Тақырыбы: "Алтын күз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: "Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз туралы бала бойына сіңдіру. Жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті, өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, біз де әрқашан көңілдіміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алмұрт пен сәбіздің таласуы»


Мақсаты:

  • Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы, білімдерін бекіту. Табиғат әсемділігін эстетикалық түрде сезіну.

  • Күз көрінісін ән, би, ойын арқылы сипаттау. Жұмбақ, өлең арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.

  • Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыру.

Залды безендіру: сахнаның ортасында жапырақтар тігілген түрлі түсті маталар, шарлар, залға ілінген күзгі жапырақтар.

Көрнекіліктер: жемістер, көкөністер муляжы

Кейіпкерлер: Күз аруы, Сәбіз бөбегі, Алмұрт ата


Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,

жапырағын ағаштың селдіретіп

Тойға бөлеп елімді күзім келді.

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Құрметті ата-аналар,әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді.Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз, жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті, өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, біз де әрқашан көңілдіміз.

Ән: «Кап-кап, тук-тук»

Музыка әуенімен Күз аруы кіреді.

Күз аруы: Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты.

Ел егінін орыпты.

Алма, өрік, шиелер,

Себеттерге толыпты.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздердің бала бақшаларыңызға да күз келіпті. Менің көйлегімнен ұшқан қызыл, сары жапырақтар сіздердің залдарыңызға қоныпты.

Жүргізуші: Иә, Күз Аруы, сіз біздің «Алтын күз» мерекемізге қош келдіңіз!

Күз аруы: Балалар, сендер айтып беріңдерші біздің жақсы көретін күз мезгілінде қандай ерекшеліктері бар? Мен сендерге сурет белгісін көрсетемін, ал сендер маған сол туралы сипаттап беріңдер. Жауап берген балаға әдемі жапырақ сыйланады.

(бұлт, бидай масақтары, жемістер толған себет, сарғайған ағаш, құстар)

Балалардың жауаптары: (осы суретке қатысты сипаттау сөйлемдері).

Күз аруы: Балалар, менің сүйікті мезгілім туралы білімдеріңіз өте жақсы екен.

Қайың, терек басынан,

Қызыл, сары жапырақ.

Жерге түсіп шашылған,

Жел үрлесе қалықтап.

Менің көйлегімде, залда күздің ерекшелігі сары, қызыл жапырақтар. Ал олар қай ағаштан түскендерін тани аласыздар ма?

Ойын: «Өз ағашыңды тап»

Шарты: Үлкен суретте қайың, емен, терек ағаштары бейнеленген. Шашылған жапырақтардан өз ағашына сай жапырақты таңдап іліп қою керек. Кім тез болады, сол жеңеді.

Күз Аруы: Біздің балалар ағаштар жапырағын білгеніне риза болдым, күзгі өлкемізді әсемдейтін менің жапырақтарым сіздерге би билесін.

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші: Күз аруы, сіздің құрметіңізге балалар басқа да өнерлерін алып келді, тамашалаңыз.

Тақпақтар:

1-бала:

Санай бер,

Қарай бер,

Бояуы – жүз,

Келді күз.

2-бала:

Қайтқан құсты көрдің бе,

Қаптай ұшқан әуелеп.

Күткен күзім, келдің бе,

Сыңсып бағың мәуелеп.

3-бала:

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

4-бала:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

5-бала:

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Музыка әуенімен Алмұрт ата мен Сәбіз бөбегі бір-бірімен дауласып музыка залына кіреді.

Сәбіз: Мен тәттімін!

Алмұрт: Жоқ, мен тәттімін дедім ғой!

Ару Күз: Сендерге не болған, достар! Бір-бірлеріңмен таласа бермей, балалардан сұрап көріңдер.

Алмұрт: Балалар, сәбізге айтыңдаршы мен тәттімін ғой!

Сәбіз: Сен тәттілеу болсаң, менің дәрумендерім көбірек!

Күз аруы: Онда балалардан сұрайық. Сәбіз бен Алмұрттың қандай пайдасы бар?

Балалардың жауаптары:

Жүргізуші: Сендер енді келісесіңдер ғой балалардың жауаптарымен? Екеулеріңіз де пайдалы, тәтті екенсіздер!

Күз аруы: Балалар, мен сендерге қызықты ойын даярладым. Алмұрттың достары кім? (балалар жемістерді атайды) Сәбіздің достары кім? (балалар көкөністерді атайды)

Ойын: «Көкөніс пен жеміс»

(Жеміс пен көкөністерді ажыратып, екі себетке салу).

Жүргізуіші: Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен,

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Ән: «Күз»

Тақпақтар:

1-бала:

Піскен кезде құлпынай,

Қандай әсем шіркін-ай!

Қарай бергің келеді.

Дүркін, дүркін, дүркін-ай!

2-бала:

Апорт деген алманың

Таттың ба сен бал дәмін?

Апорт деген тәтті алма,

Ол өседі бақтарда.

3-бала:

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

4-бала:

Жазда өседі таңқурай,

Жемісін тер, қалдырмай,

Апаң тосап қайнатар,

Қыста керек нәр мұндай.

Би: «Жемістер мен көкөністер»

Ару Күз :Ой керемет биледіңдер балалар.

Алмұрт, Сәбіз: Балалар, сендер көкөніс пен жемістерді талғамай көп жеңдер, сонда қыс мезгілінде ауырмайсыңдар. Бірақ, барлығын жуып жеңдер. Ал енді сендердің өнерлеріңе көп рахмет! Біз басқа балабақшалардың балаларының өнерлерін көріп келейік. Сау болыңдар.

Жүргізуші: Сау болыңдар, достар!

Жүргізуші: Балалар, «Алтын күз» мерекесі осымен аяқталды. Жомарт күз бізге тобымызға сыйлық тастап кетіпті, соны алайық. Өнерлеріңе рахмет!




№31 «Күншуақ» балабақшасы












Ертеңгілік


Тақырыбы: «Алма мен сәбіздің таласуы»






Тәрбиешілер: А.Ж.Жуканова

Н.Ж.Карамурзаева




















Ақтөбе -2021ж







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2021
371
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі