400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Тақырыбы: "Ана-аса қымбат жан!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: "Ана-аса қымбат жан!"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: "Ана-аса қымбат жан!"

Мақсаты: Балаларға көктем мезгілі туралы, көктем мезгілімен қоса-қабат келген аналар мерекесі 8-наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Отбасындағы ананың орнын түсіндіріп, анаға деген құрметті ұғындыру. Ана мен баланың арасындағы байланысты барлық жақсы қасиеттерін өлеңмен, әнмен , бимен жеткізе білу.

Атрибуттар: Гүл

Кейіпкерлер: Ара Мая

Жүргізуші: Ана - десем, сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемде тыныштық

Құрметті ата-аналар, құрметті ұстаздар сіздерді бүгінгі 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз!

Сәбилеріңіз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын.

"Еркемай" тобын ортаға шақырамыз.

Бүгінгі "Еркемай " тобының мерекелік ертеңгілігін ашып беру үшін сөз кезегі

"Лашын" бөбекжай бақшасының меңгерушісі Жинақбаева Гүлбану Қасымқызына беріледі.

Жүргізуші:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Балалрдың орындауында ән: "Ел жатқанда"

Сол кезде ортада тұрған гүлдің ішінде ызылдаған дыбыс шығады.

Жүргізуші: Балалар бұл ненің даусы?

Гүл қимылдайды.

Жүргізуші: Гүлдің ішінде бір нәрсе бар сияқты

(жүргізуші гүлге жақындап қорқып кетеді, балаларды күлдіру үшін. Гүлдің бірнеше күлтесі ашылады, гүлдің ішінде ара отыр екен.

Жүргізуші: Бұл кім екен ұйықтап қалған?

Кім екен тәттіге құмар болған?, Кім екен есімің сенің ара?

Ара: атады анам Мая ара

Мен қанша уақыт ұйықтадым

Меніңше қыс бойы сияқты

Балаларға көп рахмет!

Мені оятқандарың үшін

Жүргізуші:

Оянғаның жақсы болды,

Біздерге қуаныш сыйладың

Бүгінгі күн ерекше,

Аналарда мереке!

Ара:

Құттықтаймын мен онда

Көктем келді мереке

Бәйшешекті жинайын

Сіздерге мен сыйлайын

Балалар бері жақындаңдар

Мендегі гүлдерді алыңдар

Біз көңілді көтеріп

Ән саламыз би билеп

Би: "Аралар биі"

Ара: Балалар сендер өте тамаша биледіңдер! Енді сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: "Гүл жинау ойыны"

Ара:Қош сау болыңдар балалар, аналарымызды әрдайым құрметтеп, сыйлап жүрейік.

Жүргізуші: Балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Несібелі

Анам болса қасымда

Басқа бақыт не керек

Анашымның жүрегі

Мейірімді гой керемет

Нұрхат

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймын мерекеңмен

Құрметті Аналар!

Нұрәлім

Наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз баланың

Анаға айтар лебізі

Би: "Гүлдер"


Аян

Аналарды сүйемін

Ақылын ойға түземіз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Ильназ

Бәрімізге анамыз

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мерекең

Құттықтаймын анашым.


Ән: "Ақ мамам"

Тақпақтарға кезек берейік

Айя

Апатайым анашым

Ақылы мол данасың

Қамқоршысы баланың

Гүлі сенсің әр үйдің

Лашын

Құтты болсын анашым

Құтты болсын мерекең

Әр кез саған тілеймін

Ұзақ өмір жолдарын

Нұрәли

Мейірімді сымбатты

Қадірменді қымбатты

Ең жақын жан балаға

Кім десеңдер ол ана

Жеке ән: Мұрат Нұрәлім "Аяулы анашым"

Әлирахман

Әжелерді ардақтап

Қуантатын елді күн

Мейрамыңмен құттықтап

Ән сыйлайық біз бүгін

Айару

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Анамыздан тарайды

Біздің ана тіліміз

Ғибрат

Ең қымбатты өмірде

Ана екенін біліңіз

Ана жанын түсініп

Ойнаңыз да күліңіз

Жүргізуші: Ал енді "Ботақан" тобының балапандар биін тамашалаңыздар

Айшуақ

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Инабат

Әжем менің ақ әжем

Аппақ әжем ақ әжем

Басқалардай емессің

Сүйкімдісің ақ әжем

Арнұр

Әжем маған базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін дәмдісін

Маған таңдап әперді

Алинұр

Еркелетсе күнім дейді

Ұрысқаны білінбейді

Маңдайымнан искеп мені

Құлыншағым күнім дейді

Жүргізуші: Мен ата-аналармен ойын ойнағым келіп тұр "Қыздардың шашын өреміз"

Жүргізуші:

Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам.

Сендей болса әр адам,

Шаттық кетпес баладан. Сендей болса бар кісі,

Шексіз перзент алғысы-дей отырып біздің балалармен дайындаған видео роликке назарларыңызды аударыңыздар!

Жүргізуші:

Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым!

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әкпеміз бар, қарындасымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақта жарасымды.

Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған -анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!

Би : Жүрекпен

Жүргізуші:

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа-дей отырып бүгінгі "Ана-аса қымбат жан!" атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

Балалар хормен: "Анамызға мың алғыс, баршаңызға мың алғыс!"









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
421
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі