400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Алғыста шек болмайды»

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Материалдың қысқаша нұсқасы

 

Авторы: Кусейнова Шолпан Турдыкулкызы

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Еңбекту ауылы, Еңбекту ЖОББМ психологі

Тақырыбы: «Алғыста шек болмайды»

Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;

- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Түрі: Психологиялық тренинг сағаты

Әдістері: ойын, түсіндіру, әңгімелесу,опликация,ой бөлісу және пікір алмасу,топтық жұмыс

Көрнекіліктері: слайд, сандықша

Тренинг ережесі:

1.Белсенділікті арттыру

2.Бірігіп жұмыс істеу

3.Бір-біріне кедергі келтірмеу

4.Өз ойымды ашық айта білу

5.Өзіме пайдалы нәрсені алу

6.Өзімді еркін ұстау

Мұғалім:

Сәлеметсіздерме оқушылар! Бүгін сіздерді психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге,өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған «Алғыста шек болмайды» тренинг сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын. 1-наурыз Алғыс айту мерекелеріңізбен құттықтаймын!

1.Ұйымдастыру кезеңі:

1. «Шаттық шеңбер»қатысушылардың бәрін шеңберге шақырамын.

2. «Жан жылуы» жаттығуы.

(Қолдарынан ұстап бір-біріне төмендегі сөздерді хормен айтады)



Мен сенен жылу аламын (сол жағына қарайды)

Жүрегіме саламын (тура қарайды)

Досыма сыйлаймын (оңға қарайды)

Сәттілік тілеймін (тура қарайды)

3. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы

(Қобдишаны бір-біріңнің қолдарына бересіздер,қобдишаны алған адам оны ашып ішіне қарайды)

Оның ішінде кішкентай өзеннен сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер.Оған күліп қарауларыңыз керек.

Тренер талдау:

жан-жақты және қайталанбайтын бейне деген сөзді қалай түсінесіздер ?

- сіздер ол бейнеге күліп қарағанда,ол сізге қалай қарады?

-Қобдишаның ішінен қандай құпияны күттіңіздер?

-демек,біз,сіз, әрбір адам өз алдына жан-жақты қайталанбайтын дүние екен.Ендеше сіздердің «сиқырлы қобдишадан» күткен құпия сырларыңыз сияқты, мен сіздермен құпия ойындар мен тапсырмаларға толы тренингімізді бастаймын.

4. «Нұрлы жүрек »жаттығуы

(Оқушылармен сұхбаттасу жолы)

Олай болса назарларыңызды тақтаға аударайық.Мінекей сіздерге бірнеше сұрақтар беріліп тұр.

1. Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Ризашылық дегеніміз не?

3. Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

4. Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

5.Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

6.Рахмет айтуды көп қолданасыз ба?

7.Қай досыңа көбіне алғыс айтасыз?

8.Қай оқушы сізге жиі алғыс айтады?

9.Досыңа қандай жағдайда рахмет айттыңыз?

10.Сізге рахмет айтқан кезде қандай сезімде боласыз?

Мұғалім:

Нұсқау: алдарыңызда А4 ақ қағазға әркім қос қолының суретін бастырып алады және саусактарға өз жауаптарын жазады.

Оқушылар жауабы:

Мұғалім: Рахмет сіздерге,әрқашанда жүректеріңіз нұрлы иманға толы болсын деген тілекпен тренингімізді жалғастырамыз.

5.«Опликация» жаттығуы: Бұл бөлім бойынша әр топ өзі таңдап алған түсінен плакатқа жабыстыру арқылы белгілі бір бейнені білдіреді.

Нұсқау:мына бөліп қойған түстерді топ басшыларыңыз таңдауға болады.

1-топ-қызыл,жасыл түс келді (Бұл топ Қалампыр гүлін жасайды)

2-топқа-көк, сары түс келді (бұл топ ҚР Туын бейнелейді)

3-топқа көк,сары түс келді (бұл топ Теңізге жүзіп бара жатқан желкенді қайық бейнесін бейнелейді)

(Топ басшылары өз ойларын жеткізіп,әр топ бір-біріне сыйлайды)

6. «Жасырын хат,ойлан тап!»жаттығу

Қажетті құралдар: ватман,түрлі-түсті фломастерлер, карындаштар, өшіргіш, сызғыш

Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады.

Мұғалім:Ерте-ерте-ертеде.... әлі адамдар әріп танымаған уақытта да,олар бір-біріне хат жазған екен.Қалайша? Олар салуды біліпті.Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:

«Жүрегіме рахмет,адамдарды жақсы көргенің үшін!» 1-топқа арналған хат

«Кең далаға рахмет,гүлдерің мен көк шалғын үшін!» 2-топқа арналған хат

«Досыма рахмет,құшағы мен иығы үшін!»3-топқа арналған хат

Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып,өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары,суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.

7. «Рахмет»жаттығуы

Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түкпіріндегі сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді.

Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынандай сөйлемдер айтады.

1.Қайырымды жүрегіме рахмет,қайырымды болғаның үшін!

2.Мейірімді жүрегіме рахмет,мейірімді болғаның үшін!

3.Анаға рахмет,өмір сыйлағаны үшін!

4.Өмірге рахмет,бағалауды үйреткені үшін!

5.Әжеге рахмет,ыстық алақаны үшін!

6.Мөлдір суға рахмет,тіршілік көзі болғаны үшін!

7.Кітапқа рахмет,білім нәрі үшін!

8.Бауырға рахмет,көңілге медеу болғаның үшін!

1.Менің жылы жүрегіме рахмет!

2.Жүрегіме рахмет,адамдарды жақсы көргенің үшін!

3.Әкеге рахмет,қорған болғаны үшін!

4.Жылы сөзге рахмет,жанды жылытқаны үшін!

5.Кең далаға рахмет,әрдайым көмек бергені үшін!

6.Достарға рахмет,әрдайым көмек бергені үшін!

7.Қолыма рахмет, жақсылық жасағаны үшін!

8.Елбасыға рахмет,ел намысы-ұлт мүддесі үшін!





1.Жүрегіме рахмет,жақсы көру сезімі үшін!

2.Жүрегіме рахмет,қуана білгенің үшін!

3.Жүрегіме рахмет,жанашырлығың үшін!

4.Досыма рахмет,құшағы мен иығы үшін!

5.Табиғатқа рахмет,мейірімді күн үшін!

6.Көзіме рахмет,әлемді көрсете білгенің үшін!

7.Гүлдерге рахмет,әдемілік үшін!

8.Ұстазға рахмет,мектеп жүрегі болғаның үшін!

8. «Кері байланыс»тренинг ойларын білдіру

Қорытынды: Алғыс айту сөздерінде бір сиқырлылық бар олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз,көңілімізді білдіреміз,жақсы эмоциялар сыйлаймыз.Алғыс сөздерді-адамды тыныштандыру,жүрегін жылытудың бірден- бір амалы.Бастысы алғысыңыз жүректен шығуы шарт.Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялаған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Менде алғыс айтуға асығайын ... Айтпақшы, РАХМЕТ!!!

Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі