400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: «Аққала»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Балалар дөнгелек пішіндерді қолдану арқылы аққаланы құрастыра алады.Құрастыру арқылы суреттеп айта алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы «Ақ ерке» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 31.01.2022

Тәрбиеші: Муканова Ж.Е.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: «Құрастыру»

Өтпелі тақырып: «Қардың пайдасы»

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты:Балалар дөнгелек пішіндерді қолдану арқылы аққаланы құрастыра алады.Құрастыру арқылы суреттеп айта алады.

1.Тәрбиелік-Балалардың ақыл ойларын, қамту.

2.Дамытушылық- Оку қызметінде балаларды түгелдей камту.

3. Окыту: жеміс жидектермен таныстыру.

Педагогикалық технологиялар: Ойын түрінде

Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер

Билингвальдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбер:

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз,

Бір -бірімізде көргенде,

Сәлеметсіздер ме! – деп айтамыз.

2.Негізгі бөлімі

-Балалар жылдың қандай мезгілі?

-Біз қандай мерекені тойлаймыз?

-Жаңа жылда нені әшекелейміз?

-Қыс мезгілі.

-Біз жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.

-Біз шыршаны безендіреміз.

Ғажайып сәт

Балалар, қарандаршы мынау жерде шырша ағашы өсіп тұр.

Ол шырша қөніл сіз тұр екен.Енді шыршанын қасына бүгін ол көнілсіз болғаны үшін аққала жасайық балалар.

Кәнекі, балалар қарандаршы бізде мына жерде үш шеңбер тұр осы шеңберлерден аққала құрастырып шығаруымыз керек

Сергіту сәті

Топ-топ басайық,

Қағаздан гүл жасайық.

Жаса-жаса алтын күн,

Жаса-жаса жарқын күн

Қорытынды: Балалар қыс мезгілін толықтай меңгерді, балалар аққала жасап үйренді .Балаларға құрастырып жасаған ақққаласы ұнады.





Әдіскер: Айтпаева Ж.Қ. ____










Ортаңғы «Ақ ерке» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 01.02.2022ж

Тәрбиеші: Муканова Ж.Е

Білім беру саласы: Таным

Пән: Математика негіздері

Өтпелітақырып: «Қыстайтың құстар»

Тақырыбы: « Құстарға қамқорлық»

Мақсаты:Осы заттардың сынарларын қою негізінде салыстырып,теңдігін немесе теңсіздігін анықтау іскерлігіне жаттықтыруды жалғастыру.

1.Тәрбиелік: Балалардың балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу

2.Дамытушылық:Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту.

3.Оқыту: Балаларға улкен кіші көлемімен таныстыру
Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: көрнекіліктер

Билингвалдық компонент :  Қуыршақ-кукла, көп-много, аз-мало.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер.

 Күн күлімдеп әлемде
Күлімдейді әдемі
Төбемізде қарлығаш
Айналады әдемі
Әніміз осындай
Сәніміз осындай

2.Негізгі бөлімі.

Ғажайып сәт: Балалар бізге бүгін Таным елінен бір-бірімен айнымайтын түрлері бірдей ағайынды қуыршақтар қонаққа келіпті. Олардың ұқсастығы сондай, ажырату қиын. Бірақ жас ерекшеліктері әр түрлі.

Біздің барлығымыздың атымыз бар, сол сияқты бұлардың да есімдері бар.

- Ең үлкені - Әсима

- Одан кішісі - Әлима

- Әлимадан кішісі - Сәлима

- Сәлимадан кішісі - Жамиға

- Ең кішісі Халима екен.

Қане бәріміз қуыршақтардың атын қайталап шығайық.
Қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен бойлары бірдей ма?
Ең үлкен қуыршақты кім көрсетеді, аты кім? Рет-ретімен қуыршақтарды көрсетіп, атын атау.
Жарайсыңдар балалар!
Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма теріпті. Міне, қараңдаршы қандай әдемі алмалар.
- Алмалардың түстері бірдей ма?
- Түстері қандай?
- Ал көлемдері бірдей ма?
- Қандай алма үлкен?
- Ал қандай алма кіші?
- Алмалардың қайсысы көп, қайсысы аз?
Дұрыс айтасыңдар сары алмалар көп екен, ал қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен.

Ал балалар, қуыршақтарға арнап ән-айтып жаттығу жасайық:

- Кәне серігіп ойнайық:
Алма, алма, көп алма
Қызыл жасыл, сары алма.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Ал енді балалар қуыршақтарға көмек көрсетейік әрқайсысына өз алмаларын тауып берейік.

    Қане Нұрислам Әсиманың алмасын тауып бере ғой.
    А
йзере Әлиманың алмасын тауып бер.
   
Ерасыл Сәлиманың алмасын тауып бер.
   
Дильназ Жамиғаның алмасын тауып бере ғой.
   
Максим, сен ең кішкентай Халиманың алмасын тауып бере ғой.

Балалар, қараңдаршы қуыршақтардың алмасы дұрыс табылды ма?

– Өте жақсы.

Дидактикалық ойын: Қуыршақтың бантигін тап!

Мақсаты: Түсін, тауып қой.

Шарты: Қуыршақтың түсіне қарап бантигін тауып қой.

Балалар қуыршақтарға арнап бір шумақ ән айтып, көңілдерін көтерейік.

Қорытындысы:

 Үлкен-кішіні, көп-аз ұғымдарын біледі.

Түрін, түсін тауып орналастыруды.

Орнын тауып салыстыруды.










Әдіскер: Айтпаева Ж.К__________
































Орт аңғы«Ақ ерке» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 03.02.2022ж

Тәрбиеші: Муканова Ж.Е.

Білім беру саласы: Таным

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып:  «Қыс қызығы»

Тақырыбы: «Қыстын қызығы»

Мақсаты:Балаларға қыс мезгілі туралы толық түсінік беру.Қыс мезгілінің ерекшеліктеріне тоқтау.

1.Тәрбиелік: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу

2.Дамытушылық:Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту.

3.Оқыту: Табиғаттың пайдасы және оларды қорғау жөніндегі білімдерін кеңейту.
Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету:   табиғат құстар суреттері

Билингвальдық компонент: Қыс-зима,қар-снег,аққала-снеговик.

 Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері.

-Балалар, маған қараңдаршы менің қолымдағы не?

-қар

- қардың түсі қандай  ?

- аппақ

- қар қатты ма, әлде жұмсақ па?

-қар жұмсақ

-балалар бүгінгі көңіл – күйлерің осы қардай аппақ болсын.(балалар бір – бірлеріне ақ тілектерін ұлпа қарды беріп тұрып айтады) Көрдіңдер ме балалар?

-Денсаулығымыз мықты болсын

- заманымыз тыныш болсын

- білімді болайық

- аспанымыз ашық болсын

- барлығымыз тату – тәтті болайық

Жылы сөздер айтып едік қолымыздың жылуынан қарда еріп кетті.Енді бізге қонаққа апайлар келіп жатыр, барлығымыз амандасайық.

2.Негізі бөлім

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде «Ғажайып қыс» деген тақырыпты өтеміз.

Балалар жылдың неше мезгілі бар?

- жылдың төрт мезгілі бар

Жыл мезгілдерін атайық?

-қыс, көктем, жаз, күз

Қазір жылдың қай мезгілі?

-қыс мезгілі

Желтоқсан қыс айларының бірі, осы айда қандай мерекелерді тойлаймыз?

-Тәуелсіздігіміздің 30 –жылдығы, Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.

-Жаңа жылда бізге кім келеді?

- Аяз ата келеді

-  не әкеліп береді?

- сыйлық әкеледі

- қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз?

- қар жауып жердің беті ақ болады, шанамен сырғанаймыз,шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.

- балалар қыста біздер қалай киініп жүреміз?

- жылы киініп жүреміз

- сырт киімдерді атайық?

- малақай,тон, етік, қолқап, шәлі.

Ойын: « Сыңарын тап» - балалар ойын барысында қолқаптың ,етіктің  түр – түсіне, ондағы өрнектердің орналасуына қарай сыңарын табады.

қыс жыл  мезгілдерінің ішіндегі суық мезгіл, қыста барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді, кейбір суыққа төзімді құстар қыстап қалады.Бұлар сауысқан,қарға, торғай.Қыста құстардысуықтан қорғануға сыртқы жүндері де көмектеседі.

-балалар қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын.

1.Қыста ғана болады,

  Ұстасаң қолың тоңады.   (қар)

 2. Көсеуді бесеуге тықтым.( қолқап)

3.Шелек қалпақ басында,

   Сәбіз екен танауы

   Қыста қардан тұрады,

  Танып көрші сен оны (аққала)

4.Қысы- жазы бір түсте

балалар қараңдаршы мынау не?( шырша)

шыршаның түбінде ақ қоян жатыр, қанекей бәріміз ақ қоянды қолымызға алып жылытайық, өзі тоңып қалғанға ұқсайды, өзі сыбырлап бірдеме дегендей, құлағымызды тосып тыңдайық.

Қоян: мен осы шыршаның  астында інімде жатыр едім, сендердің дауыстарыңды естіп , біраз сендермен бой сергітсем деймін.

Бәріміз қоянды ортаға алып сергіту жаттығуын  жасайық.

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен

Ытқып –ытқып жүгірді,

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің

-балалар , қоян сендерге рахмет айтып жатыр. «Енді менің інімнің үстінде өсіп тұрған шыршаны әдемі  ойыншықтармен безендіріп берсеңдер» - деген ұсыныс айтып тұр. Барлығымыз шыршаны безендірейік.

- сұрақтарға жауап беріп,.балалар қоянға көмектесіп шыршаны безендіреді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
311
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі