Тақырыбы: «Әжемнің ауылында» саусақ театры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Әжемнің ауылында» саусақ театры

Материал туралы қысқаша түсінік
: балада театр қызметіне деген қызығушылықтарын ояту, құрдастарымен, яғни ұжымда жұмыс жасауға үйрету. Ауылдың өмірі мен үй жануарларының пайдасы жайлы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Драма

Тақырыбы: «Әжемнің ауылында» саусақ театры

Білімділік міндеті: балада театр қызметіне деген қызығушылықтарын ояту, құрдастарымен, яғни ұжымда жұмыс жасауға үйрету. Ауылдың өмірі мен үй жануарларының пайдасы жайлы түсінік беру.

Дамытушылық міндеті: мәнерлеп, әдемі сөйлеу мәдениетін дамыту, ойын барысындағы қиялдары мен шығармашылықпен жұмыс жасауға тлпыну қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік міндеті: ауылдағы адамдардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: « Ауылдың пейзажы» иллюстациялық сурет, ойыншық салынған себет, «Бұл кім, жауабын тап та, ата» ойынына арналған суреттер, жан- жануарлардың суреттері

Тілдің үштұғырлығы: яблоко-алма-apple, мысық-кошка-cat, сиыр-корова-cow, груша- алмұрт-pear, утка- үйрек- duck.

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық кезең

-Балалар , біздер бүгін ауылға саяхат жасаймыз.

- Балалар, ауылға қандай көліктермен баруға болады?

( көліктер жайлы әңгіме)

Психожаттығу: «Жүрдек пойыз»

-Балалар, ауылға пойызбен барсақ қайтеді? Ол үшін сендер біріңнің артыңа бірің жұппен тұрыңдар да, өздеріңді жолаушылар сезініңдер.

- «Тоқтаңдар!» деген белгі берілгенде, жүрісімізді баяулатып, тоқтаймыз.

Балалар назар аударып қарайды, жауап беруге әрекеттенеді.

жауаптары тыңдалады.



-балалар психожаттығуды жасайды.

- Жұптасып, бірінің артынан бірі жүреді.



-Балалар басында қатты жүреді, белгі берілгенде жүрістерін азайтып, тоқтайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

1.--Балалар, қараңдаршы, ауылдың ауласы мен тіршілігін мына суреттен қараңдаршы.

-« Ауылдың тыныс-тіршілігі» картинасымен әңгіме жұмысы.

2.Дидактикалық ойын

«Сиқырлы қап»

3.«Ауыл» атты кестемен жұмыс.

- Балалар, кесте бойынша « Ауыл несімен бай» сұраққа кесте бойынша жауап беріңдерші.

-Бақта не бар?

- Бақшада не бар?

- үй құстары жайлы не білесің?

-Қандай үй жануарларыен білесің?

-Егістікте не өседі?

-Сүттен не жасайды?

Тілдің үштұғырлығы: яблоко-алма-apple, мысық-кошка-cat, сиыр-корова-cow, груша- алмұрт-pear, утка- үйрек- duck.

Сергіту сәті:

Жүні жібек шудадай,

Ақ мүйізді аппағым,

Үстіңді жүр былғамай,

Баспа жердің батпағын.

Аяғыңды аңдап бас,

Тізеңді тас тілмесін.

4. Сахнала «Әжемнің ауылында» үй жануарларын сахналау .

1-бала: Ботақаны нардың

Жарға неге бардың.

Тілерсегің дірілдеп,

Секіре алмай қалдың

2-бала:Құлыншағым құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

3-бала: Әукім-әукім, әукешім,

Қасиыншы әукесін.

Енең әне келеді,

Ақ мамасын береді.

4- бала: Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың,

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

5- бала:Секең, секең ей, лақ,

Жүрмін саған кейіп- ақ

Тыныш тапсаң болмай ма?

Секірмей- ақ кей уақ.

-Балалар, ауылдағы әженің үйінде қандай үй жануарларымен таныстыңдар?

Тілдік ойын: «Не қайда тұрады?»

-Сиырлар қайда тұрады?

- Жылқылар қайда тұрады?

-Қойлар ше?

-Ешкілер ше?

Ойын «Көмекші балалар»

Ауылда қандай жұмыс ерлердің жұмысы брлвп, қандай жұмыс қыздырдыкі болып саналатынын айтады.

Суретті зер сала қарап шығады.



-Суретпен жұмыс жасайды.


-Балалар сипап-сезу арқылы үй жануарларын табады.





-Алма, алмұрт ағаштары.

-Көкөністер.

-Тауықтар, әтеш, үйректер, қаздар,

-жылқы, сиыр, қой, ешкі.

-бидай, жүгері, қарақұмық, тары.

-қаймақ, ірімшік, құрт, май.




Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.







-Балалар, үй жануарларының сахнасын тамашалайды.

- Балалар шамаларынша өлең жолдарын нақышына келтіре айтып шығады.


















Сұрақтарға жеке, топпен де жауап береді.



-Кең сиыр қорада.

-Таза жылқы қорада.

- Қой қорада.

-Жылы қой қорада.


Балалар екі топқа бөлініп, сұрақтарға жауап іздейді.

1- топ- «Еңбекшілер», 2- топ- «Көмекшілер»

Рефлексивті-түзетушілік кезең

1.-Балалар, үй жануарларына қалалық жер жақсы ма, әлде ауылды жер жақсы ма?




2.-Балалар, біз сендермен қайда саяхатқа барып келдік?

-Қандай жануарлармен кездестік?

Әженің үйінде сендерге ұнады ма?

-Әрине ауылда тұрған жақсы.

Қалада үй жануарары мен үй құстарына жағдай жоқ, себебі:

-Лас ауа.

-биік үйлер.

-Жайылым жоқ.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу: ауылдың өмірі мен үй жануарларының өмірінен хабарды. Үй жануарларының тұратын жерлерін.

Түсінуге тиіс: қала мне ауылдың айырмашылығын. Ерлер мен әйелдер жұмыстарының айырмашылығын. Қоршаған орта жайлы түсінікті.

Істей білу керек: ойындардың шарттарын дұрыс түсінуді және ойнай білуді. Сұрақтарға толық жауап беруді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.05.2018
1595
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі