жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы: Әжетайым менің
Сабақ жоспары
Әдебиеттік оқу 2сынып
Тақырыбы: Әжетайым менің
Сабақтың мақсаты:
1.Тәрбиелік: Әжені құрметтеуге, сыйлауға, қадірлеуге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
2. Білімділік: Оқушыларға өлеңді оқи отырып,әже жайында түсінік беру, оқу дағдысын жетілдіру, , дұрыс оқуға машықтандыру, өлең шумағымен жұмыс істей білуге үйрету.
3. Дамытушылық: Дамыта оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, ойын, сөздік қорын, тілін дамыту, өз ойларын тұжырымдауға, дәлелдеуге, түйіндей білуге жетелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнектілігі: суреттер, интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы:
І Білім дағдысын қалыптастыру.
Үй тапсырмасы
Модуль: Қадірлі әкелерім,мейірімді аналарым
Тақырып: Мысық пен тышқан
Жанр түрі: Ертегі
Негізгі идея: Аңқаулық,алдану
Кейіпкерлер: тышқан,мысық
Олар туралы не білеміз?
ІІ Қызығушылығын ояту.
Сөзжұмбақты шеш Электрондық оқулық
Балақай, туыстық атауларды білесің бе?
Кәне , сөзжұмбақты шешіп көрейік.
-
Әкесінің шешесі кім? (әже)
-
Әкенің әкесі кім? (ата)
-
Ербаламен бірге туған жасы кіші қыз бала. (қарындасы)
-
Бірге туған өзінен жасы үлкен ер бала (аға)
-
Ұлдың баласы (немере)
Сөзжұмбақтың атауы болып тұрған белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың өлеңімен туыс, ағайын, жақын адамдарыңызды қалай атауға болатынын білеміз.
2. Мағынасын ашу
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгін біз Жақан Смақов Айтшы, әжетай өлеңімен танысамыз (Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз). Балалар, « әже» деген сөзді қалай түсінеміз, топтастырып көрейікші.
Интербелсенді тақтада
туысқаны
анамның анасы зейнеткер
![]()
қ
Әже
амқоршымыз қарт адам
![]()
әкемнің
анасы
![]()
қария адам
жанашырымыз
ертегі айтады Кәрі адам
Мен , сүйемін , әжемді
Бұл сөздерден сөйлем құраймыз, дәптерге жазамыз.
Мен әжемді сүйемін.
ІҮ. Қолдану. Электрондық оқулық
Оқулықпен жұмыс. Барлығымыз кітабымызды ашып, қарап отырайық.
Бұл өлең далог түрінде жазылған,яғни әжесімен немересінің сөзі. Автор бұл өлеңді қандай көңіл-күймен жазған екен тыңдап көрейік
Бұл өлеңді автор мақтаныш,сүйіспеншілік сезіммен жазған.
Оқулықпен жұмыс. Оқушылар оқиды.Қолдарыңа қарындаштарыңды алып, түсінбейтін сөздің астын сызып отырайық
Ақтабан- аттың аты
Қаракөл қой- қойдың түрі,(тон,шуба)
Өлеңде қайталанатын тармақтар нешеу?Олар қайсысы? (7)
Қандай туыстар туралы айтылған? (Атасы,нағашысы,апасы,жеңгесі,жиен ағасы,жездесі)
Тағы не айтылған? Олардың мамандығы туралы айтылған
Сергіту сәті. Интербелсенді тақтада
Өлеңге сүйеніп, әр мамандық иесін тап. Байланыс сызықтарын жүргіз.
|
Туыстық атау |
|
Мамандығы |
|
Атасы
Н Жеңгесі Ағасы Жиен ағасы Апасы Жездесі |
|
Тәрбиеші монтер Жылқышы Сауыншы Құрылысшы Егінші қойшы |
ІҮ Ой толғаныс Өлеңнің соңғы шумағын қайталап оқы
Құлыным,ботам,көжегім!
Кім боласың сен өзің?
Әжеңе кім боласың? Немере,жиен
Өскенде кім боласың? Оқушылардың пікірі
1.Кім болам? Мәтін құрастыру
2.Әже туралы өлең құрастыру
3.Әже туралы эссе жазу
3 «Дөңгелек үстел » стратегиясы бойынша бүгінгі сабақты мақал-мәтелмен түйіндеу.* Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
-
Ата- асқар тау, ана - бауындағы бұлақ,
Бала-жағадағы құрақ.
Пайымдау.Бүгінгі сабақта не білдік?
Туыстық атауларды білдік
Неге осы өлеңді біздің кітабымызға жазып қойған?
Туыстармен әрдайым қарым-қатынаста болсын деп,
Туыстарды сыйласын деп,туыстар арасында кешірімді болсын деп,үлкенді сыйласын деп
Білім тарланы
(танымдық зерде қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту Білімді,дарынды,озық болуға тәрбиелеу.
Бүгінгі «Білім тарланы» атты интеллектуалды ойын сайысына қош келіпсіздер!
Сайыс шарттары:
1-кезең. Бәйге
2- кезең. Жорға
3- кезең. Тапқыр болсаң ойлан ,тап
4- кезең. Көкпар
5- кезең. Теңге алу
6-кезең. Ғажайып бестік
Супер ойын
Бүгінгі сайысқа қатысушылар:
Зеректер, Алғырлар, Тапқырлар тобы
«Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер» деп сайысымыздың алғы шарты
.Бірінші кезең-«Бәйге»
«Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша мақал-мәтелден жарыс.
Ітоп . Туған жер, Отан
ІІтоп. Батырлық,ерлік
ІІІтоп. Денсаулық
Ескерту. 1топта айтылған мақал-мәтел сол топта 2-рет қайталанбауы керек!
Қандай керемет! «Мақал сөздің мәйегі»демекші құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой,сол себепті өмірімізде мақал-мәтелді жиі қолданған дұрыс.
Екінші кезең-«Жорға»
Бұл жарыста жылқы өзінің жұмсақ жайлы,жүрісімен көзге түсетіні белгілі.
Жарыс кезінде де жорғасынан таймайды. Бұл жарыста жұмбақ шешіледі.
Жұмбақшылар сайысы
1.Жерге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы.(бидай)
2. Кеудесінде жүрегі, өзі жансыз жүреді.(сағат)
3. Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ,басы бар,
Белін бекем байлаған,қоқсықты коймай айдаған.(сыпырғыш)
4. Кішкене ғана бойы бар,айналдырып киген тоны бар(қой)
5.Еркін самғап ұшсын деп,
Асыраймыз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы деп,
Қай құсты біз атаймыз?
Үшінші кезең
Тапқыр болсаң ойлан, тап!
1.Бір жанұяда 5ұл бар,әр ұлдың бір қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар ?
2. Ұшып бара жатқан бір топ үйректің екеуі алда,біреуі артта,біреуі алда,екеуі артта,біреуі екеуінің ортасында және үшеуі бір тізбекте. Неше үйрек ұшып барады?
3.Екі бас,екі қол,алты аяғы бар кереметтің төрт аяғымен жүріп келе жатқанын
Көрдім. Менің көргенім қандай керемет?
Төртінші кезең- «Көкпар»
Ойынның шарты бойынша ортаға көкпарды тастап,додаға түсіп тартысады.
Бұл ойында ойыншылардың бірі додаға түскен марқаны жеңіп алады.
Енді көкпар жарысының сауалына жауап беріп көрейік.
1. Қазақстанмен шектесіп жатқан көршілес 5мемлекетті ата
2. «Абай жолы «романының авторы кім?
3. Қазақ ертегілері нешеге бөлінеді?Оларды атау.
4.Астана қаласы қай уақыттан бастап Қазақстанның астанасы болды?
5.Күн жүйесінде қанша ғаламшар бар?
6.Абалай хан тұсындағы атақты жырау
7.Соғыста Жамбылдың қай өлеңі жауынгерлерге дем берді?
8.Төрт қабырғасы тең фигураны ата
Бесінші кезең- «Теңге алу» (Логикалық есептер)
Теңге алу да ат спортына жататын ұлттық ойындардың бірі. Ат ойыншының қалауынша шабады.Бірақ теңге жатқан жерге келгенде баяулауға болмайды.Шапқан бетінде аттың үстінен жерде жатқан теңгені алу керек.(Артында сұрақ жасырылған теңгелерді үстелдің үстіне төңкеріп қойып,теңгені оқушылар алып сұрақтарға жауап береді).
Алтыншы кезең-«Ғажайып бестік»
1.Кел, балалар оқылық! Өлеңінің авторы кім?
2.Қазақстанда «Қызыл кітап»қашан шықты?
3.Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай аталады?
4. «Р» әрпінің математикалық мағынасы қандай?
5.Мәтіннің неше түрі бар?
6.Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?
7.Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан
Екі қоймен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді?
-
Супер ойын Төле би
Бір күні Төле би сапар шегіп жол жүреді. Сөйтіп Ақылбайдың үйіне тоқтайды.Төле биді жақсы қарсы алып,дастархан жайып,алдына бас әкеледі.Сонда Төле би қолына пышақ алып,етті кесе бастайды.Еттің бір мұрттын аузына салып, құлағы мен таңдайын Данагүлге береді.
Тапсырма Ал енді сендер Төле бидің Данагүлге не мақсатпен құлақ пен таңдайды бергенін айтыңдар.
Төле би : Данагүлге таңдай берген себебім, дарынды да,ақылды, шещен болсын деп бердім, ал құлақ берген себебім, көптеген шешендік сөздерді естіп, менің өсиеттерімді елге таратсын,-деп Төле би сөзін түйіндеді.
Шай қайнатып шағала
Бәрін шайға шақырды.
Келді тоғыз шағала,
Неше шағала шай ішті?.
1кг тас ауыр ма, 1кг мақта ауыр ма?
Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта 1мысық отыр,әр мысықтың қасында 3 мысық отыр.Бөлмеде неше мысық?
Корзинада 5алма бар екен,оны 5 балаға таратқанда, корзинада1алма қалыпты. Ол неліктен?
Аяғын жерге тірей қалып
Шеңбер сызады шыр айналып
Ит 2 аяғымен тұрғанда салмағы 13кг , ол төрт аяғымен тұрса,оның салмағы қанша болады?
ағашысы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген