КАСПИЙ
ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ
ҚЫРКҮЙЕК:
ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ПЕН КӘСІБИЛІК
ТАҚЫРЫБЫ:
«АДАЛ АДАМ. АДАЛ
ЕҢБЕК. АДАЛ ТАБЫС!»
ТӘРБИЕ
БӨЛІМІ, КУРАТОРЛАР
АҚТАУ-2025
ТӘРБИЕ
САҒАТЫНЫҢ СЦЕНАРИЙІ
Тақырыбы:
«Адал
адам. Адал
еңбек. Адал табыс!»
Мақсаты:
Студенттерге
адалдық, еңбекқорлық және кәсіби
жауапкершілік туралы түсінік беру;
Жұмысшы
мамандықтарының қоғамдағы рөлін
арттыру;
Қазақстанның
дамуындағы жастардың, әсіресе колледж
түлектерінің орнын көрсету;
2025
жыл – қазіргі еңбек нарығы мен заманауи
сұраныстар жайлы айту.
Тәрбие
сағаты
құрылымы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
Куратор
сөзі:
– Құрметті
студенттер! Бүгінгі тәрбие сағатымыз
– жаңа оқу жылының бастауы ғана емес,
маңызды тақырыптарды қозғайтын уақыт.
«Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс» –
бұл жай ғана ұран емес, бұл сіздер сияқты
жастардың болашақ өмірлік ұстанымы
болуы тиіс.
ІІ.
Кіріспе: Биылғы жылдың ерекшелігі (2025
жыл)
– Биылғы
2025 жыл – Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі үшін маңызды кезең.
"Адал еңбек – жарқын болашақтың
негізі" ұранымен жұмысшы мамандықтарын
насихаттау жалғасып жатыр.
–Мемлекетіміз
жұмысшы кәсібі иелерін қолдау бағытында
бірқатар бағдарламалар жүргізіп келеді:
– Колледж
түлектері қазірдің өзінде заманауи
техникамен, IT саласымен, өндірістік
жүйелермен жұмыс істеуге қабілетті
мамандарға айналуда.
Адалдық
— адам бойындағы ең асыл қасиеттердің
бірі. Адал адам әрдайым шыншыл, әділ,
сенімді болады. Ол өз ісіне жауапкершілікпен
қарап, ешкімге қиянат жасамайды. Адалдық
– тек сөзде емес, істе де көрінуі керек.
Адал
еңбек — маңдай термен келген еңбек.
Адам өз күш-жігерімен, ынта-жігерімен,
шынайы еңбегімен ғана шын мәнінде
табысқа жетеді. Мұндай еңбек әрдайым
құрметке лайық. Еңбектен қашпайтын адам
өмірде де, қоғамда да өз орнын табады.
Адал
табыс — таза еңбекпен келген табыс. Ол
ұрлықпен не жалған жолмен келген пайдадан
әлдеқайда қымбат. Өйткені адал табыс —
адамның ар-намысының, жан тыныштығының
кепілі. Ондай табыс жанды да, жүректі
де жайландырады.
ІІІ.
Негізгі бөлім
1.
Проблемалық сұрақтар мен пікірталас
(5-7 мин)
Сұрақтар:
Адал
еңбек деген ұғымды қалай түсінесіздер?
Бүгінгі
жастар еңбекке қалай қарайды?
Жұмысшы
болу – ұят па, әлде мақтаныш па?
Студенттер
өз пікірлерін ортаға салады.
2.
Мақал-мәтелдер мен заманауи байланыс
(5 мин)
Мақалдар:
Тапсырма:
Мақалдардың
қазіргі өмірмен байланысын түсіндіру.
Мысалы, дәнекерлеуші, механик, дизайнер,
IT маман — бәрі адал еңбекпен табысқа
жетеді.
3.
Бейнебаян көру (5 мин)
Тақырып:
«Қарапайым маман – үлкен тұлға» (мысалы:
құрылысшы, электрик, шаштараз, аспаз,
т.б.)
Көргеннен
кейінгі сұрақтар:
Бұл
адамдардың табысы неден басталды?
Сіз
қандай кәсіби бағытты таңдап отырсыз?
Адал
еңбекпен қандай жетістікке жетуге
болады?
4.
Топтық жұмыс (постер, көрініс, пікір)
Тапсырма:
"2025 жылғы адал еңбек бейнесі"
тақырыбында 2 топ постер жасап қорғайды.
Нұсқаулық:
Қазіргі
таңда қандай мамандық иелеріне сұраныс
көп?
Жастар
адал еңбек арқылы қалай табыс табады?
Адалдық
пен кәсіби біліктілік қандай жағдайда
үйлеседі?
5.
Қорытынды бөлім (3-5 мин)
Куратор:
– Адалдық
– уақытпен өлшенбейтін қасиет. Бүгінгі
таңда сіздердің бойларыңыздағы адалдық,
кәсібіңізге деген сүйіспеншілік,
жауапкершілік – ертеңгі табыстың
негізі.
– Еңбек
адамы – елдің тірегі. Қарапайым жұмысшыдан
бастап, ірі кәсіпкерге дейін – барлығы
адал еңбекпен биікке жетеді.
Қорытындылай
келе, өмірде шынайы табысқа жетудің
жолы — адал болу, адал еңбектену. Әрбір
азамат осы үш ұғымды жүрегіне түйіп,
соған сай өмір сүрсе, қоғамымыз да
әділетті, берекелі болары сөзсіз.
Рефлексия:
Стикер
әдісі (немесе ауызша):
Мен
бүгін не ұқтым?
Қандай
ой қосқым келеді?
Адал
болу мен үшін не?