Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: «АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ» баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
• Әр оқушының қабілетіне қарай сапалы білім беру. • Ұлттық мәдениетпен қатар әлем мәдениетінен де оқушыларды хабардар ете отырып, ойлау өрісін тілдік қорын кеңейту, өзіңдік пікір айту қабілетін шыңдау,танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттыру. • Жаңа оқыту технологияларын меңгеру, оны сабаққа енгізуде жүйелілікке қол жеткізу болатын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Теміртау қаласы әкімдігінің

«Теміртау қаласы №9 мектеп- лицейі» КММ













Баяндама

Тақырыбы: «Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану»











Орындаған: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Асимхан.К







Теміртау қаласы 2013-2014 жж

Армысыздар құрметті әріптестер!


Өздеріңізге белгілі Қазақстан дамыған елу елдің қатарына кіру үшін үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру соның ішінде, ағылшын тілін мектеп жасындағы оқушыларға тез әрі, жылдам үйрету әр ұстаздың алдына қойылған басты мақсаты екені белгілі. Көптен қолданып келген педагогикалық әдіс-тәсілдермен салыстырғанда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану барысында анағұрлым оқушыладың пәнге деген қызушылығы артып, білім деңгейі көтерілуде.

Ағылшын тілін оқытудағы менің әдістемелік тақырыбым «Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру арқылы тілін дамыту» деп аталады.

Бұндағы басты мақсат:


  • Әр оқушының қабілетіне қарай сапалы білім беру.

  • Ұлттық мәдениетпен қатар әлем мәдениетінен де оқушыларды хабардар ете отырып, ойлау өрісін тілдік қорын кеңейту, өзіңдік пікір айту қабілетін шыңдау,танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

  • Жаңа оқыту технологияларын меңгеру, оны сабаққа енгізуде жүйелілікке қол жеткізу болатын.

Дегенмен оқушыларға тілді меңгерту барысында кездескен қиындақтарға (проблемаларға) тоқталып өтсек:

  • оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алмауы ,тілдік қорларының аздығы

  • Бастауыш сыныптар да оқулықтардың жоқтығы.

  • Оқушылар білгендерін жадында сақтамауы,

  • Оқушылардың өз бетімен ізденістерінің болмауы

Жоғарыда аталған проблемаларды шешу жолдарын қарастыру барысында:

  • Пән саласын кірістіре отырып оған қызығушылықтарын ояту.

  • Бала бойына шеберлік негіздерін сіңіре отырып, орындау дағдысын қалыптастыру

  • Түрлі танымдық журналдар оқулықтар мен жұмыс жасау.

  • Жаңа оқыту технологияларын пайдалану барысын да, сабақты түрлендіріп өткізу.


СТО – оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдыларын дамытуға ауызша және жазбаша тілдің барлық түрін қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге бағытталған технология.Жалпы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану барысында, оқушылар топта жұмыс жасау, өз пікірлерін ашық жеткізу,жеке, дара жұмыс жасау барысында іздену,мәтіндерді оқу барысында жаңа ойлардың туындауы осылардың бәрі оқушыларға қызық болды, әр пәнге тыңғылықты дайындықпен келіп отырды. Ағылшын тілі сабағында Кубизм, РАФТ, Жигсо, INSERT, әдіс- тәсілдерін қолдана отырып, ағылшын тілін қызықты қылып өткізудемін. Сабақтың құрылымдық кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:

І. Brainstorming (Ой қозғау)

Мен 6«а» сыныбында өткен «What do we know about the history of the USA» сабағымда ой қозғау мақсатында сұрақтар дайындадым. Өтілген сабақтар бойынша бәрі сұрақтарға дұрыс жауап берді. Бұрынғы білетін материалдарын жаңа ақпараттармен толықтырды.

ІІ. INSERT мағынаны тану барысында қолдандым.

«What do we know about the history of the USA?»

V – I know

­­­­­­­­­­­- I don’tknow

+- It is new for me

-?- It surprised

America is a big, independent country. There are fifty states in the USA.

The history of Thanksgiving Day. Where came term. Native Americans.

The history of wild west and jeans.

Why do people wear jeans all over the world now? Today mane Americans still keep a gun in their houses.

  • III. Realization of the meaning ой толғаныс кезеңінде эссе жазу, «Бес жолды өлең»,

Сабақ барысында көп қолданған стратегиям Кубизм тәсілі болды.

7а,ә сыныптарында «Stories about plants»,- тақырыбында осы тәсілді қолдану барысында, оқушылар гүлдердін,өсімдіктердің, жануарларды топта,жұпта, жеке жан-жақты зерттеп.Әркім өз пікірлерін ортаға салып талқылап отырды.Мысалға: Роза, дала гүлі, қар гүлдерін алып.Оны зерттеп, сипаттап,салыстырып отырды.

Ал, 4а,ә сыныптарында рөлдерде ойнау, ой ашар ретінде шағын шумақты тақпақтарды жаттау барысында тілдік қорларын дамытты.

5-6 сыныптарда топтарда жұмыс жасау арқылы мәтіндерді аударып, ары қарай өз ойларымен мәтіндерді аяқтады.

9-10 сыныптарда Қазақстан мен Ағылшын елдерінің салт-дәстүрлерін салыстыра сипаттау барысында оқушылар ой шарлау әдістерін пайдаланды.

Мен өз сабақтарымда үнемі сөзжұмбақтар, ребус шешу, суретпен жұмыс, әртүрлі тақырыпта шығарма жазу, сөздікпен жұмыстарды жүргізіп отырамын. Мысалы: 5-сыныпта «Are you a good friend?» тақырыбын өткен кезде суретпен жұмыс, «Менің досым» деген тақырыпта шығарма жазу тапсырылды. 7-сыныпта «Parts of the body» сабағында оқушылардың тыңдап, есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында «Draw Joe’s face!» тапсырмасы берілді. 8-сыныптарды «Environment» тақырыбында оқушылардың сөздік қорын молайту үшін «Полиглот» ойыны ойнатылды. 9-сыныптарды «If I were millionaire» сабағында «Егер мен миллионер болсам…» деген тақырыпта шығарма жаздырылды.





Жоғарыда жүргізілген жұмыстар нәтижесінде алдыңғы тоқсанның білім сапасына қарағанда, ІІ тоқсандағы ағылшын тілі пәнінің білім сапасы 1,2% жоғарлауын байқауға болады. Демек, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы ағылшын тілін оқытуда оң нәтиже бергенін көрсетеді.

Елбасымыз «Үш тілді білу біздің болашағымыз үшін қажет. Әлем барған сайын жаһандана түсуде, келешек ұрпаққа үлкен тілдік орталарға бейімделе білудің маңызы зор» деп айтқандай қазақтың ұрпағы үш тіл емес, одан да көп тілді меңгеріп жатса ол біздің кемшілігіміз емес, артықшылығымыз болар еді.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
487
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12