Тақырып бойынша 14 материал табылды

Тақырыбы: "Алтын күз,мерейлі күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Мақсаты: Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу. Күзгі еңбек және табиғатты сүюге,қорғауға баулу.Күз мезгілінің қандай мезгіл екенін,қандай құбылыстар болатынын түсіндіру.Күз туралы такпақтар өлеңдер айту,әңгімелесу арқылы тілдік қорларын молайту.Мерекелік көңіл күй орнату.Балаларды ән салуға ,би билеуге ,түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысының

Жаңаөзен қаласының № 17 «Балауса бөбекжай» балабақша

10 «Жауқазын » ересек тобының тәрбиешісі :Токмурзаева Карылгаш Қуралбаевна

Алтын күз,мерейлі күз»

Мақсаты: Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу. Күзгі еңбек және табиғатты сүюге,қорғауға баулу.Күз мезгілінің қандай мезгіл екенін,қандай құбылыстар болатынын түсіндіру.Күз туралы такпақтар өлеңдер айту,әңгімелесу арқылы тілдік қорларын молайту.Мерекелік көңіл күй орнату.Балаларды ән салуға ,би билеуге ,түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.Шығармашылық ой-қиялдарының дамуына ықпал ету.Ата-аналар қаумымен тығыз қарым-қатынас қалыптастыру.
Түрі: ертеңгілік

Музыка залы мерекеге сай безендірілген.Жүргізуші кіреді.

Жүргізуші:

Қуандырып біздерд

Өлкемізге күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін ел енді.

Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Алтын күз,мерейлі күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Балаларды қошеметмен ортаға шақырамыз (музыкалық әуенмен қолдарына жапырақ алып

биі ырғағымен кіреді

Жүргізуші: Балалар алтын күз мерекесі тағыда құтты болсын балалармыздың орындауында күз тамаша әні мен .

Ән: «Күз тамаша

Жүргізуші:

Күзімау, күзімау

Мінезің қызықау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызықау

Такпақтар :

Т.Раяна :

Қыркүйек Қазан,Қараша

Күздің бұлар айлары

Үлкедер қуанып балаша

Егіндерін жинайды



О.Раяна :

Күздің қазан айында .

Алма алмұрт піседі

Ағаштардан жапырақ

Сылдыр,сылдыр түседі.

А.Ибрахим

Аспанды сұрғылт бұлт,

Жан-жақтан жауады.

Күнбірте суытып,

Жауын көп жауады.

Анель:

Қарашы күз келді,күз келді

Жапырақ жауып іздерді

Құс біткен керуен тізеді

Қара бұлыт қабағын түеді

Жүргізуші :Ой балалар ! Естіп тұрсыңдар ма ? Жаңбыр жауайындеп тұр.

(Жаңбырдың даусымен бұлт кіреді)

Бұлт: Сәлеметсіңдерме балалар !

Балалар :Сәлеметсіз бе !

Бұлт: Күзгі бұлт мен боламын

Көтерліп теңізден

Аспанға биік барамын

Қаласам кәзір сендерге

Жаңбыр болып жауамын

(Балаларға су шашады)

Жүргізуші:

Жаңбыр ,жаумай тоқтай тұр,

Дабылыңды соқпай түр

Саяғынды түгендеп

Үйіріңді соқпай түр !

Жүргізуші: Бұлт мерекенің шырқын бұзбай біздің балалардың мерекеге арналған әндерін такпақтарын өнерін тамашалаңыз

Ән; « Кап-кап тамшылар»

Бұлт: Рахмет балалар көңілденіп калдымго

Сендер жаңбырдан қорқпайсыңдар ма

Балалар :Жок !

Бұлт: Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар

Жүргізуші: Бұлт ,сенімен өте көңілді.Бірақ бізге әліде біреу жетіспейтін сияқты .Бізде күн жок екен . Кане балалар мерекемізге Күн ханшайымды шақырайық

(балалар шапалақтап күнді шақырады)

Күн келеді: Сәлеметсіздерме балалар! Сендер мені шақырдыңдарма достарым

Балалар: ия

Күн: Мен жарқырап төбеде ,

Әлемге нұр төгіп тұрамын

Шуақ шашып бәріне ,

Бала жанын ұғамын

Бұлт: Күн,күн тоқтай тұр !

Сөзіме менің құлақ тұр .

Ішім толы суға

Сусыз өмір болама

Мен бәріне керекпін, мен мықтымын

Күн: Жок мен мықтымын (бұлт мен күн дауласып аяқтарын топылдатып мен мықтымын)

Жүргізуші : дауласпаңдар дос болыңдар балалар күн мен бұлты татуластыру үшін ойын ойнайық

Ойын: «Кім жылдам»

Шарты : 4 бала шығып 1 -ші себетке тамшыларды , 2-ші себетке жапырақтарды жинайды.

Жүргізуші: Күн мен су бар жерде ,Бау бақшада гүлденеді

Бұлт ,Күн ханшайым бізбен бірге күз мерекесін тойлаңыздар .

Жүргізуші Балалар ,айтыңдаршы казір жылдың қай мезгілі

Балалар: Күз мезгілі

Жүргізуші Күз мезгілінің белгілерін атап беріңдерші

Балалар: Күзде күн суытады ,Адамдар жылы киінеді ,Құстар жылы жаққа ұшып кетеді .

Жауын жауады.Жемістер мен көністер мол піседі.

Жүргізуші: Балалар дұрыс айтасыңдар , балалар бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық ,қонақтарда келді,бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді сендер білесіңдерме ол кім

Балалар :Ол күз (Осы сәтте жүргізуші телефоны шырылдайды)

Жүргізуші: Алло ,ия Саламатсызба ,Алтын күз

Бізге қонаққа келемін дейсізбе келіңіз келіңіз .Біздің балалар қонақ күткенді үнатады.ендеше көріскенше сау болыңыз (телефонмен сөйлесіп болған )

Жүргізуші :

Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын күз

Сайраңдаған күліп –ойнап

Келді міне Алтын күз

Алтын күз : Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған

Алтын күз деген мен боламын

Армысыздар, құрметті қонақтар ,кішкентай бүлдіршіндер!

(Себеті толы жемістерімен күз кіріп келеді)

Алтын күз:Сәлеметсіздерме менің кішкентайғана бүлдіршіндерім ,менің аялаған достарым

Балалар: Сәлеметсізбе Алтын күз!

Алтын күз: мен мерекеге кешігіп қалдыма

Балалар: Жок

Күз: Мен сендерді көргеніме қуаныштымын мен сендерге жұмбақ жасырайын

Жұмбақ:

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе-сары,Бұл не

Балалар : (жапырақ )

Күз: дұрыс айтасыңдар жарайсыңдар!

Жүргізуші: Балалармыздың күз мерекесіне такпақтарын әндерін өнерін тамашалаңыз

Инжу:

Қамба толы астыққа,

Алғыс саған алтын күз!

Бір уыс дән шаштымда,

Қап-қап қауын аламыз




Кузембай Нұрислам

Күзім ау күзім ау

Мінезің қызық ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық ау

Амира:

Құстар қайты ән салып

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келді жар салып

Күзгі суық басталды.

Қыраубай Ибрахим

Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ

Саудырап түседі.

Амаль:

Жемісті мол беретін

Күз дос екен біздермен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күздеген

Нұрислам Х

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Аида.

Ел егінін жинайды

Қырманға дән сыймайды

Біздің дала бай дала

Алтын астық айнала.

.Жігер:

Жапырақ ұшты

Суықта түсті

Сондада бізде

Қызық көп күзде

Диас

Ой алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунарма едім жатып ап

Жүргізуші:Күз ханшайымы өлкемізге қош келдіңіз төрлетіңіз төрден орын алыңыз

қыздармыздың туған өлке биін тамашалаңыз

Би: «Туған өлке»

Күн : Жарайсыңдар балалар!

Жүргізуші : Күз ханшайымы балалардың күз мезгілінің такпактарын біледі бірге тамашалайық

Арсен :

Аспанда сұрғылт бұлт

Жан -жақтан жауады ,

Күнбірте суытып,

Жауын көп жауады.

Ақниет:

Мен алмамын,алмамын

Көк пен қызыл түсім бар,

Мендей тәтті жемісті

Кім біледі, айтыңдар?

Айбар :

Түсті алтын жапырақ

Ағаштардан үзіліп

Ұшты ұзақ сапарға

Тырналар тізіліп

Айшабиби:

Сарғайып жапырақ, .

Саудырап түседі.

Күз жомарт дейміз біз,

Жемісін жейміз біз

Айбат:

Сап сары маңай

Сап сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Күс кетті қайтып

Ермұхан:

Сары алтындай сары күз

Қамбадағы дәніміз

Шелек-шелек балымыз

Ағыл тегіл дәніміз,

Бұлт : Мына мерекеде менің достарым да бар екен олармен бийлегім келіп тұр

Би; «Кап –Кап »

Бұлт : Жарайсыңдар достарым !

Жүргізуші :біздің балалардың тағыда өнерлерін тамашалаңыз.

Би: «Тиындар»

Алтын күз рахмет ,балалар маған мереке қатты ұнады ,ал енді менің орманға баратын уақтым болды достарым бұлт мен күндіде ала кетейін. Ал балалар сау болыңдар!

( қоштасып шығып кетеді)

Жүргізуші:

Бүгін мейрам ,бүгін той

Қуанышты күн біліп қой

Күзгі бақта сыңғырлап

Алақанды соғып қой деп

Жүргізуші Балалар және қонақтар мерекеміз әрі қарай жалғасады қыздармыздың орындауында

Би: «Жидектер теріп келеміз»

Жүргізуші: Кұрметті қонақтар және балалар осымен алтын күз мерекеміз аяқталды көріскенше күн жақсы ,елміз тыныш аспанымыз ашык дендерміз сау болсын. Сау болыңдар !





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2021
319
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12