400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Алтын күз, арайым

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Армысың, алтын күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

 Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге күзгі баққа қонаққа барады.

Ол жерде Күз ханшайымы мен Бағбан шал қарсы алады.

Жүргізуші:сәлеметсіздер ме,күз ханшайымы мен Бағбан ата! Біз сіздерге қонаққа келдік.

  • О, жарайсыңдар балалар! Қош келдіңдер,жоғары шығыңдар!

  • Ата,бүгін біздің бақшамызда мереке болмақшы,балалармен бірге алтын күз мерекесін қарсы алайық.

Жүргізуші

  • рахмет сіздерге,біздің балалардың өнерін тамашалап көңілдеріңізді көтеріңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші:  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық.Атамыз бен Күз ханшайымына бар өнерімізді көрсетіп,көңіл көтерейік.

Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

                      Ағайынды бәрі

                      Шықса жасыл

                      Түссе –сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады. ( пияз)

Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!


Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі.  Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.


Шыңғыс

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.


Алим

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың

Алдық өнім сыйыңды


Камшат


Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқар күз.


Тамерлан

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз


Алина

Қара бұлт қабағын түйеді

Бұталар боз қырау киед

Осы ма, осы ма күз деген

Бақшаға баратың бізбенен


Бекарыс

О, алақай, тамаша,

Шашу шашады жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!


Али

Сап-сары маңай

Сап-сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып


Медина

Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет тамаша

Қандай әсем күз!


Ерали

Күз келді алақай

Алтын келді далаға

Дәні бітік бидайды

Құйып жатыр қамбаға

Дильназ

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды

Әнге бөлеп жастарды


Ән «Саңырауқұлақ»

Би «Күзгі бояулар»

Ата- ой,қандай тамаша айтасыңдар! Рахмет сендерге,сендер келіп жабырқаған көңілім жадырап сала берді,бірақ менің еккен бақшамдағы көкөністер мен жемістерім жиналмай тұр соны теріп беріндерші .


Жүргізуші:  Қане, балалар,Атаға көмектесейік осындай молшылық күз айы атаға көп жемістер мен жидектер беріпті.

Ойын «Компот пен борщ».

Ойынның шарты бойынша екі бала шығып кампот пен борщтың құрамын жинау.

Жүргізуші : ата біздің балалар өте өнерлі бізбен бірге би тамашаланыз.


Би:        «Достасу»

                                   

Күз: Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма?

Ойын «КАРТОШКА ЖИНАУ»

«Жаңбыр » әнін тамашалыныздар

 Ата: - мен бақшаға шалқан егіп едім соған көмек керек.

Ойын «Шалшықтан өту»

«Шалқан» -орыс халық ертегісі көрініс


Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығымен айналысыпты. Ата есіктің алдына шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде шалқан күнің ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті. Осы кезде Атай шалқанға тамсанып қарайды.


Ата: Ой бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіп қалыпты ғой.


Тәрбиеші: Осылай ата енбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды.Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.


Ата: Ойбай,шаршап кеттім, белім де ауырды. қой көмекке, кемпірмді шақырайын.


Кемпірім, кемпірім,келші қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті, жалғыз өзім тарта алмай қалдым.Кел екеуміз бірге тартайық.


Кемпір(Камшат): Ой шынында да, үлкен болып өсіпті ғой, кел тарсақ тартайық.


Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады. Бірақ шалқанды орынан қозғалта алмайды. Кемпір қызың көмекке шақырады.


Кемпір: Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.


Қыз(Алина): жарайды апа сізге көмектесейін.


Тәрбиеші: қыз көмекке келіп, шалқанды рет ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен көмекке итін шақырады.


Қыз: Ақтөс, ақтөс, көмекке келші.


Ит (Бекзат): Аф, аф, аф, көмектес, десендер көмектесейін.


Тәрбиеші:Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдаң, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке ит мысықты шақырады.


Ит: мысық, мысық бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.


Мысық (тамерлан): мияу, мяу, көмектесіп жіберейін.


Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.


Тышқан (Ерсін): әрине көмектесіп жіберемін.


Олар, тарта, тарта шалқанды суырып алады.

Шалқанды Ата ашады ішінен сыйлық шағады .


Ата мен Күз балаларды шығарып тастайды.

Жүргізуші: Алтын күз,Ата балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ата мен Күз қоштасып балаларды шығарып тастайды.

                             Берекелі бақ-дәулет,

                             Арта түссін тойланып.

                             Сау болындар, балалар,

                             Келгенше жыл айналып

Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
407
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі