу жұмысын а жасау қажет! Осы
шарт бойынша берілетін уақыт 15 минут.
Ән:
Күй:
жүргізуші:Сайысымыздың
төртінші ережесі «
Мүсіндеу өнері »Бұл
сайысымызда әр сыныптан екі оқушыдан
шығып ермексазбен нәтижелі бір бұйымды
мүсіндеу.Осы шарт бойынша берілетін
уақыт 10 минут.
Алдарыңызда
қобыз аспабымен Мүратбай Ақниет
«Маусымжан күйін» орындайды тамашалаңыздар
«Жетім қыздың» монологы: өнер көрсетуші
Рахмет Камшат
1-жүргізуші:
Сайысымыздың бесінші ережесі «Талант
иесі көптен шығады» Бұл
сайысымызда әр топ ән айтып, би билеп,
күй тартып өз өнерлерін көрсетеді.
жүргізуші:Осымен
бүгінгі сайысымыздың шарттарын
сайыскерлеріміз барлығын орындап
шықты. Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын
анықтау үшін әділқазы алқаларымызға
азырақ уақыт берелік.
Алдарыңызда
......
1-жүргізуші:
Қазылар
орнықтырар әділдікті
Кімдердің
жауаптары кәміл шықты
Өнер
мен шеберліктің сайысында,
Жеңіске
жетер дейміз нағыз мықты
деп
бүгінгі сайсымызды саралайтын әділқазылар
алқасына сөз кезегін берейік.
жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды.
Уақыт
біраз жерге таяп қалды.
Көріскенше
қош сау болып тұрыңыздар
Сайысымыз
осымен аяқталды.
Бүгінгі
біздің Көркем эстетика және технология
пәндер бірлестігінің 7- ші сыныптар
арасында өткізіп отырған «Өнерлі
еңбекпен өрге жүзер!» атты
апталығының жабылуына алтын уақыттарыңызды
бөліп келгендеріңізге үлкен рақмет!
Қош сау болыңыздар!