жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы Абылай (А.Естенов) Қабанбай (Қ.Жұмаділов)
|
Күні: Сынып: 4 Ә |
Қатысқандар саны: 28 оқушы Қатыспағандар саны: жоқ |
||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Абылай (А.Естенов) Қабанбай (Қ.Жұмаділов) |
||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
|
||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||||||||||||||
|
Жетістік критерийлері |
|
||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Ұлттық сезімдерін ояту, елі, жері үшін еңбек ете білуге, өнегелі болуға тәрбиелеу. |
||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
дүниетану |
||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
бейнежазба , таныстырылым. |
||||||||||||||
|
Тілдік құзыреттілік |
|
||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3 минут |
IШирату жаттығуы Оқушыларды ортаға шақырып, «Егер мен батыр болсам, . . .» өз армандарын айтқызу IIТопқа бөлу I топ «Өжеттік» II топ «Ерлік» III топ «Қайсарлық» IV топ «Батырлық» Топ атауларын қорғау 1.Бұл қасиеттер қандай адамдарда болады ? III Үй тапсырмасын тексеру _Өрмекші торы Сұрақ-жауап Бағалау: жұлдызша тарату арқылы |
Қағазға жазылған аттарды өздері таңдап алады Оралған шүйке жіп |
|||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 8 минут |
IV Жаңа сабақ «Атаулар (терминдер) кестесі» топтық жұмыс Сабақ басында тақтаға тақырып бойынша негізгі атауларды (терминдерді) жазып, оқушыларға оларды мынандай кестеге түрлендіруді ұсынамыз
Балалар, Үш жүздің басын қосқан Абылай хан да, күштілігімен, батылдығымен, ержүректігімен батыр болған. Қабанбай да еліміздің тәуелсіздігін аңсаған. Сол батыр аталарымыздың арманы орындалды ма? Тәуелсіздік күні қай күн ? Қай жылы алдық ?
Арасанбай
Естенов 1953 жылы біздің Арасан ауылымызда туған. 1970 жылы осы
біздің Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектепті бітірген. Ол кезде
мектеп Арасан орта мектебі болатын. 1980 жылы Қазақ Мемлекеттік
Университетінің журналистика факультетін
бітірген. Қабдеш Жұмаділов Осындай батырларымыздың ерліктерін бізге жеткізіп жүрген , Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов (1936 жылы ) Қытайдағы Шыңжаң өлкесінің Шәуешек ауданында дүниеге келген. “ Соңғы кеш ”, “Тағдыр”,“ Қыл көпір ” романдардың авторы.Қазақ ұлттық университетін бітірген. "Соңғы көш", "Дарабоз", "Тағдыр", "Атамекен" романдары мен шығармалары бар. V Мәтінмен жұмыс Абылайхан Абылайхан туралы бейнежазбаны көреді Бейнежазбаның мазмұны: Абылайхан. Абылайдың шын аты- Әбілмансұр (1711-1781). Жоңғарлар Түркістан қаласын басып алғанда,ол Ораз атты құлымен қашып барып , Төле бидің түйесін, жылқысын баққан. “ Сабалақ ”атанып жүрген, 15-жасынан жоңғарларға қарсы соғысып, олардың Шарыш деген батырын жеңген.1771жылы үш жүздің ханы сайланды. Үш жүздің басын қосқан Абылай хан - Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың ерлігіне сүйенген. Топтық жұмыс I топ: Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлең жолдарынан халқымыздың өткен өмірі туралы деректі тап II топ: Өлеңді мәнерлеп оқы.Өлеңде Абылай ханның қандай ерекше қасиеті айтылған? III топ: Өлеңді мәнерлеп оқы.Ақынның жас ұланға айтқан тілегін тап. IV топ: Өлеңді мәнерлеп оқы.Өлеңнен теңеу сөздерді тап. Бағалау: «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бірін-бірі бағалау жүзеге асырылады. Бейнесұрақ: -Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. -Өзінің мықтылығымен жеңгелерін таң қалдырған кім? Қабанбай ҚожағұлұлыҚаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. «Ту көтеріп, ел қорғаған сүйікті батырына халық Ерасыл, Нарбала, Ізбасар, Қабанбай, Хан батыр, Дарабоз, Көкірек әулие деген ат-есімдер берген» Топтық жұмыс
Түртіп алу әдісі
Алты Алаш- қазақтың үш жүзі,қарақалпақ,қырғыз,өзбек сияқты түркі жұртын алты алаш деп атау қалыптасқан Дуалы ауыз- айтқаны келетін адам Сардар- қолбасшы Сөзін жықпау- айтқанын орындау Хақ- шындық Қопа- шындық,анық Жезде- әпкесінің күйеуі Балдыз- әйелінің өзінен жасы кіші туысы Бағалау:Мәтіннің мазмұны бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. |
Кесте
Таныстырылым,автор суреттері, оқулықпен жұмыс
Бейнежазба
бейнефильм |
|||||||||||||
|
Сергіту сәті 1 минут |
аудиофайл |
||||||||||||||
|
Қызықты тапсырма 4 минут |
VI Дәптермен жұмыс «Есімін өз иесіне жаз» Сабалақ, Нарбала, Әбілмансұр,Дарабоз, Ерасыл.
Жұптаса отырып, бір-бірін тексеріп ауызша кері байланыс жасайды. |
карточка |
|||||||||||||
|
Аяқталуы 16 минут |
VII Сабақты бекіту. «Бесжол» өлеңдер құрастыру Абылай Қабанбай |
|
|||||||||||||
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.
Б |
Микрофон |
|||||||||||||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Топтық жұмыс барысында қабылеті жоғары оқушылардың топтағы қалыс қалған оқушыға көмек көрсетуін қадағалау. Сабақ барысында әр тапсырма соңында қалыптастырушы бағалау түрлерін қолдану. |
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||||
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Қабылеті жоғары оқушыны мадақтау арқылы, топ жұмысына белсене араласуына мүмкіндіктер жасау.
|
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||||||||||||

ұл сабақта
оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді
деп ойлаймын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген