400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: Алгоритм және оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Алгоритм және оның түрлері тақырыбында алгоритмнің неше түрге бөлінетіні және олардың қызметінің айырмашылықтары туралы түсіндіріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы




































Информатика пәні мұғалімі:















Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және түрлеріСабақтың мақсаты: 1. «Алгоритм» ұғымын қалыптастыру және оның түрлерімен таныса отырып, оларға мысал келтіре білу.Сабақтың көрнекілігі:. Қарапайым алгоритмдердің блок-схемасыСабақтың түрі: теориялық - практикалық сабақ;Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру2. Өткен сабақты қайталау3. Жаңа сабақ4. Сабақты бекіту5. Үйге тапсырмаІ. Ұйымдастыру.
  • Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.ІІ. Өткен сабақты қайталау
  • Ақпарат дегеніміз не ?
Ақпарат термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін «informatio» сөзінен шыққан.
  • Ақпаратттық үдерістер дегеніміз не және оның неше түрі бар?
Ақпараттық үдеріс – қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен атқарылатын іс – әрекетті.Ақпараттық үдерістің 3 түрі бар: 1. Сақтау 2. Өңдеу 3. Қабылдау (беру)
  • Вирус дегеніміз не?
Вирус – өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа.
  • Аналитикалық машинаны кім және қай жылы ойлап тапты?
1933 жылы Чарлз Бэббидж
  • Аналитикалық машинаның салмағы?
3 тонна және 4000 құрыш детальдан тұрған.
  • Ең бірінші программист әйел адам?
Ада Августа Лавлейс 1843 жылы Бэббидж машинасына програма жазған.
  • ЭЕМ –нің неше буыны бар және біз қай буынға жатамыз?
5 буыны бар. Біз 4-ші буынға жатамыз.
  • ENIAC қай буынға жатады және оның салмағы?
1-ші буынға жатады. 1946 жылы АҚШ – та жасалған және оның салмағы 50 тонна.
  • Ақпараттың қасиеттерін атаңдар
Шындық, толықтық, дұрыстық, дәлдік, өзектілік, құндылық
  • Бірінші механикалық есептеу құрылғысы қай жылы шықты және кім шығарды?
1642 жылы Блез Паскаль жасағандықтан Паскалина деп аталды.
Бұл қай машина және кім шығарды? Бұл қай машина сипаттама бер







Жаңа сабақ
  • Алгоритм тақырыбымен танысамыз.
«Алгоритм» сөзі 783-850 жылдарда Хорезм қаласында (Қазіргі Өзбекстандағы қала) өмір сүрген Орта Азияның ұлы математигі  Әл-Хорезми  атының латынша жазылуы «algorithmi» сөзінен шыққан. Алгоритм – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы. Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әрекет жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды алгоритм дейміз. Сонымен дәл сипатталған тапсырма алгоритм деп аталады.Алгоритмдегі кез келген іс – әрекет бұйрық деп аталады Алгоритм тек адамдарға ғана емес, роботтарға және компьютерлерге де жазылады. Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атайды. Кез келген алгоритм «соңы» деген бұйрықпен бітеді. Берілген бұйрық алгоритмнің орындалғандығын білдіреді. Мысалы: Шәйді демдеу алгоритмі
  • Басы
  • Суды қайнату.
  • Шәйнекті ыстық сумен шаю.
  • Шәйнекке шәй салу.
  • Қайнаған су құю.
  • Қақпағын жабу.
  • 3-4 минут күту.
  • Шәйді шыныаяққа құю.
  • Соңы
Басқаша айтқанда, біз шәй қайнатудың алгоритмін құрдық. Алгоритмді әр түрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады. Алгоритмдер мынадай формалармен ұсынылады:
  • Сөздік формада
  • Графикалық
  • Алгоритмдік тілде
  • Программалау тілінде
Алгоритмді ыңғайлы түсіну үшін графикалық әдіс қолданылады. Оны блок – сызба деп атайды.

Блок – сызбада әр іс – әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады. Алгоритмнің «басы» және «соңы» сопақша шеңбермен



(Эллипс) шеңбермен сипатталады.Іс –әрекет тіктөртбұрышқа жазылады.Блок – сызбадағы барлық элементтер бір – бірімен нұсқармен (стрелка)↓ байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді.Енгізу шығару мәліметтері

паралелограмға жазылады.





Алгоритмнің 3 түрі бар

Сызықтық алгоритм Егер алгоритм N қадамы болас және олардың барлығы басынан аяғына дейін бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын болса, онда ондай алгоритмді сызықтық алгоритм деп атаймыз.Сызықтық алгоритмде барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалады. Мысалы: Екі санды қосу алгоритмі c = a+b



































Екі санды қосу блок - сызбасы





Тармақталған алгоритм

Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретін болса, онда мұндай алгоритмді тармақталған алгоритм дейміз. Шартты тексеру блогын блок – сызбада ромбымен



таңбалаймыз. Егер шарт дұрыс болса, онда есепті шешу үшін «ия» тармағы пайдаланылады, ал оған кері жағдайда «жақ» тармағы пайдаланылады. Тармақталу алгоритмі сөзбен берілгенде «егер», «онда» кілттік сөздері қолданылады. Жазу барысында «әйтпесе» сөзін қолдануға болады. Тармақталған алгоритмнің толық формасы және толық емес формасы болады.

Мысалы: Тармақталған алгоритмнің толық емес формасы на қолшатыр алу алгоритмін құрайық.

































Мысалы: Тармақталған алгоритмнің толық формасына киноға бару алгоритмін құрайық.











ия жоқ



















Циклдық алгоритм Алгоритмнің бірнеше рет қайталануын циклдік алгоритм дейміз. Блок сызбада циклдік алгоритмнің шарты алтыбұрышты



фигураға жазылады.Шарт циклдік алгоритмнің басына немесе соңында келуі мүмкін.







Мысалы: Қызыл асықты іздеу алгоритмі





















жоқ









↓ия













Сабақты бекіту
  • Алгоритм дегеніміз не?
  • Алгоритмнің неше түрі бар және оларды атаңдар
  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не ?
  • Тармақталған алгоритм дегеніміз не?
  • Циклдік алгоритм дегеніміз не?


Үйге тапсырма: Алгоритм және оның түрлері
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
704
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі