08.11.17.
Сабақтың
тақырыбы: Әдеп – достық, сыйластық
Сабақтың
мақсаты:1.Адамгершілікке,
кішіпейілділікке, жаман әдеттерден
аулақ болуға баулу;2.Адам бойындағы
ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата
отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.
«Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін
кеңейту;3.Әдептілікке, сыпайылыққа
тәрбиелеу;
Көрнекі
құралдар:
Адамгершілікке,
әдептілікке байланысты түрлі суреттер,
өсиет - нақылдар
( әдептілік туралы),
құпия хаттар т.б.
Шаттық шеңбері
-
Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп
сәлем бергені» дегендей, қане, бәріміз
бір - бірімізге иіліп амандасайық. ( Бәрі
осылайша сәлемдеседі)
«Әдептілік,
ар - ұят - адамдықтың белгісі»
Халық
мақалы
Жақсылықтан
үйреніп,
Боламыз
біз жақсы адам!
Жамандықтан
жиреніп,
Үлгі
аламыз жақсыдан!
- Бүгін біз әдептілік,
адамгершілік туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу
•
Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
•
Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар?
Әдепті бала болғың келе ме?
• Әдепсіз
дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз
бала қандай болады?
• Әдептілікті
бізге кім үйретеді?
Түйіндеу
Адам баласының бойында жақсы да, жаман
да қасиеттер болады екен. Бізге
ақылдылықты, адалдықты, қарапайым -
кішіпейілділікті, инабаттылықты,
шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол -
біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып,
ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп,
ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз.
Адам болатын бала - барлық жақсы
қасиеттерді үйреніп, жаман мінез
әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ
болуға тырысуы керек.
Әдептілік
Ы.
Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты
кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп
тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам
өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын
иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан
да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы
бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар
ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға
соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні
қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым
тұрып:
Ешбір ғылым - білім үйренбеген
ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан
әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген
екен.
• Жарлы адам мен ғалымның
кішіпейілділігі олардың қандай іс -
әрекеті арқылы көрінеді?
• Әңгімеден
қандай ой қорытуға болады?
Суретпен
жұмыс
Сурет бойынша әңгімелету.
Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас
қасиеттерді үйрену керектігін
әңгімелеу.
Ойын «Жалғастыр»
«Не
істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп
жазылып көрсетіледі.Мұғалім басқы сөзін
айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы
керек.
«Құпия хаттарға» жауап
беру
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр
топқа құпия хаттар жазылған конверттер
таратылып беріледі.Жауабын әр топ
ойланып , ақылдаса отырып айтады.
Хаттардың
мазмұны:
1 хат.Құрметті достар!Менің
көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші
көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған
күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен
дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат.Құрметті
достар!Менің де бір досым бар. Өзі
мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып,
нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен
онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы
ойнайды. Мен осы баламен дос болайын
ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті
достар!Партада менімен бірге бір бала
отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын
орындамай, жазбай келеді. Мұғалім
сұрағанда қысылады.Сабақты менің
дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем,
«Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім
керек?
Шығармашылық жұмыс. «Әдептілік
ережелері»
Мұғалім балалармен түрлі
суреттер арқылы «Әдептілік ережелерін»
құрып, ватманға жапсырады.
Әдептілік
ережелері
• Әдепті бала қашанда
сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен
амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін
алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда
қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы
болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы
адамдарға өзіңді жағымды көрсету.
Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу
кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте
отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді,
ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден
өткізуге көмектеседі.
Дәйексөз
«Әдептілік,
ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген
халық мақалын сабақтың дәйексөзі ретінде
түсіндіру.
Қорытындылау
- Балалар,
біз бүгінгі сабағымызда әдептілік,
сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті,
сыпайы балалар айналасындағыларға
жағымды, сүйкімді екенін түсіндік.
Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен
адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды,
өтінемін деген жылы сөздерді үнемі
айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет
қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға
қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын
үйрендік.
Жүректен - жүрекке
Балалар
шеңбер бойына жиналып Арасанбай
Естеновтың «Әдеп» өлеңін айтады.
«Әдептілік,
ар - ұят - адамдықтың белгісі...»
Әдеп
А.
Естенов
Әдеп, ізет, иба да - Әдеп -
алтын сабырың,
Шарайнасы жаныңның.
Жетелейтін мұратқа.
Әдептіні сыйла
да, Әдеп - талап, жалының,
Тәңіріңдей
табынғын. Ақ желкенін құлатпа.
.Мақал-мәтелдер
айту,мағынасын ашу.
1.Әдепті
бала-арлы бала,
Әдепсіз
бала-сорлы бала.
2.Әдептілік
белгісі –иіліп сәлем бергені.
3.Әдепті
бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз
бала ата-анасын қақсатар.
4.Әдепті
бала өсірсең,ауылдың абыройы.